ЖОСПАР

1.Кіріспе………………………………………………………………………………………2-3

2.Негізгі бөлім……………………………………………………………………………..4-5

2.1. Жаңа ақпараттық технологиялар……………………………………………4-5

2.2. Қоғамды ақпараттандыру………………………………………………………5-7

Ақпараттық қоғамның белгілері…………………………………………….7-8

2.3. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғам дамуының катализаторы….8-9

2.4. Ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыттары……….10-12

2.5. Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар……………………..12-16

2.6. Қоғамды компьютерлік сауаттылыққа оқыту……………………………….16-17

3.Қорытынды………………………………………………………………………………………18

КІРІСПЕ

Анықтама бойынша технология дегеніміз — материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында «технология» ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктерібар.
«Ақпараттық технология» деген терминді В. Глушков енгізді. Ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».
Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі «компьютерлік технология» терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған мәліметтердің қайта құру технологиясына негізделеді. «Технология» ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз.

Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мыналарды орындау қажет
– ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені;
– техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі;
– техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байланыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.

Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары
Қоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін тарылатуда, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.

Әрине, білім беруді компьютерлендіру оқу-тәрбие үрдісінің көптеген аспектілеріне мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді. Ол компьютерлердің және бағдарламалық құралдардың дидактикалық потенциалына байланысты. Қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін, яғни әрбір сабақ үшін бағдарламаның бір түрін ғана жасау қажет емес, сонымен қатар атқару қызметі бойынша бір-бірінен бағдарламалар (бақылаушы, бақылаушы-оқытушы т.б.), сабақтың әр кезеңінде қодданылатын (дәрістер, зертханалық сабақтар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыс, курстық, дипломдық жоба немесе жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы т.б) бағдарламалар жасау қажет.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

               2.1.Жаңа ақпараттық технологиялар:

Кәдімгі ииформациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы – әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер – жұмыста және уйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар жөне әртүрлі қүжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері, одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз -ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын өр түрлі мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер. Жаңа информациялық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген элсктрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған “қағаздағы” информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызда ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін технология ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі төсілдер жиынын айтатын еді.
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру, технология үғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді үйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.
Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген ссы кездегі жаңа өндіріс технологиялары, оны қайта күру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлде қайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі “технология” ұтымға аз дегеннің өзінде үш компонгнт – өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорларылар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т. с.с. мүмкіндіктері бар, компьютерлік техникаға негізделген болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын калай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша құрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар алу қажет болады.
ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің ретгілігі мен ережелерің және оған косылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина ешқандай да жұмыс атқара алмайды.
Кез келген ЭЕМ-мен жұмыс істеу оның программаларын оқып үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптеген программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларым танысудан басталады.

                                     2.2.Қоғамды ақпараттандыру.

Қaзipri уакытта қоғамда ақпаратпен жұмыс icтeyre қажеттіліктің барлығын жэне адамзаттың ғылыми ақпаратпен ӛмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Сонымен катар қоғамдағы барлық ӛндіріс салалары мен басқармаларда және барлық басқару орталықтарында қызмет кӛрсету автоматтандырылып жылдам дамып жатыр. Акпараттық саланың және қызметтің кең ӛркендеуіне байланысты әлеуметтік құрылымдарда да түбегейлі ӛзгерістер орын алуда. Әлеуметтің және ғылыми-технологияның үнемі қарқынды ӛркендеуіне қажетті мӛлшерде қолдау кӛрсететін, ұлттық ақпараттық қорларды жасауға арналған орталық құрылымдар құрылып жатыр. Яғни қоғамның ақпараттануы, компьютерленуі бip-бipiмен ақпараттық жүйеде байланысуы деген ұғымдарға катысты түсініктерді жетілдіруге және оларды сэйкестендіріп жаңа жүйелер жасауға мумкіндіктер туып отыр. Электронды-ғылыми зерттеулерде және ӛндірістегі болып жатқан инженерлік-техникалық жұмыстарды жасауда (интегралды сызба, микропроцессор т.б.), компьютерлік технологияларды пайдаланатын жаңа әдістер мен олардың негізінде әр түрлі электрондық құрылғыларды құрастыруды ұсынады. Электрондау жүйесі қоғамды түбегейлі ӛзгерте алмағанымен, экономика мен ӛндірістік ӛнеркәсіп саласына едәуір маңызды ӛзгерістер жасауды талап етеді. Электронды компьютерлік байланысу жұмысы, ол жеке тұлғалар мен топтанған тұлғалардың бір-бірімен байланысуының жаңа жүйелерімен қарым-қатынас жасауын, сонымен бipгe кез келген тұлғаның кез келген ақпаратты алуына мүмкіндік береді. Ӛндірістік орындарда ақпаратты қайта ӛңдеу, әсіресеe ақпаратты тарату жэне сақтау жолдары үшін ақпараттық компьютерлі-электрондық құралдарды колдану кеңінен пайдаланылып, соның нәтижесінде ақпараттық қоғамның пайда болуынан экономикалық және әлеуметтік салаларда, сондай-ақ ӛндірістік құрылымдар мен жаңа ғылыми мекемеде түбегейлі қайта жаңарту жұмыстарын туғызып отыр. Ақпараттандыру дегеніміз – жалпы ұлттық және аймақтық білімнің үлестірілген жүйесін құру және оның стратегиялық үлесін құру, даму ретінде пайдалану кӛптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, экономикалық, экологиялық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, білім беруді, мәдениетті дамыту, қоғамды демократияландыру. Қазіргі уақытта біздің елімізде қоғамды автоматтандыру процесі ӛтуде. Бұл ӛзінің дамуының, яғни жаңа сапалы кезеңіне кӛшетін, цивилизация дамуының заңды процесі болып табылады. Адамның іскерлік белсенділігінің барлық сферасы ӛте жоғары дәрежедегі ақпарат пен ғылыми жұмысты пайдалану дәрежесі. Ақпараттандыру термині ХХ ғасырдың 80 – жылдарының басында Отандық ғылыми әдебиеттер пайда болды. Оның пайда болуы әлеуметтік маңызы бар ақпараттың барлық түрлерін қалыптастыру, сақтау және пайдалану үшін информатика құралдарын кеңінен пайдалануға қоғамдағы әлеуметтік қажеттіліктің шығуы себеп болды. 2003 жылы Қазақстан Республикасында қабылданған ақпараттық туралы заңда ақпараттандыру терминіне мына анықтама берілген. Ақпараттандыру – азаматтық, жеке тұлғалардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде, ақпараттық ресурстармен ақпараттық жүйелерді қалыптастырып, дамытуға бағытталған, ұйымдастырылған әлеуметтік, экономикалық және ғылыми техникалық процесс. Бұл заңда ақпараттық ресурстар ақпараттық жүйелерде сақталатын сәйкес программалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпаратқа деген пайдаланушылардың қызығушылығын туғызатын электронды жүйеленген ақпарат ретінде анықталған. А.П.Ершовтың анықтамасы: Ақпараттандыру дегеніміз – бұл адамзат қызметінің қоғамдық мәні бар барлық түрлерінде сенімді, қазіргі білімді толық қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар. Академик А.П.Ершов қоғамды ақпараттандыру процесін тек социо технология революция деп қана емес сонымен қатар табиғи және әлеуметтік процестердегі ақпараттық рӛлінің философиялық және нақты ғылыми түсіндіруден жүретін оның интеллектуалды дамуының маңызды кезеңі деп қарастырады. Сонымен ақпараттандыру бұл жалпы және адамзат цивилизациясының дамуының кезек күттірмейтін периоды. Әлемнің ақпараттық бейнесін меңгеру кезеңі табиғаттағы және қоғамдағы ақпаратты басқару заңының бірлігін оның практикалық қолдануын түсіну, ӛндіріс және ақпаратты ӛңдеу индустриясын құру болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру процесі цивилизация дамуының ауқымды процесі болып табылады. Ол бүтін да объективті факторлармен түсіндіріледі. Олардың маңыздылары: Адамның ӛзі құрған ӛмір сүру ортасының жылдам ӛспелі күрделілігі яғни салмағы оның сенімділігі мен тұрақтылығын барынша тӛмендететін техносфера. Планетаның табиғи ресурстарының жоғалуы және билік құрып тұрған цивилизацияның экстенсивті даму парадигмасын кері қайтару. Экологиялық қауіптің ӛсуі және қазіргі уақытта ӛзекті де күрдеоі проблемалардың бірі биологиялық түр ретіндегі адамзаттың ӛмір сүру проблемасын шешуді іздеудің қажеттілігі.

Ақпараттық қоғамның белгілері

Ақпараттық қоғамға көшу кезінде компьютерлік және телекоммуникациялық ақпараттық технологиялар негізінде ақпаратты ӛңдеудің жаңа индустриясы пайда болды. Бірқатар ғалымдар ақпараттық қоғамның айырымдық белгілерін бӛліп кӛрсетеді: 1. Ақпараттың дағдарыс мәселесі шешіледі (ақпараттық сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарама – қайшылық). 2. Басқа ресурстармен салыстырғандағы ақпараттың басымдылығы қамтамасыз етіледі. 3. Дамудың басты формасы ақпараттық экономика болады. 4. Қоғамның негізіне ақпараттық техникалар мен технологиялардың кӛмегімен білімді сақтау, ӛңдеу, пайдалану және автоматты түрде пайдалану алынады. 5. Ақпараттық технология адамның әлеуметтік іс әрекетінің барлық саласын толық қамтитын ауқымды сипат алады. 6. Барлық адамзат цивилизациясының ақпараттық бірлігі қалыптасады. 7. Информатика құралдарының кӛмегімен әрбір адамның барлық цивилизациясының ақпараттық ресурсына еркін кіру, мүмкіндігі жүзеге асырылады. Қауіпті тенденциялары. Ақпараттық технология ұйымдар мен адамдардың жеке ӛмірін бұзуы мүмкін. Кӛптеген адамдардың ақпараттық қоғамдық ортаға бейімделуі қиын болады. Ақпараттық элита мен тұтынушылар арасында ажырау қиындығы бар.

2.3.. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғам дамуының катализаторы

Қазіргі қоғамның даму кезеңінің жалпы заңдылығының бірі әлеуметтік кеңістікті барынша технологияландыру болып табылады. Адам ӛмірі мен қызметінің барлық сферасына әр түрлі технологиялардың барынша енгізіліп, дамуы. Бұл индустриялық цивилизацияның аяқталуымен және одан кейінгі цивилизацияға ауысуының жалпы даму заңдылығымен түсіндіріледі. Соңғы жылдары байқалып келе жатқан ӛндірістік экономикалық және әлеуметтік процестердің барынша күрделенуі халықаралық еңбек бӛлінісі автоматтандырылған ӛндірістердің пайда болып және ӛндірушілердің сыртқы ішкі саудадан бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететіндей ӛз ӛнімдерінің жоғары сапасынан кепілдік беруге ұмтылысы әр түрлі ӛндірістік технологияның кеңінен таратылып, дамуына әкелетін әлеуметтік факторлардың әмірі болып табылады. Ӛндірістік процестерді технологияландыру қазіргі қоғамның қажеттілігін тек товар мен сұраныс қызметтерін қанағаттандырып қана қоймай табиғи және материалдық ресурстарды, энергияны, шикізатты, құрал жабдықтарды тиімді пайдалануға ең бастысы ӛндірістік процестерді жүзеге асыруға қажетті әлеуметтік уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Белгілі бір нақты технологияны пайдалану есебінен жететін ӛндірістік, әлеуметтік және ақпаратық процестерді жүзеге асыруға кететін әлеуметтік уақытты үнемдеу оның әлеуметтік тиімділігінің негізгі кӛрсеткіші болып табылады. Қоғамның басты байлығы оның барлық еңбекке қабілетті мүшелерінің жиынтығы негізінде қалыптасатын «Әлеуметтік уақыт бюджеті» болып табылады. Сондықтан да осы бюджетті ұйымды пайдалануға мүмкіндік беретін инновация ӛнер табу және жетілдіру тәрізді ғылыми жетістіктер бюджет үшін аса құнды және болашағы зор болып есептеледі. Технологиялар қоғамның ӛнім товар және қызмет тәрізді маңызды ӛнімдеріне айналып келеді. Дамыған елдердің тәжірибесі жоғары технологиялар нарығы олардың елдің ішіндегі жаратушы мен сыртқы нарыққа қозғалысы осы елдерге беріктілік пен әлеуметтік тұрақтылық әкелетінін кӛрсетіп отыр.

Ақпараттық технологияның маңызды қасиеттері:

Қоғам дамуы үшін аса маңызды болып табылатын ақпараттық технологияның ерекше қасиетін кӛрсетеміз. Ақпараттық технологиялар қоғамның ақпараттық ресурстарын тиімді пайдалануға және белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл күндері олар қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық факторы болып табылады. Ақпараттық технологиялар кӛптеген жағдайларды адамзат қоғамының қызметінен барынша орын алатын ақпараттық процестерді автоматтандыратын және оңтайлануға мүмкіндік береді. Мұндағы еңбекпен қамтамасыз етілген халықтың еңбегінің нәтижесімен объектісі материалдық құндылықтар емес ең бастысы ақпарат пен ғылыми білім болып табылады. Ақпараттық процестер аса күрделі ӛндірістік немесе әлеуметтік процестердің маңызды элементі болып табылады. Сондықтан ақпараттық технологиялар сәйкес ӛндірістік немесе әлеуметтік технология бӛлігі ретінде қарастырылады. Бұл күндері ақпараттық технологиялар адамдар арасындағы ӛзара әсерлесумен қамтамасыз етуде. Сондай – ақ жаппай ақпарат тарату мен дайындау жүйелерінде маңызды роль атқарады. Әлеуметтік сфера электронды телекоммуникация жүйелері кеңінен пайдаланылады. Ақпараттық технологиялар қоғамды интеллектуалдандыру процесінде негізгі орын алады. Дамуы алдыңғы кезекте білім беру жүйесінен немесе мәдениеттен кӛрініс табуы тиіс. Ақпараттық технологиялар жаңа білім ашу және қорландыру процесінде де негізгі роль атқарады. 

2.4.Ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыттары 

Қазіргі танда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең кӛлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі ӛркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап кӛруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың ӛздері де алынған ақпаратты кӛшіріп алып ( дискетке, бейне таспаға) онымен ӛз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, видеоконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.Бірақ кезкелген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны белгілі. Мұндағы ең басты назар аударарлық мәселе: олардың ара салмағы. Демек кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет. Internet деген не және ол не үшін қажет? Бір немесе бірнемесе мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet-миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Internet сӛзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді.(INTERNET national NET Word). Internet-бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат кӛлемі тіпті бағалаудың ӛзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандайда бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламаларға алмасуға, бейнеконференциялар ӛткізуге және тағы да басқа кӛптеген мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт интернет қор кӛзі, партал)-ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL- мекен жайымен біріктірілген, ӛзара ренсілтемелер кӛмегімен байланысып, бір серверде орналасқан Веб беттерінің жиынтығы.Әр бір Веб сайттың ӛзінің бірігей мекен-жайы-URL бар, оны желіден осы мекен-жайы бойынша тауып алуға болады. Веб- сайтқа арналған URL-дің кӛрінісі мынадай болады: http://www. атауы үйшік Веб сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы www.akorda.kz, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі сайтының мекен жайы http://www.goverment.kz. Үйшік желісінің ірі бӛлігін белгілейді. Ол мемлекетті kz-Қазақстан, ru- Рессей, ua-Украйна, uk- Ұлыбритания, fr- Францияжәне т.б) немесе қызмет саласын (com – коммерциялық ұйымдар үшін, org -коммерциялық емес ұйымдар үшін, edu – білім беру қор кӛздеріне арналған т.с.с) Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бӛлінген компьютер сервер деп аталады. Провайдер – бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефондар компаниялары да қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, тӛлем ақысы да әртүрлі болады. Ӛз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал. Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы-уақыт бірлігінде модем арқылы ӛтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты. Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу-бұл интернетке қосылудың ең сенімді бірақ ең баяу түрі. Енді бір түрі-кабельді модем. Қосылымның бұндай түрі жоғары жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режимінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Internet Explorer бағдарламасы Web-беттерді қарауға арналған. Internet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Бұндай жағдайда миллиардтаған веб-беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық іздеу порталдары кӛмекке келеді. Ақпараттық іздеу порталдары кілттік сӛздер не сӛйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфигурациялар кездесетін қор кӛздерінің мекен жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпараттарды ауа-райы мәліметттерін, соңғы жаңалықтарды валюта бағамдарын және т.б таба аласыз. Internet-те алуан түрлі ақпараттық-іздеу порталдары бар. Едәуір кең тарағандары, Google (www.google.com) және Yandex (www.yandex.ru.), Rambler (www.rambler.ru.). Ауқымды желілер. Модемдер ішкі және сыртқы түрлерге бӛлінеді.Ішкі модем кәдімгі адаптер тәрізді компьютер қорабы (корпусы) ішінде орналасады. Кӛптеген алып жүруге арналған блокнот-компьютерлерде де ішкі модем болады, олар қосымша қызмет ретінде факстер қабылдап, оларды жібере алады. Қазіргі сыртқа модемдер де факстермен жұмыс істей береді. Сыртқы модемдер қоректену блогы бар шағын корпусқа орналасып, асинхронды тізбекті адаптер портына кабель арқылы қосылады. Сонымен бірге, компьютерді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез келген бір телефонға жалғау жеткілікті, бірақ оны қалай пайдаланамыз? Дүние жүзінде кӛптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгілі болып Internet, Sprint, Relkom, Fidonet ептеледі. Бұлардың кейбірі тек ӛз елдері маңында жұмыс істесе, кейбірлері бүкіл дүние жүзін қамтиды. Бірақ барлық желілір бір-бірімен байланысқан сол себепті, мысалы, Glasnet желісінде біреудің адресін білсеңіз, оған басқа желіден де хабар бере аласыз. Ауқымды желі топологиясына қарайтын болсақ, ол күрделі граф тәрізді деуге болады, ал оның түйіндерінде компьютерлер орналасқан. Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде арнайы пайдаланылатын компьютерлер болуы тиіс. Мұндай компьютерлер бірден бірнеше телефон каналдарымен қосылған, сондықтан олардың құрамында да бірнеше модем арқылы жалғайды. 

2.5.Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар 

Желі (сеть) дегеніміз – ресурстарды (дискілер, файлдар, принтерлер, коммуникациялық жабдықтар) ортақ пайдалану мүмкіндігін беретін жеке компьютерлерді біріктіру. Желі жұмыс жасауы үшін бір-бірімен сымдар арқылы байланысқан жұмыс станциялары (желілік тақшалары бар жеке компьютер) және желілік программалық жасақ болуы қажет. Желі кӛмегімен оған қосылған кез келген компьютердегі ақпараттарды кӛруге болады. Желінің екі түрі бар: клиент-сервер және бір рангілі, яғни дәрежелері бірдей (равноправные). Желіде дәрежелері бірдей түйінді (per-to-per) барлық жұмыс станциялары желілік ресурстарды бірдей қолдана алады, оларда ақапараттарды және ресурстарды бӛлуді бақылап отыратын ортақ сервер компьютер жоқ. Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстар қосылған компьютер. Ортақ ресурсты пайдалану үшін, сервер іске қосулы және ортақ пайдаланылатын ақпарат ашық болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.с.с. қосылады. Желіде атқарылатын жұмыстың кӛп бӛлігін сервер атқарады. Клиент-сервер типті желі бар ресурстарды максималды қолдану мүмкіндігін береді. Әдетте сервер басқа компьютерлерге қарағанда жылдам жұмыс істеуімен және жадының ӛлшемі кӛп болуымен, қатты дискідегі орынның кӛптігімен ерекщеленеді. Мұндай желілерде барлық ресурстар – жинақтауыштар (накопители), принтерлер, модемдер, CD-ROM дискіжетегі серверге қосылады. Ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет. Дәрежелері бірдей түйінді желілерде басқару үшін жеке компьютер белгіленбейді, мұнда әрбір жұмыс станциялары басқалары үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бір компьютерге принтер, басқасына компакт-дискіге арналған дискжетек қосылуы мүмкін. Егер мұндай желі Wіndows операциялық жүйесінде жұмыс жасаса және перийфериялық құрылғы ортақ ресурс ретінде анықталса, онда желідегі әрбір пайдаланушы адам осы ресурстардың барлығын пайдалана алады. Бірақ егер принтер қосылған компьютер іске қосылмай тұрса, желі арқылы баспаға шығара алмаймыз. Бірдей дәрежелі түйінді желіні құру ӛте жеңіл және байланысқан компьютерлер мәселелерін оптимальды түрде шешеді. Желінің бұл екі түрінің де ӛзіндік қасиеттері бар және бір-бірімен байланысты қолдануға болады. Wіndows құрамында жергілікті (локальный) және ауқымды (глобальный) желімен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін компоненттер бар. Олар: адаптер – желілік архитектураның ең тӛменгі деңгейі. Ол желілік сым мен Wіndows операциялық жүйесінің байланысын қамтамасыз етеді. клиент – компьютердің ортақ ресурстарға (принтерге, бумаларға) қосылуын қамтамасыз етеді және анық бір желілік операциялық жүйемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. желілік тақша (сетевая плата) – компьютерді желіге нақты қосылуды жүзеге асыратын құрылғы. хаттама (протокол) – желідегі компьютермен қатынас жасауға арналған арнайы тіл. Желідегі компьютерді іздеу тәсілдерін және мәліметтерді тасымалдау тәртібін анықтайды. Ӛте кең тараған ІPX/SPX, TCP/ІP және Net BІOS хаттамалары болып табылады. Wіndows осы хаттамалардың барлығын пайдалана алады. Операциялық жүйе қызметі (Служба ОС) – компьютерлердің барлық ресурстармен жұмыс жасауын ұйымдастырады және компьютерге орнатылған қатты дискілер мен принтерлерді желідегі басқа түйіндермен бірге пайдалануды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, ол желілік администраторға жұмыс станциясындағы программалық және аппараттық жабдықтарды басқару мүмкіндігін береді. Желіге қосу кезінде компьютер жӛнінде толық мағлұмат алу үшін, Желі (Сеть) сұхбат терезесінде оның параметрлерін енгізу қажет. Басқа адамдар сіздің компьютерге қосылған ресурсты пайдалана алуы үшін, рұқсат беру құқығын (право доступа) орнату керек. Мысалы ӛз компьютеріңіздегі кейбір бумаларды желідегі барлық компьютерде пайдалана алатындай, ал кейбірін ӛзіңіз ғана аша алатындай етіп жасауға болады. Ақпаратты барлық адамдар кӛретіндей, тек ӛзіңіз ғана ӛзгерте алатындай ету мүмкіндігі бар. Бұл параметрлерді де Желі (Сеть) астарлы бетінде тағайындай аламыз. Интернет – біріктірілген желілер жүйесі, яғни желілердің желісі деген ұғымды білдіреді. Соңғы кездері оны Дүниежүзілік компьютерлік желі деп атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда Интернет бір-бірімен байланыс арналарымен біріктірілген бірнеше миллион компьютерлердің жиыны деп қарастыруға болады. Бірақ мұнан гӛрі Интернетті белгілі бір ақпараттық кеңістік деп айтқан дұрысырақ болады. Интернетте қызмет түрлері (баптары) ӛте кӛп, олардың әрқайсысының ӛз хаттамасы болады. Олар қолданбалы хаттамалар деп аталады. Қолданбалы хаттамаларға сәйкес мәлімет алмасу арнайы клиенттік программалар (немесе жай клиент) арқылы орындалады. Электрондық пошта (E-Mail). Бұл жұмыспен Интернетте арнайы пошта серверлері айналысады. Сервер рӛлін компьютер немесе арнайы программалық жабдықтама атқарады. Пошта серверлері әр тұтынушыдан (клиенттерден) мәлімет алып, оларды адрестеріне сәйкес алушыларға жақын орналасқан пошта серверлеріне жӛнелтеді. Сондай серверлерде хаттар жиналып тұрады да, адресат пен сервер байланысқан кезде хаттар оны алушыға жіберіледі. World Wide Web – бұл Web-серверлерде сақталатын, ӛзара байланыстағы миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттардың бір беті Web-парақ деп аталады. Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген Web- парақтар жиыны Web-тораптарды немесе Web-сайттарды құрайды. Web-парақтарды кӛруге арналған программалар броузерлар болып аталады. Кейде броузер сӛзін браузер, кӛрсеткі деп те айта береді. Броузер құжатты оны жасаған автордың мәтін ішіне енгізілген арнайы командаларына сәйкес үкранда бейнелеп кӛрсетеді. Сондай командалар тәгтер деп аталады. Тәгтер құжатты броузер арқылы қарағанда, мәтінді безендіріп форматтап береді, бірақ ӛздері кӛрінбейді. Құжат авторы тәгтерді алғаш жазған кезде оларды латын әріптерімен теріп бұрыштық жақшаларға  алып отырады. Күрделі тәгтердің бұрыштық жақшаларға алынған түйінді сӛздерге қосымша атрибуттары (анықтауыш, сипаттама) немесе параметрлері болады. Осындай тәртіппен құжаттың алғашқы нұсқасы тәгтермен біріктіріліп HTML тілінің ережелеріне сәйкес жазылады, ал құжат үкранға шыққанда тәгтерсіз тек мәтін ғана кӛрініп тұрады. Құжат HTML (HyperText Markup LanguagE. – гипермәтінді белгілеу тілінде жазылатындықтан, Web – құжат HTML-құжат немесе HTML форматындағы құжат деп айтылады. Домен аттары қызметі (DNS). Адамдарға санмен берілген IP-адре- стермен жұмыс істеген ыңғайсыздау болады, бірақ кӛбінесе белгілі бір мағынасы бар домендік ат жеңіл есте қалады. Сондықтан домендік аттарды соларға сәйкес IP-адрестерге түрлендіру керек болады. Міне, осы жұмыспен домен аттары қызметінің сервері DNS (Domen Name System) айналысады. Файлдарды тасымалдау қызметі (FTР). Файлдарды тасымалдау жұмысы желі арқылы программалық файлдарды алу кезінде, кӛлемді құжаттарды немесе солардың сығылған архивтік файлдарын тасымалдауда жиі қажет болады. FTP қызметінің дүниежүзілік желіде ӛз серверлері бар, оларда мәліметтер архиві орналасқан. Жеке құжаттарды Web-тораптарда орналастыру үшін оларды HTML (HyperText Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінің тәгтерімен толықтырылған гипермәтінге түрлендіру керек. Гипермәтін, яғни белгіленген мәтін ішіне иллюстрациялар, сілтемелер, басқа да объектілер тәрізді қосымша элементтер енгізіледі. Мәтінді белгілеу деп құжатты гипермәтінге айналдыру үшін оның негізгі мазмұнынан жеңіл ажыратылатын арнайы кодтарды – тәгтерді пайдалану болып табылады. Web-парақтар. World Wide Web жүйесіндегі жеке бір бетке орналасқан құжат Web-парақ деп аталады. Әдетте ол мәтіннен, графикалық иллюстрациядан, мультимедиялық және де басқа объектілерден тұратын күрделі құжат. Web-парақтар жасау үшін HTML тілі пайдаланылады. Web- парақтар жиыны Web-торапты құрайды. Гиперсілтемелер. Құжаттар арасындағы байланыс гипермәтіндік сілтемелер (немесе жай гиперсілтеме) арқылы орнатылады. Гиперсілтеме – басқа бір Web-құжат адресімен байланысып, ерекшеленіп белгіленіп тұрған құжат фрагменті (мәтін немесе иллюстрация). Құжаттар адресі. Интернет (Web-парақтар) құжаттары адресін жазу үшін URL адресі деген форма пайдаланылады. URL адресін цифрлар түріндегі IP- адреске түрлендіруді домендер аты қызметі (Domain Name Service, DNS) жүргізеді. Web-парақтарды кӛру құралдары. HTML тілі құжаттарды тек форматтап қана қоймайды, олардың логикалық құрылымын сипаттауды да жүзеге асырады. Алдын ала дайындалған құжатты нақты бір компьютерде форматтап кӛрсетуді арнайы программа – броузер (ағылшыншасы browser) орындайды. Қазіргі кездегі ең кең таралған броузерге Internet Explorer программасы жатады. Интернетте орналастырылатын материалдарды екі кезеңде даярлықтан ӛткізу керек: материалдарды дайындау және оларды жариялау. Материалдарды дайындау кезінде HTML тілі заңдылықтарын сақтай отырып, Интернет талабына сәйкес құжаттың бастапқы нұсқасын жазып шығу керек. Ал оларды жариялау, яғни кез келген тұтынушының қолдануына жол ашу Web-серверлердегі дискіден орын алу, жеке адрес иесі болу тәрізді ұйымдастыру мәселелерін шешкеннен кейін жүзеге асады.

