. Қаржылық менджмент пәні түсінігі 

Қаржы – бұл ақша қаражаттарының қорын құру процесінде қалыптасатын экономикалық қатынас (орталықтандырылған – мемлекеттік қаржы, орталықтандырылмаған – халықтың, кәсіпорынның қаржысы).

Қаржылық менеджмент – бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық құралдарының қозғалыс процесінде туындайтын, қаржылық қатынастардың қозғалысын бақылау.

Қаржылық менеджмент – бұл ақша ағымдарын басқаруға және тиімді қаржылық шешімдерді табуға мүмкіндік беретін, кәсіпкерлікті қамтамасыз ететін қаржылық стратегия және тактика.

Кәсіпорынның қаржылық шешімдерін 2 топқа бөледі:

  1. Инвестициялық шешім – ақша қаражаттарын салу бағыттары
  2. Қаржыландыру шешімі – ақша қаражаттарын қайдан алу керек

Қаржылық менеджмент – бұл қаржылық кәсіпкерлік жұмыс және инвестициялау процестерін басқару түрі.

Курстың құралы қаржылық шешімдердің көптүрлігі, оларды жүйелендіру, үлгілеу, жоспарлау болып табылады.

Қаржылық менеджментте кәсіпорын қаржысы басқару объектісі ретінде қарастырылады. Қаржылық менеджмент курсының негізгі мақсаты ол – тәжірибелік капиталдың жалпы құндылығының және ақшалай қаражаттарының байланыс заңдылықтарын анықтау болып келеді. Қаржылық менеджментқаржылық ресурстармен капиталдың айналымы мен және сәйкес қаржылық қатынастарды ұйымдастыруды жүзеге асыратын басқару жүйесі. Қаржылық менеджментті әртүрлі көз- қараспен анықтауға болады:

  1. Функционалдық көзқарас бойынша қаржылық менеджмент жалпы қаржылық механизмнің бөлігі болып табылатын экономикалық басқару жүйесі.
  2. Институционалды көзқарас бойынша қаржылық менеджмент басқару органы ретінде қарастырылады.

З. Ұйымдастырушылық -құқықтық көзқарас бойынша қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызмет түрінде де қарастырылады.

Басқару жүйесі ретінде қаржылық менеджмент екі жүйеден тұрады:

  1. Басқаратын кіші жүйе (субъект)
  2. Басқарылатын кіші жүйе (объект)
    Субъект: қаржылық дирекция, қаржылық менеджерлер.

Объект: қаржылық ресурстар, капитал айналымы, қаржылық қатынастар.

Қаржылық менеджмент ол басқарушылық жүйеге бағынбайтын қызмет болады, яғни кәсіпорынның нарықтық жағдайында қаржылық қызметін атқару үшін қаржылық менеджер өз қызметін ішкі және сыртқы факторлармен байланысты және жаңа ғылыми әзірлемелерге сәйкес жүзеге асыруы керек. Бұл жағдайда менеджерлердің қызметтеріне байланысты кәсіпорынның тұрақтылығы және оның өсуі қамтамасыз етіледі.

Менеджмент келесідей функциялар атқарады:

Жоспарлау,   яғни   өз   қызметін   алдын-ала  анықталған   жоспарлық
көрсеткіштерге бағындыру.

Болжау, яғни қаржылық объект келешекте қандай жағдайда болуы
мүмкін екендігін анықтау. Жоспарлау негізінде болжамдау көрсеткіштеріне
сүйеніп жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушылық,    яғни    ол    басқару    объектіге    байланысты
қаржылық қызметпен байланысты мамандарды біріктіру.

Координация, ол кәсіпорынның әр жүйедегі звеноларының бірыңғай
принциптеріне негізделу, әдістерінің қолдануын қамтамасыз ету.

Тарату, егер басқа функциялар адамдармен байланысты болса, бұл
функция    қаржылық    ресурстарды    рационалды    пайдалану,    кәсіпорын
капиталының тұрақты құрылымын анықтау және қамтамасыз ету болады.

