Реферат

Тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліппесін жасаушы».

Жоспар.

Кіріспе.

  1. Кіріспе:

Ахмет Байтұрсынов – қазақ ақыны публицист.

  1. Негізгі бөлім:

Ахмет Байтұрсынов қазақ әліп-бинің жазушысы.

Араб әліпбиімен латын әліп-биінің айырмашылығы.

Ахмет Байтұрсынов қазақ харіфелері.

III.   Қорытынды бөлім:

Төте жазу немесе Ахмет Байтұрсыновтың ұлы әліп-биі.

КІРІСПЕ.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының дамуына байланысыты көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине, ең біріншісі ол тіл мәселесі болып көтерілді. Сол себепте біз өз ғылыми жұиысымызды қазақ тілінің атасы, қазақ әліпбиінің араб графикасына негізделген ұлы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілінің дамуна, мәдениетінің, өнерінің сақталып қалу барпысында жасаған еңбектерін зерттеп, Отансүйгіштік сезімін бағалап, Ахмет Байтұрсынов қазақ әліпбиінің реформаторы деп атап отырмыз. Ғылыми жұмысымыздың заманға сәйкестігі ұрпағымыз ана тілінен айырылып қала жаздаған жағдайда Ахметтің көтерген мәселелері, ғылыми негіздері, ізденістері арқылы қазақ тілін сақтап қалу, болашағымызды қорғап, ұлтымызды, мәдениетімізді сақтап қалуға көптеген әсер етеді деп айталамыз.

Осы зерттеу жұмысы арқылы қазақ әліпбиінің араб графикасына негізделгені дұрыс екенін анықтау тыңдаушы қауымға ұлы ғалымның тіл біліміне жасаған реформасын түсіндіріп, оның қазақ халқының жазба әдебиетінің  дамытылуына, мәдениетінің, әдет-ғұрпының, өзіне тән  дыбысталуын сақтап қалуға көмек болғандығына ғылыми болжам жасадық..

Ғылыми жұмыстың практикалық маңызы: әдістемелік пособиялар ретінде мектептерде оқуға болады, қосымша сабақтар мен негізгі сабақтарда қолдануға болады және іздену жұмысы барысында көп көмек бере алады.

Осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында статистикалық анықтамалармен жұмыс жүргізілді, мұражай жұмыскерлерімен, мұғалімдермен кеңес болды және іздену жұмысының әдістемесі: салыстыру, іздену, дәлел табу ретінде өтті.

Ахмет Байтұрсыновтың әліп-биінен мұнда кейбір  әріп қана сақталған.

Ахмет Байтұрсынов өз әліп-биін араб тілінің мәдениеті, өнері түркі тілдес халықтарымызға ғана емес, басқа ұлттарға да таныс бола бастады. Мысалы, қазақ тілінің латын әліп-биіне негіздеп жазу керек дегенде, Ахмет Байтұрсынов мынадай дәлелдер келтіріп, сақтап қалады:

  1. Тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздікі қанша? /фонетикалық мәселесі/
  2. Қайсысымен басылған, я жасалған сөз оңай оқылады? /графикалық мәселесі/
  3. Қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл? /графикалық мәселесі/
  4. Қайсысы баспаға қолайлы? /техникалық мәселесі/
  5. Үйретуге /сауат ашуға/ қайсысы оңтайлы? /фонетикалық-графикалақ мәселесі/
  6. Көркемдік пен көзге жайлылық жығынан қайсысы артық?

/психология сана ғылымынан мәселесі/

Осынысымен қазақ тілін араб тіліне негізделуі әбден дұрыс екенін дәлелдей алды. Ал әліпбидің әрпі көбейіп кеткеннен кейін дыбыстардың жіңішке – жуандығына қарай дәйекше арқылы әріптер салып қысқартады. Ізденуіміздің жаңашылығы барлық халық,  Байтұрсыновтың ұлы ғалым, қазақ әліпбиінің атасы ақын деп атағанмен, әлі оның әліпбиі арқасында қазақ тілі, өнері, мәдениеті, ескерткіштері сақталуы туралы айқын ешбір жерде айтылмайды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы тәуелсіздік туын тігіп, дербес ел атанып мемлекеттік тілді жетік әр Қазақстан азаматы білу керек екендігі осы жұмыс арқылы қазақ тілін сақтап, елінің, әдет-ғұрпының, мәдениетінің, ұлтының жойлып кету қауіпінен аман алып қалған Ахмет атамыздың атын жаңадан жаңғырту және қазақ тілінің мәңгі өлместігін дәлелдеу.

Өз алдымызға қойган мақсаттарымыз:

  1. Қазіргі уақытта Ахметтің әліпбиінен алынған әріптер сақталды ма?
  2. Ахметтің әліп-биінде неше әріп болған, бір әріп бірнеше дыбысты білдірген бе?
  3. Неге Ахметтің әліппесі қолданылған?

Өйткені Ахмет Байтұрсынов өзінің «Қазақ» газетінде де былай деген: «Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмытылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдында ел болуға, өзініңтілі, әдебиеті бар ғана ел жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз».

Бұл ұлы ғалым өз заманындағы аса зиялы қоғам қайраткері, қазіргі уақытта Ғасыр адамы аталған Ахмет Байтұрсыновтың  бізге қалдырған мұрасы.

Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиі 1928 жылға дейін қолданылған. Қытайдағы қазақ халқымен әлі күнге дейін қолданылады екен. Сондықтан өзімізден гөрі – өзге елдегі қазақтар қазақ халқының ана тілін, әдет-ғұрпын, мәдениетін бізден жақсы біледі деген ой туады.

Ахмет Байтұрсынов мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, турколог, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, Алаш партиясы көсемдерінің бірі. Қазақ газетінің 1913-1917 ұйымдастырушы әрі редакторы, сталиндік құғын сүренің құрбаны.

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қантарда бұрынғы Торғай облысы Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге  келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді, намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел жұртына қиянат жасаған Торғай уезінің бастығы Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтас пен бірге, Сібірге 15 жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар Ахмет жүрегіне үлкен жара салған. Әкесінің інісі Ерғазының тәрбиесінде болған Ахмет алғашқы білімді Ыбырай Алтынсарин  негізін қалаған қазақ мектебінде алып, 1891 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. 1896-1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқалы уездерінде аулдық және болыстық  мектептерде мұғалім болып қызмет атқарады. Білім беру жүйесімен ерте таныс болған ғалым осы саладағы қажеттіліктерге ерекше назар аударған. Ол мектепке арналған оқу құралын жазуды қолға алады.

Ағартушылық жолға түсіп, «Қайтсем халқыма пайдамды тигізем, қалай көзін ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахмет Байтұрсыновты әдебиетке алып келеді.

Ахмет Байтұрсынов қалың қазақ бұқарасының мұң-мұқтажын көздеген ойларға толы мақалалар, өлеңдер жазады, бүкіл саналы ғұмырын халықтың білімін, рухани санасын көтеруге арнайды. Ахмет Байтұрсынов Орынборға жер аударылып келгенннен кейін ел ішіне ғылым-білім тарату жұмысына ден қоя шұғылданады. Оның қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына сәуле құюға байланысты еңбектері елге тарай бастады. Ол газет шығару мәселесін қозғайды. Бұл іске оқыған жастар белсене кірісіп елден қаржы жинайды. Газет «Қазақ» аталады да, редакторлық міндет Ахмет Байтұрсыновқа тапсырылып, 1913 жылдың 2 ақпанынан шыға бастайды. Ахмет елге жеткізсем, ұқтырсам деген көкейіндегі көптеген мәселелерді енді газет арқылы жария етуге мүмкіндік алады.

Ахмет Байтұрсынов-қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына нақты мүмкіншіліктер тудырған бірден-бір ғалым. «Ана тілі» деген терминді де өзі ұсынғанын біз естен шығармағанымыз жөн. Ахмет Байтұрсынов «Оқу   құралдары» тұнғыш әліппеміз болса, оның бірнеше рет қайта басылуы сол кездегі білім беру жүйесінің керекті кітабына айналғанын дәлелдей түседі. Теоретик Ахмет Байтұрсыновтың таза ғылыми зерттеулермен шектелмей, оның бүгінгі өмірге оқулықтар ретінде пайда әкелуіне мән беруі, яғни, қолданбалы түрін табуға ұмтылуы, бұның бәрі бүгінгі білім беру саласына қажетті мысал. Ахмет Байтұрсынов араб таңбаларын қазақ тілінің фонетикасына сай қолданған жүйелі графикасы 1924 жылы ресми қабылданған.Өзге түрік халықтарына (өзбек, татар) да бұл тұңғыш үлгі болып мойындалып үлгерді. Осы орайда ғалым Р.Сыздықованың сөзіне жүгінсек: Ахмет Байтұрсұнов ұсынған «жаңа емле 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастаған».

1918 жылы кеңес үкіметі «Қазақ» газетін жауып тастайды. Қазақ халқы қазан төңкерілісіне дейін өзінің санасын да, әлеуметтік өмірге дейін саяси көзқарасын да осы газет арқылы қалыптастырады.

Ахмет Байтұрсынов өз мақалаларына халық ағарту, білім тарату ісіне айрықша көңіл бөледі. «Өқу жайы» (1913) деген мақаласында Қостанай уезіндегі сауаттық мәселесін қозғай отырып, әрбір жүз кісіден алты еркек қазақша, әрбір мың кісіден алты еркек орысша,ал әрбір үш жүз әйелден бір әйел қазақша , ал төрт мың әйелден бір әйел орысша хат таниды деген маңызда дерек келтіреді.

