Тақырыбы: «101 жұмбақ, 1001 мақал». 

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың халық ауыз әдебиетін дамыту, тереңдету,

ізденушілігін арттыра отырып, ой – өрісін кеңейту.
Дамытушылық: тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиет дарыту, отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: іздестіру, салыстыру, мәтін құрастыру.

Көрнекілік құралдар: Плакаттарға жазылған нақыл сөздер.

(Баянкулова Диана және Жолдасов Русланның орындауында «Нұр Аға әні)

Барысы:

1жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме? Құрметті оқушылар және ұстаздар!

Мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Ендеше, «101 жұмбақ, 1001 мақал» сайысын ашық деп жариялаймын.

2-жүргізуші: Мұндағы мақсатымыз – халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу.

Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл

өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді. Жұмбақтар да – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.

1-жүргізуші: Ендеше ортаға сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық (сайыскерлер ортаға шығады).  Бүгінгі сайысымыз «Алтын қақпа» атты  танымдық ойыны арқылы өтеді. Ойын шарты: Ойынға қатыушыларды үш топқа бөлеміз:

1.Білгіштер тобы

2.Тапқырлар тобы

  1. «Алғырлар» тобы

2-жүргізуші: Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік:

1-ші кезеңде  «Тас қақпа» ашылады.

2-ші кезеңде «Күміс қақпа» ашылады.

3-ші кезеңде  «Алтын қақпа» ашылады.

«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.

1-жүргізуші:Өнер білім өнеге тұнған дарын

Білімділерге  өз басым таң қаламын

Білімді әділдікпен бағалайтын

Таныстырайын әділқазы алқаларын:

1.Қалалық жас туристер стансасының директор орынбасары Ногаева Бақытжан

Какимжанқызы.

2.Қалалық жас туристер стансасының әдіскері Бекбергенова Алена Исламқызы.

Ал енді, «Алтын қақпа»  ойынымызды бастаймыз.

«Тас қақпада» мынадай тапсырмалар жасырынған:

1-кезең: Кім жылдам? (әр топ мақалдың жалғасын айту керек).

2-жүргізуші: Олай болса І-кезеңді бастайық. «Кім жылдам!».

Білгіштер тобына:

1)Отан… от басынан.

2)Ақылдыға жан қымбат,

Ақылсызға мал қымбат.

3)Ақыл азбайды, … білім тозбайды.

4)Кітап… алтын қазына.

5)Ұстаздан … шәкірт озар.

6) Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

…ақылыңа ақыл қос.

7) Ең жақсы әдет… жомарттылық.

8) Ауру қалса да,  … әдет қалмайды.

9)Жалқаудың … ертеңі таусылмайды.

10)Ата қоныс … алтын мекен.

1-жүргізуші:Тапқырлар тобына:

1)Ел іші … алтын бесік.

2) Су жүрген жер береке,

… ел жүрген жер мереке.

3)Ел ұлтсыз болмас,

… жер гүлсіз болмас.

4) Жығылсаң …нардан жығыл.

5) Жолдсаы көптің… олжасы көп.

6) Дұшпан күлдіріп айтады,

… дос жылатып айтады.

7) Тазалық-саулық негізі,

…саулық -байлық негізі.

8) Аурудың жақсысы жоқ,

… дәрінің тәттісі жоқ.

9) Әдепті бала-арлы бала,

…Әдепсіз бала-сорлы бала.

10)Тойдың болғанынан,

… боладысы қызық.

2-жүргізуші:«Алғырлар» тобына:

1)Арпа, бидай ас екен,

… алтын, күміс тас екен.

2)Жүйрік ат-бірде ат, … бірде қанат.

3)Нан -тамақтың атасы,

… Ынтымақ -көптің атасы.

4) Қоныс көркі-там,

… дастархан көркі -нан

5)Еңбек қылмай ер оңбас,

… Бірлік қылмай ел оңбас.

6)Екі қолға … бір күрек.

7)Саудада достық жоқ,

…Сәлемде борыштық жоқ.

8) Байлық мұрат емес,

…Кедейлік ұят емес.

9) Өз үйінде ою оймаған,

…Кісі үйінде сызу сызады.

10) Шыдамның да … шегі бар.

1-жүргізуші:Ендігі кезекте  «Күміс қақпаның» тапсырмаларын орындаймыз. ІІ-кезең: Ойлап, тап! Сіздерге суреттер берілет, содан мақал-мәтел және жұмбақтар құрастыру қажетсіз. Сіздердің осы ойында қаншалықты шапшаңдылықтарыңызды, ептіліктеріңізді көреміз! Сіздерге сәттілік тілейміз! (суреттер берілет содан көп мақал және жұмбақ ойластыру қажет).

2-жүргізуші: Сайыскерлеріміз ойланғанша біздер көрермендермен  «Әзіл аралас сұрақтар» ойының ойнайық. (Сұрақтарға көрермендер мақалмен жауап

беру керек).

1)Жылан інінен қалай шығады?

Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.

2)Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).

3) Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).

4)Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын «аппағым» дейді).

5) Не қорқақ не батыр? ( Көз – қорқақ, қол – батыр).

6) Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).

7)Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді).

8) Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).

1-жүргізуші:Сонымен  «Алтын қақпаның» тапсырмаларынада  жеттік. 3-кезең: Ендеше келесі кезең Кім тапқыр! Жасырылған жұмбақты бір топ шешеді, ал екінші топ соның жауабына мақал құрайды.

1)Қимылдаса қос шебер,қыруар-қыруар іс өнер(қол)

Қол батыр, көз қорқақ.

2)Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама(кітап)
Кітап-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.

3)Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды.(жапырақ)

Ағаш көркі-жапырақ,

Адам көркі-шүберек.

4)Аспаннан домалап көп моншақ төгілді,
Бусанып жөн алып,терілді,керілді(жаңбыр)
5)Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
6)Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды(балық)
Балық басынан шірейді.
7)Қатар-қатар тас қойдым,
Жирен атты бас қойдым(тіл мен тіс)
Өнер алды-қызыл тіл.
Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге тарайды.

2-жүргізуші:4-кезең Сергіту сәті «Адасқан әріптер» ойыны. Оқушылар әріптерді алып салт-дәстүрлердің атын құрайды.

  1. Шашу
  2. Той
  3. Байғазы
  4. Көрімдік
  5. Сүйінші
  6. Беташар

1-жүргізуші: 5-кезең Ойна да, ойла. Ендігі сәтте көмбеде  «Алтын сандық» бар. Сол алтын сандықта жұмбақтар жасырылған.

1.Адамға серік,
Күзетке берік.(ит)
2.Құстан аумайды,
Көкке заулайды.(ұшақ)
3.Бір жыланды таяққа іліп алдым,

Ерге қона пайдасын біліп алдым. (Қамшы)

4.Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.(күн)
5.Суда қалқиды,
Жылуда балқиды.(мұз)
6.Біліммен мол сый-осы,
Балғындардың ұясы.(мектеп)

7.сырт-сырт соғады,

Уақыт озады.(сағат)
8.Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.(ай)
9.Тілі бар өзінде,
Сөзі бар ізінде.(қалам)

  1. Білімнің жол басшысы, шәкірттің қолбасшысы.(мұғалім)
    11.Сағат сайын соғылады,тек мектептен табылады.(қоңырау)
    12.Иесі оның сәби,

Әрі төсек, әрі үй. (Бесік).

2-жүргізуші: Тютюшев Нұржанның орындауында «Қазақ жастары» әні. Қабыл алыңыздар.

Қорытынды.Мақал-мәтел, жұмбақтар–ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар, қоғамдық әлеуметтік дүние, ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы және іс-әрекеттің рухани негізі. Қазақтың өмір салты мен сыйластығы өте зор. Біз қазақтың тәрбиелі ұлдары  мен қыздары болайық!Құрметті көрермендер! Осымен бүгінгі өткен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты жарысымыз аяқталды.(Әділ-қазылар алқасының қорытынды сөзі).

You May Also Like

Жер беті бейнесінің түрлері, сабақ жоспары

САБАҚ ЖОСПАРЫ Сыныбы: 6 Пәні   Физикалық  география                     Күні————- Сабақтың тақырыбы: §9.Жер беті…

Ұлы ерлікке тағзым, сабақ жоспары

Қошақаны қойдың. Қой. сабақ жоспары

«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)