Қайта өңдеу. Ол өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде жеткілікті
материалдық    және    қаржылық   ресуртармен    қамтамасыз    ету    болып
табылады.

Бақылау. Қаржылық   нәтижелердің   жоспарлылық   көрсеткіштермен  сәйкестігін   тексеру,   қаржылық   құжаттарды   дұрыс   жүргізу, мемлекет алдында, басқа кәсіпорындар алдында және т.б. міндеттемелерін уақытында өтеуін қадағалау.

Қаржылық менеджмент стратегиясы – ол ұзақ мерзімді қаржылық қызметке бағытталатын әдістер мен басқару нысандары. Стратегия жалпы жоспарлық түрде болады. Кәсіпорынның қызметіне және қажеттілігіне байланысты қаржылық стратегия өзгеріп отыруы мүмкін.

Қаржылық менеджмент тактикасы – ол стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға және ағымдағы қызметті қамтамасыз етумен байланысты қызмет. Қаржылық тактиканың негізгі мақсаты – ағымдағы активтермен және ағымдағы пассивтермен басқару.

Қаржылық тактика өз қызметінде ішкі қаржыландыру қайнар көздеріне бағытталады.

Оның негізгі міндеттері шығындарды төмендету, табыстың көлемін жоғарылату, кәсіпорынның ағымдағы бәсекелестігін қамтамасыз ету. Қаржылық стратегия сыртқы қайнар көздеріне бағытталып, түрақты капиталдың жиналуын қамтамасыз етеді. Стратегияның негізгі мақсаты -кәсіпорынның өсуін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның өсуі екі жолмен жүзеге асырылады:

  1. Ішкі стратегия
  2. Сыртқы стратегия.
  3. Қаржылық менджменттің функциялары және принциптері. 

Қаржылық менеджмент функциялары:

  1. Ұдайы өндірістік – ол кәсіпорынның қысқа және ұзақ мерзімді активтеріне қаржылық салымдар.
  2. Өндірістік – кәсіпорын қызметінің қаржылануы және ақша қорларының пайда болуына кәсіпорынның өндірістік коммерциялық қызметінің бақылануы болып келеді.
  3. Бақылау – ол қаржылық ресурстардың қолдануындағы ақша қорларының бақылануы.

Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары:

  1. Жоспарлық және жүйелік
  2. Мақсатты бағытталу
  3. Диверсификациялану
  4. Стратегиялық өркенделу
  5. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
  6. Ақша ағымының концепциясы.

Қаржылық менеджменттің негізгі міндетінің бірі үздіксіз қозғалыста болатын ақша     қаражаттарына мақсатты орын таңдау болып табылады, ақша – ақша ағымын қалыптастырады. Бұл кез келген қаржылық-шаруашылық жұмыстың негізі болып табылады.

Ақша ағымының концепциясы:

  1. ақша ағымының түрін, ұзақтығын, сәйкестендіруін;
  2. ақша ағымының мөлшерін анықтайтын элементтердің факторларын бағалау;
  3. әртүрлі мезгілдегі ақша ағымдарының элементтерін салыстыруға болатын дисконттау коэффиценттерін таңдау;
  4. ақша ағымымен байланысты тәуекелді бағалау және оны есебін жүргізу.
  1. Ақша ресурстарының мерзімді құндылық концепциясы

Ақша айналымы және табыс алмау тәуекелімен, инфляциялық процестермен байланысты уақыт аралығында ақша құнының өзгеруі.

  1. Тәуекел мен табыстылық арасындағы ымыраластық (компромисс) концепциясы

Кез келген табысты алу әрқашан тәуекелмен байланысты, табыс неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым тәуекел өседі. Қаржылық менеджментте тәуекел категориясы әр түрлі аспекте назарғаалынады: инвестициялық процестерді бағалау қосымшасында (приложение), инвестициялық портфельді қалыптастыру, капитал құрылымы бойынша шешім қабылдау, дивидендтік саясатты негіздеу (обоснованию), жұмсалған қаражаттардың құрылымын бағалау және т.б.

  1. Капитал құнының концепциясы

Капиталдың элементтеріне қызмет көрсету кәсіпорынға әр түрлі шығын әкеледі, қаржыландырудың әрбір көзінің өз құны болады, ол оған қызмет көрсету шығындары арқылы анықталады.

Шығынға ұшырау тәуекелінен сақтауға және шығындардың орнын толтыруға қажетті табыстың минималды деңгейін капитал құны көрсетеді.

  1. Капитал нарығының тиімділік концепциясы (нарықтың тиімділік болжамы).

Мұнда «тиімділік» термині экономикалық мағынада емес, ақпараттық мағынада қолдануда, яғни нарықтың тиімділік деңгейі оның ақпаратпен қамтамассыздығымен және оның қатысушыларына ақпараттың жеткіліктілігімен анықталады. Бағалы қағаздармен келісім-шарт көлемі, ішкі бағаға ағымдағы бағаның қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты.

Тиімді нарық – бұл бағада нарықтағы жағдай жайлы толық ақпарат бейнеленген, нарықтың бір түрі. Нарықтың ақпараттық тиімдігін қамтамасыз ету үшін 4 шартты орындау керек:

  • Нарық субъектілеріне ақпаратқа қол жеткізілім бірдей болуы керек;
  • Келісім-шарт жасауға кедергі болатын трансакциялық шығындар, салықтық және т.б. кедергілер болмауы тиіс;
  • Нарықтың жеке қатысушыларымен жасалып жатқан келісім-шарттар, жалпы баға деңгейіне әсер етпеуі тиіс;
  • Күтілетін пайданы максималдау мақсатында, нарықтың барлық қатысушылары өз жұмыстарын рационалды жүргізулері қажет.

ЕМН болжамы тәжірибеде нарықтың 3 тиімділік формасын бөліп көрсетеді: әлсіз, қалыпты және мықты.

  1. Ақпараттың асимметриялық концепциясы

Кейбір тұлғаларға қол жеткізілімсіз ақпаратпен әр түрлі категориядағы тұлғалар иемденуі мүмкін. Ақпараттардың асимметриялығы капитал нарығының болуына ықпал жасайды.

  1. Агенттік қатынастар концепциясы

Кәсіпорынды иемденушілердің және басқарманың қызуғышылықтары әрдайым сәйкес келе бермейді. Қаржылық шешімдерді қабылдаған кезде, кәсіпорын иемденушілерінің арасында түсініспеушілікті болдырмау мақсатында агенттік ұсталымдарды жүргізу керек.

  1. Альтернативті шығындар немесе мүмкіншілігін жіберіп алу шығындар концепциясы

Қаржылық мәселеге байланысты кез келген шешімді қабылдау белгілі бір альтернативті нұсқаудан бас тартумен байланысты.

  1. Шаруашылық субъектісінің мерзімді жұмыс істеуінің шектелмеген концепциясы.
  1. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
  2. Қосылған құн = БРЭИ + еңбек ақы шығындары

Экономикалық көз-қарас бойынша, ол белгілі бір кезең аралығында қоғамдық өндіріс нәтижесі ретінде жалпы ішкі өнімге әрбір экономикалық субъектінің салымы немесе белгілі бір аралықта кәсіпорында құрылған құн.

Бухгалтерлік көз-қарас бойынша, ол өткіздірілген өнім мен оның шығындарының айырмашылығы ретінде анықталады.

  1. Инвестицияны эксплуатациялаудағы брутто нәтижелік (БРЭИ) = НРЭИ + өндірістің құралдарын қалыпқа келтіру шығындары

Экономикалық көз-қарас бойынша, кәсіпорында құрылған құн бөлігі болып келеді.

Бухгалтерлік көз-қарас бойынша, еңбекке кеткен барлық шығындарды алып тастағандағы қосымша құн.

  1. Инвестицияны эксплуатациялаудағы нетто нәтижелік (НРЭИ) = баланстық табыс + өзіндік құннан төленетін несиелер бойынша пайыздар

Экономикалық көз-қарас бойынша, ол кәсіпорынның қосымша өніміне жақын болып келеді, НРЭИ-ді кей уақытта табысқа салынатын салықтарды және несиеге төленетін пайыздарды төлеуге дейінгі табыс деп аталады.

Бухгалтерлік көз-қарас бойынша, ол кәсіпорынның негізгі өндірістік құралдарын қалыптастыруға кеткен шығындарды алғандағы БРЭИ деп атауға болады (ол баланстық табыс болып табылады).

  1. Экономикалық рентабельділік (ЭР) = НРЭИ/актив * 100% = НРЭИ/айналым * 100% = айналым / актив

Экономикалық көз-қарас бойынша, ол шығындарды нәтижелермен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кәсіпорынның тиімді қызмет етуін көрсететін көрсеткіш. Активтердің экономикалық рентабельділігін кәсіпорынның өндіріс рентабельділігімен шатастыруға болмайды.

Бухгалтерлік көз-қарас бойынша, ол НРЭИ-дің кәсіпорынның актив балансына қатынасы ретінде анықталады.

ЭР = КМ (коммерциялық маржа) * ТК (трансформация коэффиценті)

Мұндағы:

КМ – ол айналым рентабельділігін көрсетеді.

ТК – ол кәсіпорынның активтерінің тиімді қолдануын көрсетеді.

PV – келтірілген құн.

MVA – қосылған нарықтық құн.

EVA – нақты экономикалық құн.

Бүгінгі теңгенің құны ертеңгіге қарағанда артық, өйткені бүгінгі теңгені инвестициялауға болады және ол пайыз түрінде пайда әкеледі. Бұл бірінші негізгі қаржы принципі.

Қалдырылған пайданың келтірілген құның былай табады: коэффициент мәні 1-ден кем болғанда пайда сомасын дисконт коэффициентіне көбейтеміз. Егерде коэффициент 1- ден асса, теңгенің бүгінгі құны  ертеңгіге қарағанда  аз болуы мүмкін. 

PV=дисконт коэффициенті * FV

PV- келтірілген құн

FV-болашақ құн

дисконт коэффициенті=1/1+r

r-пайданың нормасы.

Таза келтірілген құн (NPV) келтірілген құннан керек инвестицияларды алумен табылады.

Келесі формуламен пайдаланып санауға болады

NPV= PV+   FV

1+r

Көрсеткіштер:

ROE – меншікті капиталдың рентабельділігі.

ROA – активтердің рентабельділігі.

ROI – инвестициялардың рентабельділігі.

Таза пайда + төлем проценті

ROA =                  жинақтық  капитал

ROE=                   таза пайда

    жеке  капитал 

ROI= Таза пайда + төлем проценті

инвестицияланған  капитал

Шаруашылық қызметтердің жалпылама қаржылық көрсеткіштері:

EBIT (NOI)- пайыздар мен салықтарды есептегенге дейінгі табыс (таза операциялық табыс)

EBI – салықтарды есептегенге дейінгі табыс.

NI – салықтарды төлегеннен кейінгі табыс.

EPS – акциядан келетін табыс.

DPS – акцияға келетін дивиденд.

EPS=таза пайда – артықшылығы бар акция дивидендтері

жай акцияның саңы

DPS=       дивидендтердің массасы

          Айналыстағы жай акцияның  саңы

You May Also Like

Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі. Іскерлік этика

Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі. Іскерлік этика ЖОСПАР: Ұйымдардағы жеке бас этикасы және басқару…

Мінез-құлық туралы нақыл сөздер

Мінез-құлық туралы Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, Мейірбандылық, әр…

Еркіндік дәрежелі дельта-роботты жобалау және басқару, дипломдық жоба

Еркіндік дәрежелі дельта-роботты жобалау және басқару Дипломдық жобаның мақсаты: дәнекерлеу жұмыстары (сурет…

Қазақша күрес

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат…