5 тарау. Аграрлык өндірістің негізгі капиталы және оны пайдалану

5.1 Негізгі капиталдып экономикалык мазмұны, жіктелуі, тозуы және

багалануы

Өндіріс кұралдары ауыл шаруашылығында екі топка бөлінеді:

І.Негізгі өндірістік кұралдар (капитал).

  1. Айналым құраддары (капитал).

Негізгі өндірістік капитал – көп жылдар бойы өндірістік үрдіске қатынасып, өндірістік қызметтің бір түрін атқаратын, езінің натуралды заттық нысанын өзгертпейтін жэне дайьш өнімнен өзінің қүнын біртіндеп кайтаратын өндіріс құралдары.

 

Негізгі өндірістік капитал Негізгі өндірістен тыс сфералар капиталы
Ауыл шаруашылығы максатындағы:

үйлер;

ғимараттар;

беріліс кондыргылары;

приборлар;

машина жэне жабдықтар;

көлік кұраддары;

өндірістік және шаруашылық инвентарь.

коммуналдық-шаруашылық үйлері;

тұрмыстык қызмет көрсету;

білім беру ұйымдары;

мәдениет және өнер қорлары;

денсаулықты сақтау мекемелері қорлары;

дене шынықтыру жэне элеуметтік қамтамасыз ету қорлары.

Ауыл шаруашылығынан тыс өндірістер бағытындағы:

енеркэсіптік – әндірістік корлар;

құрылыс қорлары;

сауда және қоғамдык тамактану корлары.

Ауыл шаруашылығында негізгі капитал келесідей белінеді (5.1 сурет). I. Негізгі өндірістік капитал (капит&ч). Олар екіге белінеді: 1. Ауылшаруашылык мақсатындагы  негізгі  өндірістік капитал.  Оған кіретіндер:

а) өндірістік үйлер мен ғимараттар;

б) берілістер;

в) машина мен жабдыктар;

г) көлік құралдары;

д) внім беретін жэне жұмыс малы;

е) кеп жылдық екпелер;

ж) приборлар;

з) ендірістік жэне шаруашылық инвентарь;

и) жер жағдайын жақсартуға кеткен күрделі шығындар; к) инструмент және басқа да негізгі капитал.

2.Ауыл шаруашылығынан. . тыс бағыттағы ендірістердің негізгі өндірістік капиталы (капиталы). Олар келесідей белінеді:

а) енеркәсіптік әндірістің капиталы;

б) кұрылыс капиталы;

в) сауда жэне қоғамдык тамақтану капиталы.
II. Өндірістен тыс негізгі капитал (капитал):
І.тұрғын үйлер жэне тұрмыстық жабдықтар;
2. коммуналдык үй шаруашылығы капиталы;
З.тұрмыстық қызмет көрсету капиталы;

  1. білім беру ұйымдарының капиталы;
  2. мәдениет жэне енер ұйымдарының капиталы;
  3. денсаулықты сақтау, дене шыныктыру жэне әлеуметгік камтамасыз ету мекемелері капиталы.

Аграрлык ендірісте негізгі капиталдың үш түрлі құрылымын ажыратады:

  1. Салалык кұрылымы – ягни, есімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салалары құралдарының жалпы негізгі кұралдардын құнындағы үлестік салмағы.
  2. Технологиялық құрылымы – эр түрлі капитал топтарының технологиялық белгілері бойынша бөлінгендегі үлестік салмағы.
  3. Өндірістік кұрылымы – белсенді және пассивтік капиталдың үлестік салмағы.

Белсенді капитал деп технологиялық прогресстін эсеріне тэуелді, озгеріп тұратын капиталды айтады (трактор, комбайн, машина жатады).

Пассивтік капиталға – үйлер, ғимараттар т.б. кұрылыс объектілері, яғни кеп езгертілмейтін капитал жатады.

