САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сыныбы: 6 Пәні   Физикалық  география                    

Күні————-

Сабақтың тақырыбы: §9.Жер беті бейнесінің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жердің  бет бейнесінің түрлері  абсолют  биіктік, салыстырмалы биіктік арқылы анықталады, горизонтальдар топографиялық картада қалай бейнеленетіндігі,бергштрих,деңгейлегіш ұғымдары туралы  жаңа  білімін меңгерту

Дамытушылық:Оқушыға –өзбетімен  карта сызба жасату арқылы   логикалық  ойлау қабілеттілігін  дамыту.Оқушының картамен,кескін картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Елін  сүйетін  азамат  тәрбиелеу.Бірнеше карта түрлерін алып салыстырмалы түрде анализ жасай білуге үйрету.

Сабақтың типі:      сұрақ жауап сабағы

/жаңа білім беру,қайталау,аралас,білім мен білікті жетілдіру,білім тексеру/

Сабақтың әдісі—————————————————————————

/алынған білім көздері бойынша:сөздік көрнекілік,практикалық/

Танымдық қызметті ұйымдастыру тәсілі бойынша:иллюстративті-түсіндірмелі,репродук тивті,жеке ізденіс,зерттеу,проблемалы-хабарлау/

Пәнаралық байланыс      тарих,биология т.б.

Көрнекілік      Аша т.б. құралдар

                                                      Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру                                                                                                            1.1.Оқушыларды түгендеу                                                                                                    1.2.Сабаққа дайындығын тексеру

1.3.Мақсат қою

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

2.1 Жердің  планын  түсіру  үшін  нені  қолданады?

2.2.Жер  бетін  қашықтығын  қағаз  бетіне  түсіру  үшін  не  керек?

2.3.Масштаб  деген  не?Масштабтың  қанша  түрі  бар?

2.4.Шартты белгілер планда қалай белгіленеді? 

               Жаңа  сабақ  мазмұны

Жер  бетінің  мұхит  немесе  теңіз  деңгейінен  алынған  есептелген  биіктігі  абсолют  биіктік  деп  аталады  Мәселен, төбенің басы етегінен 20 м биіі десек, бұл салыстырмалы биіктік болады.

Жер бетіндегі салыстырмалы биіктіктер деңгейлегіш құралдарлың көмегімен анықталады.

Горизонтальдар. Жергілікті жердің планында және топографиялық картада жер бетінің ой – қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді

( грекше горизон – шектеуші ). Горизонтальдар деп биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады. Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі. ( 1 м, 2,5 м, 5 м, 10 м т.с.с ). Бұл мөлшер картаның масштабына және жер бедерінің ыңғайына қарай белгіленеді. Мәселен, 1: 10 000 масштабтағы топографиялық картада горизонтальдар тегіс жазықта 2,5 м сайын, ал қыратты жерде 5,0 м сайын жүргізіледі.

Жер бедерінің сипатын анықтауды оңайлату үшін картада  кейбір горизонтальдардың  және нүктелердің биіктігі жазылып қойылады.  Цифрдың жоғарғы жағы әрқашанда өрге, аяғы ылдиға қарап тұрады. Сонымен бірге ылдидың бағытын горизонтальдарға кесе – көлденең қойылған сызықша – бергштрих ( немісше берг – тау, штрих – сызық) көрсетеді.

Горизонтальдармен төбені бейнелеу 

Сабақ бекіту: Сонымен  біз  бүгін  Жергілікті жердің планы деген тақырыпта сабақ өттік. Сабақ барысында абсолютті және салыстырмалы биіктіктер, горизонтальдар, шартты белгілер туралы білідік.

Горизонтальдар деп биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады.

Үй тапсырмасы:  § 9. Жер беті бейнесінің түрлері

You May Also Like

Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер, сабақ жоспары

Хан Кене, сабақ жоспары

Функция және функцияның графигі, сабақ жоспары слайд

Тұрақты сөз тіркестері. сабақ жоспары