Ахмет Байтұрсынов ғалым -теоретик, эстетик сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» («Теория словесности») деген атпен басылған. Араға екі үш жыл салып авторы  кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттанушысының ғылыми негізі, әдістемелік арнауы,басты- басты терминдері мен категориялары түп -түгел осы кітапта қалыптастырылған. Ахмет Байтұрсынов тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, олар тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі зор жауапкершілігі бар іс, көп жылғы көз жұмбастан, қиянаттан арылатын түс келді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, ат түсті қарағанның өзінде толып жатққан соны шындық алдыннан шығады. Ахмет Байтұрсынов ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.

Мәскеуде 1929 жылы «Коммунистік академия» баспасынан шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» 1 томында Ахмет Байтұрсынов: «Аса көрнекті, қазақ ақыны, журналисті және педагогі. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізн салушы» деп бағаланып негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық әлеуметтік қызметі айтылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

        Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жазуы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тілі білімінің  негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз  топырағымыздан тауып, оларға тұнғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін /фонетика/, сөз жүйесін /морфология/, исөйлем жүйесін /грамматика/ қалыптастырды. Бұл кісі қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған адам.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесін енгізді. Әліппе деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жинағы. Нғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, замандағы өнер құралдарына арнатуға қолайлы болса, соғырлым әліп-би жақсы болмақшы. Олай болса, әліп-би сынға түсіп, жақсы-жаман жағы тексерілуге әбден келетін нәрсе болып шығады. Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп  таңба арнаған. Оқуымыз онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, франсуздікінен, ағылшындікінен оңай оңтайлы. Тағы немене керек ?! Араб әрпі қолайсыз деп әлдеқашан аты шыққан әріп, онымен жақсылап емле түзуге болмайды, оны жазу машиналарына, осы күнге шығып жатқан түрлі өнер құралдарына орнатуға болмайды, оларға араб әрпі ыңғайсыз дейді. Араб әрпінен жасап алған әліп-биімізге жер жүзінде әліп-би баласы жетпейді. Араб әрпімен түзеген емлемізге бізге мәлім емлелердің бірі жетпейді. Мұны ешкім бекер деп айта алмайды. Араб әрпімен жазу машинасына, әріп теру машинасына орнатқанын көріп отырмыз.

Түрік жұртының 90 пайызы баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жасалған хат мәдениеті бар /хат мәдениеті деп әріпке қатысы бар нәрсенің бәрі айтылады, мәселен, сауаттылық, оның жүзіндегі дағдылы өнер-білім, ілім, емле үйрету әдісі, баспа істері, баспаға басылған барша сөздер, тағысын тағы сондайлар. Араб әрпін латын әрпіне алмастыру мәселесі қозғалғаннан бері көп адам екеуін салыстырып, теңеп қарап, артық-кемін тексеру, зерттеуге түсті. Ескі әріпте жеткілікті дәрежеде терең текскру арқасында  екі әрптің де бұрын назар салынбай, еске алынбай жүрген көп сындары, сипаттары көзге түсті. Әліп-би мәселесі қарастырылған 1926 жылы түркішілер құрылтайында Ахмет Байтұрсынұлы әліп-бидің артық-кемін мыеадай сауалдарға жауап беру арқылы анықтау керек дейді: екі әріпті теңестіріп, артық-кемін тексеріп, өлшеуге салғанда, таразының табан тірейтін нәрселері мыналар дейді:

1.тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?

/фонетикалық мәселесі/;

  1. қайсысымен басылған, я жазылған сөз оңай оқылады /графикалық

мәселе/;

  1. қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл /графикалық мәселе/;
  2. қайсысы баспаға қолайлы, техникалық мәселе?;

5.үйрктуге /сауат ашуға/ қайсысы оңтайлы /фонетика-графикалық мәселе/;

  1. көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық /психология-сана ғылымның мәселесі/.

2.2. Араб әліп-биі мен латын әліп-биінің айырмашылығы.