Негізгі капитадды пайдалану барысында олар қайта-қайта бағалануға жатқызылады

Нарықтық катынастарға ету жағдайындағы инфляцияның жоғарғы қаркынды болуына байланысты капиталдың баланстык багалануы олардың нақты құнын білдірмейді. Жэне бұл жағдайда негізгі капиталдың амортизациясы да езінің экономикалык маңызын жоғалтады.

Амортизациялык төлемдер сомасы шыққан капиталды толык қалпына келтіруін қамтамасыз ете алмайды. Амортизациялык қордың инвсстицияның негізгі кезі ретіндегі ролі төмендейді.

Осыған байланысты 1992 жылдан бастап ауыл шаруашылыгында жыл сайын негізгі капитал кайта багаланады. Бұл үрдіс негізгі капиталдың балапстық кұнын осы уақыттағы бағалар мен қайта өндірілу жағдайларына сәйкестендіру болып табьшады. Капиталдың қайта бағалануы әр жылдың бірінші қаңтарына жүргізіледі және кэсіпорын балансында керсетіледі.

Елімізде Қазақстан Республикасы Өкіметінің бекітілуімен негізгі капитал қайта бағалануға тиіс. Қайта бағалануға барлық тұрғын үйлерден баска ғимараттар, құрылыстар, беріліс құралдары, машиналар, жабдықтар және басқа да негізгі капитал жатады. Бағалануға барлық запастағы, яғни қосалқы қор болып табылатын немесе жалға берілген, немесе уақытша пайдалануға берілгендер жатады жэне де олар техникалық жағдайлары ескерместен бағаланған. Ңегізгі капиталды қайта бағалауды жүргізуге капиталдың толық баланстық құны негіз болады жэне бұл баланстық құны 1992 жылы 1 қаңтарда жүргізілген қайта есептеу барысында белгіленген нэтижесіне сүйенеді. Капиталды қайта калпына келтіру құнын анықтау мақсатында кайта есептеу коэффициенті бекітілген.

Негізгі капиталды қайта бағалау екі тәсілмен жүргізіледі: 1. Негізгі капиталдың баланстық құнын индекстеу арқылы. Бұл тәсіл бойынша негізгі капиталдың баланстық қүны статистикалық басқармамен бекітілген коэффициентке көбейтіледі. Осыган байланысты капиталдың бастапкы құны қалпына келтіру кұнына ауыстырылады. Бұл корсеткішті есептеу мақсатында келесі формула қолданылады:

мұнда:

Қб.қ — негізгі капиталдың толық баланстык құны;

Кқ — негізгі капиталды қайта бағалау коэффициенті.

1997 жылы бірінші қаңтарда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталды қайта бағалау барысында 1,7 — 2,0, ал кейбір негізгі капитал бойынша — 5,0-ге дейінгі коэффициент бекітілген.

  1. Негізгі капиталдың баланстық құнын тікелей ағымдағы жылдың 1 қаңтарында қальштасқан бағамен қайта есептеу. Бұл жерде негіз ретінде негізгі капиталдың соңғы тексеру барысында олардың болашактағы қозғалыстарын есептей отыра қойылған толық баланстық кұны алынады.

Осыған байланысты негізгі капиталдың жалпы кәсінорында төрт түрлі құндары анықталынады:

  1. Толық баланыстык кұны – бұл капиталдың сонгы кайта
    есептеугедейінгі қуны.

Мұнда:

Қс – капиталды сатып алу құны,

Қт – капиталды шаруашылыққа жеткізу, тасымалдау шығындары,

Қж – оны жұмысқа дайындау шығындары.

  1. Толык калпына келтіру кұны

Мұнда: Кк – қайта есептеу коэффициенті.

  1. Қалдыктык баланыстық кұны.

Мұнда:

А – қайта есептеу кезіндегі тозу мөлшері (амортизация).

  1. Қалдықтык қалпына келтіру кұны.

Негізгікапиталдың тозуы.

