Жұмыстың тақырыбы: 

«Жануарлар дүниесінің өзекті мәселесі»

     Жоспар

  1. Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін

пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

2.2. Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды

қамтамасыз ету және мемлекеттік механизмі

2.3.Жануарлар дүниесін пайдалану және өзекті мәселесін қарастыру. Жойылып бара жатқан жануарлардың түрі және оның алдын алу.

2.4.  Аң аулау және аң аулау шаруашылығын құқықтық реттеу

Аннотация

 

Бұл жобада жануарлар дүниесінің өзекті мәселесін қарастыру . Қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Заң жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, жануарлар дүниесін және оның биологиялық әралуандылығын сақтап қалатын жағдайлар жасауға, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, адамдардың жануарлар дүниесі объектілерін экологиялық, экономикалық, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тұрақты пайдалануға бағытталған.

Болашақ ұрпақ оқушыларға жануарының ерекшелігің, қасиеттері мен сыртқы түрі,тіршілік ету мекені мен бейнесі ашып көрсету. Жануарлардың түрлерін талдап, толық мәліметтер беру.

Жануарының ерекше қасиеттерімен таныстыру, ғылыми жіктелуін, жалпы сипаттамасын, тіршілік мекені мен бейнесін зерттеп, маңызымен таныстыру.

 Аnnotation

In this project to consider the topical issues of wildlife. It is an integral part of the environment and an integral part of the ecological chain.The law is stable to regulate public relations in the field of protection, reproduction and use of wildlife, to create conditions for the preservation of wildlife and its biological diversity, to meet the ecological, economic, aesthetic and other needs of wildlife, taking into account the interests of present and future generations. aimed at using.           To reveal to future generations the features, qualities and appearance of the animal, its habitat and image. Analyze animal species and provide detailed information.         Introduction to the peculiarities of the animal, the study of its scientific classification, general characteristics, habitat and image, and its significance

Кіріспе

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғи энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.

Тек табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ моллюскілер, бунақденелілер жіне т.б) ғана пайдалану мен қорғаудың объектілері болып табылады. Ал, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларымен қатар шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және бұдан өзге мақсаттармен еріксіз немесе жартылай еріксіз жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жабайы аңдар бұл объектілер санатына жатпайды.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті – құқықты актілеріне негізделеді.

2004 жылы 9 шілдеде қабылданған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі Заң) жауарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылады.

Заң жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, жануарлар дүниесін және оның биологиялық әралуандылығын сақтап қалатын жағдайлар жасауға, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, адамдардың жануарлар дүниесі объектілерін экологиялық, экономикалық, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тұрақты пайдалануға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңының 1-бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы беріледі.

           Тақырыптың өзектілігі. Болашақ ұрпақ оқушыларға жануарының ерекшелігің, қасиеттері мен сыртқы түрі,тіршілік ету мекені мен бейнесі ашып көрсету. Жануарлардың түрлерін талдап, толық мәліметтер беру.

Жұмыстың мақсаты: Жануарының ерекше қасиеттерімен таныстыру, ғылыми жіктелуін, жалпы сипаттамасын, тіршілік мекені мен бейнесін зерттеп, маңызымен таныстыру.

           Жобаның   ғылыми  жаңалығы: Жергілікті  жердің  жануарларын зерттей келе, олардың биологиялық ерекшеліктерін біліп,  медициналық  тұрғыдан да  білімімді  тереңдете  жетілдіре  түстім.  Өз  бетіммен  қажетті   нәрсені  іздеуге   бағытталдым.  Бұл   биология  ғылымы  үшін   аз  да  болса  қосқан  ұлы  ісім!

Ғылыми  жобаның  практикалық  негізі  ретінде  белгілі  ғалымдардың  еңбектеріндегі  фактілері,  өзге  баспасөз    бетінде  жарияланған   биология  саласындағы  ғылыми-практикалық   және  публицистикалық  материалдар  алынды.

2.1.Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.

Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.

Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңдары мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi.

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:

  • аң аулау;
  • судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн қоса алғанда, балық аулау;
  • аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
  • жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
  • жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану.

Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi.

Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:

  • аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде – биологиялық-экономикалық тексерудiң, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жоспарларының негiзiнде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру кезеңiне қарай он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
  • қалған түрлерiне – бiр жылдан аспайтын мерзiмдер белгiленедi.

Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзiмдерi белгiленбейдi.

      Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру.

Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.

Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi.

Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:

1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;

2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;

3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге;

4) жолдама беруге;

5) жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқығы бар.

Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:

  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
  • жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;
  • шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;
  • шаруашылықiшiлiк балық аулауды ұйымдастыруды жүргiзуге;
  • жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
  • жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
  • жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;
  • жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге;
  • биологиялық-экономикалық тексерулердiң нәтижелерiне сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.

Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:

  • Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;
  • жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
  • Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
  1. 2. Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды  қамтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi:

1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;

3) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;

4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;

5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;

6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;

7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi.

Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн  қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
  • жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
  • уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
  • уәкiлеттi органды белгiлейдi;
  • Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру үшiн әкiмшiлiк органды (бұдан әрi – әкiмшiлiк орган) белгiлейдi;
  • жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған лимиттердi бекiтедi;
  • халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiтедi;
  • аң аулау, балық аулау ережелерiн бекiтедi;
  • аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
  • Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;
  • Қазақстан Республикасының әызыл кiтабы туралы ереженi бекiтедi;
  • сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
  • сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн ғылыми-зерттеу және өзге де мақсаттарда алып қою үшiн төлемақы белгiлейдi;
  • жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;
  • жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
  • жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
  • жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
  • зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу ережелерiн бекiтедi;
  • аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
  • аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың нысанды киiм (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдарының құзыретi.

Уәкiлеттi орган:

  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
  • бекiтiлген лимиттер негізiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған квоталарды бөледi;
  • аңшы куәлiгiн берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
  • аңшылық шаруашылықтарының санаттарын белгiлейдi;
  • жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар бередi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
  • жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-iздену жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасының әызыл кiтабын жүргiзедi және басып шығаруды қамтамасыз етедi;
  • сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, жануарлар түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
  • жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен туынды түрлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен рұқсаттар бередi;
  • жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн белгiлейдi;
  • жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн белгiлеудiң әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
  • жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгiзедi;
  • сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
  • аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн бекiтедi;
  • аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызмет туралы Үлгi ережесiн бекiтедi;
  • жолдаманың Үлгi нысанын бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың арнайы құралдарды қолдану ережелерiн бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнiң (погонсыз) Үлгiлерiн, кию тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Аумақтық органдар өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi.

Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:

  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды.

Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:

  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
  • жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
  • жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiтедi;
  • жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiнде шешiмдер қабылдайды.  

2.3. Жануарлар дүниесін пайдалану және өзекті мәселесін қарастыру.

Жойылып бара жатқан жануарлардың түрі және оның алдын алу. 

Құқықтық қорғау – бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міндеттемелерді орындаудың бір әдісі, құқықтық нормаларды қолдану мен шығарудың еркін білдіру, тұтастығын сақтауға бағытталады, жануарлар қауымының табиғи көптүрлілігі, оларды тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру болып табылады.

Жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері – жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардың  реттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.

Жануарлар дүниесін қорғау мен олардың өсімін молайту, пайдалану ережелері, жануарлар дүниесінің өсіп-өну үрдісін өсімін қорғау, табиғи жағдай жасау, олардың табиғи ортасына қол сұқпау саласындағы  қатынастары Қазақстан Республикасының тиісті заңдарымен реттеледі.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының  конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы  ретінде жалпымемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.

Экологиялық құқық – бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылыады. «Экология» – бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз – «жер» туралы ғылым.

Экожүйенің маңызды қасиеттер:

  • Тұйықтығы, экологиялық жүйенің өз алдына қызмет етуі. Экологиялық жүйенің тұйықтығы барлық азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерін табиғатпен байланыссыз болса да, экологиялық нәтижелерін  ескеруді міндеттейді;
  • Табиғи компрненттерді құруға әкелетін экологиялық жүйедегі өзара байланыс. Ол жер, су, орман және өзге де табиғи объектілерді атмосфералық ауамен байланыстырады. Ол табиғи объектілер қызметін жүзеге асыруға көмектеседі және мұндай қызмет процесінде өзі де өзгереді.
  • Биоөнімділік. Экожүйесінің өз өндірісінде жердің әртүрлі құқықтық статусын анықтайтын қызметтерді орындауға көмектеседі. Құнарлылығы жоғары жерлер біріншіден, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына  беріледі ,ал өз өнімді жерлер басқа мақсатқа беріледі.

Экожүиесінің өзінің ұдайы  өндірісі – ол  өзінің реттеу қабілеттілігі.

Берілген белгілер  экожүйе түсінігін анықтауға мүмкіндік береді.

Жойылып бара жатқан жануарлар түрі және оның алдын алу жолдары:  Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының  қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды,  сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Шығыс Қазақстан облысындағы  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және  құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі:

СҮТҚОРЕКТІЛЕР
1.Жоңғар сальпинготусы

2.Жалман
3.Роборовский атжалманы
4.Сары алақоржын
5.Қызылқасқыр
6. Сабаншы

  1. Тас сусары
  2. Шұбар күзен
  3. Қазақстан арқары

10.Алтайарқары

ҚҰСТАР

  1. Қызғылт бірқазан
    2. Бұйра бірқазан
    3. Жалбағай, қалбағай
    4. Қара дегелек
    5. Қоқиқаз
    6. Сұңқылдақ аққу
  2. Кіші аққу
    8. Қутұмсық қаз
    9. Қызыл жемсаулы қарашақа
    10. Қара тұрпан
    11.  Дөңтұмсық тұрпан
    12. Ақбас үйрек
    13. Алтай ұлары
    14. Ақ тырна
    15. Ақбас тырна
    16. Дуадақ
    17. Безгелдек
    18. Жекдуадақ
  3. Тарғақ
  4. Кіші шалшықшы құс
  5. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс
  6. Қарабас өгіз шағала
  7. Қарамойнақ шағала
  8. Қарабауыр бұлдырық
  9. Ұбақ, қолаңтөс
  10. Балықшы тұйғын
  11. Жыланшы қыран, бүркіт
  12. Бақалтақ қыран
  13. Дала қыраны
  14. Қарақұс
  15. Бүркіт
  16. Ақиық субүркіт
  17. Аққұйрық субүркіт
  18. Сақалтай, қозықұмай
  19. Жұртшы
  20. Ақсұңқар
  21. Ителгі
  22. Лашын

39 Тұрымтай

  1. Үкі

 БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
            1. Шұбар батбат кесіртке
2. Зайсан батбат кесірткесі
3. Үлкен көз кесіртке
4. Шұбар кесіртке

  1. Жолақты әбжылан
    ҚОС МЕКЕНДІЛЕР
    1.Даната құрбақасы

БАЛЫҚТАР
1.Таймен                      2. Сылан

Жергілікті аймақтың Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері. Экологиялық апат түсінігі — тек су, топырақ, ауаның ластануы мен тиімсіз қолданылуы ғана емес, сонымен бірге экожүйенің биологиялық құрамының бұзылуы — өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуы.

Түрлердің жойылуының бір ғана себебі — адамның шаруашылық іс-әрекеті: тікелей ізіне түсу (аңшылық, балық аулау, орманның кесілуі және т.б.) немесе жанама әсері (байырғы тіршілік ортасынан ығыстыру, ортаның тез өзгеруі). Өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылуы неге алып келуі мүмкін?

Биоценоздың — табиғаттың (элементарлық ұяшықтарының) тұрақтылығы бірден бұзылады. Ал бұл тізбекті реакция сияқты, одан да ірі кешендердің деградациясына және «ғаламшардың тыныс алуының» бұзылуына, топырақ құнарлылығының және биологиялық өнімдер алу мүмкіндігінің бірден төмендеуіне алып келеді.

Әр жоғалған түр қайта қалпына келмейді. Ғылым оны жаңадан жасап шығаруға дәрменсіз. Демек, адамдар әрбір биологиялық түрге тән құнды қасиеттерді пайдалана алмайды. Ал бұл — адамзат үшін орны толмайтын шығын.

Сондықтан 1948 жылы құрылған Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы шеңберінде 1949 жылы «тірі қалу» бойынша комиссия құрылды. Олардың маңызды міндеттерінің бірі жойылу қаупі туып тұрған түрлердің тізімін жасап, оларды қорғау жолдарын анықтау болды.

Ағылшын биологі П.Скоттың ұсынысы бойынша жойылып кету қаупі туған түрлер тізімі Қызыл кітап деген атау алды. Қызыл кітаптың бірінші нұсқасы 1963 жылы шықты және ол сырт көзге қағаздар жинағы ретінде көрінді. Өр түрге жеке бір парақ қағаз берілді, онда түрдің атауы, оның статусы, таралуы, саны, жойылып кету себебі және оны сақтап қалу бойынша ұсыныстар көрсетілді. Кітаптың қызыл түсі жануарлар мен өсімдіктерге жақындаған қауіпті ескертеді. Кітап беттерінің қызыл түсі жойылып бара жатқан түрлерді, сары түсі саны азайған немесе жойылу қаупі бар түрлерді, ақ түсі сирек кездесетін түрлерді, жасыл түсі қалпына келген түрлерді білдіреді.

Қызыл қасқыр: Қазақстан территориясынан жойылып кетуі де ықтимал. Себебі аты аңызға айналған бұл жыртқышты 40 жылдан бері ол мекендеген жерлерден (Тянь-Шань мен Алтай таулары) кездескені жайында анық деректер жоқ.

Қызыл қасқырды Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып, оны бұрынғы мекендеген жерлерге қайта жіберудің жолдарын қарастыру керек.

          Тянь-Шань қоңыр аюы:Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп – адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру.

Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.

           Орман сусары: 3-санат. Қазақстанда тек Жайық өзенінің жайылмаларындағы ормандарда мекендейді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның ормандарында бірнеше рет кездескені белгілі. Бұл жерлерге ол Россияның шекаралас аудандарынан  өтіп келген.

Санын шектеудің негізгі факторлары – қасақылық және азық қорының азаюы. Кирсанов қорықшасында қорғауды күшейтіп, азық қоры аз болған жыддары сусарды қыс айларында үстеме қоректендіруді ұйымдастыру керек.

           Қарақал:1-санат. Үстіртте тараған, ертеде Қызылқұмда да мекендеген. Санының аздылығы сонша, түр жойылып кету жағдайында. Себептері – басқада  мысықтарға әсер ететін факторлар.

Үстірт қорығының территориясына қазіргі кезде қарақал кездесетін жерлерді қосып кеңейту керек. Үстірттің басқа жерлерінде де арнайы зоологиялық қорықшалар ашуды қолға алған да жөн.

          Түркістан сілеусіні: 3-санат. Сілеусіннің сирек кездесетін түршесі. Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы ормандарда мекендейді.

Саны онша көп емес. Оның төмендеуінің негізгі себептері – қасақылық және азық қорының аз болуы. Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, бар қорықшаларда сілеусінді қорғауды күшейту керек.

          Барыс: 1-санат. Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200-ден аспайды және жылдан жылға кемуде. Негізгі себептері – Қасақылық және таутекелер мен басқа жабайы тұяқтылардың санының кемуіне байланысты азық қорының азаюы.

Жоңғар қорығын құрып және таудағы қорықшалар мен қорықтарда оны қорғауды күшейту керек.

          Қарақұйрық:3-санат. Ертеде шөлді аймақта көптеп кездескен, бірақ қасақылыққа байланысты оның саны 200 мыңнан (30-жылдары) 10 мыңға (70-жылдары) дейін кеміді және көп жерлерде ол кездеспейтін болды.

Түрді Қызыл кітапқа тіркеген соң оның саны тұрақталып, жан-жақты қорғалатын жерлерде өсе бастады. Қазір Қазақстанда 30-50 мыңдай қарақұйрық бар. Қорғалатын жаңа территориялар ашу керек.

             Тағы бір үлкен өзекті мәселе «Бір шуба-қаншама өлім»

Тағы бір өзекті мәселе саны белгілі бір мөлшерден төмендеп кеткен жануарларды жойылып кету қаупі төнген жануарлар қатарына жатқызамыз. Мұны туу санының өлу санынан төмендеп кеткендігінен аңғаруға болады. Адамдар аңдарды аяусыз аулап, олар мекен ететін алқаптарды тарылтуы салдарынан жануарлар табиғи мекенін тастап, басқа жерлерге кетуге мәжбүр болады. Олар адамдардың іс-әрекетінен қатты зардап шегуде. Көптеген жануарлар терісі мен өзге дене мүшелерінен құнды заттар жасалатын болғандықтан ғана өлтіріледі. Бүгінде, әсіресе, сілеусіндерге жоғалып кету каупі қатты төніп тұр. Малшылар оны малдарына шабуыл жасағаны үшін өлтіреді.Саны азайған жануарлар тізімінде сүйкімді пандалар мен гориллалар да бар. Бір кездері оннан астам түрі қаптап жүретін мүйізтұмсықтардың бүгінде бес түрі ғана қалған. Сондай-ақ, ақ аю, тасбақа, дельфин, шимпанзелер де осы тізімге кіреді. Ежелгі дәуірден бері аман келе жатқан бұл жануарларды ғылым мен техника ғасырының адамдары осылай аздырып жіберді. Күзен мен Бұлғын жануарларынан жасалатын тондардың яғни шубалардың өндіріске, сатылымға шығуы.

Күзен Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды,әсіресе,жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейді. Бұлар өзіне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады,сондықтан оларды сасық күзен деп те атайды. Күзен-терісі өте бағалы,кәсіптік маңызы бар аң.

Бұлғын Сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей,түсі бурыл,сарғыш,қара қоңыр,алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Бұлғын терісі өте бағалы аң.Оның терісінен бас киім тігіледі.Бірнеше шуба мен бірнеше бас киімге ғана қаншама күзендер мен бұлғындардың терісін алады.Егерде осы шубалар мен киімдер жасала беретін болса,ертен осы жануарларымызда жойыла бастап,қызыл кітапқа ене бастайды.Оның алдын алу үшін осы жануарлардан жасалған киімдерді алмауға тырысуымыз керек.        

  1. 4. Аң аулау және аң аулау шаруашылығын құқықтық реттеу

Аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.

Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен қыран құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.

Аң аулау:

  • кәсiпшiлiк аң аулау;
  • әуесқойлық (спорттық) аң аулау болып бөлiнедi.

Кәсiпшiлiк аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.

әуесқойлық (спорттық) аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.

Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.

Аң аулау құқығы.

Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:

  • егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;
  • егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, иттер мен қыран құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;
  • аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшы куәлігі болған және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк бажды төлеген;
  • жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.

Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аң шаруашылығы ұйымымен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының негiзiнде туындайды.

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі объектiлерiн табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады. Жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектiлерiн ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезiнде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңiнде мазалауға, жануарлардың тiршiлiк ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады.

Жануарлар дүниесі объектілерін жаңа тіршілік ету орындарына көшіруге, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жабайы жануарлар түрлерін жерсіндіруге, сондай-ақ жабайы жануарларды будандастыру жөніндегі іс-шараларға ғылыми- зерттеу және шаруашылық мақсаттарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жол беріледі.

Жеке және заңды тұлғалардың жабайы жануарларды өз бетінше көшіруіне, жерсіндіруіне және будандастыруына тыйым салынады. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен будандасуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын жартылай ерікті немесе еріксіз жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болдырмау жӛніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Жануарлардың тіршілігіне қатер төндіретін дүлей зілзала және төтенше экологиялық жағдайлар туындаған жағдайда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланушылар жабайы жануарларға көмек көрсетуге және бұл туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы  және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.

Жануарлар дүниесі объектілерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға, жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда, олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда және жануарларға зиян келтірмегенде, жол беріледі. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалануға жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда және олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда жол беріледі.

Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойыншажүзеге асырылады.Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, ауыл шаруашылық және басқа үйжануарлары ауруларын болдырмау, қоршаған ортаға, шаруашылық және басқақызметке зиян келтіруді болдырмау мүддесінде жабайы жануарлардыңжекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзегеасырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін және оларға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс. Жабайы жануарлардың санын реттеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

Жануарларды сақтау және өсімін молайту мақсатында Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгіленеді. Микроорганизмдердің жаңа штаммдарын, биологиялық белсенді заттарды жасау, генетикалық түрлендірілген организмдерді жасап шығару, басқа да биотехнология өнімдерін өндіру мемлекеттік экологиялық және санитарлық – эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындылар болмаған кезде көрсетілген организмдер мен заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезiнде жеке және заңды тұлғалар аталған препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану ережелерiн сақтауға және жануарлардың ауыруы мен қырылуын болдырмауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi. Жаңа препараттар жасаған кезде оларды қоршаған ортада қолданудың нормативтерi әзiрленуге тиiс. Жануарлардың қырылуын және олардың тiршiлiк ету ортасының нашарлауын болдырмау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) қолданылуы шектелетiн немесе оған тыйым салынатын жекелеген аумақтарды айқындай алады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiне енгiзiлген пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етiледi.

Қорытынды

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезiнде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа дақұрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңiнде мазалауға,жануарлардың тiршiлiк ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады.

Жеке және заңды тұлғалардың жабайы жануарларды өз бетінше көшіруіне,жерсіндіруіне және будандастыруына тыйым салынады. Жабайы жануарларды,сондай-ақ жабайы жануарлармен будандасуы немесе оларға зиян келтіруімүмкін үй жануарларын жартылай ерікті немесе еріксіз жағдайларда ұстайтыннемесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортағашығуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.

You May Also Like

Босаға ауылының географиялық жағдайы, ғылыми жоба

Ұзын шаш – адам көркі, ғылыми жоба слайд

Ақпаратты кодтау, ғылыми жоба

І Кіріспе  Зерттеудің өзектілігі. Бүгінде деректерді автоматтандырылған тұрғыда жинаудың ең көп таралған…

Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы» Орындаған: Мадиярхан Нұрхан…