ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ,

МАҚСАТЫ, БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.

Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістін әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (үлестірілмеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы). Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.

Қаржылық менеджмент міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау.

Қаржылық менеджменттің басты мақсаты – қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл – ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үрдісінде келесі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады:
 1) Алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету.

2) Кәсіпорынның негізгі бағыт разрезінде қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

3) Қаржы айналымын оқтайландыру.

4) Көзделген қаржы тәуекелі дәрежесінде кәсіпорынның пайдасын көбетуді қамтамасыз ету.

5) Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі дәрежесін азайту.

6) Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы теңдігін үнемі қамтамасыз ету.

Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі.
  2. Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру; қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді қаржыландыру; қысқа мерзімдік жалды қаржыландыру.
  3. Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарынқолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру; лизинг немесе ұзақ мерзімді несие; қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару; инвестициялық жобаларды бағалау және тнвестициялық қоржынды басқару; алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау).
  4. Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау.
  5. Шешімнің нұсқамасы және орындалуы.
  6. Шешімнің орындалуын бақылау.
  7. Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның оорындалуын туралы есеп беру.

Қаржылық менеджменттің ең негізгі екі буыны – пайда және тәуекел, және олардың ара – қатынасы, әрбір нақты бір кезеңде корпорацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден – пайданы көбейту, екіншіден – компанияның нақты өтімділік деңгейін қамтамасыз ету.

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Қаржылық менеджменттің 2 негізгі функциясы бар: басқару объектісінің функциялары және басқару субъектілердің функциялары.

Басқару объектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының үйымы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жүмыстарды ұйымдастыру жэне т.б.

Басқару субъектілердің функциялары қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым-қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы қызмет түрі. Бүл функциялар, яғни нақты басқару қызмет түрі жинақтардан, табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Мынандай функциялар қаржылық менеджментке тән: жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Қаржылық менеджментте жоспарлау маңызды орын алады. Басқару функциясы – қаржылық жоспарлау – мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін қүқық саласы. Қаржылық жоспарлау экомомикалық    және    әлеуметтік    жоспарлаудың    негізгі    бөлігі    болып, қаржылық механизмнің косалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау – ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару.

Болжау қаржылық менеджментте – белгілі бір құбылыс, объекті, процестің нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады.

Қаржылык менеджментте ұйымдастыру формасы әр түрлі ережелер арқасында қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар жиынтығы.

Реттеу қаржылық менеджментте— қаржылық жүйенің тұрақтылық жағдайына жету құралы арқылы басқару объектісіне әсер етуі. Реттеу ағымдағы іс – шараларды құрайды.

Үйлестіру қаржылық менеджментте – мамандар және басқару ақпараттарының, басқару жүйелердің барлық бөлімдерінің жұмысын ыңғайлату.

Ынталандыру – өзінің еңбегінің қорытындысына қызығушылығы қаржылық қызметтегі жұмысшыларды ынталандыру болып табылады. Шығындалған еңбектің сапасы мен санына байланысты қажеттіліктердің бөлінуі арқылы ынталандыру жүзеге асырылады.

Қаржылық менеджменттегі бақылау — бұл жиынтық қозғалыстық өнімнің құндық бөлінуі, ақшалай қаражатпен және оның нақты мақсатқа шығындалуына сай бағытталған спецификалық қызмет. Қаржылық менеджментегі бақылаудың бар болуының объективтілігі — ол қаржыларға экономикалық категория ретінде бақылау функциясы. Бүл функция бойынша қаржылар болып жататын бөлу қатынастары, қорлар ара қатынасы, олардың қалыптасу негіздері ескеріліп отырады. Бүл функциясының қоғам жағынан ықпал жасау мүмкіншілігі бар, ең алдымен мемлекеттен өндірістік процестерге айырбастауға, игіліктерді бөлу және пайдалануға әрекет жасайды.

Сонымен, қаржылық менеджментте бақылау функциясы бақылау құралы ретінде қолдануы объективті шарттарды тудырады, ал саналық қолдану қаржының қозғалыстық өндірісте қызмет етуімен жүргізіледі.

Қаржылық менеджментте ең негізгісі – бұл басқару объектісіне қатысты қаржылық қозғалыстарға жауап беретін нақты қойылатын мақсат.

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТ БАЗАСЫ

Кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің тиімділігі қолданылып отырған ақпараттың базаға тәуелді және сонымен анықталады. Нақты бір кәсіпорын үшін қаржылық менеджменттің ақпарат көрсеткіші жүйесін құру оның салалық ерекшеліктеріне, құқықтық – ұйымдастырушылық формасына, шарушылық қызметінің әртараптандыру көлемі мен деңгейіне және басқа да жағдайларға байланысты. Сондықтан қаржылық менеджменттің ақпараттық базасына енетін көрсеткіштер жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін.

Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпарат көрсеткіштерінің жүйесі қаржы қызметі саласында стратегиялық шешімдерді қабылдау барысында кәсіпорынның қызмет етуіне сыртқы орта жағдайының әсерін болжайды. Аталған топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:

  • мемлекеттік бюджет табысының көлемі;
  • мемлекеттік бюджет шығынының көлемі;
  • бюджет дефициті размерінің көлемі;
  • тұрғындардың ақшалай табысы;
  • тұрғындардың банктегі салымы;
  • инфляция индексі;
  • Қазақстан Республикасынның ұлттық банкінің есептік мөлшерлемесі.

Бұл топқа көрсеткіштерін құру басылымдағы мемлекеттік статистика мәліметтеріне негізделеді.

Екінші топқа кәсіпорынның салалық керек – жарағын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Осы топтың көрсеткіштер жүйесі оперативті қаржы қызметінің сұрақтары бойынша басқарушылық шешім қабылдау үшін қолданылады. Бұл топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:

  • өнім бағасының индексі;
  • негізгі қызмет бойынша пайдаға салық салу мөлшерлемесі;
  • қолданылған капиталдың жалпы сомасы, соның ішіндегі меншік капитал;
  • өндірілген (өткізілген) өнім көлемі және т.б.

Бұл топқа көрсеткіштерің құру көзі ақпараттың қызмет нарығында ұсынылатын ақылы бизнес – анықтамалар, есеп беру материалдарының жариялануы, сәйкесінше рейтингтер болып табылады.

Үшінші топқа қаржы нарығының жағдаятын сипаттайтын көрсеткіштер жатады.

Бұл топтың ақпатар көрсеткіштерінің жүйесі ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары портфелін құру және қысқа мерзімді қаржы салымдарын, сонымен қатар өзге де операцияларды жүзеге асыру саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қызмет атқарады.

Бұл топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:

  • биржалық және биржалық емес қор нарығындағы айналымдағы негізгі бағасы белгіленген қор аспаптарының түрі (ақция, облекациялар);
  • қор аспаптарының негізгі түрлеріне сұраныс пен ұсыныстық белгіленген бағасы;
  • қор аспаптарының негізгі түрлері бойынша мәмілелердің бағасы мен көлемі;
  • қор нарығындағы баға серпілінің жиынтық индексі;
  • коммерциялық банктердің депозиттік және несиелік мөлшерлемері;
  • жеке валюталардың ресми курсы;
  • коммерциялық банктер және банкаралық валюталық биржадағы жеке валюталардың сату және сатып алу курсы және т.б.

Бұл топтың көрсеткіштер жүйесін құру көзі – байланыстың ұялы каналдар технологиясы бойынша ұсынылған немесе сәйкес электронды көздерден алынған коммерциялық басылымдар.