Әуелі тіл дыбысына жеткілікті болу, болмау жағынан сылыстырып қарайық. Араб әріпінен қазақ әлп-биіне 14 әріпті өзгертпестен дайын күйінде алды. Латын әрпінен, өзгертпестен алған дегенде, 15 әрпін-*ақ алған. Басқаларын өзгертіп алыпотыр. Сөйтіп алғанда, 7 әрпі өзгертіп алуға жараған, басқалары тіпті жарамаған соң «ң» мен «й» дыбыстарына ойдан шығарып, «ө», «и» таңбаларын алып отыр. Бұған қарағанда тіл дыбысына жеткілікті болу жағынан араб әрпі артық болып шықты. Ахмет Байтұрсынұлының әліп-биі фонетикалық қағида ізінде, яғни фонетикалық әдіспен оқытуға арналған. Фонетикалық қағида ізінде дегеніміздің мәні мынада: тілдегі дыбыс басына арналып жеке-жеке әріп алынады, және сөз ішінде ол әріп дыбыстанқайда тұрса да айырылмайды. Бұл әдісті түркі халықтарының оқыту ісіне алғаш рет енгізген-бүкіл түркі жұртының аса ірі тұлғасы Ысмайыл Распринский еді. Кезінде бұл әкәдит әдісі деп аталды. Ысмайыл Распринскийдің тыңнан жол ашып сан ғасырлық тарихы бар, дінмен енген араб әліп-биін түркі халақтарының тілдік заңына лайықтап өзгертуі дін өкілдерінң қатты қарсылығын оятып, олар мындай әрекет қасетті Құранды қорғау деп те айыптайды.

Ысмаыл Распринский әдісін Ахмет Байтұрсынов қазақ әліп-биін жасауға тұтынады және оның жетілдірігімен өзгеше үлгісін жасайды. Атақты ғаламның әдсін алып, үлгісін алмауының басты себебі мынада: түркі халықтарына ортақ үлгі ретінде ұсынылған Ысмайыл Распринский әліп-биіне / осының негізінде түркі халықтарына ортақ әдеби тілді қабылдау заңды түрде 1906 жылы мұсылмандардың бүкілресейлік үшінші съезінде бекітіледі/ негізгі етіліп татар тілі алынды. Ахмет Байтұрсынұлының әліп-биінің тағы бір ерекшелігі- дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігіне орай екеуіне ортақ бір таңба беруі. Мұның өзі әріп санын азайтуға жол ашты. Әріп санын азайту- оқытуды жеңілдетудің бір жолы. Неғұрлым әріп саны аз болса, оны соғұрлым үйретуге оңай. Араб жазуында дауысты дыбыстарды беретін әріп аз болғандықтан және әліп-би оқытудың тиімді жолдарын көрсетуді мақсат тұтқан ағартушы жіңішке дауысты дыбыстарға жеке таңба /әріп/ бермей, оны жуан дауыстылардың алдына дәйекші /белгі/ қою арқылы жазуды ұсынады. Ол былай деп жазады: дауыстты дыбыстарымыз: а, о, ұ, ы – лардың жіңішке айтылуы үшін алатын белгіміз мынадай: / «/, бұл белгі дәйекше болвп сөздің алдына қойылады. Сөздің алдында тұрған жіңішкелік белгісін көріп, ол сөздің ішіндегі дауысты дыбыстардың харіфлерін жіңішке оқимыз.

Рсылайша, Ахмет Байтұрсынұлы а-ә, ү-ұ, о-ө, ы-і жуан-жіңішке жұп қатарына екі есеге кемітеді. Мысалы а мен ә-ге бір-ақ әріп- «а» алынады. «Ә» болып оқылар сөзге дәйекше қойылады: ана-ане, аға-аке, Асель-*Асел т.б.

Қазақтардың дәйекше қою арқылы әріп санын азайтқанын тыңнан табылған ақыл екндігін 1926 жылы Бакуде өткен Түрікшілер құрылтайы да атап өтеді. Өз кезімізде бұл әдісті болашақ латын әліп-биіне көшер тұста да орынды пайдалануымыз керек деп есептеймізү. Себебі латын әліп-биі бүкіл түркі тілдеріне ортақ үлгіде әрі техникалық құралдарға лайықты ықшам түрде болуы тиіс. Ықшамдаудың бір жолы- Ахмет Байтұрсынұлы түзеген төте жазу үлгісі. Ал дауыстылардың жуан-жіңішке болып бөлініп, соның негізінде үндестік заңы түзелетін- түркі тілдеріне ортақ белгі.

Қазақ жазу тәртібін бір жүйеге келтірген Ахмет Байтұрсынұлы әліп-биіне 20-шы жылдардың орта шенінде тағы бір қауіп бұлты үйіріледі. Үлкен саяси есебі бар жаңа нақан –түркі тілдес халықтар тұтынып жүрген араб жазуын латын жазуына алмастыру науқаны А. Байтұрсынұлын бей-жай қалдыра алмайды. Ол араб әліпбиінің тиімділігін ғылыми түрде нақты дәлелдеп, қорғап қалады. Ғалымның дәлелдері қоғамның түрлі салаларын-экономикасын, саяси мәселелерін, техникалық даму деңгейін тұтас қамтиды.

Мұның себебі де түсінікті-әліпби алмастыру ешқашан жеңіл жүрмейді.