 2.6.Қоғамды компьютерлік сауаттылыққа оқыту

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды даярлау Білікті оқытушы кадрларды даярлау халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты мынадай іс шараларды орындау жоспарлануда: «Компьютерлік сауаттылық» оқу бағдарламасын әзірлеу және бекіту; Оқытушаларды даярлау және компьютерлік сауаттылыққа қашықтан оқыту мен сертификаттау жӛніндегі орталығын құру, оны аппаратты- техникалық қамтамасыз ету; Қазақстанның барлық ӛңірлері үшін (компьютерлік сауаттылықты растайтын, құжатты (сертификат) беру мен АТ – мамандығының 1000 оқытушылары мен 2000 студенттер-практиканттары үшін компьютерлік сауаттылықтың тренингтік курстарын жүргізу.

Қашықтықтан және күндізгі оқыту нысандары бойынша халықты компьютерлік сауаттылықта оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі ӛмірдің ажырамас бӛлігі болып тұр. Осыған байланысты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдарды, электрондық оқулықтарды (қашықтықтан және автономды оқыту үшін), сондай – ақ білімін бақылау бойынша тестерді және бағдар-ламалық қамтамасыз етуді әзірлеуін қосқанда, халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуін дамытуға кӛңіл бӛлінетін болады.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту.Осы бағыттың негізгі мақсаты Қазақстанда компьютерлік технологиялар саласындағы халықтың сауаттылық үлесін 20%-ға дейін ұлғайту үшін жағдай жасаудан тұрады. Қойылған мақсат халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту орталықтарының инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ әртүрлі жіктегі халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар іс- шаралар есебіне жететін болады: Қазақстанның ӛңірлерінде орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аудандық бӛлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін оқытуды ұйымдастыру (877491 адам – 0,58%); Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз халықты және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін Қазақстанның ӛңірлерінде оқуды ұйымдастыру (666135 адам – 4,44%); Әскери қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру (62560 – 0,41%); Балалар үйлерінде 69 компьютерлік сыныптарды құру (6 ДК – ден) (компьютерлік және ұйымдастыру техникасын, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу, оларды балалар үйлеріне тапсыру, (47610 адам – 0,3 %); Мектептерде 9, 10, 11 сынып оқушыларын, кәсіби мектептерді, колледждерді және жоғарғы оқу орындарын студенттерін тестілеуді ұйымдастыру (990 000 – 6,6%); Бюджеттен тыс саланың қызметкерлерін және ӛзге де санаттағы азаматтарды (330 000 – 2,2%) компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру; Холдингтер, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдардың қызметкерлері компьютерлік сауаттылыққа оқытуды және сертификаттауды (180 000 – 1,2%) ұйымдастыруды қосқанда. Азаматтардың компьютерлік сауаттылығын анықтайтын ӛлшемдер Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агентігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген бағдарламаны «компьютерлік сауаттылық» курсына оқыту және осы курс бойынша табысты жүргізілген тестілеу болып табылады.

3.ҚОРЫТЫНДЫ

Ақпараттындыру – әлемдегі қазіргі тоқырауға қарамастан тоқтаусыз дамып келе жатқан экономиканың бірден-бір саласы. Бұл ақпаратты тиімді пайдаланудың арқасында өндірісте энергияны, еңбекті, шикізатты барынша аз жұмсап, үнемдеудің нәтижесінде болса керек. Ақпарат – адамзаттың дамуы барысында еш тозбайтын, қайта жаңа сапаға өтіп, молайып отыратын өнімнің айрықша түрі.  Ақпараттандыру – қазіргі қоғамды басқару мақсатында жүзеге асырылуы тиіс іргелі іс-шаралар жүйесі. Бұл қазіргі қоғам дамуындағы ең қажетті де кезек күттірмес мәселе. Қоғамды компьютерлендіру кезеңінде әсіресе компьютерлердің техникалық базасын жаңалау мен енгізуге күш салынады. Бұл ақпараттың сапалы жинақталуы мен өңделуіне тиімді жағыдай жасайды.   Компьютерлік техниканың және ақпараттық технологиялардың жедел дамуы ақпараттың түрлерін кеңінен пайдаланатын қоғамның қалыптасуына алып келді. Бұл – ақпараттық қоғам. Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері: Ақпарат тасқыны мен оның қолжетімділігі сәйкестендірілді; Ақпаратқа барлық салаларда басымдылық берілді; Ақпараттық экономика негізгі бағыт болып айқындалды; Ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық салаларына еніп, дүниежүзілік үрдіс болып қалыптасты; Адамзат өркениетінің біртұтас ақпараттық кеңістігі қалыптасуда; Қоғамды басқарудың және қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-адамгершіліктік қағидалары орнатылуда.

You May Also Like

Бизнес жоспар, реферат

Мазмұны Кіріспе 1.1Маркетингтік  зерттеулердің  мәні Кіріспе Адамзаттың  бүкіл  тарихында  әрбір  қоғам  ресурстары …

Медициналық ақпараттық жүйелердің классификациясы, реферат

Медициналық ақпараттық жүйелердің классификациясы Жоспар І. Кіріспе: 1)с; ІІ. Негізгі бөлім: 1)Базалық…

Елбасы тарихы, реферат

«Елбасы тарихы» Еңбек жолын жұмыскерден бастаған. Озық ойлы, осындай ол жақсы адам.…

Математиканың даму тарихы, реферат

МАТЕМАТИКАНЫҢ  ДАМУ  ТАРИХЫ Математика (грек.mathematike- білім, ғылым)- ақиқат  дүниенің  сандық  қатынастары  мен …