Ауылшаруашылық енімді өндіру барысында негізгі капиталдың барлық түрі тозады, бастапқы сапасы мен жұмыс атқару қабілеттерін жоғалтады. Олар ары қарай найдалануға жарамсыз болып оларды ауыстыру қажеттілігі туындайды. Негізгі капиталдың тозуы барысында олардьщ құнын өндірілген өнімге ауыстыру үрдісі жүргізіледі.

Негізгі капиталдың тозуы екі түрде етеді:

  • табиғитозуы;
  • рухани тозуы.

Негізгі капиталдың табиғи тозуы оларды интенсивті пайдалану барысында жүзеге асырылады. Өндірістік үрдіс барысында машиналар немесе баска да техникалардын жұмыс атқаратын бөлшектері тозып бұзылады, сыртқы пішіндері өзгеріске түседі, ал ғимараттар мен құрылыстар құлап калуы мүмкін. Осы мен катар негізгі капитал табиғи жэне климаттык жағдайлар эсерімен тозады: металлдар коррозиясы, ағаш немесе баска жабдыктардың шіруі болады. Табиғи тозу материалдык тозу деп аталады.

Негізгі капитал рухани да тозады.

Негізгі капиталдың рухани тозуы – бұл капиталдын өндіріске элі де жарамды болуы, бірак олардың өндірісте пайдаланылуы экономикалық түрғыдан тиімсіз болуы.

Рухани тозудың негізгі себебі — бұл ғылыми-техникалық прогрестің жылдам дамуы.

Негізгі капиталдың рухани тозуының екі түрі болады:

  • машина мен жабдықтарды өндірудің арзанға түсуі;
  • жаңа, енімділігі     жоғары     машиналарды     шығару     кезіндегі. Бірінші жағдайда істегі машиналар өз құнын жоғалтады, бұл құрылыс

пен    машина    жасау    саласындағы    еңбек    онімділігінің    ұлғайғанымен байланысты болады.

Осыған байланысты істегі ескі машина мен жабдыктар казіргі жағдайда арзан болады және олардың бағасы бұрын сатып алған бағадан әлдеқайда төмен болады.

Жана    өнімділігі    жоғары    машиналарды    шығару    ескі    нұсқадағы машиналарды   олардың табиғи  тозуына  жеткізбей  жаңа жылдык  және ‘ күндік енімділігі жоғары машиналармен ауыстырылуына алып келеді. Осыған байланысты машиналар өз құнын жоғалтады, ал оларды өндірісте қолдану саладағы еңбек өнімділігі мен экономикалык тиімділіктің артуына кедергі жасайды.

Дайын өнімге кеткен негізгі капиталдың құны өндіріс шығьшдарына жаткызылып, өнімнің өзіндік құнына кіреді.

Негізгі капиталдың тозған бөлшегінің кұнын ендірілген өнімге ауыстыру үрдісі амортизация деп аталады.

Амортизациялық төлемдерді есептеудің бірнеше эдісі бар. Олдардьщ ішіндегі бір жылдық амортизация сомамасын есептеудің ең қарапайым әдісі -негізгі капиталдың құнын оның жұмыс жасау мерзіміне бөлу арқылы есептеу.

Ал негізгі капиталды ғылыми-техникалық прогресстен қалмай жаңалап тұруға лайықты әдісі – жеделдетілген амортизация әдісі. Бұл эдіс бойынша негізгі капиталды пайдаланудын бірінші жылдары амортизациялық төлем нормасы жоғары койылып, жьшдар өткен сайын кемиді. Мұндай әдіс негізгі капиталды жеделірек жаңартуға мүмкіндік береді.

5.2 Негізгі капиталдың козғалысы, онымен қамтамасыз етілу және пайдалану көрсеткіштері

Әрбір кәсіпорынның негізгі капиталы жыл бойы қозғалыста болады, ол не жаңарады, жөндетілінеді, сатылады немесе істен , баланстан шығарылады. Негізгі капиталдын қозғалысын сиппатайтын көрсеткіштер – бұл келесілер: 1.капиталдың есу коэффиценті, оның формуласы:

Мұнда.

