Ойын терапиясы және оның даму тарихы.

1.Ойын терапиясы туралы түсінік.

2.Балалар психотерапиясы мен ойын терапиясының даму тарихы.

3.Ойын түрлері. ‘’Ықпал ету’’ ойын терапияcы.

Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.

Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.

Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.

Ойын терапиясы — балаларға және ересекерге ойынды пайдалана отырып психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын — жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға, тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі. Ойын психотерапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау барысында жалғасын табады.

Психологиялық білім адам әрекет ететін аймақтарда, әсіресе адамның мінез-құлқына қатысты мәселелер бар жерлерде кең қолданылады. Білім беру ісінде психологияның қажеттілгі өте ерте пайда болды, ал қазір психологиясыз қадам жасау мүмкін емес. Қазіргі психологиялық психотерапияның әлемі – бұл пациенттармен клиенттарға көмек көрсетудің әр түрлі 500-ден астам белсенді түрі. Әрбір осы түрдің ерекше тілдерімен түсінік шеңберлері, ерекше әдістері, жұмыс техникаларымен тәсілдері бар.

Психологиялық терапия практикалық психологияның бір саласы болып табылады. Психотерапия сферасын практикалық психология бөлімі ретінде қарастыра отырып, оның негізін салушылар –З.Фрейд, К.Г.Юнг, К.Роджерс, Р.Мея теориялық, концептуалдық негізінің міндеттілігін атап өтті. Соңғы жылдары кеңестік психолог- психотерапевтар Ф.Е.Васильюк, Е.Т.Соколова, Т.А. Флоренская, А.Ф.Копьев, А.У.Хараш т.б. психологиялық-терапияны диалогтық тұрғыда қарастырады. Бұл көзқарастың теориялық базасы А.А.Ухтомскийдің доминантасының физиологиялық концепциясы болып табылады. Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі ересектермен, өз қатарластарымен қарым-қатынасты тиімді жасалуы педагокикалық, психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді.

Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.

Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.

Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.

  1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
  2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
  3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
  4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
  5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
  6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту. «Кел, танысайық» ойыны.

Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір – бірінің қолын қысады.

Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір – бірінің арқаларын сипайды.

Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.

«Кішкентай ергежейлі» ойыны.

Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.

Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.

«Кенгуру» ойыны.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).

«Кеме» ойыны.

Қатысушылар екі қатарға бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір – бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады. Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады.

«Алақанға жан бітір» ойыны.

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз….. салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.

«Құпия дос» ойыны.

Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.

Ықпал ету ойын терапиясы.

Ойын  терапиясының  ауқымды  бағыты  30-шы  жылдары  Д.Левиннің  жұмыстарында  (1938)  айқын  көрінді, бұл  жұмыстың  басты  мақсаты,  балаларды  белгілі  бір  ауытқушылыққа  байланысты  ықпал  ету  терапия идеясын  дамыту.  Д.Леви  ең  біріншіден  ойын  балаға  жағымды  ықпал  ететінін  сендірді.  Осы  арқылы  ойынтерапевт таңдалған ойыншықтар балаға неліктен қобалжу реакциясын тудыратынын анықтады.  Бала ойын терапиясымен және ойын терапиясы өтәлетін бөлмемен жақын танысу үшін, еркін ойнауға рұқсат беріледі. Содан кейін ойынтерапевт балаға стрессогенді жағдайды туғызу үшін белгілі ойын материалдарын  қолданады.  Кейде  балаларға  ойынды  өздігінен  таңдауға  рұқсат  беріледі.  Ойынды  бақылай  отырып

ойынтерапевтбаланың вербальді және вербалды емес сезімдерін сөзбен, ашық түрде көрсетеді.

Ойын бөлмесінде ойын белсенділігінің 3 формасы бар.

1.Агрессивті  мінезден  арылу:  бала  заттарды  лақтырады,  шариктарды  жарады  немесе  инфантильді мінез формасын көрсетеді (мысалы, еміздікті емеді)

2.Стандартты  жағдайлар  сезімінен  арылу:  анасының  кеудесіне  қуыршақты  жақындату  арқылы, қызғаныш сезімін көрсетеді.

3.Баланың  өміріндегі  стрестік  сезімдерден  ойын  арқылы  арылу.  Г.Хэмбидж  (1955)  «Структурная игровая терапия» атты мақаласында Д.Левидің жұмысына толық түсінік берді. Бұл мақалада баланың қорқу дәрежесі туралы, яғни, балаға еркін ойнау рұқсат етіледі.

Қарым – қатынасты орнатуға арналған ойын терапиясы.

Терапиялық қарым – қатынаста Дж.Тафттың (1933) және Ф.Алленнің (1934) зерттеулері ойынтерапиясында келесідей маңызды бағыты пайда болды. О.Ранктің (1936) философиялық негіздегі жұмысы бала дамуының зерттеу тарихына елеулі үлес көрсетті. Ойын терапиясында терапевт пен клиент арасындағы эмоцияналдық қарым – қатынасқа көп назар аударады. «Маған клиенттің әлемге деген қарым – қатынасын қалай қабылдайтынын анықтау маңыздырақ және клиент маған тұлға ретінде қызығырақ екенін сездіруге қорықпаймын» – деп жазды Ф.Аллен.  Өткен  тәжірибені  қайталау  үшін  ешқандай  ықпал  ету  қажет  емес.  Тек  қана  қасқағым  сәт  пен  әсер  ету жеткілікті. Ф.Аллен мен Дж.Тафт балаға тұлға ретінде қарау маңызды ол мінез – құлқын өзі өзгерте алады деген. Балаларға таңдау бостандығы беріледі – ойнау немесе ойнамау және өз әрекетін өзі басқара алады. Балалар өз  тілектерін  өздері  шындыққа  әкеле  алады  деген  болжау  туындайды.  Қарым  –  қатынас  орнату ойынтерапиясының  мақсаты  баланы  өзгерту  емес,  баланың  өз  құндылықтарын,  өзіндік  «Мен  – концепциясын»  жоғарылату.  Бала  барлық  тұлғалар  сияқты  өз  –  өзіне  сенімді,  ерекше,  өзін  –  өзі  дұрыс бағалайды және ішкі өзін – өзі дамыта алады. Коррекциялық  мақсаттың  негізгі  механизімінің  жетістігі  –  ойын  терапевті  мен  клиент  арасында  қарым  – қатынас орнату. Мақсаттың шектелуі спецификалық жағдайлар қатарымен анықталады: «Мен» дәрежесінің бұзылуы, күмәндану, сенімсіздік.

You May Also Like

Реферат Мұқағали Мақатаев Мәскеуде оқыған кезеңі

Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде…

Реферат Еңбек нарығы және оның теориялы мәні

МАЗМҰНЫ   Кіріспе……………………………………………………………………….. 3 1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні 1.1  Еңбек…

Интернетке қосылудың түрлері, телекоммуникациялық теxнологиялардың түрлері, реферат

Интернетке қосылудың түрлері, телекоммуникациялық теxнологиялардың түрлері Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Интернет сипаттамасы…

Ақпараттық ақпарат көздері мен тұтынушылар арасындағы ақпараттар, реферат

Тақырыбы:Ақпараттық ақпарат көздері мен тұтынушылар арасындағы ақпараттар. Жоспар І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім 1.Ақпарат,ақпараттық…