Қазақстан республикасындағы ұлт аралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары
Бүгінгі ауыз біршілігіміз ертенгі елдігіміздің бекем кепілі. Көршіңмен тату
болмасаң өз төріңде отырғаннан не пайда дейтінді менің атам. Бұл сөзінің
төркінін мендегі бала жүрекпен шала ой енді түсінді. Көршіңді қойып үй
ішінде жақсы мінез бен тату тәртіп қалыптастырмаса ешкімге жақсылық
әкелмесі анық. Бұл ойды мен неге ортаға салып отыр? дерсіз. Отан от-басынан
басталады демей ме! Біздің тәуелсіз еліміз, біз мақтана айтатын Қазақстан
республикасыда бір үлкен отбасы сынды. Қара шаңырақ қазақ даласында әр
түрлі этнос өкілдеріне қол ашып құшақ жайып отырған жайы да осы кешегі
қазақи салт дәстүрдің бейнесі.
Елдегі қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың нығайуына, бүкіл
Республика халқының игілігін көздейтін экономиканың қарқынды дамуына,
күрделенген әлеуметтік проблемалардың оң шешімін табуына, Қазақстандық
патриотизм мен мемлекет өмірінің басқа да аса маңызды мәселелерін
демократиялық жолмен шешу жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы өзіндік
үлесін қосты. Соның нәтижесінде Қазақстанның азаматтық бейбітшілік пен
ұлтаралық келісім жөніндегі тәжрибесін әлемдік қауымдастық үлгі ретінде
мойындады, оны бәріміз мақтаныш етеміз. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселе
жайлы “Азаматтық бейбітшілік пен келісімнің, этносаралық және
конфессияаралық үнқатысудың мемлекеттік саясатын біз басты бағытқа
жету – өркенді көп ұлтты Қазақстаннды құру мақсатында нығайтып,
дамытатын боламыз» деп атап өтті.
Қазіргі кезеңдегі этносаралық қатынастарды нығайту мәселесінің өзектілігі
мына факторлармен анықталады:
 қоғамның қарқынды дамуы, ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатері;
 этноаймақтық жағдайлар, этносаяси ахуал;
 этносаралық толеранттылық пен қоғамдық
келісімнің қазақстандық үлгісінің ұдайы жетілдірудің қажеттілігі;
 этносаралық қатынастарды тиімді қалыптастыруға ықпал ететін
институттардағы өзгерістері.
Ұлтаралық қатынастарды нығайтудың тетіктерін зерделеу, оларды тиімді
пайдаланудың тәсілдерін анықтау өскелең ұрпақты ел бірлігі мақсаттарында
тәрбиелеудің өте өзекті бағыты деуге болады. Осы тұрғыдан ұлтаралық
қатынастарды нығайтудың білімдік тетіктерінің рөлі ерекше. Сөз соңында
жоғарыдағы ойларды қортындылай келе ертеңге күні мәңгілік ел боламыз
десек бүгінгі ісіміз уақытша болмауы керек. Өскелең ұрпаққа бейбітшіліктің
дәмін сезіндіре отырып татулықтық тәтті сиын қалдыруымыз керек. Ол үшін
қоғамның барлық бөлімінде аға буындар жастарға оңды ой қалдыру керек.
Неге дейсіз бе? Біз үлкеннен үлгі алатын халықпыз!!
Д-101 Ақдари Қадиша

You May Also Like

Ажарлайтын станоктардың типтері және қолдану салалары

Ажарлайтын станоктардың типтері және қолдану салалары Ажарлау станогы-бұл әртүрлі материалдардан жасалған дайындамаларды…

Никколо Макиовелли деген кім?

Никколо Макиовелли  Никколо Макиавелли –саясатты қазіргідей тусінуге мол улес қосқан Италияның  XVI…

Бақытты отбасы, шығарма

Шығарма «Бақытты отбасы» Отбасы тату бір ел тұнып тұрған, Қамқор ата-аналар билік…

Лаваштан жасалған орама. Дайындалу тәсілі

Қажетті өнімдер: – 300 г тауық еті; -4 бас пияз; -100 г…