Қ„ 1 – негізгі капиталдың жыл аяғындағы құны, мың теңге; Қ„ 0 – негізгі капиталдың жыл басындағы құны, мың теңге. 2.капиталдың жаңару коэффиценті, онын формуласы:

Кж – жыл бойы түскен жаңа капитал құны, мың теңге 3. капиталдыңөндірістен шығу коэффиценті, оның формуласы:

іУіұнда:

Кш – жыл бойы өндірістен шыққан капитал кұны, мын тенге. Ауыл шаруашылығының негізгі ендірістік капиталмен қамтамасыз еті.ту көрсеткіштеріне жататындар:

  1. капиталмен қамтамасыз етілу көрсегкіші;
  2. капиталмен жаракталу.

Ауылшаруашылық өнімді өндіруді ұлғайту карқыны мен деңгейі, ендірістін экономикалык тиімділігінің артуы саланың негізгі капиталмен қамтамасыз етілуіне байланысты болады.

Кәсіпорындардың негізгі капиталмен темен мөлшерде камтамасыз етілуі технологиялык операцияларды уақытысында орындамауға, өнімдердің енбек сыйымдылығынын ұлғаюына жэне өнім бірлігін өндіруте кеткен материалдық акша шығындарынын көбеюіне алып келеді. Ал, нормативтен артык мөлшерде негізгі капиталдың болуы амортизациялық төлемдерді ұлғайтады, оларды сақтау жэне қызмет көрсету шығындарын арттырады және бұл жағдайлардың нэтижесінде өндірілген ауылшаруашылық өнімінің қымбаттауына алып келеді.

Негізгі капиталдың оптималды деңгейде болуы кәсіпорындағы ауылшаруашылық өндірістің жоғары экономикалык тиімділігіне алып келеді.

Кэсіпорындардың негізгі капиталмен қамтамасыз етілу деңгейін салыстырмалы бағалау капиталмен қамтамасыз етілу және капиталмен жарақталу көрсеткіштері арқылы жүргізіледі.

Кэсіпорынның капиталмен қамтамасыз етілуі дегеніміз әрбір ауылшаруашылык жер ауданына келетін негізгі капиталдың орта жылдык құны.

Бұлкөрсеткіш келесі формуламен анықталынады:

Мұнда:

Қ, -негізгі ондірістік капиталдың орта жылдық құны, мың теңге, 8а/ш. ауылшаруашьглық алқаптар ауданы, га.

Негізгі капиталдың пайдалануын талдау мінездемесіне байланысты негізгі капитал құндылық түрінде және натуралдық түрінде алынады.

Әрбір гектар ауылшаруашылык алқабына, жыртылған жерге, шабындыққа, ауылшаруашылык дақылдардың жеке егіндеріне келетін капитал толық, ягни барлығы немесе топтары бойынша есептелінеді.

Мал шаруашылығында капиталмен қамтамасыз етілу көрсеткіші негізгі өндірістік капитал құнын кәсіпорындағы мал басына бөлу арқылы анықтайды.

Кәсіпорынның негізгі капиталмен қамтамасыз етілу көрсеткішін объективтік тұрғыдан есептеу мақсатында нақтылы натуралды түрде бар қордың әр түрін технологиялық нормативтермен салыстыру қажет.

Мысалы, кәсіпорынның тракторлармен, ауылшаруашылық машиналармен қамтамасыз етілуін машиианың нақты түріне келетін нақты ауылшаруашылық дакылдың егін ауданы немесе жыртылған жер көлемі бойынша есептеледі.

Ал, мал шаруашылығында мал шаруашылык кұрылыстармен қамтамасыз етілу мал орындарын нақты мал басына бөлу арқылы процентпен есептейді.