Сауатты адам әрбір әріпті талдап көріп жатпайды, сөзді тұтас көреді және оқиды. Латын жазуы бір өңкей, бір келкі сурет. Ал араб жазуы бірде төмен, бірде жоғары көтеріліп, бірде қысқа, бірде ұзын келіп айрың-ұйрың ашық сурет береді. Сондықтан араб жазуы оңай оқылады деп түйіндейді. Қай әліп-би жазуға жеңіл дегенде автор латын әліп-биін жазғанда қол қимылдау бағдары сағат тіліне қарсы жүреді және оны жазғанда қолдың қары жайылатын жағына жылжиды. Бұл қолды тез талдырып, адамды шарщатады, ал араб жазуында бұл керісінше деп дәлел келтіреді.

Баспаға қай әліп-би қолайлы деген сауалға Ахмет Байтұрсынұлы соңғы техникалық жаңалықтар, ізденістер араб әрпін басапаға қолайлы етіп шығаруға мүмкіндік туғызып отырғанын, мұның өзі бұрынғыдай әріпті машинкаға ыңғайлау емес, енді машинаны әріпке ыңғайлайтын әдіс араб жазуын баспа ісіне пайдалануға кең жол аша алатынын тілге тиек етіп, толымды дәлелдер келтіреді. Қай әріп үйретуге оңай дегенде, автор араб жазуының суреті тез танылатынын және онда баспа әрпі мен жазба әрпі, бас әріп пен кіші әріп болмайтындығын, оның басты артықшылығы деп санайды. Араб әліп-биінің әріп қазақ тілінің дыбыстарының толық жеткілікті қандай емле жасауына да келеді. Қазақ емлесі-нағыз оңай, бұқараға қолайлы емле. Әліп-би түзеу, емле түзеу жағынан соңғы кезде істелген істер жемісті болып, бұл жағынан біз Еуропа, Америка жұрттарының алдында тұрмыз. Әріпті өнер құралдарына икемдеу жағынан да олардан асыратынымызға көз жетіп отыр.

1913 жылы «Қазақтың» тұңғыш саны шыққанда, газет редакторы Ахмет Байтұрсынов былай деп жазған : «өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдында ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ғана ел жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз онды емес. Осы күнгі орыс мектебі мен татар мектептерінде оқып шыққандар, қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса, өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстапбарады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер, тілге осы көзбен қарасақтабиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер, оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті».

Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайреткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы, баршасы осы ұлы миссияның орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.

Соңғы сауалға Ахмет Байтұрсыновтың мынадай: көркемдік деген әркімнің уөңіл талғауына қарайтын нәрсе. Араб әрпі сызығы түрлі болғандықтан, көзге көркем, шырайлы көрінді және тез танылатындықтан ол әріптер көзге зиянсыз, жайлы.

Осындай толымды дәйек, дәлелдерімен ұлы ағартушы араб жазын қысқа уақытқа болса да кезекті науқаншылдық толқынынанаман алып қалады. Ахмет Байтұрсынов ұсынған ғылыми дәлелдер оның кең танысты тілші ғалым екндігін көрсетеді.

Сөз соңында, бүгінгі кириллицаға негізделген жазуымыз болашақта латынға алмастыратынын біле отырып, латын әліп-биіндегі баспа әріптерін алуға болады деген ұғым жасайды, себебі баспа әріпінің даралығы.

Араб әрпінен жасап алған әліп-биімізге жер жүзінде әліп-би баласы жетпейді. Араб әрпімен түзеген емлемізге мәлім емлелердің бірі жетпейді. Мұны ешкім бекер деп айта алмайды. Араб әрпін жазу машинасына орнатқанын көріп отыпмыз.

Түзелген араб әрпі жазу машинасына бір түгіл, екі түрлі әріп қоюға болатын етіп отыр, мәселен, араб әрпімен орыс әрпін қатар қоюға болатын етіп отыр. Әріп теру машинасында екі суретті әріп қоюға болатындығына көз жетіп отыр. Түзелген әріп терушілердің де бейнетін жеңілдейтін деп тұр. Бұрын кассы үлкен болған соң, тұрып теретін еді, енді кассы кішірейген соң, отырып теруге болады.

Осының бәрі араб әрпінің қай жаңына болса да, қалай жұмсаймын десе де, келе беретін, көне беретін ыңғайлы, қолайлы әріп екенін көрсетеді.

Араб әрпін латын әрпіне алмастыру мәселесі қозғалғаннан берікөп адам екеуін салыстырып, теңеп қарап, артық-кемін тексеру, зерттеуге түсті. Ескі әріп те жеткілікті дәрежеде терең тексеріліп, терең зерттеледі. Сол терең тексеру арқасында екі әріптің де бұрын назар салынбай, еске алынбай жүрген көп сындары, сипаттары көзге түсті.

Менің мұнан былайға сөздерім жалғыз өз пікірім я өз тапқандарым емес, көптен көздеп, үңіліп, зерттегеннен табылған нәрселер.

Оқуға оңай жағынан қарап көрейік.