Төртінші топқа кәсіпорынның басқаршылық және қаржылық есеп беру мәліметтері бойынша ішкі ақпарат көздерінен құрылған көрсеткіштер жатады. Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі – қаржы менеджмент ақпараттың база негізі. Бұл көрсеткіштер жүйесі негізінде кәсіпорынның қаржы қызметінің барлық бағыттары бойынша шұғыл басқарушылық шешімдерді талдау, болжау, жобалау және қабылдау жүргізіледі. Бұл топтың көрсеткіштерінің артықшылығы: бірізділігі, реттілігі және сенімділігі, бұл жалпы қаржы көрсеткіштерімен және сәйкесінше қаржылық есеп беру мәртебесімен анықталады.

ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАР: МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Шаруашылық субъектісінің қаржылық ресурстар оның  қармағында орналасқан ақша қаражатары.

Қаржылық ресурстар өндірісті  дамытуда, өндірістік емес саладағы объектілерді ұстауға және дамытуға бағытталған, сонымен қатар қорда қала беруі мүмкін.

Өндірістік саудалық процессті шикізатты сатып алу, тауарды сатып алу, яғни еңбек құралдарын, еңбек күшін, басқа да өндіріс элементтерін дамытуға бағытталған қаржылық ресурстар.

Ақша формасындағы капитал түрінде көрінеді. Олай болса, капитал – қаржылық  ресурстардың бөлігі.  Капитал – бұл айналымға жіберілген және бұл айналымнан табыс әкелетін ақша. Ақша айналымы, ақшаны кәсіпкерлікке салғанда жүзеге асырылады.

Капитал салу формасы бойынша кәсіпкерлік және несиелік капитал деп ерекшелінеді.

Кәсіпкерлік капитал – бұл әртүрлі кәсіпорынға тұра және портфельді инвестиция жолымен салынған капитал. Мүұндай капитал салымы табыс алу және кәсіпорынды басқару құқығына ие болатын мақсатымен жүзеге асырылады.

Несиелік капитал – бұл ақшалық капитал, қайтару және өтеу  шартына негізделген.

Кәсіпкерлікке қарағанда, несилік капитал кәсіпорынға салынбайды. Ол басқа бір кәсіпкерге уақытша ұстауға беріледі, процент алу мақсатымен.

Қаржылық ресурстардың көздері:

Қаржылық ресурстар бірқатар көдердің негізінде құрылған. Қаржылық ресурстардың көздері: пайда, амортизациялық аударымдар, несиелік қарыздар, қаражаттар бағалы-қағаздарды сатудан түскен пайда.

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Меншік қаражаттары Қаржы нарығындағы мобилизацияланған қапржылар Қайта тарату нәтижесінне түскен қаражаттар
Табыстар мен түсімдер Меншікті акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздард сату Болған тәуекелдер бойынша сақтандыру өтемдері
Негізгі қызметтен түскен пайда Несиелік инвестициялар Дивиденттер басқа да элементтің бағалы қағаздары бойынша пайыздар
Амортизациялық аударымдар Түсімдердің басқа да түрлері Бюджеттік субсидиялар
Шығынданған мүмкіндікті өткізуден түскен түсім Ресурстардың басқа да көздері
Тұрақты пассивтер
Қаржылық операциялапрдан түскен пайда
Жүзеге асырылып жатқан жұмыстан түскен пайда
Үлестік жарналар
Табыстың басқа да түрлері

АКШАНЫҢ УАҚЫТША ҚҰНЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Ақшаның уақытша құндылығы – бұл ақша қаражатының объективті мінездемесі. Оның мәні келесіде – бүгін бар ақша және болашақта алынатын ақша бір құндылы еместігінде тұрады. Бұл бір құндылық еместік үш негізгі себептермен анықталады:

1) Инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның құндылығын жоғалту, бір жағынан оларды салым жасауға шақырады, яғни инвестициялық үрдісті инвестицияларды; ал басқа жағынан – қалдығы бар ақшаның және болашақта алынытын ақшаның айырмашылығын түсіндіреді.

2) Болашақта алынатын ақшаның алуаның тәуекелділіге. Әр шарт бойнша болашақта ақша түсетіндігі орындалмау, немесе жартылай орындалуы мүмкін.

3) Ақша айналымы – ақша қаражаттары, басқа әр актив сияқты, уақыт өтуімен пайда түсіруге пайдаланылады. Бұл мәнде, аз уақыттан кейін алынатын сома шешім қабылданып жатқан уақытта сомадан асу керек.

Ақша мен уақыт байланысы келесіде:

  • ақшаны пайда табу үшін жұмсайды;
  • жұмсалған ақшаны шығару үшін, қаржы салымынан қосымша пайда болуы тиіс немесе үнемділікті қамтамасыз етуге тиіс. Салымды ақтау үшін, пайда мен кіріс көлемі жоғару болу керек;
  • қаржы салымдарын тиімді деп санауға болады, егер салымнан түскен пайда немесе кіріс инвестордың осы кірісті алғанға дейінгі шығындарын жауып, өзіне қажетті пайда түсіреді.

Сондықтан, қаржы салымдарын бағалау барысында, қаржы салымдарының мерзімі әртүрлі екенін ескере отырып, одан түсетін пайданың көлемін анықтау қажет. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі – бұл ақша құнының уақыт бойында өзгеріп отыратынын есепке ала отырып, бағалау әдісі.

Ағымдағы бағаға пайыз қою арқылы болашақта қолма – қол қаражат алу үрдісі – дисконттау деп аталады, ал алынған қолма – қол қаражат көлемі – дисконтты баға деп аталады.

Пайыздар деп капиталды әртүрлі формада (несие, ссуда) қарызға беруден немесе өндірістік және қаржылық сипаттағы инвестициядан түскен табыс.

Пайыздарды есептеу үшін екі әдіс қолданылады:

  • декурсивті әдіс – пайыздар әрбір есептеу интервалдың аяғында есептелінеді. Олардың мөлшері алғашқы капиталдың көлемінен есептелінеді. Декурсивті пайыз ставкасын ссудалық пайыз (r) деп атайды. Практикада декурсивті әдіс қолданылады.
  • антисипативті әдіс – пайыздар әрбір есептеу интервалдың басында есептелінеді. Олардың мөлшері болашақ капиталдың көлемінен есептелінеді. Антисипативті пайыз ставкасын есептеме пайыз (d) деп атайды.

Барлық есептеу кезеңінде алғашқы ақша жиынтығына қолданылатын пайыздар жай пайыздар деп аталады және келесі формуламен есептелінеді:

I = PV*n*r,                                                                                                    (1)

I – табыс көлемі немесе пайыздық төлем;

PV – алғашқы капитал;

n – қаржы операцияның ұзақтығы (жыл);

r – ондық бөлшек түріндегі пайыз мөлшері (мысалы 10% = 0,10).

Егер қаржы операциясының ұзақтығы бір жылға толмаса, онда n = t / T, мұнда t – күнмен есептелінген қаржы операциясының ұзақтығы, Т – бір жылдағы күн саны.

Күрделі пайыздарды есептеу – дисконттауға қарсы үрдіс, себебі қазіргі кезде қолда бар ақшаның болашақтағы құны күрделі пайыздар көмегімен анықталады:

I = PV*((1 + rс)n – 1)                                                                                     (2)

Ақшаның болашақ құны (FV) – бұл қазіргі кезде инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны.

Ақшаның ағымдағы құны (PV) – болашақ ақша ағынының дисконтталған құны.

Әр түрлі қаржы операциялары бойынша есептеулер жүргізу барысында, көп жағдайда эквиваленттік пайыздық ставкаларды анықтау қажеттілігі туындайды.

Балама пайыздық мөлшерлемені қаржы операцияларын таңдау мүмкіндігі болған жағдайда және әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерді дұрыс салыстыру үшін аспап қажет болған жағдайда білу өте маңызды. Балама пайыздық мөлшерлемені анықтау үшін балама теңдігі қолданылады, осы теңдікті құру принципі келесі: әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерді қолдана отырып, есептеуге болатын қандай да бір көлем (шама) таңдап аламыз (әдетте FV), осы шамаға сәйкес екі теңдеуді негізге ала отырып балама теңдігі құрылады, бұдан арасындағы өзара тәуелділікті көрсететін қатынас пайда болады.

Қаржылық және коммерциялық есептеулердегі негізгі ұғымдардың бірі болып аннуитет табылады. Аннуитетті төлемдердің схемасының логикасы қарыздық бағалы қағаздарды бағалауда, инвестициялық жобаларды талдауда және аренданы талдауда қолданылады.

Аннуитет – бұл дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсететді.

1) Мерзімді аннуитетті есептеу. Аннуитет ақша ағымының жекеленген түрі болып табылады. Оны анықтаудың 2 жолы белгілі. Біріншісі бойынша аннуитет элементтері бірдей уақыт интервалдары арқылы орын алатын бір бағыттығы ақша ағымы болып табылады. Екіншісі қосымша шектеуді енгізеді: ақша ағымының элементтері көлемі бойынша бірдей болады. Егер бірдей уақыттық интервалдардың мөлшері шектеулі болса, аннуитет мерзімді деп аталады.

2) Мерзімсіз аннуитет. Егер ақша түсімдері ұзақ уақыт бойы жалғастырылса аннуитет мерзімсіз деп аталады. Мерзімсіз аннуитетке мысал: кейбір мемлекеттердің шығаратын үкіметтік облигациялары, олар бойынша ретті купонды төлемдер жүргізіледі, алайда олардың белгіленген мерзімі болмайды. Батыс практикасында мерзімсіз аннуитетке 50 жылдан жоғары уақытқа белгіленген аннуитет жатады. Мерзімсіз аннуитет өмірлік рента деп те аталады.

ТӘУЕКЕЛДІК МЕНЕДЖМЕНТ – ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭЛЕМЕНТІ

Тәуекелдік дегеніміз мүмкін болатын қауіп шығындары. Қаржылық менеджерге тәуекелдік – бұл қолайсыз мүмкіндігі. Тәуекелдік – бұл экономикалық дәреже, ол болатын немесе болмайтын оқиғаны көрсетеді. Тәуекелдік – қаржылық дәреже де болады. Сондықтан, тәуекелдіктің көлемі мен дәрежесіне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Осындай әсер ету арқылы қаржылық менеджменттің тәсілдерімен ерекше стратегияның көмегімен орындалады. Стратегия мен тәсілдер жиынтығы тәуекелдікті басқару механизмін ұйымдастырады, яғни тәуекелдік – менеджментті.

Сондықтан тәуекелдік – менеджмент – бұл қаржылық менеджменттің бөлімі. Тәуекелдік – менеджменттің функциялары: болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Тәуекелдік менедждмент дегеніміз нарықтық қатынастар мен тәуекелдікті басқару жүйесі. Тәуекелдік менеджменттің құрамына басқару тактикасы мен стратегиясы енеді.

Стратегия – бұл дұрыс және тиімді болжауға негізделген басқару және жоспарлау өнері. Тәуекелдік менедждменті стратегиясының ережелері келесі:

  • ұтысты барынша көбейту;
  • нәтиженің оңтайлы ықтималдығы;
  • нәтиженің оңтайлы ауытқуы;
  • ұтыс пен тәукелдік көлемінің оңтайлы үйлесімділігі.

Ұтысты барынша көбейту ережесінің мәні: капитал салымдарының мүмкін болатын тәуекел вариаттарының ішінен ең тиімді нәтиде беретін вариант таңдалады, яғни инвестор үшін ең аз тәуекел жағдайында кірісті брынша көбейту варианты.

Мүмкін болатын оңтайлы нәтиже ережесінің мәні: ықтимал нәтиже инвестор үшін тиімді және қаржы менеджерін қанағаттандыратын вариантты таңдау.

Практикада нәтиженің оңтайлы ықтималдығымен нәтиженің оңтайлы ауытқуы үйлесіп қолданылады. Көрсеткіштердің ауытқуы оның дисперсиясынан, орта квадраттық ауытқуынан және вариация коэффициентінен көрінеді.

Тәуекел капитал салым жасауға шешім қабылдау ережесі шешім варианттарын таңдау әдістерімен толықтырылады.

Тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде ең көп таралғаны:

  • диверсификация
  • таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпарат алу
  • лимиттеу
  • өзін – өзі сақтандыру
  • сақтандыру

Сақтандыру дегеніміз – кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғындардың, ақша қорының құрылуымен байланысты, мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қорғайтын заңдық және нарықтық қатынастар жүйесі, сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру ақысын және зиянды өтеу үшін жиналатын ақша қоры.

КАПИТАЛДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ. КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ

Капитал – қаржы менеджмент ішіндегі ең жиі қолданылатын экономикалық категория. Капитал мағынасына мынадай сипаттамалар беріледі:

  • Кәсіпорынның капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады. Экономикалық теорияда кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін өндірістің негізгі үш факторын белгілейді: капитал; жер және басқа табиғи ресурстар; еңбек ресурстары. Өндірістің бұл факторлар жүйесінде капиталды басты рольге жатқызады, себебі ол барлық факторларды бір өндірістік комплекске біріктіреді.
  • Капитал табыс әкелетін кәсіпорынның қаржылық ресурстарын сипаттайды. Мұнда капитал өндірістік емес (операциондық), қаржылық (инвестициялық) сфера кәсіпорынның табысының құрылуын қамтамасыз ететін ссудалық капитал формасында болуы мүмкін.
  • Капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайын құрудың негізгі көздері болып табылады. Ол ағымдағы, болашақтағы кезеңнің қаржы жағдайының қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
  • Кәсіпорынның капиталы, оның нарықтық құнының өлшемі. Бұл жерде капитал оның таза активінің көлемін анықтайтын кәсіпорынның меншікті капиталы болып табылады.
  • Кәсіпорындағы капиталдың динамикасы оның шаруашылық қызметіндегі тиімділік деңгейінің маңызды барометрі болып табылады.

Кәсіпорынының барлық капиталы айналымнан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Капиталды қызмет атқару мерзіміне қарай негізгі активтер және  айналымдағы активтер деп екіге бөледі. Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, аяқталмаған құрылыстан құралады.  Айналыстан тыс активтер шаруашылық субъектісінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады. Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделген. Соған сәйкес, оладың қатарына ақша  қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, ТМҚ,  дебиторлық берешек жатады.

Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қарыздық қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды. Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы оның қаржылық, операциондық, инвестициялық қызметіндегі көптеген аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне белсенді әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің рентабельдік коэффициентіне әсер етеді, төлем қабілеттік пен қаржылық тұрақтылық коэффициентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық санатының қатынасын құрайды.

Кәсіпорында капиталды басқару келесідей негізгі қызметті шешуге бағытталған:

  • Кәсіпорынның экономикалық дамуының қажетті темпін қамтамасыз ететін капиталдың жеткілікті көлемін құру.
  • Қаржылық тәуекелдің көрсетілген деңгейі бойынша капиталдың ең жоғары табыстылығына жетудің жағдайын қамтамасыз ету.
  • Табыстылықтың көрсетілген деңгейі бойынша капиталды қолданумен байланысты қаржылық тәуекелдің төмендеуін қамтамасыз ету.
  • Кәсіпорынның жеткілікті қаржылық икемділігін қамтамасыз ету. Мұндай тепе-теңдік қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Капиталды басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әр түрінде оны тиімді қолдануды қамтамасыз етумен және әр түрлі көздерден белсенді құрылуымен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдері мен принциптерінің жүйесін көрсетеді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЛЕВЕРИДЖ

Пайда және осы пайданы алу үшін шығындалған активтердің арасындағы байланыс леверидж көрсеткішімінің көмегімен сипатталады.

Леверидждің бір түрі – бұл  қаржылық леверидж – ұзақ мерзімді пассивтер құрылымы мен көлемін өзгерту арқылы кәсіпорынның пайдасына әсер ету мүмкіндігі. Қаржылық левериджінің көлемі кәсіпорынның қаржылық тәуекелдігі дәрежесіне тура пропорционал және акционерлерден пайда нормасын талап етеді. Қаржылық леверидж жоғарлаған сайын кәсіпорынның қаржылық тәуекелдігі арта түседі.

Қаржылық леверидж (қаржылық тәуекелдің шамасы) қарыз міндеттемелерімен немесе компания капиталы құрылымында артықшылығы бар акциялармен анықталады. Қаржылық левериджді бағалаудың бір тәсілі: пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайданың акция пайдасына әсерін анықтау. Егер пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайда төмендесе, қарыз қаражат есебінен қаржыландырылатын компаниялар акция пайдасын жағымсыз өзгерістерімен жолығады, бұл өзгерістер пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайда өзгерісіне қарағанда көп болады.

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ (ӨНДІРІСТІК) ЛЕВЕРИДЖ

Пайда және осы пайданы алу үшін шығындалған активтердің арасындағы байланыс леверидж көрсеткішімінің көмегімен сипатталады.

Леверидждің бір түрі – бұл операциялық (өндірістік) леверидж – өзіндік құн құрылымын және шығарылым көлемін өзгерту арқылы жалпы көлем табысына әсер ету мүмкіндігі. Ол бірқалыпты және өзгеріп отыратын шығындар қатынасымен сипатталады.

Операциялық леверидж (операцияның тәуекел шамасы) компанияның тұрақты шығындарын басқара алу қабілетімен анықталады. Егер тұрақты шығындар көп болса, компанияның өндірістік леверидж дәрежесі өте жоғары болады. Өндірістік леверидж жоғары болған сайын, ұжымның өндірістік тәекелі арта түседі.

Операциялық леверидж сату көлемінің өзгеруінің пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайдаға әсерінен көрінеді.

ФИРМАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Кәсіпорынды кризистік қаржылық жағдайдан шығаруға бағытталған тұрақтандыру шаралары жүйесінде оны сауықтыру маңызды роль атқарады.

Сауықтыру – бұл кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту бойынша шаралар жүйесі, ол кәсіпорынды банкрот деп жаиялаудан немесе оны жоюдан құтқаруға бағытталған шараларды заңды немесе жеке тұлғалардың көмегімен жүзеге асыру. Сауықтыру үш жағдайда жүргізіледі:

  • кредиторлар тарапынан банкрот жариялауды бастаудан бұрын кәсіпорын өз еркімен кризистік жағдайдан шығу үшін сыртқы көмек іздесе;
  • егер кәсіпорын арбитражды сотқа өз банкроттығын жарияламас бұрын сауықтыру жағдайын ұсынса;
  • сауықтыру өткізу туралы шешімді арбитражды сот қабылдаса, кредиторлар талабын орындап, кәсіпорынның бюджет алдындағы қарызын өтеуге дайын адамдардың ұсынысы болса№

Фирманың қаржы жағдайын жақсарту шаралары оңшау және жалпы болып бөлінеді. Оңшау шаралар жеке жақсартуларға, ал жалпы шаралар бүкіл өндірісті сауықтырады.

Сонымен қатар шаралар өте тез мерзімді, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді шаралар мерзімсіз, яғни үнемі шараларға айналуы мүмкін.

Өте тез арадағы төлем қабылеттілігін тұрақтандырады. Бір жағынан ағымдағы қаржы міндеттемелері қайшылып, екінші жағынан ақша қаражатының тез түсу мүмкіндіктері қарастырылады.

Қысқа мерзімді шараларға бір жыл ішінде жүзеге асырылатын шаралар жатады. Олар кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет аясындағы төлемдер қаржы түсімімен теңгеріледі. Сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайына талдау жасалады, төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылықты, өткізуден түскен түсімді, кәсіпорын балансын бағалау жасалады. Балансты бағалау жалпы өтімділік коэффициентін қарастыру, өзіндік айналым қаржысымен қамтамасыз етуі негізінде өткізіледі.

КӘСІПОРЫННЫҢ ДИВИДЕНДТІК САЯСАТЫ

Дивидендтік саясаты капитал құрылымын басқару сияқты кәсіпорын акцияларының бағасына біршама әсер етеді. Дивиденд акционерлердің ақшалай табысы және олар белгілі бір дәрежеде акционерлерге кәсіпорын жұмысы жемісті жүріп жатқандығы туралы белгі береді.

Қаржы теориясында оңтайлы дивидендтік саясат негіздеудің үш жолы белгілі:

  • Дивидендтің иррелеванттілік теориясы. Дивидендтің иррелеванттілік теориясын Ф.Модильяни мен М. Миллер дайындаған. Олар өз теорияларын дамыта отырып, дивидендті қалдық принципі бойынша есептеуді ұсынады. Осы идеяны негізге ала отырып, олар тағы да дұрыс инвестициялық саясаттың басымдылығына, оның компанияның негізгі мақсатын анықтайтынына келеді.

Дивидендтік саясаттың оңтайлылығы – тиімді қайта қаржыландырудың барлық мүмкіндіктері талданған соң және осы көз есебінен барлық тиімді инвестициялық жобалары қаржыландырылған соң ғана дивидендті есептеу деп түсіндіріледі. Егер барлық пайданы мақсатты түрде қайта қаржыландыруға жұмсаса, дивиденд мүлдем төленбейді, ал, керісінше, компанияның тиімді инвестициялық жобалары болмаса, пайда толығымен дивиденд төлеуге жұмсалады.

  • Дивидендтік саясаттың негізделік теориясы. Екінші бір тәсілдің жақтаушылары, Модильяни – Миллер теориясының қарсыластары дивидендтік саясат негізді, ол акционерлердің жиынтық байлығына әсер етеді деп санайды. Дивидендтік саясатын таңдау мәселесін шешу бағытындағы негізгі идеологтары М. Гордон мен Дж. Линтнер. Сонымен, олар талдауының негізгі қорытындысы мынадай деді: жалпы кіріс формуласында дивиденд кірісінің маңызы басым; дивиденд төлеуге бағытталған пайда бөлігін ұлғайтып, фирманың нарықтық құнының өсуіне келуге болады, сонымен қатар оның акционерлерінің жағдайы жақсарады.
  • Салықтық дифференцияация теориясы. 1970 – 1980 жж. басында Н. Литценберг мен К.Рамасвали зерттеулерінің нәтижесі жарияланды, кейіннен олар салықтық дифференциация теориясын аталған, осы теорияға сәйкес акционерлер тұрғысынан дивидендтік кіріс емес, капиталдалған кірістің маңызы басым. Осы теорияға сәйкес екі компания пайдану бөлу жағынан ғана ерекшелексе, онда салыстырмалы түрде жоғары дивиденді бар фирманың акционерлері акцияның жоғарылатылған кірісін талап етуге тиіс, себебі олар салықтың өсуімен байланысты шығындарды жабуға тиіс. Компания үшін жоғары дивидендтерді төлеу тиімсіз, ал оның нарықтық құны пайда ішіндегі дивиденд салыстырмалы түрде аз болған жағдайда барынша көбейеді.

Дивидендтік саясатқа әсер ететін факторлар

Дивидендтік саясатқа әсер ететін сипатты факторларға мыналар жатады:

  • Компанияның өсу темпі (жылдамдығы).
  • Шектейтін келісім-шаттар.
  • Табыстылық.. дивидендтерді бөлу компанияның табыстылығымен тығыз байланысты.
  • Табыс тұрақтылығы.
  • Компания қызметін бақылауда ұстау.
  • Қарыз капитал есебінен қаржыландыру деңгейі.
  • Сыртқы көздерден қаржыландыру мүмкіндігі.
  • Белгісіздік.
  • Салықтық айыптар.

Дивидендті төлеу әдістері

1) Акция түріндегі дивиденд. Акцияны бөлшектеу.

2) Акцияларды бөлшектеу әдісі.

3) Акция сатып алу әдісі.

Дивидендтік саясаттың кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсері

Дивидендтік саясатты жүзеге асыру үрдісі барысында әр түрлі жағдайлар мен нұсқаулар талданып, болжанды және кәсіпорынның нарықтағы мүмкіндігі бағаланады. Кәсіпорынның активтерін барынша тиімді қолдану мақсатында бөлу сияқты мәселелерін шешудің біліктілігі жоғары тәсілдері болашақта кәсіпорынның тұрақты қоржы жағдайы жағдайын қамтамасыз етеді.

Дивидендтік саясат өзінің құрылу және жүзеге асырылу барысында акционерлердің ағымдағы және болашақтағы пайда арасындағы байланыс әр түрлі факторлардың корпорация капиталына әсері сияқты мәселерді қарастырады, дивиденд кестесінің оңтайлысын анықтайды, оны төлейдің түрлері мен тәсілдерін анықтайды.

Дивидендтік саясат бюджетке, корпорация акционерлеріне төлемдерді көздейді, өз міндетте иелері бойынша кепілдікті анықтайды. Сонымен қатар дивидендтік саясат жүзегеасыру барысында кәсіпорынның резервтері анықталады, резерв айналымы қосымша пайда табуды қамтамасыз етеді. Шаруашылықты жүргізуге оңтайлы нұсқаны таңдау тәуекелді азайтып, рационалды салықтық саясат жүргізуге көмектеседі. Сонымен дивидендтік саясат кәсәпорынды басқарудағы маңызды құрал болып табылады, ал оны жүзеге асыру – табысты кәсіпкер болуға, меншік иесінің мүддесін сақтауға, акционерлер мен басқа да жұмысшылардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ

Қорларды басқару саясаты айналымдағы активтерді басқарудың жалпы саясатының бір бөлігі болып табылады, тауарлы-материалдық қор құрылымы мен көлемін оңтайландыруға және оларға қызмет ету бойынша шығынды азайтуға, олардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. Тауарлы-материалдық қорларды басқарудың негізгі кезеңдері:

  • Алдағы уақыттағы тауарлы-материалдық құндылықтар қорын талдау нәтижесінде тауарлы-материалдық қорлардың өндірісін қамтамасыз ету және оларды өткізу деңгейі анықталады, олардың қолданылушылардың тиімділігі бағаланады.
  • Қорлады құру мақсатын анықтау. Кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсатта құрылады – ағымдағы өткізілім қызметін қамтамасыз ету.
  • Ағымдағы қорлар мөлшерін оңтайландыру

Кез-келген кәсіпорындағы қорлар келесідей топтастырылады:

  • шикізат пен материалдар;
  • аяқталмаған өндіріс;
  • дайын өнім.

Олар кез-келген өндірістік қызметтің қажетті бөлшегі болып табылады. Бұл активтердің көлемі, дебиторлық берешек деңгейі сияқты, көбінесе өткізу (сату) көлеміне байланысты болады.

Қорларды басқару мақсаты: кәсіпорынның жемісті жұмысы үшін жеткілікті, қорды сақтау бойынша шығынның барынша аз болатын қор мөлшерін табу.

Басқару үрдісінің бірінші кезеңі: қорларды жеткізу және сақтау бойынша барлық шығынды сәйкестендіру. Қорларға байланысты негізгі шығындар үш топқа бөлінген:

  • қорды сақтаумен байланысты;
  • тапсырысты рәсімдеумен байланысты;
  • шикізат пен материалдарды тиеу, жіберу, машинамен қамтамасыз ету және қабылдауға байланысты, сонымен қатар қордың жетіспеушілігіне байланысты шығындар.

Қорды басқарудың екі негізгі жүйесі келесі:

  • тапсырыстың тіркелген мөлшерінің жүйесі;
  • тіркелген тапсырыс аралық кезеңдерінің жүйесі.

Тұтыну және жеткізудің идеалды жағдайлары сақталса, яғни қор тез арада толықтырылып отырса, онда екі жүйе де бірдей болады. Егер тауарлы-материалдық қорға сұраныс пен тапсырысты орындау мерзімінде белгісіздік болса, онда резервтік (сақтау) қор құру қажет.

Резервтік (сақтау) қор – сұраныс шамадан тыс артқан жағдайда және өндірісті жеткізу кезеңі жиі жағдайда материалдармен қамтамасыз ету үшін қажет қор. Резервтік қордың көлемі төмендегі факторларға байланысты:

  • тауарлы-материалдық құндылықтарға сұраныспен байланысты белгісіздік дәрежесі;
  • тапсырысты орындау мерзіміне байланысты белгісіздік дәрежесі;
  • қордың жеткіліксіздігінен болған шығын;
  • қосымша қорды ұстауға кететін шығын.

Қордың қажетті көлемі қордың жетпей қалу мүмкіндігі мен осы жағдайы болдырмау үшін ұсталатын резервтік қор шығыны мүмкіндікті арасындағы тепе-теңдікпен анықталады.

Резервтік қор құрған және өндірісте, сатуда белгісіздік болған жағдайда қорды басқару жүйелерінде айтарлықтай айырмашылықтар болады.

Өндірістік қорларды үнемдеу барысында алынған қор жалпы шығыннан көп болған жағдайға дейін арттыруға болады. Жоспарланған кезеңде сатып алынатын материалдық ресурстар партиясының оңтайлы көлемін анықтау үшін тапсырыстың оңтайлы партия моделі (Уилсон үлгісі) қолданылады EOQ: қорды сатып алуға және сақтауға кететін барлық шығын есептеледі. Оның құрамына қорды сақтауға кететін шығын және тапсырысты орындау бағасы енеді, яғни тапсырысты орналастыруға, алуға кететін шығын. Бұл шығындар тауарлы-материалдық қорлар бағасын құрайды.

EOQ үлгісінің негізгі шарттары: қор көлемі өскен сайын шығынның бір бөлігі көбейеді, ал екінші бөлігі азаяды; жиынтық шығынды барынша азайтатын тапсырыс көлемі оңтайлы болып табылады (қордың орта көлеміне байланысты). Қорлардың орта көлемі тапсырысты орналастыру жиілігіне және оның әрқайсының көлеміне (мөлшеріне) байланысты: егер қорлар күн сайын жаңалатып отырса, онда қордың орта көлемі жылына бір рет жаңаланатып қордың орта көлемімен төмен болады. Тапсырыс көлемі ұлғайған сайын сақтауға кететін шығындар ұлғаяды (өседі). Тапсырыс көлемінің артуы орта тапсырыстың артуына әкеп соғады, сәйкесінше сақтау бойынша, қорға салынған капиталдан пайда түспеу және сақтандыру шығыны бағаның төмендеуінен болған шығынның артуына әкеледі. Керісінше, партияның мөлшері артқан сайын тапсырысты орналастыру мен орындау шығыны төмендейді: тапсырыс жиілігі төмендеуі сақталып отырған қор көлемінің артуына, тапсырысты орналастыру, жеткізушілердің жөндеу және тапсырысты өңдеу жұмыстары шығындары азаяды.

ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ

Тауарды несиеге сату барысында дебиторлық берешек пайда болады. Дебиторлық берешектің құрамына: тұтынушылар, тапсырыс берушілер, жеткізушілер берешегі, ақша алуға берілетін вексель, тәуелді қоғамдар берешегі, берілген аванстар, өзге де берешектер енеді. Ағымдағы дебиторлық қарыз дегеніміз бір жыл ішінде төлеуге тиіс және қалыпты операциялық цикл кезінде пайда болатын берешек..

Ағымдағы дебиторлық борышты тиімді басқару бірінші кезекте сатып алушылардың тауарға, жұмысқа және қызметке қарызын инкассациялауда қамтамасыз етумен және мөлшерді оптимизациялаумен байланысты. Өнімді сатып алушыға қатынасы ретіндегі кәсіпорынның несиелік сасатын анықтайтын ағымдағы дебиторлық қарызды басқарудың алгоритімін құру келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

  • Өткен мерзімдегі дебиторлық қарызды талдау. Бұл талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы дебиторлық қарыздың құрамын және деңгейін бағалау және оларға қаржылық ресурстарды инвестициалудың тиімділігін бағалау жатады.
  • Кәсіпорынның өнімді сатып алушыға қатысты бойынша несиелік саясаттын типін таңдау. Қазіргі коммерциялық және қаржылық тәжірибеде өнімді несиеге өткізу нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде кең таралған. Несиелік саясаттың принциптерін құру осы тәжірибенің шарттарын көрсетеді және кәсіпорынның операциялық пенқаржылық іс-әрекетінің тиімділігін көтеруге бағытталған.

Өнімді несиеге өткізу формасының екі түрі бар:

  • тауарлық несие;
  • тұтыну несие.
  • Тауарлық және тұтыну несиесі бойынша дебиторлық қарызға бағытталған айналым капиталының мүмкін сомасын анықтау. Бұл соманы есептеу кезінде несиеге беретін өнімнің жоспарланған көлемін; несиенің формалары бойынша төлемді кейінге қалдырудың орташа мезгілін несиеге беретін өнімнің құнын және өзіндік құнының қатынасының коэффициентін есептеу керек.
  • Несиелік шарттың жүйесін құру. Бұл шарттың құрамына келесі элементтер кіреді:
    • несиенің беру мерзімі (несиелік мерзім);
    • несиенің беру мөлшері (несиелік лимит);
    • несиені беру құны;
    • сатып алушылардың өз міндеттемелерін орындалмағаны үшін айыппұлдық жазалау жүйесі.
  • Сатып алушылардың бағалау стандарттарын құру және несиені беру шарттарын дифференциалацияу.
  • Ағымдағы дебиторлық қарызды инкассациялау процедурасын құру. Бұл процедураның құрамында сатып алушыларға төлемнің уақыты туралы алдын ала мен кезекті ескерту мерзімі және формасы, берілген несие бойынша борыштың уақытын ұзайту мүмкіндігі мен шарты.
  • Кәсіпорында ағымдағы дебиторлық қарызды қайта қаржыландырудың жаңа формаларын қамтамасыз ету, нарықтық жағдайдың және инфрақұрылымның дамуы. Қаржылық менеджмент тәжірибесінде дебиторлық қарызды басқарудың бірқатар жаңа формаларын қолдануға мүмкіндік тудырады.

Қазіргі кезде қолданылатын дебиторлық қарызды қайта қаржыландырудың негізгі формалары болып келесілер табылады:

  • факторинг;
  • өнімді сатып алған сатушылар берген вексель есебі;
  • форфейтинг.

Дебиторлық берешекті бақылау және фирма құтыла алмас қарызға кірмес үшін көбінесе, пайда болған мерзіміне байланысты қарызды топтастыруды, дебиторлық берешектің күндік айналым көрсеткішін (DSO) және бір күндік тауар айналымын (ADS) анықтауды пайдаланады. Бірақ бұлардың барлығы жалпы қарыз көлемі сапасының өзгеруін бақылауға, нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.

Дебиторлық  берешекті төлеу тәртібі тұрғысынан талдап, бақылау – ең дұрыс тәсілдердің бірі. Бұл тәсілдің негізгі құралы – төленбеген қалдықтар ведомосы.

Фирманың несиелік саясаты төрт элеметтен тұрады: несиенің берілу мерзімі, шегерім мөлшері, тауардың құнын берілген мерзімненерте төлегендегі шегерім мөлшері, тәртіпті сақтамайтын клиенттерге қатысты саясат және несие өтеу қабілеттілігі стандарты. Алғашқы екеуі несие беру барысында көрінеді. Несие менеджерінің негізгі мақсаты – тауарды өткізуді несиеге сату арқылы көбейту, сенімді клиенттерге берілген несие қосымша кіріс әкеледі, соның нәтижесінде фирманың өз капиталы артады.

Егер фирма несие саясатын жеңілдетсе, әдетте сату көлемі артады. Жеңіл несие саясатын қалыптастыру несиені төлеу мерзімін ұзарту, несиені төлеу қабілеттілігі стандартын төмендету, дебиторлық берешекті жинақтау саясатын жұмсарту, шегерімдер ұсыру арқылы жүзеге асырылады. Осы әрекеттердің әрқайсысы фирманы қосымша шығындарға әкеледі. Фирма өз клиенттеріне несие бере жағдайын келесі шартпен ғана жеңілдете алады: шығынның көбюі кірістің көбеуінен аспаған жағдайда.

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ САЯСАТЫ

Кәсіпорынның ақша ағымы” түсінігі біріктіріліп, жалпыланған; оның құрамына шаруашылық қызметті қамтамасыз ететін әртүрлі ақша ағымдары енеді.

Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарға негізделген:

  • Ақпараттық нақтылық ұстанымы. Ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.
  • Теңгерілімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Басқарудың біртұтас мақсаттары мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге және де басқа да сипаттамаларына қарай теңгерілімділігін қамтамасыз ету.
  • Тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын жұмсау арқылы оларды тиімді пайдалану қажет.
  • Өтімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстаным қарастырылып отырған мерзімнің әрбір уақытша интервалы арасындағы жағымды және жағымсыз ақша ағымының сәйкес синхронизациясын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Ақша ағымын басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның дамуы барысында ақша қаражатының түсімі мен шығынын теңгерілуін және олардың уақыт аралығында синхронизациялануын жүзеге асыра отырып қаржылық тепе-теңдікті сақтау.

Ақша ағымын тиімді басқаруда келесі негізгі ережелер жоғары роль атқарады:

  • ақша ағымдары шаруашылық қызметтің барлық салаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
  • ақша ағымын тиімді басқару кәсіпорынның стратегиялық дамуы барысында қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;
  • ақша ағымын оңтайлы құру: төлемдерді жүзеге асырудағы кез-келген қателік еңбек өнімділігі мен дайын өнімді өткізу деңгейінде кәсіпорын қорын құруға жағымсыз әсерін тигізеді;
  • ақша ағымын басқару кәсіпорынның капитал айналымын жылдамдатудың негізгі қаржылық тұтқасы болып табылады;
  • ақша ағымын тиімді басқару кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелін төмендетеді.

Ақша қаражатын басқаруда келесі жұмыс атқарылады:

  • ақша қаражатының айналым уақытын есептеу;
  • ақша ағынын талдау және болжау;
  • ақша қаражатының оңтайлы дәрежесін анықтау;
  • қаржылық бюджетті құру.

Ақша қаражаты айналымнан шығарылған кезең – қаржылық кезең деп аталады.

Ақша ағынының қозғалысын талдау есеп беру кезенінің мәліметтері бойынша келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: ағымдағы іс-әрекет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызметі, ақша қаражатымен байланысты өзге де операциялар. Ақша қаражатының қозғалысын талдау екі тәсілдің біреуімен жүзеге асырылады: тура әдіс, жанама әдіс.