Кэсіпорынның   негізгі   капиталмен   қамтамасыз   етілуінс   көптеген факторлар эсер етеді. Оларға өндірістің мамандандырылуы, технологиясы, ауылшаруашылығынын интенсивтендірілу деңгейі жөне табиғи климаттык жағдайлар кіреді. Капиталмен жаракталу келесі формуламен анықталады:

Мұнда : Жс – ауылшаруашылық жұмыскерлердін ортажьглдык саны, адам.

Ауылшаруашылық еңбектің капиталмен жарақталуы негізгі өндірістік капиталдың орта жылдық кұнының ауылшаруашылық жұмыскерлер санына катынасымен аныкталынады.

Еңбектің капиталмен жаракталу децгейі өндіріс кұралдарының құны және ауылшаруашылық жұмыскерлердін санына байланысты болады. Ауылшаруашылығында жұмыс атқаратын жұмыскерлер санына кәсіпорынның өндіріс кұралдарымен қамтамасыз етілуі және негізгі еңбек сыйымдылығы жоғары үрдістерді механикаландыру деңгейі эсер етеді.

Механикаландыру деңгейі артқан сайын нақты технологиялық үрдіске жұмыс атқаруға қажетті жұмыскерлер саны кемиді.

Еңбектін капиталмен жарақталу көрсеткіші кәсіпорынның капиталмен қамтамасыз етілу көрсеткішімен тығыз байланыста болады жөне оны толықтайды.

Бұл көрсеткіш ауылшаруашылык өнідірістің негізгі капиталмен қамтамасыз еті.ту туралы толық мінездеме береді.

Кәсіпорынның капиталмен қамтамасыз етілу көрсеткіші ауылшаруашылығы жұмыскерлерінің өндіріс кұрадлдрымен жарақтандырылу деңгейін көрсетпейді.

Тәжірибеде кейбір жағдайда жер апқабының бірлігіне келетін негізгі капитал құны бірдей болуы кездеседі.

Ал бір жұмыскерге келетін капитал сэйкес болмайды.

Негізгі капиталдың (кордың) қозғалысыңың көрсеткіштері:

  1. Негізгі капиталдың өсу коэффицинті:

Кө = Қні / ҚнО Мұнда:

Қні – негізгі қордың жыл аяғындағы кұны, ҚнО – негізгі кордың жыл басыңдағы кұны.

  1. Негізгі капиталдың жаңару коэффициенті:

Кж = Қж / Қні Мұнда: Қж – жаңадан сатып алынған капиталдыц кұны.

  1. Қордың өндірістен шығу коэффициенті:

Кш = Қш / ҚнО Мұнда:

Қш – жыл ішінде өндірістен шығарылған капиталдың құны. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталды пайдаланудың экономикалық тиімділігі керсеттері: Капитал қайтарымы:

Кк= ж,, / қн

Ж„ – жалпы ауылшаруашылық өнім кұны, мың теңге, Капитал сиымдылығы:

ҚрҚн/ЭҚ,

Пайда нормасы:

п„=п/қна *іоо%,

Мұнда Кд – айналым капиталдың ортажылдық кұны, мың теңге.

Негізгі капиталдың тозуы – ол негізгі қордың (капиталдың) бастапқы касиеттерінен толық немесе жартылай айырылуы. Тозудың екі түрі бар: а) табиғи   тозу, ә) рухани тозу.

