ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде түрлі этностар тұрады. Бірақ бәрі көк аспанымызды, киелі шаңырағымызды жатсынбайды. Өздерін өгей сезінбейді. Тәуелсіз жас елдің азаматтары бірлік пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқанына 30 жыл болды. Ынтамақтың түбі- игілік. «Бірлік болмай- тірлік болмайды» дейді қазақ. Қазақстан жерінде осындай көп ұлттардың татулық пен достық та өмір сүруінің құпиясы неде? Бұл мәселе бойынша көптеген халықаралық зерттеушілер, сарапшылар, саясаттанушылар Қазақстан ұстанымын басқа елдерге үлгі етіп келеді.

Біздің бейбіт өмір сүруіміз ең бастысы Елбасымыздың терең әрі сарабдал саясатының арқасында деуге толық негізі бар. Ел тәуелсіздік алып, етек-жеңімізді жинай бастағанда Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сырттағы қандастарды елге көшіру, ал елдегі өзге ұлт өкіліне жағдай жасау саясатын ұстана бастады. Көршілер Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріндегі көптеген ұлттар өз атамекеніне оралып жатқанда Қазақстандағы өзге ұлттардың дені көшуге бел бумады. Себебі, Қазақстан халықтары Ассамблеясы, диаспоралар тағы басқа да халыққа қолайлы ұйымдар өз жұмыстарын бастаған еді.  Өзге ұлттарға қатысты ұйымдар құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел ПрезидентіТөрағалықететінконституциялық орган болыптабылады. Бұлоныңерекшемәртебесінайқындайды. Қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлейтін, дәстүрін насихаттап жүрген көптеген өзге ұлт өкілдері бар. Бұл біздің ынтымағымыздың жарасқандығының көрінісі һәм Елбасының саясатының жемісі деуге толық негіз бар. Сонымен қатар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі де еліміздің бірлік пен ынтымақта дамуына үлкен әсерін тигізіп келеді. Жыл сайын 1 мамыр күні Қазақ ұлты бастаған түрлі этнос өкілдері өздерінің тағамдарын, ұлттық киімдерін, дәстүрлі әндерін, билерін, ырым-тиымдарын мерекелік іс-шара аясында насихаттайды. Және қазақ халқына да сол күні алғыстарын айтады. ХХ ғасырда көптеген саяси қуғын-сүргін жағдайында келген ұлттарды қазақ халқы бауырына басты. Олар бүгінде қазақ халқына қарыздар екенін жасырмайды және рақметін де айтып келеді.

Ынтымақ пен бірлікті қазақ халқы көп ұлтты мемлекет болмай тұрып та үлкен мәселе ретінде қарастырған. «Ынтымақсыз елді – ұрысы билейді.Ынтымақты елді -дұрысы билейді» деген бабаларымыз. «Берекені көктен тілеме,Бірлігі мол көптен тіле» деп те айтқан. Бірлік пен ынтымақ тақырыбы сөз болған жерде Әнет баба өсиеті сөз болады. Бала Төле би жасы жүзге келіп отырған Әнет бабамен кездесіп ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме өрбітеді.

Төле: «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.

– Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

– Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?

Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:

– Бұдан не түсіндің, балам? – дейді. СондаТөле бала:

– Түсіндім, баба! Бұлмысалыңыздыңмәнісі: ынтымағы, бірлігімықтыелдіжау да, дау да ала алмайды. «Саяқжүргентаяқжейді» демекші, бірлігі, ынтымағыжоқтыжау да, дау да оп-оңайаладыдегеніңізғой.

Бұл тағлымды оқиғаның қазақ халқына берері көп. Біз бабалардың ұстанған осы жолын әрі қарай дамытып, бір-бірімізге ынтымақтас болып жетілдіруіміз керек. Саусақ ашылса қылдырық,жұмылса – жұдырық. Біз бүгінгі жаһандану заманында жұмылған жұдырық болуымыз керек. Сонда ғана елдігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтай аламыз.

Қазақ халқында бірлік-ынтымақ екі тақырыпта да қамтылған. Бірі – мемлекеттік, ал екіншісі – тұрмыстық мәселе. Халық ауыз әдебиетінен қалған «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, алақандағы кетеді» деген сөз бар. Ағайын , туыс, бауырдың татулығы, бірлігі олардың ырысының еселенуіне әсер етеді.

Мақаламызды қорыта келгенде бірлік пен ынтымақ отбасын, отанды сүюден басталады. Отанды қастерлеу, оның әр ағашын, әр тасын, суын, тауын жақсы көру, халықтар достығының бірлігіне жұмыс істеу әр адамның перзент ретіндегі борышы, Отан алдындағы міндеті. Бұл міндетті әр қазақтың баласы өмір бойы жадында ұстауы керек. Сол кезде ғана Қазақ елі мәңгілік ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың  орталығы болып қалады.

You May Also Like

Ахмет Байтұрсынұлының әліппелерінің әдістемелік ерекшеліктері, мақала

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛІППЕЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Бұл мақалада Ахмет Байтұрсынұлының әліппелерінің ерекшеліктері жайында…

Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін! мақала

Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін! Уақыт тез өтіп,заманымыз өзгеріске ұшырап отырады. Жыл…

Мектептің Отан сүйгіштікке, рухани тәрбие берудегі қызметінің маңызы

«Мектептің Отан сүйгіштікке, рухани тәрбие берудегі қызметінің маңызы» Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан…

Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі, мақала

«Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі» «Мақала» Жеті жұрттың тілін біл, Жеті…