Тақырыбы:Ақпараттық ақпарат көздері мен тұтынушылар арасындағы ақпараттар.

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1.Ақпарат,ақпараттық жүйелер

2.Ақпарт көздері мен тұтынушылар арасындағы ақпараттар

3.Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне ақпарат рөлі.

ІІІ.Қорытынды

Кіріспе

Ақпарат (лат.informatio— түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған.Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам,ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда. Ақпарат көздері– айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып жатқан оқиғалар, көріністер, нақты деректер..Сондай-ақ журналистің жазған материалына, дайындаған бағдарламасына арқау еткен дәйегінің түпнегізі.

Ақпараттық  жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық  жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық  жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық  жүйелер де қоршаған ортада болады.

 Ақпараттың тарихы, анықтамалары.

Ақпарат – адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, «Жазбалар ғибадатханасындағы» Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «informatio» сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпараттың анықтамаларының көп болуы – бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде – бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.

 Кірісі:                                          Өңдеу                                                                               Шығысы: 

Бизнес-есептер                                                                                                                       Шешімдер

– мәліметтер;                             бағдарламалар;                         – есептер

– ақпараттар;                             адамдар;                                     – сызбалар

– есептеулер;                              құрал-жабдықтар;                     – есептеулер

– мүмкіндіктер;                                                                              – дыбыстар

Басқару                  

басқарушы тұлға;                               Кері

автоматты басқару;                            Байланыс

Ақпараттық жүйелердің сызбасы

Маркетингтік ақпарат жүйесі – адамдардың өзара әрекетінің, алға қойған міндеттерді табысты орындауға бағытталған ақпаратты алу, жоспарлау және өңдеудің әдістемелік тәсілдері мен техникалық құралдарының тұрақты жұмыс істейтін жүйесі.

Маркетингтік зерттеулердің мақсаты: кәсіпорынның мақсатына қол жеткізу үшін маркетингтік ақпарат арқылы өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыру.

Біріншілік маркетингтік ақпарат – бұл тікелей зерттеу мақсатына сәйкес жиналатын ақпарат.

Екіншілік маркетингтік ақпарат – бұл бұрын осы фирманың немесе басқа ұйымдардың басқа мақсатта жинаған және өңдеген ақпараттары.

Маркетингтік зерттеудің ыңғайлары:

  • теориялық;
  • сипаттайтын-аналитикалық;
  • зерттеу.
    Зерттеу әдістері:
  • байқау;
  • сұрау;
  • эксперимент
    Зерттеу құралдары:
  • сауалнама (анкета)
  • арнайы құрылғылар

Тенденциялары:

  • жеке дүкендерде сатудан қызметтің ауқымды түрлеріне көшу;
  • мұқтаждықтан қажеттілікке көшу;
  • бәсекелестіктің бағалық әдістерінен бағалық емес әдістеріне көшу.

Осы тенденцияларға байланысты кәсіпорынға қосымша ақпараттар қажет.

Маркетингтік ақпарат жүйесі – бұл маркетингтік операцияларды жоспарлауды жетілдіру, жүзеге асыру және қолданылуына бақылау жасау мақсатымен маркетинг сферасындағы бөлушілер қолдану үшін маңызды және дәл ақпаратты жинауға, жіктеуге, талдауға, бағалауға және таратуға арналған әдістемелік тәсілдердің, құрал-жабдықтардың және адамдардың өзара әрекетінің тұрақты жүйесі

  1. Ішкі есеп беру жүйесі – күнделікті сату көрсеткіштерін, шығын сомасын, материалды қорлардың көлемін, нақты ақшаның қозғалысынн, дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы мәліметтерді көрсетеді.
  2. Күнделікті және сыртқы ақпаратты жинау жүйесі (соңғы оқиғалар туралы ақпарат) – коммерциялық ортада болып жатқан оқиғалар туралы жетекшілер күнделікті ақпаратты алып отыратын әдістемелік тәсілдер мен ақпарат көздерінің жиынтығы.
  3. Маркетингтік зерттеулер жүйесі – фирма алдында тұрған маркетингтік жағдайға байланысты қажетті белгілі бір мәліметтердің жүйелі анықтамасы, оларды жинау, талдау және нәтижелері туралы есеп беру.
  4. Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі – маркетинг мәселесі мен маркетингтік мәліметтерді талдау әдістерінің жиынтығы.

Қорытынды.

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «informatio» сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпараттық  жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық  жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық  жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық  жүйелер де қоршаған ортада болады.

You May Also Like

Елбасы тарихы, реферат

«Елбасы тарихы» Еңбек жолын жұмыскерден бастаған. Озық ойлы, осындай ол жақсы адам.…

Антика дүниесі мәдениетінің сипаты мен дамуы, реферат

Жоспары: 1.Ежелгі Грек мәдениетінің сипаты мен даму кезеңдері. Ежелгі Грекия мәдениетінің мифологиясы…

Медициналық ақпараттық жүйелердің классификациясы, реферат

Медициналық ақпараттық жүйелердің классификациясы Жоспар І. Кіріспе: 1)с; ІІ. Негізгі бөлім: 1)Базалық…

Математиканың даму тарихы, реферат

МАТЕМАТИКАНЫҢ  ДАМУ  ТАРИХЫ Математика (грек.mathematike- білім, ғылым)- ақиқат  дүниенің  сандық  қатынастары  мен …