Тақырыбы: 

Ұлттық тағам құрттың бала ағзасына пайдасы

Бағыты: медицина

                              МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………….

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Құрт түрлері…………………………………………………………………………….

1.2. Құрттың жасалу жолдары туралы түсінік……………………………..

1.3. Құрттың бала ағзасына тигізер пайдасы ………………………………

ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1. Зерттеу нысаны және әдістері ……………………………………

2.2. Тәжірибе ………………………………………………………………………………….

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………….

Аңдатпа

Зерттеу мақсаты:  ұлттық тағамымыздың бірі құрттың бала ағзасына тигізер пайдасын білу

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Қазақ халқының ұлттық тағамы құрт түрлерімен танысу.

2.Құрттың жасалу жолдарын білу.

  1. Құрттың бала ағзасына пайдасын көрсету.

Зерттеу жұмысының өзектілігі

  • Қазіргі уақытта сүттен жасалған ұлттық тағам құрттың бала денсаулығына пайдасы бар екенін дәлелдеу. Құрғатылған, кептірілген сүт- құрт. Бұл тағам ақуыздарға өте бай болғандықтан бала денсаулығына өте пайдалы. Сондықтан құрттың денсаулыққа пайдалы екендігін анықтап, достарыма түсіндіру. Құрттың пайдасын насихаттау үшін балаларға құрт жеуге жағдай жасалса.Ата- аналар балаларына дүкеннен түрлі кампит- тәтті, чипси, кола алып бермей құрт сатып алып берсе…

Зерттеу болжамы: егер балалар қазіргі дүкендерде сатылатын адам ағзасына зиянын тигізетін чипси, барни, креешки, неше түрлі бургерлер жемей құрт жесе тістері көп ауырмайды. Бойлары жақсы өсетіндігін, тұмаумен жиі ауырмас еді.

Зерттеудің жаңалығы:

Құрт- ақуыздарға бай болғандықтан  бала денсаулығына өте пайдалы. Құрт жеген балалардың ең бастысы тістері ауырмайды, дұрыс өседі. Бойлары жақсы өседі. Есепті тез шығарады. Өйткені құртта  адам ағзасына ең көп қажет  болатын кальций дәрумені бар

 Зерттеу әдістері:

– бақылау

– эксперимент

– сауалнама

– сараптау

– диаграмма құру

Тақырыбымызды ашу барысында интернет желісіне сонымен қатар әдебиеттерге шолу жасалды. Өзіндік тұжырым жасала отырып,салыстыру әдісі де қолданылды.

Зерттеу кезеңдері:

I Ғылыми әдебиет көздерін зерделеу.

Мақсаты: құрт туралы мәліметтерді  жүйелеу

II Зерттеудің диагностикалық бөлімі.

Мақсаты:Құрттың түрлерін, пайдасын анықтау.

III Алынған нәтижелерге талдау.

Мақсаты: алынған нәтижелерді талқылау.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Қорытындылай келе  құртты көп жеген бала тез қимылдап, дүниетанымы кеңейіп, есепке жүйіріктігі арта бастайды. Тағы бір қырынан алсақ қазіргі кезде белең алып бара жатқан, қимылдаумаудан пайда болатын аурулардың, соның ішінде семіздіктің алдын -алуына тістері, бойлары дұрыс өсетініне құрттың пайдасы зор. Құрт құрамында фосфор,  көмірсу, кальций, ақуыз бар.Осы дәруменнің арқасында біз жарықты көреміз, түстерді ажыратамыз

Ас қорыту жақсарады.

Дәрумені жетіспесе қызыл иек қанағыш келеді, суық тию ауруына иммунитет төмендейді.Сондықтан құрттың пайдасы зор екеніне көз жеткізу.

Аннотация

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Ұлттық дастарқанымыздың ас мәзіріне ет, сүт, балық, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар көптеп енеді. Ата-бабамыз осынау бай дастарқан мен табиғи құнарлы ұлттық тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес бермеген. Бір тағамның бірнеше жолмен дайындалып, жасалу технологиясының мұқият сақталып, жасалу түріне қарай бірнеше атау берілуінің өзі аналарымыздың тамақтың бабын жақсы білгенін аңғартады. Осы орайда біз бүгін төрт түліктен табиғи жолмен алынып, барынша құнарын сақтай отырып жасалатын, соған сай адам денсаулығына да аса пайдалы құрт туралы айтпақпыз.

І.Кіріспе

                                 Шығу тарихы

Ұлы даланы мекендеген халқымыздың өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғаны тарихтан белгілі. Ұлы даладан өскен ұлтымыз ұлттық дәстүрлерді де барынша сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа дарытты. Мәселен, ұлы далаға жол тартқан жолаушыға салқын сусын мен құрт ұсынған. Ал, құрт жасау қазақ халқымыздың мал шаруашылығымен қатар дамыған. Құрт – қазақтың құты. Ел – жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. «Ағы бардың бағы бар»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтың сүттен жасайтын ұлттық тағамындарының түріне сан жетпейді»- деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық түрлерін айтып беру қиын. Оның ішінде қазақтың ұлттық тағамы құртқа тоқталсақ. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Осындай пайдалы заттардан құралған құртты сан жылдар бойы сақтауға болады. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. .[8]

1.1. Құрттың түрлері

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет

1.2. Құрттың жасалу жолдары

Сүттен айран ұйытып саба немесе көнекке құйып піседі.Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін – әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындан әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді.

Күлше құрт

Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып , дөңгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп керегенің басына , өренің ашасына іліп кептіреді. Көп кептірмесе іші көгеріп кетеді.

Шүйірмек құрт

Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақтың бүгуіне салып, екінші жағына басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебеді.Ашыған сүттен жасалады.

Езген құрт Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол диірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.

Малта  Езілген құрт бөлігі. Ол жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған

Ыстық құрт– қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.

Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды.

Құрт – көже

Қайнатылып, кептірілген қатты құрттан қыстың қатты аязды күндерінде құрт көже дайындайды. Қазанды пешке қойып, су құяды. Аздап күріш салып, қайнатады. Бөлек ыдысқа ұн шаяды да қазандағы қайнап жатқан суға құйып әбден араластырады.1 келіге жақын құртты қайнап жатқан қазанға салып ожаумен жарты сағатқа жуық, құрттың дәмі кіргенше былғай береді. Дәміне қарай аздап тұз қосады. Үстіне сары май салып түстік ас ретінде ішуге болады. Құрт көже әсіресе суық тиіп, тұмауратып ауырғандарға бірден бір ем.

Жасқұрт. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық – бауырға қосқан.

Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай – ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.
Көбік құрт– қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.

Сықпа құрт. Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

Малта– езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.

Ақ малта. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.

Кұрт майы- сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл – желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт – май деп аталады.[1.5]

1.3. Құрттың бала ағзасына тигізер пайдасы

Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған.  Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты,  ауырмайтынына көз жеткіздім.  Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы  мықты болады екен. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса,    қарны  ашпайды, шөлдемейді, ал самолетпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар сияқты. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайды екен .[2.11]

Іші – бауырымыз құрысып – тырысып, көзіміз қарауытқанда,балалар тұмаумен жиі ауырғанда  дәрумені азайып кетті дейді. Ондайда банан, киви, апельсин жейміз.
Біздің ата-бабамыз апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен – жегені нағыз дәрумендер дің көзі екен. Көгорай шалғынды жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, күш – қуаттың көзі екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына “ірімшік” деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің дәмімен тең келе алмайдыб. Әсіресе, ауыл халқы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, 100 грамм сырдың құрамында:

Ақуыздың мөлшері 22, 8 – 34, 5% болса, қазақ ірімшігінде 40 – 42%

Көміртегі 4, 52%- тен аспайтын болса  ірімшікте ол 10, 93% болады.

Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 – 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 – 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 – 227 – ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.

Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 – 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу – тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид, бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін тежейді. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Кеңес заманы тұсында 1958 жылы қымызбен емдейтін сауықтыру орталығы ашылған. .[

Қос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2, 3 – 2, 9% болса, шұбаттағы ақуыз 2, 91 – 4, 93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1, 3 – 2, 5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8 – 9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0, 13 – 0, 21%) мен фосфор (0, 05 – 0, 072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1, 07 – 1, 78%) гөрі қымыз (3, 6 – 7, 3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.

Химия, медицина ғылымдары пайда болмай тұрып – ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып – ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Атам қазақтың ғұмыры аттың жалында, атанның қомында өтсе де, дүниеге небір алып тұлғалы, батыр да дана перзенттер әкелген тылсым сырының де бірі осы болса керек.

          Құрт құрамында фосфор,  көмірсу, кальций, ақуыз бар.

осы дәруменнің арқасында біз жарықты көреміз, түстерді ажыратамыз

Ас қорыту жақсарады

Дәрумені жетіспесе қызыл иек қанағыш келеді, суық тию ауруына иммунитет төмендейді.

2.1. Зерттеу нысаны және әдістері        

Құрт туралы сыныптас достардың арасында сауалнама ұйымдастырдық. Зерттеу сауалнамасына 2 «Қ» сыныбында  24 оқушы бар. Оның 23 оқушысы қатысты.

Құрттың  зерттеу үшін ең әуелі сабақ өткіп ұлттық тағамды насихаттадық.

Содан соң сауалнамалар өткіздік.Ол мынадай сұрақтарды қамтыды.

Тәжірибенің бастапқы кезінде мынадай сауалнама жүргіздік.

р/с Сұрақтар Ия Жоқ
1 Құрт жеп көрдің бе? 0 23
2 Құрттың түрін білесің бе? 5 18
3 Қай түрі саған ұнайды?ащы қышқыл 9 14
4 Құртты қалай жасайды,білесің бе? 11 12
5 Құрт жасауға көмектесіп көрдің бе? 3 20

Тәжірибенің соңғы кезеңінде алынған сауалнамадан оқушыларға біз құрттың пайдасы мен зияны туралы ойларына ой қоса білдік . Оның дәлелін мына кестеден біле аламыз.3 «Қ» сынып оқушылары

Сынып оқушыларына арналған сауалнама

р/с Сұрақтар Ия Жоқ
1 Құрт жеп көрдің бе? 24 0
2 Құрттың түрін білесің бе? 8 16
3 Қай түрі саған ұнайды?ащы қышқыл 11 13
4 Құртты қалай жасайды,білесің бе? 24 0
5 Құрт жасауға көмектесіп көрдің бе? 24 0

3.Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.

Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт бала денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

«Ұлттық тағам құрттың адам ағзасына пайдасы» тақырыбына жазған ғылыми жобасына

Пікір

«Құрттың бала ағзасына пайдасы» тақырыбын  зерттеу барысында  оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, ізденудің арқасында құрттың денсаулыққа пайдасы туралы көп мағлұмат алды.  Құрт туралы көптеген шығармалар оқып, тағы сондай мәліметтер жинақтады. Құрттың ең басты ерекшелігі кез келген жағдайда жеуге болатындығын  білді. Және құрт қолжетімді тағам екенін білдік.

Бұл тағам ақуыздарға өте бай болғандықтан  бала  денсаулығына өте пайдалы. Құрттың пайдасын насихаттау үшін балаларға құрт жеуге жағдай жасалса.Ата- аналар балаларына дүкеннен түрлі кампит- тәтті, чипси, кола алып бермей құрт сатып алып берсе… егер балалар қазіргі дүкендерде сатылатын адам ағзасына зиянын тигізетін чипси, барни, креешки, неше түрлі бургерлер жемей құрт жесе тістері көп ауырмайды. Бойлары жақсы өсетіндігін, тұмаумен жиі ауырмас еді. Құрт жеген балалардың ең бастысы тістері ауырмайды, дұрыс өседі. Бойлары жақсы өседі. Есепті тез шығарады. Өйткені құртта  адам ағзасына ең көп қажет  болатын кальций дәрумені бар екендігін жақсы түсінді. Достарына құрттың пайдасы туралы жақсы насихаттай білді.

Міне соның барлығын оқушы өз бетімен ізденіп оқып, жазып, өз ойын қорытындылай алды.

You May Also Like

Влияние промышленного предприятия “Жезкентский горно-обоготительный комбинат” на подземные воды научный проект слайд

7 санының қасиеттері, ғылыми жоба

Тақырыбы:  7 санының қасиеттері Мазмұны: Кіріспе. ………………………………………………………… 1. Негізгі бөлім. ………………………………………………. 1.…

Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар» Орындаған: Левчук…

Пернетақтаның құпиясы, ғылыми жоба

— Тақырыбы Пернетақтаның құпиясы Бағыты          информатика   Жоба авторы     —   Сынып              —   Жетекшісі        …