Ақша ағынын болжау дегеніміз – ақша қаражатының қозғалысын талдау схемасы бойынша, бірақ болжап отырған кезеңде ғана, ақша қаражатының мүмкін болатын түсімі мен жылыстауын есептеу. Болжау статистикалық мәліметтер және деректік мәліметтерді талдау негізінде жүргізіледі.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

Бақылаумен қатар басқару қызметінің маңызды бір саласында жоспарлау жатады. Ол алдағы уақытта орындалуы тиіс әрекеттерді анықтау процесі болып, табылады.

Қаржылық жоспарлау – мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін құқық саласы. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың спецификасы ақша түрінде жасалуынан құралады. Қаржылық жоспарлаудың негізгі объектісі болып: қор мен түсімдерді құру және оларды қайта бөлу, орталықтан және орталықсыздандырудың ақша құралдарының қорларын құру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлау – ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта  бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару. Ол кез – келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтерін мен қатар) басқару қызметі. Жоспарлау барысында алға қойылған мақсаттың орындалу тәртібі, әдістері мен тәсілдері ескертіледі.

Жоспарлау басқару элементі болғандықтан, қаржылық саясаттың ең жақсы құралы болып табылады. Қаржылық жоспарлау кәсіпорының дамуын қамтамасыз ететін ақша құралдарының барлық табыстар мен шығыстардың бағытын жоспарлайды. Қаржылық жоспарлау қаржылық жоспардың құрылымы мен белгілеуіне байланысты қамтамасыз етіледі.

Қаржылық жоспарлау объектісі болып, мемлекет пен шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметі болып, ал жалпы нәтижесі – қаржылық жоспарды құру болады. Әрбір жоспарда бөлімшелерге және несиелік жүйеге байланысты, белгілі уақыт мерзіміне шығыстар мен түсімдер анықталады (әлеуметтік сақтандыруға салымдарды аудару, бюджет төлемдерді, банк несиесін төлеу және т.б.). Сонымен қаржылық жоспарлау объектілері болып:

– барлық жүйедегі төлем негізінде өнім өткізуден (жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен ақша қолма – қол, қолма – қолсыз, бартер, валюта;

– пайда, оны құру, бөлу және пайдалану;

– арнайы мақсаттағы қорлар: тұтыну, жинақтау, жарғылық, сақтандыру оларды құру, бөлу және пайдалану;

– бюджетке төленетін төлемдер көлемі және бюджет емес қорларға басқа да аударымдар.

Жоспарлау келесідей сипатталады:

1) Экстенсивті әлеуметтік – саясаттық және экономикалық құбылыстарды қамтитын үлкен көлем;

2) Интенсивті жетілдірілген техниканы пайдалану;

3) Тиімділікпен қаржылық басқарудың қойылған мақсаттарына жету.

Жоспарлауды ұйымдастыру – кәсіпорын көлеміне тәуелді. Шағын кәсіпорындарда қаржылық басқаруды бөлу керек емес, оны жетекші өзі жалғыз жүргізе алады. Ал үлкен кәсіпорындарда жоспарды құру жұмыстарын орталықсыздандыру негізінде болуы тиіс. Бөлімдерге бөлу негізінде әрбір бөлім өз учаскесінде жұмыс істеп, болашақта оны жетілдіру жолдарын жетік біледі. Жоспар (бюджет) бөлімдері бір – бірінен оқшауанып жұмыс істемейді. Есептеу кезінде, мысалға, жоспарлы өткізім бағаларының көлемін білуі қажет.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаттары:

1) өз қорлар мен құралдары арқасында кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету:

2) мемлекеттік реттеу жүйесінің оңтайландыру мен өндіріс көлемін ұлғайту арқылы пайданы өсіру, яғни нақты пайданы өсіру және салық салуды оңайландыру;

3) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өзінің міндеттемелері алдында уақытылылық төлеу мүмкіндігі.

Қаржылық жоспарлау тәсілдері:

а)       автоматты (егер инфляция бар болса, онда мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі);

б)       статистикалык  (алдағы  жылдардағы   шығындарды   қосып  алдағы жылдар санына көбейту);

в)       нөлдік қойма (барлык позициялар жаңадан (нөлден) саналады. Бұл тәсіл накты қажеттілікті санап, оларды мүмкіндіктермен қиыстырады).

Жоспарлау максаттары:

Әртурлі кэсіпорындарда жоспарлардың әртурлі мақсаттары болуы мумкін. Жоспарлардың қызметтері кәсіпорынның түрі мен мөлшеріне байланысты әртурлі мағынада кездеседі.

Қаржылық болжау – қаржылық жоспарлаудың басты элементі – кәсіпорынның жоспарлы бюджетін есептеудің негізін құрайды, ол әдетте құраттардың толық жинағын құрайды: өткізу жоспары, өндіру жоспары, запастар бюджеті, тікелей материалды шығындар жоспары, еңбекақы жоспары, өндірістік, өнімділік және әкімшілік шығыстар жоспарлары, кірістер туралы жоспарлы есеп беру, ақша құралдары (ағымдар) қозғалысының жоспары, төлем күнтізбесі және, ақырында, жоспарлы баланс. Қаржылық болжаудың жіберілім нүктесі болып сату болжамы және оларға сәйкес шығыстар табылады; соңғы нүктесі және мақсаты – сырттан қаржыландыруды қажет ететін есеп.

Қаржыландыру қажет (талап) ететін болжаудың басты бағыттары:

  1. Сату болжауы статистикалық және басқа да әдістерпмен құрастыру
  2. Ауыспалы шығындар болжауын құру
  3. Сатылымның қажетті көлеміне қол жеткізу үшін қажетті, негізгі және айналым активтері инвестицияларына болжау жасау
  4. Құралдар көздерінің рационалды құрылымының нышандалу принципін есепке ала отырып сырттай қаржыландырудағы қажеттілікті есептеу және сәйкес көздерді іздестіру

Қаржылық болжаудың екі негізгі әдісі бар:

  1. Бюджеттік – ақша ағымдары концепциясы негізінде құрылған және бизнес – жоспардың бөлімін есептеугеарналған
  2. а) “сатудан түскен пайыз әдісі” (бірінші мадификация)

б) “формула әдісі” (екінші мадификация)

Барлық есептеулер үш тұжырымдама негізінде жасалады:

  1. Ауыспалы шығындар, ағымдағы активтер және ағымдағы міндеттемелер сатылу көлемін пайыздардың белгілі көлеміне өсіргенде (ұлғайтқанда) орташа сонша пайызға ұлғаяды
  2. Негізгі құралдар құнының ұлғаю пайызы бизнестің технологиялық шарттарына сәйкес айналымда ұлғайтудың берімен пайызы бойынша және болжанған кезеңнің басына есептелінген жиелік болжаған негізгі құрамдар бойынша, өндірістің қолма қол құралдарының материалдық және моральды дәрежесі юойынша есептеледі
  3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер мен акционерлік капитал болжамға өзгеріссіз алынады. Бөлінбеген пайда таза тадыстың дивидендтерге және өткізілген өніиінің таза рентабельдігенің нормасы есебінен болжанады: базарлық кезеңнің бөлінбеген табысына болжанған таза табыс қосылады және дивидентер есептелінді (болжанған таза табыс, таза табыстың дивидентерге бөліну номасы көбейтілген).

Осының барлығын есептеп, қажетті активтерді пасивтермен өтеу үшін қанша пассив жетіспейтіндігін анықтайды – бұл сырттан қаржыландырудың қажетті толықтаушы сомасы болып табылады. Бұл соманы сонымен қатар формула арқылы есептеп шығаруға болады.

Формулардан көрініп тұрғандай, сырттан қаржыландырудағы қажеттілік активтер көп болса сонша көп болады, түсімдер өсімінің барысы және таза табысты дивидентерге бөлу нормасына байланысты; пассивтер қаншаға көп болса және өткізілген өнімінің таза рентабельдігі неғұрлым  көп болса, соғұрлым аз болады.

