Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта-«Қазақстан-2050»
стратегиясын жүзеге асырудың негізі

Ғылыми жобаның тақырыбы: Шаш бояуы

Мазмұны:

Ғылыми жобаның мақсаты, міндеті, өзектілігі__________________________1
Аннотация________________________________________________________2
Кіріспе___________________________________________________________3
І. Ғылыми әдебиеттерге шолу
1.1.Шаш – адамның құпия қаруы___________________________4 – 5
1.2.Шаш түсу себептері___________________________________6 – 7
1.3.Шаштың күтімі______________________________________8 – 10
ІІ. Зерттеу бөлімі
2.1. Сусабынның түрлері_______________________________11 – 12
2.2. Сусабынның сапасын анықтау_______________________ 13– 14
2.3. Шаш бояулары және зерттеуге алынған шаш бояуларының
зияны ____________________________________________15 – 23
2.4. Қына- табиғи шаш бояуы ___________________________ 24 – 26
2.5. Кератин___________________________________________27 – 28
Қорытынды______________________________________________________29
Қосымша________________________________________________________31

1
Жобаның мақсаты:
Шаш күтуге арналған сусабындар, шаш бояуының адам ағзасына әсерін зерттеу

Жобаның міндеті:
1.Шаш күтімі туралы сауалнама жүргізу және қорытынды жасау
2.Ақ шаш қайдан пайда болатындығын және оны болдырмау жолдарын зерттеу
3.Шаш бояуларынан пайда болатын ауру түрлері
4. Қынаның пайдасы мен зияны және кератин
5.Сусабындар сапасын анықтау

Жобаның өзектілігі:
Тұрмыстық химияда қолданылатын шаш күтуге арналған заттар мен шаш бояуларының гигиеналық және медициалық әсерін зерттеу

2

Аннотация

Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Ол бұл ғылыми шаш бояуы , шаш күтуге арналған заттар, оның адам денсаулығына әсері туралы тоқталып, түсінікті тілде жазған. Шаш бояуы, шаш күтуге арналған заттар жайлы ғалымдардың зерттеулерін көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Шашты не үшін ағарады, қынаның пайдасы мен зияны туралы зерттеген. Негізгі мақсаты: «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыруға үлес қосу.

Аннотация

Ученик, в ходе научно – исследовательской работы, вкладывая свои способности доступно показал достижение своей цели. В научном проекте хорошо и понятно написала полезные и вредные свойства краски для волос, и средства по уходу за волосами для здоровья человека. Видно что много искала и изучала иследования многих ученных. Почему появляется седые волосы? Иследовала полезные и вредные свойствы хны. Главная цель научного проекта внести свой вклад в стратегию «Казахстан – 2050».

The summary

Thestudentih her scientific work showed her alility well. In her scientifick work, she clearly wrote about hair dyes and hair care productsand their effect on human health. And it shows that she read a lot of researchof scientists and used it clearly and breafly.The main task in her scientifically research work is to add the contribution in realization of strategy «Kazakhstan – 2050«.

3

Кіріспе
«Шаш сұлулық негізі»

Сұлулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің бейнесі. Денінінің сау болуын қандай адам болса да қалайды? Кез келген адамнан «Сіз сұлу болып ,ұзақ өмір сүргеніңізді қалар ма едіңіз?» -деп сұрасаңыз, ол, ойланбастан, «Әрине!»-деп жауап берген болар еді. Сұлу болудың бірден – бір жолы, ол күтім.Күтім екен деп оңды – солды химикаттарды пайдалану да болмайды.Дегенмен, осыны қазір түсініп жатқан жастар аз.
Мен А Шығыс Қазақстан облысы ауданы ауылы « Ш атындағы орта мектебі» КММ-сінің сынып оқушысымын. «Шаш бояудың ағзаға пайдасы мен зияны мен пайдасы» тақырыбында 2017жылдан басталған ғылыми жобам 2 жылға созылды.
2018-2019 оқу жылында ғылыми жобамды кең көлемде «Шаш күтуге арналған за
ттар және шаш бояуы» – деп атадым.
Бұл тақырыпты алудағы бірден – бір себеп, қазіргі замандағы шаш бояуының қарқынды дамуы. Осыдан бірнеше жылдар бұрын адамдардың көбісі ақ шашты жасыру үшін бояған, ал қазіргі кезде барлығымызға мәлім жастардың көбісі сән үшін шаш бояйтын болған. Шаш бояуларында және шаш күтіміне арналған құралдардың құрамында көптеген химиялық қоспалар бар екендігі ғылыми жолмен дәлелденген болса, сол заттардың ағзаға пайдасы мен зиянын жан – жақты зерттеп, жастарға насихаттау.
Екінші себеп – өзімнің әпкемнің шаш бояуы. Ол шашын әртүрлі түске бояп, шашына түрлі – түрлі заттарды қолданып күтім жасауы осы ғылыми жобамды жасауға себепкер болды.
Жобаны жазар алдында мен өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Шаш күтуге арналған сусабындар, шаш бояуларының адам ағзасына әсерін зерттеу». Осы арқылы жастардың көзін ашып, шаш бояуға онша әуес болмауға шақыратын едім. Зерттеудегі бағытым: «Қазақстан – 2050» стратегиясының денсаулық сақтау бағдарламаларын жүзеге асыру.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» бағдарлаасында «Дені сау ұлт» инфроқұрылымын дамытудың маңызы жоғары деп атап көрсеткен. Сондықтан, әр адам өзінің денсаулығына аса көңіл бөлгені дұрыс.Енді, сіздерге осы ғылыми жобамның пайдасы тиер деп, нәтижесін ұсынбақшымын.

