Белгілі қазақстандық туризм зерттеушісі В.Н.Вуколов айтқандай, Қазақстандағы туризм дамуы өлкетану негізінде дамыған.

Қазақстандағы өлкетанулық зерттеулер ХІХғ. соңы мен ХХғ. басында басталған. Ол кезде өлкені зерттеу мақсатында ресейлік мемлекеттік және қоғамдық ғылыми ұйымдарының алғашқы экспедициялары ұйымдастырылды.

Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жеке немесе топ түрінде экскурсиялар, жорықтар және көрікті жерлерге серуендер жасай бастады. Ал ондай көрікті жерлер көбінесе Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.

Әліби Жангельдин 1910-1912 жылдары жаяу «Жерді айналып шығу» саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты – өзінің білімін арттыру, басқа елдерді, онда тұрған халықтарының өмірі мен салттарын білу.

1910 жылы 9 маусым күні 3 серіктерімен бірге (Пламеневский, Полевой, Коровин) Мәскеуден жолға шығыпты. Жер айналатын саяхатшының кітапшасы Николай Степанов атына берілген. Онда: «Н.Степанов немесе Али-Бей Джангильдин, қаржысыз Жерді айналып шығу саяхатына қатысушысы», – деп жазылған. Осы кітапша мен фотоаппарат арқасында Әліби жол шығындарына ақша табуға мүмкіндік алған.

Осы жылдың тамыз айында Петербург, Псков, Варшава мен бүкіл Польшадан өтіп, Жанкелдин Австро-Венгрияның шекарасына жетті. Варшавада серіктері одан бөлініп кетті, бірақ жаңа жолдас табылды да, Жанкелдин Львов үстімен Венаға бағытталады. Венаға жетпей, оның соңғы серігі кетіп қалады да, бұдан әрі Әліби саяхатын жалғыз өзі жалғастырады.

Оның осыдан әрі жүрген жолы мынадай: Вена – София, Белград, Мұстафа-Паша, Андрианополь, Киркенес, Константинополь, одан кейін Кіші Азиядан өтіп, Палестина, Египет, Судан, Абиссиния – барлығы, теңіз бен теміржолды есептемегенде, он екі мың шақырым. Қайтарда – Арабия түбегі, Мадагаскар, Месопотамия, Персия, Үндістан, Цейлон, Малай архипелагы, Зонд аралдары, Үндіқытай (Сиам корольдігі мен Аннам), Қытайдың оңтүстігі, Формоза (Тайвань) аралы, Жапония, Сібір, Еуропалық Ресей болды.

You May Also Like

Менің досым шығарма

Шығарма Менің досым Жоспары: Достық деген не? Жақсы дос – асыл қазына…

Пайдаланушы интерфейстің құрылымы мен жіктелуі

Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құраушыларға бөлуге болады. Декоративті…

Қорғасын өндірісінің шаңдарын электртермиялық балқыту әдісімен кешенді өңдеу, дәріс жоспары

6 дәрістің Қорғасын өндірісінің шаңдарын электртермиялық балқыту әдісімен кешенді өңдеу Дәрістің конспектісі:…

Жұмыссыздықтың түрлері мен себептері

Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс…