Мақала: «Қосымша білім құралдарымен оқушылардың жеке тұлға дамуына менің көзқарасым» 

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру көзделген.

Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады (үнемі балалармен жұмыс істеу мазмұны, әдісі мен формалары өзгерісте болады), педагогтық авторлық шығармашылығы позициясын дамытуда жаңа технологияларды қолдану.Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі деп ойлаймын.        Балалардың қосымша білім беру жүйесі – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау көрсету және дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағыттауға негізделген.

Қосымша білім беру ұйымдары кез-келген әлеуметтік топта балалардың қарым-қатынасты реттей алатын және қосымша білім беру ұйымдарындағы қызметте өзін өзіндік тұлға ретінде көрсетуге қалыптастыратын қабілеттерін дамытатын ашық ақпараттық, білім беру, қызметтік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістігін құруда оқушының жеке танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына, әлеуметтік бағдар алуына тиімді жағдай жасаушы жүйені дамыту.

 Қызығушылықтарын арттыру.

Баланың тұлғалық дамуы тәрбиеге тікелей байланысты. Қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің тұлғалық-білімдік және бос уақытты тиімді ұйымдастыру және қызығушылықтарын тануға, білім бағдарламаларының шеңберінде өздерін дамытуға және бағдарлы кәсіби тұрғыда білім алуларына мүмкіндік туғызады. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамытуға тырысамын. Ең басты мақсатым: оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып, он саусағынан өнері тамған дарынды баланы тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді.

Өзімнің «Өнерлі саусақтар» үйірмесінде  өнер мен білім беру ісін бір – бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастыруға  үйретемін.

Үйірмеде осындай  жұмыстың түрлерін қолданамын: әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады.

Күтілетін нәтижелер: оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық, облыстық байқауларда, көрмелерде көруі. Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік аудандық облыстық байқауларда, көрмелерде жұмыстарын шығару арқылы. Әрбір жетекші оқушыны үйірмеге қызықтыру үшін үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд – фильмдерді, әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді. Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, бейнелеуге икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс – тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс – әрекеттерімен көрсетуде, сол арқылы өз қызуғушылықтарын арттырып келеді.

Бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт – олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру – қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.

Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында қосымша білімдердегі үйірме жұмыстары күннен-күнге ұлғая түсуде. Мектептен тыс орталықтарда жүргізілетін тәрбие жұмыстары, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Біріншіден,оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі үйірме жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.Бейнелеу арқылы оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие, әсемдік сезім мен дамыту, жоғарғы эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен қолөнерді, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Оқушының ізденімпаздық ойлау қабілетін дамытатын жолдарға сыныптық кезеңдер, сурет салу мен сызба жұмыстарын орындаудың бірізділік кезеңдері, оқыту саласының қажеттілігі педагогикалық сурет, тақырып бойынша сурет салу болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың шығармаларымен таныстыру формалары, үйірмелер ішілік байқаулар, көрмелер ұйымдастыру және мектептен тыс мұражайларға , өнер мекемелеріне саяхат түрлері оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыруда және бейнелеу өнерін өз деңгейінде қабылдауда маңызы зор. Осындай іс-шаралар барысында оқушының өнерге деген ынтасы мен талабы және оқушы мен оқытушының қарым—қатынасы арта түседі. Ал сабақ үстіндегі оқытушымен оқушы арасындағы қарым- қатынас оқушының іс — әрекетіндегі эмоциялық көңіл – күйі арқылы пайда болады. Сондықтан оқытушы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білу қажет. Бағдарлы кәсіби тұрғыда үйірмеде жаңа технологиямен білім беру.

Қазіргі кезеңде Республикамызда қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндет-тердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бейнелеу өнері – қоғамдық сананың айшықты жемісі. Бейнелеу өнерінің сыршырай, мүсін, графика, сәндік қолданбалы өнер және дизайн өнері сияқты түрлерінінің көркемдік тілін игерудің әрі шығармашылыққа баулудың негізі – сурет, сурет салудың жолдары мен тәсілдерін оқып үйренуден басталады. Атақты Микеланжело «Сурет- түрлі ғылымдардың қайнар көзі және нәр беретін тамыры» деген еді. Сурет-туа біткен, жүре дамыта білген адамдардың бойынана шыққан бейне. Сурет-тарих, болашаққа көз жүгірту. Сурет- фантазия құралы. Сурет-көзбен қолдың шеберлігінен шыққан жазықтықтағы бейне.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбиелеу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін бейнелеу арқылы әлеуметтендіру. Бейнелеу өнері-түрлі ұлттың халықтарына сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бейнелеу өнері сонымен қатар математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, өң-түс, сабақтастығы жан-жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы. Өнерге тән ерекшеліктер-айналадағы ортамен, өмірмен,еңбекпен тығыз байланыста болумен анықталады. Қосымша үйірмеде бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаты – тек қана өмірдің және өнердің әсемдігін көркемдеп қабылдай алу ғана емес, сонымен қатар белсенді, шығармашылық еңбек ете алатын жан-жақты үйлесімді дамыған адамды қалыптастыру керек. Оқушылардың эстетикалық және адамгершіліктік көзқарастарын дамыта отырып, өнер арқылы аймақтардағы еңбек қызметіне қажетті пайдалы білімдерге және дағдыларға оқытады. Бейнелеу өнері сабағында балалар бейнелеу өнерінің негіздерімен танысып оқытылады, түрлі дәуір мен замандардың және әртүрлі халықтардың ең жақсы өнер үлгілерімен танысады, айқындық пен шынайылықтың көркемдік құралдарын тануға мүмкіншілік алады.

«Жерден ауыр дегенім  — ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі

Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі!»  — деген Балабидің сөзі өз ойыммен  үндеседі. Ақиқат шындықпен іштей бірлік тауып, үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сонда ғана болашақ жүгін арқалаған  ұстаздар қауымына еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!

You May Also Like

Жаңартылған білім беру негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың шығармашылық қабілеттері арттыру, мақала

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ  БЕРУ  НЕГІЗІНДЕ, ҚАЗАҚ  ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН…

Аустралия, мақала

Құдайберген Әлсейітов ақын ұрпақтары, мақала

Тәуелсіздік толғауы. мақала