Гиннесс рекордтар кітабына енген Океанариум

«Думан» ойын-сауық кешеніндегі океанариум мұхиттан ең алыс орын тепкендіктен Гиннес рекордтар кітабына енген. Окенариумнан ең жақын мұхитқа дейінгі ара қашықтық үш мың шақырымға жуықтайды

Әлемдегі ең үлкен шатыр

Астанадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатырлы ғимарат болып саналады.

Бейбітшілік және келісім сарайындағы лифтілер көлденеңінен қозғалады

Халық арасында «Пирамида» деп аталып кеткен ғимаратта бес лифт бар. Оның біреуі – Президентке арналған. Олардың барлығы 60 градуспен көлденеңінен қозғаладыž

Ең кәрі ағаш

Көп жылдар бойы кубрин саябағы болып аталып келген Астана саябағында ғасырдан артық жасаған қара терек өсіп тұр. 120 жастағы терек саябақ ашылғаннан уақыттан бүгінгі күнге дейін жайқалып өсіп тұрған жалғыз ағаш.

Астанадағы ең биік ғимарат «Изумрудный квартал» тұрғын үй кешені Астананың ең биік ғимараты саналады. Кешен әртүрлі қабатты үш мұнарадан тұрады (37, 40, 53 қабат). Ең биік мұнарасының биіктігі – 210 метр

«Қазақстан» ОКЗ көрермен залы домбыра түрінде жасалған Мұндай бірегей жоба ТМД елдерінің ешбірінде

жоқ және Қазақстан Республикасының ең негізгі архитектуралық туындысы әрі мәдени орталығы болып табылады.

Астананың сол жағалауында салынған алғашқы құрылыс нысаны  – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ғимараты. Ол 2002 жылы пайдалануға берілді.

Ең үлкен мемлекеттік ту Тәуелсіздігіміздің нышаны – көк байрақтың ең үлкені Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде орналасқан. Кешенде орналасқан Тудың көлемі 15х30 метр. Ол 111 метр биіктікте орналасқандықтан көк байрақты қаланың кез-келген нүктесінен көруге болады.

Астана әлемнің үздің қалаларының ТОП-10 тізімінде 2050 жылға қарай Астана әлемнің ең үздік 10 қаласының қатарына қосылуы тиіс

Бейбітшілік және келісім сарайы аса аязды күндері 6 см дейін тарылады.

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.

«Астана Опера» театры тоғыз гектар жерге салынған

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы ашылған. Театр тоғыз гектар жер көлемін алып жатыр. Ғимарат алаңы 64 мың шаршы метрге тең. Оның 3000 шаршы метрі сахналық аймақты қамтыған

Астанада ежелгi ислам қолжазбасының көшірмесі бар. «Хазірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйы – күмiс Құран орналасқан. Бұл VIII ғасырдағы ежелгi ислам қолжазбасы – «Осман Құранының» көшірмесі.

Астанадағы орташа жылдық ауа температурасы әр 10 жыл сайын 0,3°С жылынып барады. Бұл орташа жаһандық жылыну жылдамдығынан екі есеге артық.

Қазақстандағы ең үлкен саябақ

Қазақстандағы ең үлкен саябақ, әрине, Астанада орналасқан. Ол 76,9 га жерді алып жатқан Президент саябағы.

Айналатын мейрамхана

Бір мезетте кешкі ас ішіп, қала келбетін тамашалауға бола ма? Әрине! Елорданың заманауи іскер орталығында Есіл жағасындағы 23 қабатты «Пекин Паллас» қонақүйінде бірегей айналатын мейрамхана орналасқан Мұндай мейрамхана Қазақстанда жалғыз. Оның айналу жылдамдығы сағатына 360 градусты құрайды.

40шаршы шақырым

Астананың барлық сауда орталықтарының жалпы аумағы 40 шаршы шақырымды құрайды. Салыстыра айтатын болсақ, Тувалу мемлекетінің жалпы аумғы 26 шаршы шақырым ғана

Астанада 100 000-нан аса велосипедші бар

Қала тұрғындарының арасында автокөліктен гөрі экологиялық таза көлік құралдарын қалайтындар саны жыл сайын артып келеді.

Астанадағы Есіл өзені шын мәнінде суқоймасы!

Оны қала сыртындағы бөгеттің көмегімен жасаған. Шын мәнінде Есіл өзені сағасының Астана қаласына дейінгі және кейінгі ені 1-2 метрді, тереңдігі жарты метрді құрайды.

«Астана Опера» алып жатқан аумаққа 9  «Астана-Арена» стадионы сыйып кетеді «Астана Опера» театрының аумағы (64 000 кв. м) «Астана-Арена» стадионының тоғызына тең (7 140 кв. м)

+70градус

Астананың көгалдандырылмаған аудандарында тікелей күн сәулесі түскен жер дәл осы температураға дейін қызады. Үйлердің іргелері мен тротуарлар бұданда жоғары ысып кетеді.

 

You May Also Like

Оқыту сапасын бағалау ерекшеліктері

Сабақ барысында өз жұмысының нәтижесін көргенен кейін, баланың танымдық белсенділігі артып, өз…

Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі

Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз –…

Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы

Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы   Адамзат қоғамының әрбір адамы әзінің…

Электрохимиялық кернеу қатары

Электрохимиялық кернеу қатары Мақсаты: -металдардың электрохимиялық кернеу қатары жайлы мағлумат; -металдардың химиялық…