Үздік мақала

Робот техникасы

Соңғы жылдары робот техникасы саласы қарқынды дамып келеді.Сондықтан қазіргі таңда білім кеңістігіне робот техникасы ғылымы саласын енгізу өте маңызды мәселе болып отыр.Робот техникасы оқушылардың  сын тұрғысынан ойлануын дамытуға  және  практикалық тапсырмаларды шеше білуге  ықпал етеді,сонымен қатар бұл жастарды ғылым ,техника ,физика,математика арқылы жаңашылдыққа шабыттандыратын ,бүгінгі күннің мәселелерін шешу  үшін  өз дағдыларын қолдануға ,жағдайды талдауға  мүмкіндік беретін өте тартымды ғылым.

Қазақстан үшін  робот техникасы өте жас сала.Мысалы Жапония,АҚШ,Германия сияқты робот техникасы  саласындағы жетік елдер сондай биік дәрежедегі өндіріске ондаған  жылдар бюойы  тынымсыз  еңбектеніп жетті.

Робот істеу – әр адамның ойлай білуіне банысты .Мұнда мақсатқа жету маңызды.Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін арнайы бағдарлама жазылады.Роботты құрастыру оңай болғанымен ,бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады.Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып  шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі  бойынша анықталады.Робот құрастырғанда  бөлшектерінің мығымдығы мен  беріктігі де  оның шыдамдылығын арттырады.Күрделі бағдарлама  роботты күшейтеді.Мектепте робот техникасын  үйрету жөнінде факультатив жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.Қарағанды облысы Жанаарқа ауданында  С.Сейфуллин ЖОББ мектебінде робот техникасы   факультатив сабақтарында  5,6,7,8  сыныптар оқушылары қатысады.Әр сабақта оқушылардын бойынан ерекше қасиет байқаймын ,оқушылар сабақтарға белсене қатысады.Робот жасау арқылы    баллардың  ойлау қабілетін дамытады,бағдарлама жасап үйренеді.Мұндағы басты мақсат  – балаларды ғылымға баулу.

You May Also Like

Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі, мақала

«Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі» «Мақала» Жеті жұрттың тілін біл, Жеті…

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту, мақала

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.   Слайд 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын…

Химия пәнін оқытудың тиімді әдістері, мақала

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті –…

Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі, мақала

Тоқтар Әубакіров атындағы негізгі мектебі Рахметова Фариза Кенжегуловна Физика және география пәнінің…