4
І тарау. Ғылыми әдебиеттерге шолу
1.1.Шаш – адамның құпия қаруы
Ежелден адамдар адамдардың қаруы шаш екенін жақсы білген. Ертедегі Славяндар шаш арқылы Жер-ана мен Күн-әке әсер ететінін дәріптеген. Шаш арқылы даналық пен Тәңірдің қалауын сезінуге болатынын есте сақтаған. Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.
Ұзын бұрым – көрік пен күш
Әйел үшін ұзын шаш тек көрікті болудың амалы ғана еме. Шаш әйелдің ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш. Ведаларда шаш жағымды энергияны жинақтайтыны айтылған. Шашы ұзын әйел салмақты, сабырлы болады екен.
Ертедегі әйелдер шашты ұзын етіп өсірген. Бұрым қылып өріп қоятын болған. Әйел үшін бұрым аккумулятор сияқты рөл ойнаған. Шаш ұзын болған сайын, оның иесі ақылды, көреген, күш-қуаты көп болған. Оның адамгершілігі мол, мейірім мен нәзіктігі басым боп тұрған.
Қыздың шашын бұрымға бекер өрмеген. Үшке бөліп өрілген шаш Яви (осы әлем), Нави (бақи дүние), Прави (көктегі құдай) сынды үш әлемнің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мол мүмкіндік берген делінеді.
Қыздың арқасына түсетін ұзын бұрым ерекше күш-қуат беріп, әйелдің тәні мен рухын мықты қылған. Тұрмысқа шыққан әйелдің шашы екіге жарылып, қос бұрым болып өрілген. Яғни, ендігі жерде әйелдің күші екіге қақ жарылған. Енді ол әрі әйел, әрі ана ретінде күш жұмсайды. Оның рухани күші тек өзіне ғана емес, отбасына, күйеуі мен балаларына да жұмсалады.
Әйел заты шашқа аса ұқыптылықпен, сақтықпен қараған. Шаш – Тәңірдің сыйы екенін білген. Шашты күтіп, баптап, еріне жағуы мүмкін екенін білген. Тіпті кей кездері ауырған баласын да шаштың күшімен емдеген.

5
Сіздерге шаш туралы қызықты мәліметтер ұсынбақпыз.
Кішкентай нәрестенің шашы анасының құрсағында-ақ өсе береді екен. Шамамен алғанда, жүктіліктің төртінші айында баланың басына шаш өсе бастайды екен.
Көбіне аққұбалардың шашы басқалармен салыстырғанда қалыңырақ болады – шамамен алғанда 140 мыңдай. Ал қара шашты адамдардың шаш саны – 100 мыңға жуық болса, жирен шашты жандардың басында 90 мыңдай шаш болады еспетеледі.
Шаштың орташа қалыңдығын есептегенде, 250-350 данасы бір квадрат сантиметрге шақ келеді екен.
Неғұрлым бас үлкен болған сайын, соғұрлым шаштың саны да көп болуы керек.
Өмір бойы шашына қайшы тигізбей өсірген адамның әр шашының ұзындығын қосқанда орта есеппен 725 километрді құрайды екен. Күніне әр шаш шамамен 0,35 миллиметр өседі. Жылына 12 сантиметрге ұзарса, өмірінің соңына дейін ол 7,6 метрді құрайды екен.
Шаш көбіне көктем мен жаз мезгілдерінде тез өседі. Ер адамдар бір күнде 40 шашынан айрылса, әйелдердің күніне 70 шашы түседі екен. Әлемде шаштың түсуіне қарсы 300000 дәрі құрамдар ойлап табылған. Бұл көрсеткіш басқа ауруларға қарсы дәрілерді де басып озады.
Шаштың беріктілігін альюминиймен салыстыруға болады. Бір шаштың өзі 100-ден 200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді.
Әйел адамның бұрымы екі жүз шаштан тұрады және ол 20 тонна салмақтағы затты көтеріп тұра алады.
Славяндық дәстүр бойынша кішкентай балалардың шашын үш жасына, тіпті бес жасына дейін қырықпайды екен. Салт бойынша баланың шашы өмір жолының кеңдігін білдіреді. Алғашқы шаш қию рәсімі салтанатты түрде той етіп тойланып, атап өтіледі. Ғұрып «Шаш кесілгендер» деп аталады. Ал князь балалар шашы кесілген күні бірден атқа отыратын болған.
Бұрынғы заманда жирен шашты адамдарға жақсы көзқарас танытпаған. Оларды көре қалса, көздеріне мыстан мен жезтырнақ елестеген. Сондықтан жирен шаштылар қолдарынан келгенше шаштарының түсін басқа түстермен өзгертіп отырған.

6

1.2.Шаштың түсу себептері
Әр адам күн сайын мыңдаған шаш жоғалдаты, егер тәулігіне 100 тал шаш түссе ол нормаға сай болып есептеледі, бірақ оның орнына жаңа шаштар шығып жатқанын байқамаймызда. Егер шаш өсуі баяу болса, онда оның түсуі де жылдам болады да ,ол бастың таздануына әкеп соғады. Басқа таз түсу көбінесе ер адамдарда жиі кездеседі. Егер сіздер таңертен жастықтарыңызда түскен шаш көрсеңіздер, ол шаш түсумен күресу керек екендігін білдіреді.
Әйел адамдарда шаш түсу иммунитеттің төмендігінен болуы мүмкін, көптеген әйелдер шаш түскендерін босанғаннан кейін немесе бала емізгенде байқайды. Одан басқа тұмау, инфекциялық аурулар шаш түсуінің себебі болуы мүмкін.
Мұның бәрін әрине дәрігердің, маманның кеңесімен емдеуге болады. Осындай кезде спортпен айналысқан дұрыс, ол денсаулықты нығайтады және суық тиюден қорғайды.

7
Шаш түсу тоқтату
Күзде ағзамыз жаңа маусымға үйреніп, бүкіл мүшелердің жұмысы ауысады. Осы кезеңде көпшілікті алаңдатын мәселелер арасында шаштың шамадан көп түсуі бар.
Ұзын, жылтыр, қалың шаш – әр арудың арманы. Шаштың саулығы мен сымбаттылығын сақтап қалу бір мәселе, ал оның шамадан артық түсуін тоқтату үшін қандай күтім көрсету керек?
Күзде ағзамыздағы барлық процестер баяулап, эстроген горомоны «ұйқыға батады», нәтижесінде шаштың өсуі бәсеңдейді. Бұл тек шаштың өсуін баяулатып қоймай, оның шамадан тыс түсуінің де себебі бола алады. Бұған қалай төтеп беруге болады?
Жалпы күнделікті 50-100 тал шаштың түсуі қалыпты жағдай. Алайда шашыңыз бұдан артық түскенін байқасаңыз, мәселені шешімсіз қалдыруға болмайды. Мұның себебі стресстер, зат алмасудың бұзылуы, гормондар дисбалансы, ағзадағы улы заттардың болуы, микроэлементтердің тапшылығы не керісінше шамадан артық болуы, жаман экология, шаштың химиялық құрамының бұзылуы, радиация, дәрілік заттардың әсері, тіпті ас қорыту жүйесінде қиындықтар бола алады. Сонымен қатар, алопеция немесе шаштың қатты түсуі генетикаға байланысты болуы мүмкін.
Күзде осы себептерге дәрумендер тапшылығы мен ағзадағы процестердің баяулануы қосылып, шаштың тым көп түсуіне әкеле алады. Бұл мәселеге тап болғандар осы кезеңде шашын бояудан, ыстық фенмен кептіруден аулақ болуы керек.
Шашты жиірек тараудың арқасында бас терісіндегі қан айналымын жақсарта аласыз. Сонымен қатар, шаш тарау майдың шаш бойымен біркелкі таралуына көмектеседі. Массаж щеткаларын қолданып, шашты ақырын, байыппен тараңыз. Қысқа шашты тамырынан бастап тарасаңыз, ұзын шаштың ұштарын, одан кейін бас жағын тараған дұрыс.

8
1.3. Шаштың күтімі
Шаш өсіретін маска
Шаш жиі түскеннен жұқарып қалғанда неше түрлі арнайы косметика жағып, әуреге түсіп жатамыз. Ондай жағдайда біз сіздерге табиғи жолмен әзірленетін бір масканы жасап жағынуға кеңес береміз.
2 ас қасық құрғақ қышаны 2 ас қасық ыстық сумен араластырып, 1 жұмыртқаның сарысы, 2 ас қасық түйеошаған майы мен 2 шәй қасық қант ұнтағын қосады. Жақсылап араластырылған қоспаны шаштың түптеріне жақсылап жағады. Сосын басқа пленка жауып, орамалмен орайды. Масканы баста 15-30 минут ұстаған соң жуады. Мұны аптасына 1 реттен жақсаңыз, шашыңыздың қалыңдай түскеніне көз жеткізесіз.
Кокос майымен шашты түзулеу әдісі
Бірнеше тәсілдің көмегімен шашты түзулеуге болады. Мысалы, сұлулық салонына барып күйдіру, химия салдыру сынды тәсілдермен. Алайда бұл рәсімдерден кейін шаш түсі өзгеріп, сынғыштық қасиетке ие болады. Ал кокос майымен шашты түзететін болсаңыз, оған еш зиянын тигізбейсіз. Әрі ақша үнемдеу үшін бұл тәсілді үйде орындауыңызға болады.
Кокос майының көмегімен шашты түзулеу тәсілі төмендегідей жүзеге асады:
♦ 1 лирт кокос майын дүкеннен, дәріханадан сатып алып, артынша құтыға құйып, бөлме температурасында 3-4 күнге қалдырамыз. Ол сиыр сүті секілді аши бастайды.
♦ Бөлек ыдысқа пайда болған қаймақты құйып, үстіне 3-4 қасық лимон шырынын қосамыз. Араластырамыз.
♦ Иттікен, лаванда, түймедақ эфир майларынан 3 тамшыдан тамызамыз. Аталған эфир майлары шашты емдеп, шатасқан жерлерін жазады.
♦ Жасаған қоспамызды 1 тәулікке тоңазытқышқа саламыз. Осы уақыт ішінде ол қоюлана түседі. Шашты түзетуге арналған қоспамыз дайын.
♦ Оны шаштың түбі мен ұшына жақсылап жағамыз. 1,5 сағат басымызды целлофанмен, сыртынан орамалмен ораймыз.
♦ Арада 1,5 сағат өткен соң шашты әдетегідей жуамыз. Және соңында шашты суығырақ сумен шаюды ұмытпаймыз.Кокостың көмегімен шашты түзулеурәсімі аяқталды. Оны аптасына 2 рет жасау арқылы қалаған нәтижеңізге қол жеткізе аласыз. Әрдайым сұлу болыңыз!
9
Шашты қию
Славян-арий ведаларында «Шашты қима, денсаулық пен даналықтан айырыласың» деген сөз бар. Сондықтан славияндар шаш кеспеген.
Тек «көз тиген» адамдар ғана шашын кескен. Жаман аурудан, жаман энергетикадан құтылу үшін, күнәсін жуып-шаю үшін солай жасаған. Егер тағдырдың қиындығына төтеп берсеңіз, шашыңызды қиып, жаңа өмір бастауға болады.
Әйелдер о баста шашынқысқақылыпкеспеген. Бұләйелдіқуатқайнарынаналастауекен.
Сондықтандұшпанкелгенкездееңбірінші бай-манаптардыңәйелінұстап, шашынқиыптастаған. Әйелдікүш-қуатынанайыруарқылы, күйеуін, әулетінжойған.
Қазіргізамандаәйелдерқысқақылыпкеседі. Кескенсайынөзініңкүш-қуатынанайырылатынынбілмейді.
Шаштыөсіргенкезде де оныңұшынқиып, жөндепотырукерек. Себебі, шаштыңұшынажаман энергия қонады. Бірайғабір-екі сантиметр қиса, жеткілікті. Егерөткен айда қуанышкөпболса, ондашаштыңұшынқимаса да болады.
Шашқиятынадамдымұқияттаңдағанабзал. Себебі, шашқиюкезіндеолөзініңөмірліктәжірибесініңбірбөлігінсізгесыйлайды.
Күнде шаш жуу зиян
Шаш күтімі қыз болмысында рөлі ерек екені ертеден белгілі дүние. Шаш сұлулығы біраз еңбекті де талап етеді. Аптасына бірнеше рет сусабын, түрлі маскалар, бальзам және т.б. пайдалану. Оған қоса, қыздардың күнде бас жууы тағы бар. Жарайды, сусабынды көп пайдалану өз алдына, шашыңызға тигізер зияны жайлы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Мамандардың айтуы бойынша,шашты жиі жуған сайын оның майлылығы арта түседі. Май қабаты бас терісін құрғап кетуден сақтайтындықтан күнде тазарып отыратын шашта май жылдам пайда болады. Ал шаштың тез майланып кетуі бас терісінің дұрыс қызмет атқаруы десе де болады, себебі, май қабаты шаш талшықтарындағы дымқылдың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, шашты күнде жумай, сусабынды шаш түріне қарай таңдау керек. Майлы шашты тек күнара жуып отыру қажеттігін алға тарту.

10
Шаштың ұшталуын қалай емдеу керек?
Қыздардың басты мәселелерінің бірі – шаштың ұшталуы. Бірінің шашы мықты, екіншісінің шашы әлсіз болады. Шашымыз өскен сайын ұштала түсетіні бәрімізге мәлім. Сондықтан шаш емдеудің бірнеше әдісін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Ошаған, зәйтүн, майсана, зығыр, бадам, жожоба майын жылытып алып, басымызға жағамыз. Жылы сүлгі немесе целлофанмен орап, 1 сағат күтеміз. Лимон шырынымен қышқылданған жылы сумен басымызды жуамыз.
Ал шаштың ұшталуының алдын алу үшін бас жуудан 30 минут алдында шашыңыздың ұштарына зәйтүн майын жағыңыз. Содан соң әдеттегідей шашыңызды жуыңыз.
2. Ашытқыдан 2 ас қасықты ¼ стақан айранға қосып, араластырыңыз. Қоспаны ұшталған шашқа жағып, сүлгімен орап тастаңыз. 30 минуттан соң жуыңыз.
3. 2 шай қасық балды 1 стақан қайнаған суға салып, араластырыңыз. Шашыңызды өріп, шашыңыздың ұшын дайындаған суға салыңыз. 10 минуттан соң құрғатып, тараймыз.
4. Бұл масканы жасау үшін түссіз қына сатып алыңыз. Тәрелкеге сеуіп, қайнаған су қосып, ботқаға айналғанша араластырамыз. Біраз уақытқа тұндырып қойыңыз. Жылы күйінде шашқа жағып, 30-40 минутқа қалдырыңыз. Сусабынсыз жуып тастаймыз.
Аталған маскаларды мейлінше жиі қолданып тұрыңыз.

11
ІІ бөлім. Зерттеу бөлімі
2.1. Сусабынның түрлері
Күтім жасайтын сусабын – бұл шаш күтімінің негізі. Ол шашты қажетті ылғалмен қамтамасыз етіп, жұмсақ тазартады және оларды жылтыратады. Сусабын үнемі адам шашының жеке түріне сәйкес болуы тиіс.
Шашқа сусабынмен күтім жасарда біз бірнеше қателіктер жібереміз. Атап айтсақ:
1. Шаш типіне және бас терісіне сәйкес келмейтін сусабынмен шаш жуу. Нәзік, әлсіреген, зақымданған шаштарды қарқынды құнарландырып, қайта қалпына келтіру қажет. Шаштың түбі майлана берсе – май бездерінің жұмысын реттеу керек. Егер қайызғақты кетіре алмай жүрсеңіз, арнайы емдік құралдар алыңыз. «Барлық шаш түріне арналған» деген сусабындар мен кондиционерлер әдетте дұрыс жумайды немесе құнарлы элементтері аз болғандықтан, шашты әлсіретіп жібереді. Сондықтан, әр адам өз шаш типіне келетін сусабын немесе бальзам алғаны жөн.Себебі, басқа сусабын кері әсер беруі мүмкінү
2. Ұзақ уақыт бір ғана сусабын қолдану. 2 ай сайын сусабын, маска, кондиционер және бальзам маркасы мен сериясын ауыстырып отыру керек.
3. Шаш күтіміне арналған сусабынды бір жыл бойы өзгертпеу. Жаз

12
Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?
Сусабын таңдағанда оның құрамына көңіл аударған жөн. Сапалы сусабынның құрамында 30-ға тарта қоспа бар. Сол себепті, сіздің шашыңызға қолайлы, ең бастысы пайдалы шампунь таңдау қиындау. Ингредиенттер тізімінен келесідей қоспаларды көрсеңіз, назар аударған дұрыс.
1.Sodium Laureth Sulfate. Бұл қоспа сусабынды көпірту үшін қосылады. Әу баста SLS машиналардың механизімін тазалау үшін өндірілген. Қоспаның құрамындағы химиялық компонент бас құйқасындағы тері саңылаулары арқылы қанға жетіп, бауыр мен жүрек көзінің талшықтарына сіңеді. Бұл токсиндік мутаген метаболизм процессін бұзады. Сульфанат натрия шашты майланудан құтқарса да, бас терісін құрғатады.
2.BHT (Butylated Hydroxytoluene).Бұл қоспаны кейбір елдерде косметиканың компоненті ретінде пайдалануға тиым салған. Құрамындағы оксиленді май ауамен жанасқанда канцероген түзеді.
3.Sodium Lauruulaureth Sulfate.Бұл – натрия лаурил немесе лауретсульфат болып табылады. Құрамындағы тазартқыш қасиеті үшін қолданылады. Сауда айналымында «кокостың сығындысы» деп бүркеншік ат берілген. Өте арзан әрі зиянды өнім мұнай қалдықтарынан алынады. Аталмыш қоспа адамдарды аллергияға бейім қылып, терінің қышуына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ұсақ бөртпелер пайда болады.
4.DEA, TEA.Аталмыш қоспа кез келген қымбат немесе арзан сусабынның құрамында бар. Қоспаның құрамында аммиак бар. Аммиакты ұзақ уақыт пайдаланатын болса организмде токсиндік әсер қалыптастырып, аллергия шақырады. Сонымен қоса көзді қышытып, бас терісін құрғатады.
5.SLES (натрия лауретсульфаты).Аталмыш компонент тізімнің ең басында орын алған SLS қоспасына қарағанда әлдеқайда жұмсақ өнім. Бұл өнім көбінесе балаларға арналған сусабындарға пайдаланылады. SLES компонентінің де адам организмі үшін айтарлықтай зияны бар. Тек әсер ету мерзімі қысқа әрі құрамында ағзаға сіңіретін зиянды бөлшектері жоқ. Оны тек жақсылап жуып тастау керек. Жалпы кез келген сусабынды бірнеше мәрте сумен шайып, жақсылап жуған абзал.

13
2.2. Сусабынның сапасын анықтау
Мен сусабынның сапасын анықтау үшін стаканға су құйып алдым. Суға бір қасықтай мөлшерде сусабын қосып, ол сусабын тұнғанша 10 минут күттім. Нәтижесін кестеге түсірдім.
Р\с Зерттейтін сусабын атауы Құрамы Тұнбаға түсуі Зерттеу нәтижесі Қорытынды
1 “Wash &Go” Жеміс-жидектер сығындысы – – Сапасы жақсы
2 “Чистая линия” Мицеллярлы негіз, 80% шөп тұнбасысүтше – – Сапасы жақсы
3 “Advance techniques”
Аргана майы, провитамин В5, витамин Е ↓ Na2SO4,(NH4)2SO4 Сапасы нашар
4 “Expert pharma” ↓ Na2SO4,(NH4)2SO4 Сапасы нашар
5 “Color essence” ↓ Na2SO4,(NH4)2SO4 Сапасы нашар

14
Қарастырған сусабындарымыздан пайда болған Na2SO4,(NH4)2SO4тұнбаларының ағзаға әсерін қарастырайық:
Na2SO4– натрий сульфаты жоқ сусабын қолдану керек. Себебі, ол шаш терісіне әсер етеді.
(NH4)2SO4 = 2NH3 + H2SO4
NH3– аммоний газы, тұншықтырғыш иісі бар, жағымсыз газ. Осы газ адамның көзіне, тамаққа және тағы басқа да ағзаларына кері әсер етеді.

15
2.3. Шаш бояулары және зерттеуге арналған шаш бояуларының зияны
Шаш бояуының ағзаға әсерітуралы бейнежазбадан үзінді
Деректерге сүйенсек, адамның шаш ұзындығы оның нәсіліне де байланысты. Ұзын шаш негізінен моңғол тектес адамдарға тән болса, ал қара нәсілді жандардың дені қысқа шашты болып келеді екен. Шаш негізінен өсіп, сол аралықта жаңарып отырады. Адамның басындағы шаш тәулігіне 0,33 мм-ге өссе, жылына небәрі 12 см-ге ұзарады.Ал Германияда шаш бояуды көп пайдаланатын азамат ретінде саясаткер Шредер танылыпты. Ол кем дегенде шашын бір айда жеті рет бояйды екен. Сол химиялық заттың адам денсаулығына қандай пайдасы мен зияны бар екен?
-Әдемі болған шаш қашанда арудың көркін аша түседі. Дегенмен қазір сары, көк,қызыл тіпті жасыл шашты қыздар көбейді. Олар сән қуғандар. Ал көпшілігі ерте түскен ақ шашты жасыру үшін шаш бояймыз.
(Айгүл Нағашыбек, Ұлттық Тағамтану орталығының ғылыми қызметкері)
-Қазір қарайтын болсақ, мектеп оқушылары яғни 16-18 жастағы балалардың өзінің, 25-ке енді аяқ басқан жігіттердің өзінің шашы ағарғандығын байқауға болады. Мұның барлығы «бұл тұқымқуалаушылық фактор» деп айта алмаймыз.
Шаштың ағаруы ғана емес, түсуі, сынғыштығы, жылтырамауы ағзаның шаршауынан мырыш, селен, темір, йод секілді дәрумендердің жетіспеуінен болады.
(Мүслім Яшай, шаштараз)
-Шашқа зиян келтірмес үшін, аммиакмыз шаш бояуын пайдаланған жөн. Аммиаксыз және шашқа еш зияны жоқ бояулар бар, бірақ біз жиі қолданып жүрген шаш бояуларының көбінде 75%-ға дейін аммиак бар.
Аммиак шаш бояуының құрамындағы ең қауіпті зат. Ол өкпенің зақымдалуына, жүйке қызметінің бұзылуына әсер етеді. Сосын парафилемин-диафин деген қоспа зиян. Франция, Америка, Германия сынды елдер шаш бояуына осы заттектің қосылуына тиым салған. Себебі бүгінгі ғылым парафилемин-диаминнің қуық жолы рагынтудыратынын дәлелдеп отыр. Сутек асқын тотығы да шаштың тым құрғай түсуіне әсер етеді. Сондықтан осындай қоспалары бар бояуларды шашта ұзақ ұстамаған жөн.

16
Бір қарағанда зиянсыз көрінетін қарапайым шаш бояуының да адам денсаулығына қауіпті екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
Шаш бояуларының құрамындағы химиялық элементтер денсаулыққа айтарлықтай зиян. Мамандардың айтуынша, одан бауыр көбірек зардап шегетін көрінеді. Шашын жиі бояп тұратын адамдар гипертиреоз (қалқанша без гармонының әдеттегіге қарағанда көп бөліне бастауы), целакия (асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы) мен шорбуын (буынның қабынуы) дерттерінен көп зардап шегеді.
Шаш бояуларын пайдаланатын қыз-келіншектердің 50 пайызынан көбі бауыр ауруларына шалдығатыны дәлелденді. Сонымен қатар, шаштарын жиі бояйтын қыз-келіншектерде түрлі аллергиялық аурулар, бас ауруы, лейкемия ауруы мен шаштың түсіп қалуы кездеседі екен. Бұдан басқа шаш түсуге күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, қандағы темір деңгейінің төмендігі, гормондық үйлесімсіздік, тұқымқуалағыштық сынды факторлардың әсер етуі де әбден мүмкін.
Шашты бояуға жарты сағат уақыт кетеді. Егер оны бөлетін болсақ, он минут аммиактың шаш түбіне сіңуіне кетеді. Екінші он минутта ол сіңе бастайды. Қалған он минутта бояу біркелкі реңкке енеді. Ал аммиаксыз бояуларды 45 минут тіпті одан да көп ұстауға болады. Ол әрі шашты емдеп, ішкі құрылымын жақсартады.
Құрамындағы «В» тобындағы дәрумендер мол шаш бояулары да болады. Ол шашқа ғана емес, бас терісіне қорек беріп, шаш түбін қатайтуға ықпал етеді. Дегенмен, шаш бояуы құрамындағы өзге де формальдегид, натрий сульфаты сынды химиялық заттардың зиянын пайдалы шөптерден жасалған бояулар толықтай баса алмайды, ең дұрысы ақ шаш түсірмеу.

17
Шаш бояуларының экономикалық тиімділігі
Р\с Шаш бояу аттары Бағасы Шаш бояуының сырты
1 “Miss magic” 350теңге

2 “Studio” 600теңге

3 “Wellaton” 680теңге

4 “Syoss” 915теңге

5 “Beauty” 600теңге

6 “Garniercolour naturals” 620\700теңге

7 “Fito color” 320теңге

8 “Effect color” 250теңге

9 “Prestige” 560\535теңге

10 “Gamma” 310теңге

Шаш бояуы – рак ауруын тудырады
Шаш бояуы – көптеген әйелдердің арманын жүзеге асырды. Рас, табиғи шаш түсіне көңілі толмайтын талай-талай бойжеткен бүгінде осы бояудың
18
арқасында қалаған түсіне қол жеткізіп отыр. Тіпті, боялмаған шаш қожайындарының өзін кезіктіру қиынға соғады. Алайда, сол бояулар арты орны толмас өкінішке апарып соқтыруы мүмкін. Британдық ғалымдар бояудың зияндарын анықтады. Бұрындары шаш түсу проблемасымен маман көмегіне жүгінетін әйелдердің орташа жасы – 21 жас болатын. Қазір бұл қиындыққа одан да жас нәзік жандыларымыз тап болып отыр. 2013 жылы науқастардың орта жасы 34-ке жетті. Британдық мамандар шаш түсудің шаш бояу сәнімен байланысты екендігіне сенімді. Бұл косметикалық рәсім алопецияға әкеліп соқтырады. Алопеция – шаштардың қатты тығыздалып тартылу нәтижесінде пайда болады. Ұлыбританияда шашына шағым айтатындардың көрсеткіші соңғы жылда 41%-ға көтерілсе, шаш ауыстыру отасын жасататындар 24%-ға өскен. Шаш түсуге күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, қандағы темір деңгейінің төмендігі, гормондық үйлесімсіздік, тұқымқуалаушылық сынды факторлардың әсер етуі әбден мүмкін. Енді олардың қатарына шаш бояуы да қосылып отыр. Химиялық шаш бояғыш заттардың адам денсаулығына тигізер тағы да бір залалы бар. Таяуда ғана осы Ұлыбританиядағы Green Chemicals компаниясының ғалымдары өздері жүргізген тағы бір тәжірибелік жұмыстардың нәтижесін жариялады. Олардың айтуынша, барлық шаш бояуларының құрамында кездесетін «екінші ретті аминдер» деп аталатын химиялық заттар шашқа және бастың терісіне сіңеді. Сөйтіп, уақыт өте келе «екінші ретті аминдер» түтінді газдармен әрекеттесіп, оның нәтижесінде нитрозаминдер деген өте улы химиялық заттар түзіледі. Осы улы органикалық байланыстар канцерогендi әрекетке ие болып, мутагенді қасиеттерді туындатады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шаш бояуларын пайдаланатын қыз-келіншектердің 60 пайызынан көбі қатерлі ісік ауруларына шалдығады екен. Сонымен қатар, шаштарын бояйтын көптеген қыз-келіншектер түрлі аллергияға да душар болады. Қазақ қыз баласының сұлулығын қашан да шаш ұзындығымен, шаш әдемілігімен анықтаған. Енді сол қолаң шаштарымызды химиялық заттар арқылы отап тастап жатқанымыз дұрыс па?

19
Р\с Шаш бояуы атауы Негізгі бағасы Екі айда бір рет бояғандағы шығын Ай сайын бояғандағы
шығын
1 “Miss Magic” 350тг 350тг х 6ай= 2100тг 350тг х 12ай= 4200тг
2 “Garnier color naturals” 620 тг 620тг х 6ай= 3720тг 620тг х 12ай= 7440тг
3 “Syoss” 915 тг 915тг х 6ай= 5490тг 915тгх12ай=10980тг
Шаш бояуының жылдық шығыны

20
Шаш бояуының құрамы
Шаш бояуындағы улы химиялық заттар Формуласы Шаш қорабындағы белгісі Шаш бояуында не үшін болады Пайда болатын ауру түрлері
Парафенилендиамин
2-ші реттік аминдер NН2 –С6 Н4 –NН2 РДД
Ақшыл түсті бояуда 2%
Қара түстіде 6% болады. Шашқа бояу беретін негізгі зат Аллергия береді
Өлімге дейін апарады
Қатерлі ісік
бауыр
Метиламинофенол СН3- С6 Н4 –NН2 Шашқа бояу беретін негізгі зат Ауыз қуысын ісіреді.
Шок тудырады.
Жүрек жұмысы тоқтайды.
Бауыр асқазан-ішек
Сутегінің асқын тотығы Н2О2 Қораптың ішінде болады. Ұзақ уақыт сақталатын бояуларда көп мөлшерде болды Шаш түседі.
Құрғайды.
Аммиак NН3 Шаш бояуының құрамында Ұзақ уақыт сақталатын бояуларда көп мөлшерде болды Бауыр

21
Шаш бояуы аллергия туғызады

Шаш бояуы аллергия туғызады. Аса ауыр түрінде шаш бояуының әсерінен адамдар көзі соқыр болған. Өлімге әкелген екен.
Шаш бояуындағы натрий сульфаты ең зиянды қоспа. Ол шаш жуатын лосьон мен сусабындарда бар. Бұл қоспадан адам тез қартаяды, шашы сынғыш болып,жұқа болып қалады.

Шашқа арналған маска
1. Жұмыртқаның сарысы
2. Бал
3. Лимон сығындысын араластыры, шашқа 7-8 сағатқа жағып ұстау. Жуу. Шашты жылы ұстау керек екен.
Бұл маскадан кейін адам шашы жылтырап, шаш табиғи терісі жақсарады және шаш қалай тараса сола бағынады
Айранмен жуу. Оның шашқа тигізер пайдасы мол. Жарты стақан айранның үстіне 2 жұмыртқа, лимон шырынын және 4 ас қасық арақ, 2 ас қасық майлы шашқа арналған сусабын қосыңыз. Жақсылап араластырған соң шашыңызға жағыңыз. Артынша шашыңызды целлофанмен ораңыз. Мұндай масканы таңға дейін ұстауыңызға болады. Кем дегенде 4 сағат ұстауға тырысыңыз. Шайған кезде жылы суды пайдаланыңыз. Аталған рәсімді күнде қайталайтын болсаңыз, бір аптаның ішінде шашыңыздың бұрынғы қалпына келе бастағанын байқайсыз.

22
Шаш — нәруызды заттан, кератиннен, күкірт және азоттан кұралады. Шаштың түci оның түбіндегі бояғыш кератинге байланысты. Күніне 100 шашқа дейін түсіп, оның орнына 100 шаш өceдi. Бастағы шаш 2—4 жылда, кipпiк 4—5 айда ауысып отырады. Денсаулығы дұрыс адамның шашы орта шамамен, айына 1 см өседі. Шаштың өcyi, сақталуы, оның түcyi организмнің күшіне, зат алмасуға, жүйке жүйесі мен iшкi секреция бездерінің қызметіне тікелей байланысты. Шаштың жылтырлығы мен майысқақтығы май безінен бөлінетін химиялық құрамға сәйкес өзгереді.
Трихология (грек трихосынан – шаштан, логотиптерден – оқытудан) – шаш пен бас терісі туралы ғылым. Қалыпты (өзгермейтін) шаштың құрылымын, өсу фазаларын зерттейді, сондай-ақ аурулардың алдын алудың теориялық және практикалық әдістерін әзірлейді және шаш пен бас терісін емдейді.

23

Ағаруды қалай тоқтатуға болады?
Денсаулықты жас кезден бастап күту керек. Бұлшашсаулығына да байланысты. Ағарғаншаштыемдеугеболмайды, бірақжаңаағарғаншаштыңпайдаболуыныңалдыналуғаболады. Олүшінкейқарапайымережелердіұстанукерек: – Дұрыстамақтану; – Күйзелістеналшақ болу; – Дәрумендер мен минералдаржиынтығынішу; – Бас терісіне массаж жасау; – Шаштыкүнненқорғау; – Зияндыәдеттерденаулақ болу. Табиғидәрілер де шашағаруынтоқтатуғакөмектеседі. Сәлбен (шалфей), қалақай (крапива), женьшень, аскөкдәні, түйежапырақ (лопух) тамыры, қызылбұрыштұнбасы – олардыңбарлығы осы жағдайдакөмеккекелетінеңжақсықұралдар. Оныңбарлығындәріханадантабуғаболады. Осы құралдардан маска жасаңызнемесешаштышайыңыз. Олардыкезектесіпқолданғанжақсы

24
2.4. Қына – табиғи бояу
Қынаның шашқа пайдасы мен зияны

Өсімдіктің егістіктегі биіктігі – 2-3 метр, табиғи жағдайда 6 метрге жетуі мүмкін. Қынаның жапырағы мен түсінде бояғыш заттар бар. Бұтаның аса үлкен емес ашық жасыл түсті жапырақтарынан бізге таныс ұнтақ алынады. Жапырақтарын ерте жинайды, себебі, неғұрлым жас болған сайын бояу сапасы жақсы болмақ. Құрамында нафтохинон-лаусон, маннит, қышқылдар, тритерпеноид, фенолды глюкозоид, гидрленген илегіш заттар, қара май, органикалық қышқылдар, С және Е дәрумендері бар. Өсімдіктің ақ және алқызыл гүлдерінде раушан гүлін еске салатын өткір, жағымды иіс бар.
Қына – шашқа арналғанең сапалы, әрі табмиғи бояу. Мықты әрі әдемі шаш әр қыздың арманы. Бірақ, барлық шашқа арналған құралдардың өз кемшіліктері болады.
Қынаның ең пайдалы тұсы – табиғи өнім. Бұл өнім қыздар кездесетін көптеген мәселелерге көмектеседі. Ұнтақ табиғи антисептик болғандықтан, қайызғақты кетіріп, бас терісі ауруларын емдейді. Шашты ұштанудан ұзақ уақыт қорғап, әдемі қылып тұрады. Қынаны шаш бояуда қолданамын дегендерге, ол оңай әрі шынайы тәсіл. Оның түсі өте қанық болып шығады. Егер, сіз боялған шаш денеге салған сурет секілді тез кетіп қалады десеңіз, онда алаңдамаңыз. Сіздің шашыңыздың бірнеше күн ішінде өте қанық түске енеді. Содан соң түсі біртіндеп кете бастайды. Ол да өзінше бір түс болады. Шашқа арналған қына аллергиялық реакция бермейді, сондықтан онымен кез – келген адам бояй алады. Қынамен аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдерге бояуға болады.
Көпшілік адам қынаның шашқа зияны тиеді деп ойлайды. Себебі, қына ақ шашты толықтай бояй алмайды. Мысалы, ақ шашты қыздар шаштарын бояғаннан кейін жасыл түске боялғанын байқайды. Табиғатынан бұйра шаштар қынамен боялған соң түзеліп кетеді екен. Ең басты зияны қына шаш терісін де, шашты да құрғатып жібереді. Сондықтан бас терісі құрғақ адамдар қына пайдаланбаған жөн. . Сонымен қатар қына шашты табиғи жылтырлығынан айырады, яғни шаш бояуы кеткеннен кейін шаш айтарлықтай жылтырамайды.

25
Қынаның артықшылықтары мен кемшіліктері
Қынаның артықшылықтары:Әдетте дүкен сөрелерінде көздің жауын алып тұратын бояуларға қарағанда табиғи қына әлдеқайда зиянсыз, химиялық қоспалардан ада болып келеді. Әсіресе, жаз кезінде бояған дұрыс: күн астында көп жүргенде де қына шашта ұзақ сақталады, әдемі, сарғыш, алтын түс береді, шаш күнге жылтырайды. Құрамындағы заттар бас терісін нәрлендіріп, шашты өсіреді, жылтыратады, күш береді. Мамандар қынамен тек табиғи қызыл қоңыр шаштарды бояу керек екенін айтады. Ал ақ сары шашты қыздарымыз түссіз қынаны таңдай алады. Түссіз қына түсті секілді бас терісінің жасушаларын қалпына келтіріп, қайызғақты емдейді, тітіркенуді кетіреді, шаштың түсуін тоқтатады, қалыңдатады. Әрбір шаш тамырынан бастап ұшына дейін қатаяды. Сондай-ақ, химиялық заттарға аллергиясы бар адамдар қорықпастан пайдалана алады. Бағасы да өте қолжетімді келеді.
Қынаның кемшіліктері:Ең үлкен кемшілігі – сізге ешбір шаштараз бояудан кейін қандай түстің шығатынын дөп басып айта алмайды. Себебі, зақымдалған шаштар қатты боялады. Жалпы, шаш табиғи бояуларды жақсы қабылдайды. Бастапқыда бір бұрым шашты бояп көрген дұрыс. Құрамында қына бар бояғыш сусабындар мен басқа да арнайы бояғыш құралдар қолданған абзал. Ашық түсті, химиялық әдіспен бұйраланған, ағарған шашқа мүлде келмейді. Оны екі айдан кейін бір-ақ пайдаланыңыз, жиі пайдаланудан шаш күңгірттеніп кетеді. Қына химиялық бояулармен нашар үйлесетіндіктен, бұрынғы бояуға қайту үшін бірнеше ай күтуге тура келеді. Ұнтақ бояу кезінде шаш құрылымына сіңбейді, бірақ ұзақ уақытқа боялады
Шаштараз кеңесі:Қынаны таза, жаңа жуылған, яғни шамалы дымқыл шашқа жағу керек.Қына бояуын пластикалық немесе керамикалық ыдысқа дайындаңыз. Оны металл ыдыста қолдануға болмайды. Себебі, ұнтақ металлдармен химиялық реакцияға түседі.Қынаны алғаш жуғанда сусабын пайдаланбаңыз. Шашты қарапайым сумен жақсылап жуып, шашқа арналған кондиционер жағыңыз да, жуып тастаңыз. Дұрыс әсер болсын десеңіз, жумай 3 күн жүріңіз. Ең жақсы түсті алғашқы жуыстан кейін байқауға болады. Сондықтан, ертеңгі отырысқа бару үшін бүгін шаш бояу дұрыс нұсқа емес.Қынаның пайдалы қасиеттерін пайдаланып қалғыңыз келіп, алайда бояуға шешім қабылдай алмай жүрсеңіз, құрамында түсті қына немесе түссіз қына бар сусабындарды пайдаланып көріңіз. 2-3 қолданыстан кейін бәрі белгілі болады.

26
«Қынамен» доссыз ба?
Қазіргі таңда трендке айналған қынаның пайдасы қандай, зияны ше? Биіктігі 2-3 метр болатын Лавсония өсімдігін естіп пе едіңіз? Солтүстік Африка мен Шығыс елдерінде кеңінен тараған бұл өсімдік Египет, Үндіс¬тан, Суданда өседі. Лавсония жапырағының жоғарғы бөлігі бояғы¬ш зат шығарады. Өсірушілер осыны ескеріп, жоғарғы бөлігіндегі жапырақтарын ерте теріп алады екен. Себебі, жас жапырақтан сапалы бояу алуға болады. Қынаның үш түрі бар. Ирандық, үнділік, қытайлық. Бұлар қазіргі нарықта жоғары сұранысқа ие тауарлардың қа¬тарында десек артық айтпаған болармыз. Үнділік қынаны жұртшылық жақсы бағалайды. Са¬палы болғандықтан, кез келген дүкеннен таба қоюыңыз қиын. Сондықтан ол үшін ға¬лам¬тор «кезіп», арнайы тапсырыс беруіңіз қажет. Ал қытайлық қына ең қымбаты әрі таптырмасы дейді пайдаланушылар. Қытай шөптен косметика жасайтыны белгілі. Олардың арнай¬ы косметикасы мен емдік дәрі-дәрмектерінің құрамынан таба аласыз. Ал құны қолжетімді, бағасы¬ арзаны – ирандық қына. Оны кез келген шығыстық бояулар сататын дүкеннен ала аласыз.
Бүгінде қынамен шашын бояйт¬ын қыз-келіншектер жетерлік.Құрамында аммиак, резорцин, парафенилендиамин секілді қоспалар болмағанына мән беріңіз. Керісінше зәйтүн майы қосылған түрлерін, қынаны қолданып көріңіз. Алайда шашбояуы химиялық заттардан тұратыны белгілі. Ал табиғи қына бояғышы шашқа түс берумен қатар емдік қасиетімен де ерекшеленеді. Ол шашты аздап құрғатуы мүмкін. Сол себепті пайдалану ережесін білген дұрыс. Қынамен шаш бояғанда, шаш құрғамауы үшін қосымша май, жұмыртқа, айран қосыңыз.

2.5. Кератин
Кератин-пайдасы мен зияны
Шаш күтімінің мамандарының бірі «кератин» бар аса пайдалы қоспа деп жатса, енді бірі оны алдамшы нәтиже беретін «косметикалық жарнама» дейді.
Кератиндік шаш түзету дегеніміз не?
Кератин-беріктігі мол химиялық қосылыстардан құралған фибрилярлық ақуыз. Қарапайым тілмен айтқанда,шашты қоректендіретін қарапайым қоспа. Жалпы адам шашы 90% табиғи кератин ақуызынан тұрады. Оған қосымша кератин қолданса, шаш берік әрі жұмсақ болуы тиіс. Бір өкініштісі, сұлулық салондарда сапалы кератин бола бермейді. Сол себепті, сан-алуан аллергия, шаш түсуі секілді жайттар юолып жатады.
Кератиннің басты пайдалы тұсы не?
Қыз-келіншектер кератиндік емге шаш түзету мақсатында жүгінеді. Бұл процедурадан кейін шаш жұмсақ, әрі жылтыр болады. Кератиндік шаш түзеу шаш түріне байланысты 3 айдан 9 айға жейін жетеді.
Кератин қаупі?
Кератин жағылған шаш әдетте қарапайым шашта ауыр болады, соған байланысты сынғыштығы да жиілей түседі. Шаш түсу мәселесі де міне содан. Сондай-ақ шаш көлемі де азаяды. Дегенмен, біреугерге ол жағымды болуы да мүмкін. Кератин құрамында формальдегид концерогені бар. Косметика өндірісінде бұл қоспаның шегі 0,2% болса, кератиннің құрамында 10,5%-ға жетеді екен.
Кератин жағылған шашты кептіру кезінде зиянды газ бөлінеді. Сондықтан, аяғы ауыр немесе бала емізіп жүрген келіншектерге бұл процедурадан өтуге қатаң тиым салынады.
Кератинмен түзелген шаштың жағдайы

дейін кейін
1. Шаш тарау қиындау болады
2. Жылтырлығы, жұмсақтығы білінбейді
3. Ауа райының қолайсыз кезінде шашыңыз түрін жоғалтады
4. Ток тартқыш болып келеді 1. Шаштараужеңілдейді
2. Жұмсарып, жылтыр кейіпке енеді
3. Қатты жел мен жаңбыр кезінде өзінің бірқалыпты тегістігін жоғалтпайды
4. Шаш қалың болып көрінеді
5. Ток тартқыштығы төмендейді

29
Қорытынды
Шаш адамның сәні «шашың жақсы болса , көркіңде жақсы» демекші. Мен осы жобаны аларда алдыма 5 міндет қойдым, соған байланысты мынандай 5 қортындыға келдім.
1. «Сіз шашыңызды қалай күтесіз?» атты сауалнама жүргізу арқылы 100-дей адаммен сауалнама жүргіздім. Қортындысын шығарғанда
19% – маманмен кеңесемін деп жауап берді
23% – шашқа мән бермеймін деген жауап айтты
17% – түрлі тәжірибе жасайды екен
41% – шашқа үй жағдайында күтім жасайтын болып шықты
2. «Ақ шаш қайдан пайда болады?» деген сұраққа ғаламтордан, әдебиеттерден жауап іздедім. Ақ шашты болдырмау жолдарын таптым.
3. Шаш бояуынан пайда болатын аурулар көп екен. Олар: 50% адам бауыр ауруымен ауырады, қалқанша безі аурулары және аллергия пайда болады екен. Шаш бояуындағы химиялық заттар, оның зиянын зерттеп білдім.
4. Табиғи бояу – қынаның пайдасы мен зиянын білдім. Кератин – шаш түзетуге арналған қоспа адам денсаулығына аса зиян екенін қортындыладым.
5. Сусабындардың сапасын анықтау үшін 5 түрлі сусабын сапасын химиялық жолмен зерттеп көрдім. Нәтижесінде 4 сусабын тұнбаға түсіп, сапасыз екенін білдім. 1 сусабын: «Wash & Go» сапасы жақсы екен.
Шаш бояуын қолданатын тұтынушыларға шаш бояуының «жылдық шығынын» анықтадым.
Жұмысымды қорытындылап адамдарға төмендегідей ұсыныстар жасаймын:
1. Ақ шаш түсірмеу
2. Шашты көп боямау. Егер боясаңыз, 3-4 айда 1 рет бояңыз
3. Сусабынды қолданғанда мен жасаған тәжірибені ерінбей жасап, таңдаңыз
4. Табиғи бояу және халықтық шаш күтімін қолданыңыз
5. Шаш бояудың денсаулыққа зиянды екенін біліп жүріңіз

You May Also Like

Жалбыздың адам өміріне пайдасы, ғылыми жоба слайд

Кресс-салатты өсірудегі биологиялық белсеңді заттарды пайдаланудың ерекшелігі, ғылыми жоба слайд

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі»

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі»  Орындаған: Әшрібек Әсел Тақырыбы:…

Лимон және оның таңғажайып қасиеттері ғылыми жоба

Бағыты: дүниетану Ғылыми жобаның тақырыбы: Лимон және оның таңғажайып қасиеттері Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..…