Осыған байланысты, қалауыңыз бойынша өткізіоген өнімінің таза рентабельдігін (болашақтағы) есепке алуға болады, сонымен қатар таза табысты дивидентерге бөлудің прогностикалық нормасын есепке алуға болады.

Қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігіне бюджеттік процесс жатады, яғни болашақ іс – әрекеттеуде қаржы ресурстарын қолдану және қалыптастыру. Қаржы жоспарлары табыстар мен шығыстардың өзара байланысын қамтамасыз етеді, кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі көрсеткіштеріне байланысты.

Кәсіпорында бюджеттеу процессі бюджеттік көрсеткіштердің орындалуын бакылау және басқару, жалпы қаржылық және оперативті бюджетті құрастыру салаларындағы жұмыстарды біріктіреді.

Бюджет дегеніміз – бұл жоспардың сандық орындалуы, белгілі мерзімдегі табыс пен шығысты сипаттайтын және капиталды жоспарда берілген мақсаттарға жету үшін тартылуы. Бюджеттің берілгендері болашақ қаржылық операцияларды жоспарлайды, яғни ұйғарылған әрекеттерді орындау ұшін кұрылады. Осы бойынша кәсіпорын қызметінің тиімділігін бақылау және бағалау негізі ретінде бюджеттің рөлі анықталады.

Бюджеттік жоспарлау – кұрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойьшша жеке бюджеттерді әзірлеу процесін білдіретін жоспарлаудың детальданған деңгейі. Бюджет – әдетте жоспарланған кірістер мен шығыстарды көрсетуші белгілі бір кезең уақытына дейін әзірленіп, қабылданған акшалай түрдегі сандық жоспар. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарын орындауын бағалаудың негізі болып табылады.

Бюджеттегі ақпаратқа деген негізгі талаптар келесідегі: жеткіліктілік, артықтықсыз, айқындылық және жететіндік. Әр кәсіпорын бюджетті құрастыру формаларын өзі таңдайды.

Бюджетті құрастыру жұмысы бірнеше этаптардан тұрады:

  • болжау және сату бюджетін дайындау;
  • күтілген өндіріс көлемін анықтау;
  • өнімді өндіру және өткізуімен байланысты шығындарды есептеу;
  • ақша ағымын есептеу және талдау;
  • жоспарлы қаржылық есепті құру.

Жоспар оперативті, әкімшілікті, стратегиялық деп бөлінеді. Мезгілі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және келешекті (жылдан көп) болуы мүмкін. Детальданған бюджеттер ең көп дегенде әлдеқайда қысқа кезеңге белгілеумен бір жылға жасалады.

Бюджеттік жоспарлаудың сатыларына мыналар кіреді: барлық жауапты орталықтарды жоспарлау; кызметті бағалауда пайдаланатьш көрсеткіштерді анықтау; жаңа ахуалға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға салу; ұсынылған түзетпелерді ескеру арқылы жоспарды түзету.

Бюджет қызметіне мыналар жатады: көзделген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлайды; әр түрлі қызметтерді жэне жеке бөлімшелерді үйлестіреді; өз мақсаттарына ұмтылатын жауапты орталықтардьщ басшыларын ынталандырады; жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болады.

Бас бюджет (мастер – бюджет) – барлық бөлімшелерге немесе тұтас ұйымның жұмыс жоспарының функцияларына үйлестірілген (1 сурет). Ол екі негізгі бюджеттен тұрады:

– оперативті (агымдагы) – мұнда сегментке немесе ұйымның жеке қызметтеріне (кірістер   мен   шығыстар   туралы   болжанған   есеп   беру)   жоспарланған   операциялар аударылады;

– қаржылық – мұнда ұйғарылған қаржы көздері және оларды жоспарлы кезеңде пайдаланылатын  бағыттар (күрделі  шығындар бойьшша шығын,  ақша қаражатының жоспары, жоспар балансы жэне ақшаның қозғалысы туралы есеп беру) көрініс табады.

КАПИТАЛ ҚҰНЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Капитал құны – бұл қаржыландырудың әртүрлі типіне қажетті нақты немесе ұйғарылған табыс.

Капитал құнының мағынасы бойынша, өндірістің факторы ретінде капитал өзінің кез-келген формасында белгілі бір құнға ие болады.

Кәсіпорында капитал құнын бағалау үш кезеңмен жүзеге асырылады:

  • кәсіпорынның меншікті капиталының жеке элементтерінің құнын бағалау;
  • кәсіпорынмен тартатын меншікті капиталдың жеке элементтерінің құнын бағалау;
  • кәсіпорынның капиталының орташа өлшенген құнын бағалау.

1) Қызмет көрсетуші меншікті  капиталдың құны. Мұндай баға кезінде:

а) баланстық құн бойынша есептік кезеңде қолданылатын меншікті капиталдың орташа сомасы есептеледі;

б) ағымдағы нарықтық бағада кәсіпорында  қолданылатын меншікті капиталдың орташа сомасы есептеледі;

в) кәсіпорынның таза табысы арқылы капиталдың меншік иесіне төлеу сомасы есептеледі. Бұл сома кәсіпорын меншік иесіне капиталды қолданғаны үшін төленетін бағаны көрсетеді.

2) Қосымша тартатын акционерлі капиталдың құны жай акция және  артықшылығы бар акция  бойынша дифреренциаланған баға кезінде есептеледі.

3) Қарыз капиталы мынындай негізгі элементтермен бағаланады:

а) қаржылық несиенің құны (банктік және мүліктік);

б) облигация шығару арқылы тартатын капитал құны;

в) тауарлы несиенің құны;

г) есеп бойынша ағымдағы міндеттеменің құны.

Әр компанияның әрекет жасауы мүмкіндігі, оның қаржыландыру көздері болғанда ғана. Олар экономикалық табиғатымен, пайда болу әдістерімен, шұғылдану әдістері және уақытымен, тіршілік ұзақтылығымен, басқару дәрежесімен айырылады. Бірақта, ең негізгі қаражат көздерінің мінездемесі – бұл капитал құны. Капитал құны концепциясының мәні – қаржы көздерінің қызмет етуі компанияға бірдей болып келмейтіндігінде тұрады. Әр қаражат көзі өзінің бағасына ие болады. Мысалы, банк несиесіне пайыз төлеу керек.

Капитал құны шығында болмайтындай, аталған көзді қолдайтын шығындарды жабатындай табыстың ең төмен деңгейін көрсетеді. Инвестициялық жобаларды талдауда және компанияның қызметін қаржыландыру нұсқауларды таңдауда капитал бағасын бағалауы маңызды орын алады.

Капиталдың құнын анықтағанда Франко Модильяни мен Мертон Миллер өз еңбектерін қосты. Өздерінің жұмыстарында қаржылық мәселелер бойынша, қатаң ғылым түрінде капиталдың құрылымы туралы сұрақты қарастырады және зерттеуге өздерінің ойларын ұсынады. 1958 жылы Франко Модильяни мен Мертон Миллер әр түрлі шектеулер жағдайында капитал құрылымы фирманың құнына қатысты емес екенін және де фирма оны қаржыландыру тәсілдеріне тәуелді емес екенін дәлелдеді.

You May Also Like

Адам экологиясы, қолданбалы курс

Қолданбалы курс Адам экологиясы Түсінік хат Бүгінгі таңда білім беру саласын жеке…

Ұлттық клиникалық басқарушылық даму тарихы,құру қағидалары енгізу мәселелері

Мақсаты Ұлттық клиникалық басқарушылық даму тарихы,құру қағидалары енгізу мәселелері Міндеттері Ұлттық клиникалық…

Қазақстанның экологиялық дағдарыстары, слайд

Арқан балық қосылған орама

Қажетті өнімдер: Злаваш, 100 г зәйтүн түйіршіктері, 200 г уылдырықты май, 1/2…