Оқу жағынан алғанда, қандай әріппен басылған я жазылған сөз болса да, сүгірет есепті. Бұл жағына қытайдың сүгірет жазуы да, басқалардың әріппен жазылған жазуы да бірдей, жалғыз ақ сүгіреттің құралған жөні басқа.

Сауаты ашылған адам жазылған я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіреттің танып оқиды. Таныс адамды көргенде, мынау пәленше, анау түгенше деген сияқты, әр сөзді тұрпатына айтады. Неғұрлым сөз сүгіреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдам табылып, шапшың оқылмақшы. Әріп сөз сүгіретінің сөзге елеулі болу, болмауына себеп болмақ, сөздің бірінен бірін айыруға көмегі тимек.

Латын әрпінің асылы екі түрлі сызық, сопақ шеңбер сызық. Латын жүйелі әріптердің бәрі осы екі түрлі сызықтың түрліше үйлесіп құралуныа шыққан. Латын жүйелші әріппен басылған сөздердің жолына тұрсаңыз, екі сызықтың арасымен теп тегіс тартқан нәрсе сияқты болып көрінеді. Әріптері бірне бірін таяу келтіріп, қатарынан қойған кірпіш сияқты көрінеді. Елуде біреу ғана болмаса, қатардан шығып тұратыны аз болады.

Үстіне қоятын қосымша белгілері де аз болады. Араб әріптерде екі сызық арасында қысылып  тұрған әріпте болмайды. Жолы бір сызық бойымен тартылып, жалғыз сызықтан жоғары да, төмен де ылғи асып шығып отырады. Оның үстіне, қойылатын қосымша асты, үстінде белгілері, нүктелері болады. Мұның әріптерінің бірі биік, бірі аласа, бірі ұзын, бірі қысқа келіп, сөз әлпіне айрың-үйрің ашық сүгірет береді. Бір жағынан онысы, екінші жағынан қойылатын қосымша белгілері сеп болып, сөз сүгіретін көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады.

Әріптердің бірөңкей, бірбеткей тұру тұрмауы оқуды ауырлату, жеңілдету жағына қанша сеп болатынын мынау мысалдан көруге болады:

Бірыңғай, бірбеткей қойған, бірөңкейленіп тұрған бірнеше таяқша сүгіреттерін алайық та, сонымен саны да, алатын орны да, бойы да бірдей, бірақ қойылуы да біріңғай, бірбеткей емес, сондықтан бірөңкейленіп тұрмаған екінші таяқша сүгіреттерін алайық та, аналардың астына мыналарды қойып, санап қарайық, қайсысы санауға оңай болар екен? Әрине, төменгісін санауға оңай. Латын әрпімен басылған кітапты я газетті алып, араб әрпімен басылған кітапты я газетті алып қарасаң, қайсысындағы сөздердің әріптерінің әлпі таяқшалар сүгіреттерінің қайсысың әлпіне ұқсайды?

Әрине, латындікі жоғары, арабтікі төменгі әліпті. Араб әрпінің ол артықтығы жалғыз баспада ғана емес, жазбада да артық болып тұрады. Өйткені араб әрпімен басылған сөз бен жазылған сөздіңарасында айырымы аз болады. Онда оңай оқылса, мұнда да оңай болады.

Жаман жазылған хаттарды келген де, араб әрпі латын әрпінен артық. Мұнда да әріптің тұрпаттары мен түрлі қосымша белгілері көп көмек болады.

Латын әліп-биінде ұлы әріп болатынын артықтығына дәлел еткісі келетіндер бар. Оның ұлы әрпінің пайдасынан зияны көп екеніне көз салмайтындар ғана солай ойлайды. Әріп санын көбейтетінімен, әріп кассаларын үлкейтетінімен, әріп теру, жазу машиналарын қиындататынымен, сауаттандыру ісін ауырлататынымен ісі жоқ адамдар ғана латын әрпінің ұлы түрін ұлы қасиеті деп ойламақшы.

Балаларды орысша оқытып жүргенде ұлы әріпке қарғыс айтпасақ, алғыс айтпайтынбыз. Әріп терушілер де ұлы әріпке алғыс айтпайтын шығар.

Жазуға қайсысы қолайлы енді сол жағына келейік. Сөзді оқығанда тұтасынан оқысаң, жазғанда да көбінесе тұтасынан жазамыз. Сондықтан ескі әріпті сынға салғанда, әріп басының жазылуына қарай сын тағамыз.

Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады. Жазып отырғанда әр әріпті ойлап барып жазбаймыз, қолымыз дағдыланған күйімен өзі кетеді. Ойың әріп тізімінде болмайды, сөз тізуінде болады. Көз жазылғанның дұрыс терісін бақылаумен ғана болады, неғұрлым сауатта көбірек ашылған адам болса, неғұрлым жазуды көп жазатын адам болса, оның көз бақылауынан гөрі қол дағдысы басым болмақ. Мұны дыбыс жүйелі емлесі жоқ жазкдан көру қиын емес. Мәселен, Махмұт деген сөзді жазғанда, қолың өзі жазып кетеді.

Оқыған уақытта адамның көзіне күш түсіп, етіне күш түспейді. Жазған уақытта көзіне күш түспей, етіне күш түседі. Жазуға қай жазу ыңғайлы болатынын айыру үшін басқа жұмыстар жүзінде қолға күш түсетін істерден жасалған ілім тәжірибелерін алып қарау керек болады.

Латын жүйелі әріппен жазғанда қол қимылдау бағдары сағат тілнің жүретін бағдарына қарсы келіп отырады. Сол ыңғайына қарай жүреді.

Араб әрпімен жазғанда қол қимылдау бағдары сағат тілінің бағдарымен бірыңғай келіп отырады. Сол ыңғайына қарай жазу оңнан солға қарай жүреді.

Машина айналдырған жұмыскерге, қол машинамен тіккен елдерге қарап тұрсақ, бәрі сағат тілінің бағдарымен айналдырады. Қалай да, қолмен айналдыра үйрілдіре қайта-қайта істелетін жұмыстардың бәрі де, мәселен, инемен тігу, арқан есу бәрі де сағат тілінің бағдарымен істеледі, оңнан солға қарай жүреді. Оның бұлай істелетіні қол талмау үшін. Қайта-қайта көп рет қимылдағанда ыңғайсыз жағына қимылдаса, қол тез талады. Мәселен , орысша жазғанда қолдың талғаны білінеді, қазақша жазғанда білінбейді.

Латын әрпімен жазғанда қолдың қимылының бәрі ірі, толық болып отырады. Араб әрпімен жазғанда стенограф жазуымен жазған сияқты қолдың қимылы көбінесе ұсақ болып келеді. Ирегінің ұсақтығы жазуды жеңілдетіп, шапшаң жазуға қолайлы. Сондықтан да ұсақ иректі жазу стенографке алынған.

Араб әрпіне сын тағушылардың және бір кінәлайтын жері нүкте көптігі. Нүкте жазуды ауырлатуға себеп болатыны рас, бірақ ол араб жазуының өз басын оңаша алғандағы кемшілігі, латын жазуымен салыстырғанда, қол сермелуі, барша нүктелерін қосып есептегенде, латындікінен 25-30% кем болып шығады.

Араб жазуымен жазғанда жалғыз ғана қолайсыздық қылатын -цифр жазуы. Санды үлкендете атауымызға қарағанда, жазуымыздың оңнан солға қарай жазылатын бағдарына қарағанда, санның үлкенінің цифрлары оң жақта, кішілерінің цифрлары сол жақта болуы тиіс еді, онан келетін кемшілік аз болғандықтан, басқалардың ыңғайына қарап, көпке бірдей болатын ретпен жазып отыр.

Жазуын жайын сөйлегенде жазу машиналарын да сөз қылып өту қажет болады.

Соңғы көзге дейін араб әрпін  жазу машинасына орнату ісі былай болып келіп еді: бір жағынан, орыс машиналарының жүрісі араб жазуының бағдарына икемделуші еді де, екінші жағынан, араб әрпі созылып, жиырылып, машина жүрісінің адамына икемделуші еді. Араб әрпінің өнер құралдарына айналысу соңғы кездерде ғана бола бастауы тіршілік күйінің мәдениет, тарих, шаруы жағына байласқан жағдайына қарай болып отыр.

Енді қай әріп үйретуге оңай-сол жағынан салыстырып өтейік. Қай болса әдіспен да, оқуға үйрету ақтығында сөз сүгіретін тану болып шықпақ. Сөздің баспа сүгіреті мен жазба сүгіретін таныта білдірсе,  сол оқуға үйреткен болмақ.

Сөздің тез танылуы жағына араб әрпінің артық екендігін мана айтып өттік. Бұл жағынан араб әрпінде бір кемшілік бар еді, ол енді жоғалайын деп тұр. Ол кемшілігі жалғау қосылғанда  сөз сүгіретінің пішіні өзгерілуі еді. Мәселен, «қазақ» деген сөзге ілік жалғауын қоссақ, «қазақтың» болып, «қ» әріптің пішіні өзгеретін еді.

Латын әрпінде ол жоқ, бірақ оның онан гөрі де үлкен айыбы бар: латын әрпі ұлылы-кішілі қосар таңбалы болады. Оның үстіне, баспа әрпі мен жазба әрпі біріне бірі ұқсамайтын түрде болады. Бір сөзде екі түрлі сүгірет болады. Біреуін танудың  орнына екі-екіден тану керек болады.

Қазақ тілінің дыбыс жүесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты көлемді мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін ل ج غ және жуан т, с. Сияқты араб таңбаларын қазақ әліп-биіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекше дейтін таңба ( ُ )  қою қажеттігін дәлелдейді. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайға сандарында «Жазу мәселесі» деген үлкен мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды (س ي ق ف ش) жайындағы өзінің пікірлерін айтады.

Әрі қарайға ізденістіреді араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1 араб әліп-биіндегі жуан дыбыстарына таңбаларын алмау, 2 қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, ү дыбыстарынын арқайсысына таңба белгілеу, 3к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә, е, і, ү дыбыстарымен айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекше таңба қою. Бұлайша түзелген әліп-биінің сауат ашудың жүйелі әдісіне сай келетіндігіне байқалады.

ҚОРЫТЫНДЫ.

Төте жазу немесе Ахмет Байтұрсыновтың ұлы әліп-биі ХХ ғасырдың басында халқымыздың ұлы перзенті, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов-ұлы ескі қазақ жазба тілін күллі халқының игілігіне айналдыру идеясын ұсынды. Басқаша айтқанда, жазу-сызуды демократияландыру арқылы күллі халықты сауаттандыру ісіне бар білімін, күш-жігерін салды. Халықты жаппай сауаттандыру, білім беруді тезірек қолға алмаса, қазақ қоғамының заман ағымына ілесе алмай, қалып қоятынын терең түсіне білген ғалым жүйесі аса күрделі ескі қазақ жазба тіліне түбегейлі реформа жасады. Алдымен ол араб әліп-биін пайдална отырып, халық тілінің тоғыз дайысты (а-ә, ы-і, о-ө, ұ-ү, е) және он тоғыз дауыссыздан (б-п, д-т, г-к, ғ-г, ж-ш, з-с, й, л, м, н, ң, р, у) жұратып дыбыс жұйесін негізге алып, қазақ әліп-биін түзді. Ахмет Байтұрсынов ұсынған жазба тіл қормасы біріңғай халықтың тілдің сөз грамматика, дыбыс жүйесіне сүйенді, соларды таяныш етті, ескі түркілік сөз үлгілері мен халық жұртшылыққа түсініксіз араб, парсы элементтерін қолданылуы шектеулі болды. Ахмет Байтұрсынов жазуы халықтық тілдің сөз үлгілерін жазба тілде береді, қолданудың жүйесін жасады. Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов халық тіліне енгізілген жазбаша тілдің тұңғыш рет оқулықта, оқу құрамдарында заңдастырылған нормасын (кодификацияланған нұсқасын) жасады. Тіліміздің заңдастырылған жазу нормаларын Ахмет Байтұрсыноа негіздеп берді.

Ахмет Байтұрсынов ұсынған жазу жүйесі жалпақ жұртшылықтың ықыласына бөленді. Ден қойған адам оны бір-екі айдың ішінде-ақ үйреніп алатындай 24 әріптен тұратын жүйесі ұғымға жеңіл, емлесі оңай болды.

Жұртшылық сондықтан бұл жазуды бұрынғы жазудан бөлектеп, төте жазу, төте оқу деп атады. Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуын тек қазақ зиялары ғана емес, әлемдік тіл ғылымының (лингвистикалық) көрнекті өкілдерінің бірі Е.Д.Поливанов, фонетика зерттеушісі Яковлев т.б. арнайы тексере келіп, аса жоғары бағалайды. Алайда төте жазудың Кеңестер одағындағы ғұмыры ұзаққа бармады. 1929 жылы қазақ жазуы латын графикасына негізделген, 29 әріптен тұратын жазуға көшті. Ал 1940 жылы қараша айынан бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен тұратын осы күнгі орыс графикасына беімделген жазуға көшті. Ал Қытай Халық Республикадағы милионнан астам қандостырылуы осы күнге дейін төте жазуды қолданып келеді. Онда төте жазумен оқулықтар, оқу құралдары, газет журналдар, әр түрлі кітаптар шығады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

«Тіл тағылымы» (қазақ тілі мен оқу – ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы. Ана тілі. 1992 жыл.

You May Also Like

Синапстық өткізудің ерекшеліктері, реферат

  РЕФЕРАТ Тақырыбы: Синапстық өткізудің ерекшеліктері Жоспар І Кіріспе Синапс (құрылысы, қасиеттері).…

Балалардың физикалық және психомоторлық дамуының ерекшеліктері, реферат

Тақырыбы:Балалардың физикалық және психомоторлық дамуының ерекшеліктері Жоспар І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім.…

Энергияны пайдалану және өндіру қазақша реферат

Энергияны пайдалану және өндіру қазақша реферат Жоспары: КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1. Қазақстанда…

Қазақ кеңестік өнері, реферат

Жоспар I.Кіріспе II. Негізгі бөлім II.1.Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы II.2.Қазақ бейнелеу өнері…