Жеке тұлға дегеніміз – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс – әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік мәнініең болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгелері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір – қасиеті , даралығы.

Жеке тұлға – қоғамдық сананы алып бжүретін адам, қоғамдық тірі жан.
Жеке адам деп – лнақты адамды, қоғамның белсенді, саналы, мүшесін, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастар бар, қарым – қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері, өзге адамдардан жан иесін айтамыз.Жеке адам көп саналы құрылымға ие.

      Жеке тұлға –әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;

белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.

Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы азаматдеген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.

Азаматтық құқықтық қабілет туылған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар.

Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен -жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -»жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.

         Топ – мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы)немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін.

          Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар,корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады.Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.

  • Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).
  • Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);
  • Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).
  • Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).
  • Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).
  • Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.
  • Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.
  • Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.

Топтағы тұлға аралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі — таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.

Топтар:

– еңбекші шаруалар табы (кәсібі – қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі – шектеулі, мүліктік жағдайы – орташа немесе орташадан томен);

– жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі – көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі – шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы – орташадан немесе кедейге дейін);

– жер иеленушілер табы (кәсібі – жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі – артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы – жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);

– капиталистер табы (кәсібі – өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі – жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы – бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады.

        Ұйым –деп, алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар тобының бірлесіп еңбек етуі.

Ұйым – белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ. Бұл – іскерлік кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар,шіркеулер, түрмелер, армия, саяси партиялар, кәсіподактар, т.б

Ұйымның өмір сүруінің кезеңдері:

  1. ұйымның пайда болуы- мақсаттары пайда болады
  2. балалық шағы – қысқа мерзімді пайда болуы
  3. есею- ұйымның имиджі қалыптасып, бір талапты, тұрақты өнімге бейімдейді.
  4. қартаю – қолы жеткен нәтижелерді сақтап қалуға тырысады.
  5. қайтадан жаңаруы.

Кез келген ұйымның құрылуы негізгі үш кезеңнен тұрады:

  1. орындалатын жұмыстың мәнін анықтау
  2. менеджмент элементтері бойынша жұмысты үлестіру
  3. менджмент элементтерінің жіктелуі негізінде басқарудың логикалық топтарының негізінің құрылуы.

      Орындалатын жұмыстың мәнін анықтау– бұл міндеттің орындалуы үшін ұйымның нақты жұмыс түрлерін және кезеңдерін қарастыратын бөлімдерін ажыратып көрсету. Мысалы, мақсат қою, осы мақсаттың орындалуы үшін қажет жұмыс көлемін есепке алу, пайдасыз жұмыстардың қайталануын тоқтату, жұмыс процесін анықтау, тексеру (жұмыс құрылымының маңызды мәселесін жіберіп алмас үшін). Кәсіпкерлік ісі бойынша көптеген кітаптар авторы профессор Друкер ұйым құрылымының негізгі үш кезеңдерін атап кеткен. Олар:

  1. іс- әрекеттік, жұмыстың іске асуындағы өзара әрекетестік
  2. шешім қабылдау, қандай шешім қабылданады және оған менеджердің қатысу рөлі
  3. қарым- қатынастық, менеджер жүргізетін ортақ істің үлесін анықтау, менеджердің басқа тұлғалармен өзара қатынасы, менеджерге шешім қабылдаушы өзге тұлғалар әсері.

Барлық ұйымдарға тән сипаттамалар: ресурстар

сыртқы ортадан тәуелділігі

еңбек бөлінісі

басқарудың тәртіптілігі

бөлімдер

Ұйымның ішкі ортасының негізгі элементтері:

  1. ұйымның мақсаты, ұйымда басты мақсат болуы тиіс
  2. ұйымның құрылымы, менеджмент деңгейі негізінде әр түрлі бөлімдерінің өзара байланысы
  3. тапсырмалары, белгілі уақытта орындалуы тиіс жұмыс көлемі
  4. технология, адамдардың біліктілігі, білімділігі.

Ұйымның екі түрі бар:

  1. Ресми ұйымдар
  2. Бейресми ұйымдар.

Ресми ұйымдар- ұйымның мақсатына жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми ұйымдар белгілі бір заңды талаптарға негізделген.  Ресми топ — зандық тұрғыдағы мәртебесі бар, мүшелері қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында олардың еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік тапсырысты іс-әрекетпен біріккен нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық. Ресми топтың әрқашан белгілі бір нормативпен бекітілген құрылымы, тағайындалған не сайланған басшылығы, мүшелерінің нормативпен бекітілген құқықтары мен міндеттері болады. Ресми емес (бейресми) топтар — нағыз әлеуметтік ұйымға жатпайтын, тек қызығушылықтары ортақ екендігіне байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдар жиынтығы.

Бейресми ұйымдар  — әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы.

Бейресми ұйымдарға адамдардың топтасуының себептері:

  1. қатысушылық немесе достық сезім
  2. өзара көмек
  3. өзара қорғау, адамдар күшінің бірігуі.
  4. өзара ортақ қызығушылықтар мен мүдделер.

Бейресми ұйымдар сипаттамасы: әлеуметтік бақылау; өзгерістерге қарсы тұру.

Ұйымдар ұйымдастырушылық құқықтық формаларына байланысты екіге бөлінеді:

А) комерциялық ұйымдар

Б) комерциялық емес ұйымдар

Комерциялық ұйымдар- пайда табу мақсатында құрылған ұйымдар.

Оларға:

Шаруашылық серіктестіктер (Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, Қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, Командитті, Толық серіктестіктер).

Акционерлік қоғамдар

Мемлекеттік кәсіп орындар

Өндірістік коперативтер.

Комерциялық емес ұйымдар- пайда табу мақсатына негізделмеген ұйымдар.

Оларға:

Тұтыну коперациясы

Мекемелер

Қорлар

Діни ұйымдар

Біріккен іс – әрекетте тек жекелік психиканың әлеуметтік детерминациясы ғана емес, сонымен қатар жаңа әлеуметтік – психихологиялық білімдерді тудыратын, адам құлығының ішкі және сыртқы факторының арасындағы өзара күрделі іс – әрекетті де іске асырады.

Біріккен іс-әрекет, жалпы біріншіден ортақ іс – әрекетке бірігіп жұмыла кірісу, екінші қоғамдық қатынаста берілетін біріккен іс – әрекеттегі қатысушылардың бір-біріне әсері. Мұндай өзара іс-әрекетті қарым – қатынас ретінде анықтауға болады. Өзара іс – әрекет немесе қарым – қатынас Б.Ф. Ломовтың сөзі бойынша: «ұйымдасқан ролді ойнап, біріккен іс – әрекетін сипаттау сияқты».

Соңғы он жылдардағы шет елдердің әлеуметтік психикасында өзара іс -әрекет стилінің негізгі үш анықтамасын бөліп көрсетуге болады. Бірінші бағыттың зерттеушілері У.Шутц, Г.Триэндис, Б.Бас, Д.Коуэн жалпыға ортақ базистік бағдарламадағы жеке тұлғаның алғашқы тенденцияларын қарастырады, яғни жеке тұлға арасындағы қарым – қатынастағы белгілі бағдардағы субъект нені алуға тырысатынын анализдейді (зейін, қорғаныс, билік, махаббат, сәттілік т.б). Екінші бағытта зерттеушшілер Т.Лири, Дж, Виггинс, Д.Кислер, М. Ларр зейіндерінің негізін өзара іс-әрекет тәсілдеріне және нақты формаларына аударады. Яғни, жалпы жеке тұлға арасындағы стилді қарастыратын қарым – қатынастың тұрақты тенденцияларының жинағын анализдейді. Осыдан психологтар, жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас мотивациясының екі түрін бөледі (басым болу – бағыну және махаббат жек көрушлік), олардың құлықтық сипатын суреттеп, әр стилдің тәсілдері мен формаларын нақтылайды.

Біріккен әрекетке көбіне бір-біріне қарым – қатынастан қатынасушылардың келесідей құлықтық стратегиялары тән:

1) басқаларға көмек көрсету ретіндегі әрекет, ортақ мақсаттарға жетуге белсенді қабілеттілік таныту.

2) біріккен қызметте басқа қатысушылар мақсатына жетудегі кері іс – әрекет, олармен келісілмеген әрекет жасау.

3) өзара іс – әрекеттен бас тарту жағдайы, ортақ мақсатқа жету үшін талап етіп тұрса да серіктестіктермен өзара іс-әрекеттен қашу.

А.Л. Журавлев осы үш стратегияның түрлі үйлесімін өзара іс-әрекеттің ағымдық ситуациялары анықтайды. Егер диадалық өзара іс – әрекетті көрсеткіштік және кәдімгі нұсқа ретінде қарастырсақ, онда келесідей өзара іс – әрекет типтерінің әлеуметтік психологиялық қатарын бөліп көрсетуге болады:

1) екі партнердің бір-біріне деген үйлесімді өзара іс – әрекеті қызметтегі, әр қайсысының жекелік мақсатына және біріккен іс – әреттегі ортақ мақсаттарына жетуге белсенді қабілеттілік таныту;

2) қарсылық таныту – екі партнер да бір-біріне қарсы әрекет жасап әрқайсысының жекелік мақсатына жетуге кедергі келтіреді;

3) өзара іс – әрекеттен бас тарту – партнерлар белсенді өзара іс – әрекеттен қашуға тырысады;

4)  бір жақтамалы келісім – біріккен әрекеттегі қатысушылардың басқаның мақсатына жетуіне белсенділік танытады, ал екінші онымен өзара іс-әрекеттен бас тартады;

5) бір жақтамалы қарсы әрекет – партнерлардың біреуі басқаның мақсатына жетуге кедергі келтіреді, ал екінші онымен өзара іс-әрекеттен бас тартады;

6) қарама – қарсы өзара іс – әрекет – партнердің біреуі екіншісіне көмектесуге тырысады. Ал екіншісі оған қарсылықты белсенді іс – әрекетке жүгінеді.

7) ымырлы өзара іс – әрекет – партнер да бір жағынан келісіп, бір жағынан бір-біріне қарама – қарсы іс – әрекет жасайды.

Өзара іс – әрекет астарында әдетте тек қана таңбаларымен алмасу ғана емес, және де топқа ортақ әрекет жасауға мүмкіндік беретін ортақ әрекеттер ұйымы. Қарым – қатынас барысында оны қатысушыларға тек қана ақпаратпен алмасуға ғана емес, және де әрекеттерді алмастыруды ұйымдастыру, ортақ қызметті жоспарлау, ортақ әрекеттің нормалары мен формаларын өңдеп шығаруға болады.

Өзара іс – әрекет мотивтерінің әлеуметтік бірнеше түрлері бар (адам басқа адамдармен өзара іс – әрекетке, яғни солардың көмегімен түсетін мотивтер):

  • Жалпы ұтыстың ұлғаюы (кооперация мотиві);
  • Өзінің ұтысының ұлғаюы (индивидуализм);
  • Салыстырмалы ұтыстың ұлғаюы;
  • Басқаның ұтысының ұлғаюы (альтруизм);
  • Басқаның ұтысының кемітілуі (агрессия);
  • Ұтыстағы айырмашылықтардың кемітілуі (тепе – теңдік).

Аталған мотивтерге орай өзара іс – әрекетті жүргізуші құлықтық стратегияларды анықтауға болады:

1) қызметтестік қатысушылардың өзара іс – әрекетіндегі өзіндік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған (бәсеке немесе кооперация мотивтері қалыптасады);

2) қарама – қарсы әрекет қарым – қатынаста партнерларының мақсаттарын ескермей өзіндік мақсатына бағдарлану (индивидуализм);

3) жағдайдағы тепе – теңдікке болай парнерларының мақсаттарына жетудегі жекеліктен компромис қалыптасады;

4) жол беру партнерлардың мақсаттарына жету үшін өзінің мақсаттарын құрбан ету (альтруизм);

5) қашу, яғни байланысудан кету, басқаның ұтысын шығару үшін өзінің мақсаттарын жоғалту.

Өзара іс – әрекеттің бірінеше типтерін бөліп көрсетуге блады. Ең кең таралған болып дихотомдық бөліну есептелінеді: кооперация және бәсеке, келісім және конфликт бейімделу және оппозиция.

Жеке тұлға арасындағы өзара іс – әрекетті сипаттайтын бірнеше теориялары бар. Оларға жатады: алмасу теориясы, символикалық интеракционизм, әсерлерді басқару теориясы, психоаналитикалық теория. Дж. Хаманның теориясына сәйкес адамдар бір – бірімен өзінің тәжірибесі негізінде өзара әрекет жасайды, мүмкін болатын сый ақы мен шығындарды салыстырады. Дж. Мидтің, Г.Блумердің символикалық интеракционизм теориясы тұрғысынан адамдар құлығы бір-біріне және қоршаған орта әлемінің заттарына қарым – қатынасынан адамдар құлығы оларға берілетін мәндерге байланысты анықталады. Э.Гофманның әсерлерді басқару теориясын, әлеуметтік өзара әрекет ситуациялары актерлар жақсы әсерді қолдап құрауға тырысатын, драммалық спектакльді еске алады. З.Фрейдтің психонализі шектеулігінде жеке тұлға арасындағы өзара қарым – қатынастар негізінен, өмірдің осы кезеңінде бастан кешкен конфликттермен және ерте балалық шақта меңгерілген бейнелермен анықталады. Алмасу, теориясына сәйкес біздің әрқайсысымыз біздің өзара іс – әрекетімізді тұрақты және жағымды ету үшін, сый ақы шығындарды теңестіруге тырысамыз, дамдар құлығы қазіргі сәтте оның әрекеті, өткен кезеңде қалай сый ақы берілді, не сонымен анықталады.

You May Also Like

Бір түскен сәулесі едің жарық-нұрдың… Исабек Ишан кесенесі, ғылыми жоба

Ғылыми  жобаның тақырыбы: Бір түскен сәулесі едің жарық-нұрдың… Исабек Ишан кесенесі Бағыты:…

Мал өсірсең – қой өсір, ғылыми жоба

«Мал өсірсең – қой өсір» Аннотация Зерттеу нысаны: Мал  өсірсең – қой…

Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары»…

A good communication with the new technology, ғылыми жоба слайд