5.2    сурет    –    Аграрлық    өндірістегі    негізгі    капиталды    пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

Негізгі капиталды аграрлық өидірісте пайдалану тиімділігін арттыру
______________________ багыттары_____________________

  • кәсіпорындардың капиталмен қамтамасыз етілу деңгейінін өсуі;
  • еңбек кұралдарын жетілдіру жэне олардың пайдалану мерзімін ұзарту;
  • машина- тракторлык паркке техникалық кызмет көрсетуді жақсарту жэне оның еңбек өнімділігін арттыру;___________
  • ғимараттарды салуда жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану есебінен кұрылысты арзандату;________________
  • өнеркәсіптік кэсіпорындар шығарған ауыл шаруашылык техника бағасын темендету;____________________________
  • негізгі капитал мен айналым капитаты көлемін сэйкестендіру;
  • негізгі капитал кұрылымын жетілдіру, оның белсенді бөлігі үлесін ұлгайту;
  • мамандандыруды тереңдету жэне ауыл шаруашылық өндірісті нюғырландыруды үлғайту;_____________________
  • негізгі капиталды сатып алуды қаржыландыруды жэне несиелік жүйені жетілдіру;_____________________________
  • ауыл шаруашылық дақылдарды өсірумен жинауда жэне малдарга кызмет етуге алдыңғы қатарлы технологияларды өндіріске енгізу;
  • мамандардын кэсіби деңгейін арттыру және негізгі капиталды пайдалануы бойынша материалдық үстемелеуді жетілдіру.

Нарыктық   катынастар   жағдайында   жағдайда   негізгі   капиталдьщ пайдалану тиімділігін арттырудың келесідей жолдары бар: 1.    Қэсіпорындардың капиталмен камтамасыз етілу деңгейін арттыру;

  1. Өндіріс кұралдарын жетілдіру;
  2. Машина, трактор паркіне техникалық кызмет көрсетуді жақсарту;
  3. Өндіріс ғимараттарының құрылысын арзандату;
  4. Өнеркэсіп, ауыл     шаруашылығына    дайындайтын     машииалар     мен жабдықтар бағасын төмендету;
  5. Негізгі қордын активтік бөлігін ұлғайту; Негізгі және айналым капиталдың пропорциясын оптималды мелшерде ұстау;
  6. Өндірістің мамандандырылуы    мен    шоғырландырылуының    деңгейін терендету;
  7. Негізгі капиталды сатып атудагы несиелік және қаржылық жүйелерді жетілдіру;
  • Ауыл шаруашылығындагы өнімді   өндіруде   прогрессивтік  техниканы қолдану;
  • Мамандандың кәсіби биліктілігі  деңгейін   көтеру  жэне   материалдық ынталаңдыру механизмін толық пайдалану.

Бұл аталған шаралар негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттырады.

Тақырыптьщ игерілу деңгейін тексеру сұрактары:

  1. Негізгі капитал дегеніміз не?
  2. Негізгі капиталдың кұрамына нелер жатады?
  3. Негізгі капиталдың тозуы деген ұғымды калай түсінесіз.
  4. Негізгі капиталдың көрсеткіштерін атаңыз және оларды қалай есептейді.
  5. Негізгі капитаддың тозуы жэне бағалануы.
  6. Негізгі капиталмен қамтамасыз етілу, олардың қозғалысы. Негізгі капиталды пайдалану тиімділігі көрсеткіштері, оларды үлғайту жолдары.
  7. Негізгі капитал қозғалысы көрсеткіштері.
  8. Аграрлық өндірістің негізгі  капиталмен  қамтамасыз  етілуі  және  оны пайдалану тиімділігі.
  9. Нарықтық қатынастар  жағдайындағы   негізгі   капиталды   пайдалану
    тиімділігін арттыру жолдары.
You May Also Like

Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру 

2. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру  2.1. Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық…

Ғылыми – техникалық құжаттарды пайдаланудың құқықтық негізі, баяндама

Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: Ғылыми – техникалық құжаттарды пайдаланудың құқықтық негізі; ә)…

My motherland, шығарма

My motherland “One nation, one destiny” «One love, one heart, one destiny»…

Тіс тіндерінің тісжегіден басқа аурулары

Тістің тісжегі емес ақаулары: —Тіс шыққанға дейін пайда болатын ақаулар:    1. Кіреукенің…