Ең үздік ғылыми жоба «Қыстың қымызы-құрт көже» Орындаған: Мұрат Ділнәз

Тақырыбы: » Қыстың қымызы-құрт көже»

 Бағыт: Қоршаған орта мен адам денсаулығы.

 Орындаған: Мұрат Ділнәз Жеңісқызы.

Жетекшісі: Кузкенова Назгүл Мұратқызы.

 Мазмұны

1.Кіріспе

  1. Негізгі бөлім.
  2. Сүт-құрткөженің негізі.
  3. Сүттің қандай заттары адамға пайдалы.
  4. Құрткөже – қыстың қымызы
  5. Құрткөженің даярлау әдісімен танысу.

Кіріспе 

Мен, Мұрат Ділнәз Жеңісқызы, Екібастұз қаласының тұрғыны болсам да, ата-тегім еліміздің көріктіде, әсем баянауылдың азаматтары Жосалы елді мекені Атам мен Әжемнің тұратын ауылы.

Біз жанұямызбен ауылға жиі барып тұрамыз. Ауыл маған өте ұнайды.Ауылға кіре берісте оң жақта біздің  ата-балаларымыздың мекені болған Қызылтау көрініп тұрады.

Одан әрі Айыртау, Үйтас, Жуантөбе болып бір-біріне жалғасқан таулар сәнді көрінеді.

Ал ауылдың сол жағы малдың жайылымына қолайлы жазықтау жер алып жатыр.

Атам осы тауларды ерекше құрметтейді оны атамның өз жеріне арналған «Қызылтау» атты өлеңінде былай дейді.

Шоқтығы биік бейнелі

Шоқпар тасты  Қызылтау

Көк майсалы өлкелі

Терең құзды Қызылтау

Айнала көз жетпес

Салаңнан су кетпес

Қысы-жазы басыңнан

Өрісің малды, өңірің аңды

Жарасымды  жайлауы

Тасы нұр шашқан

Даңқы бір асқан

Қызылтауымнан  айналдым.

Атам өмір мектебінен сабақ алып шыңдалған, көпті көрген ауылдың құрметті де, сыйлы қарттардың бірі.

Атам әңгімешіл адам, кітаптарды көп оқиды, өзінің шағын кітапханасы да бар.

Атамның  әңгімесі бәріміздің жиналып қалған кезде басталады.

Өзінің туып өскен жері, ата-бабасының мекені болған Қызылтау туралы, балалық

Сүт – құрткөженің негізі. 

Мал және онан алынатын өнімдер – қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек.сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарханынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады.

Сүт тағамдары денсаулыққа да пайдалы және қоректік қасиеті де мол.

Құрткөже

Ата-бабаларымыз қыстың қымызы деп атап кеткен құрткөженің орны бір бөлек. Енді осы көже қалай дайындалады. Алдымен қанша әзірленетінін әркім өзі мөлшерлеп біліп алады. Мысалы, 4 немесе 5 литрдей көже дайындау қажет делік. Бұл үшін осы шамадағы суға татымына қарай тұз, қайнаған кезде аздап күріш немесе сөк салады. Енді бір басқа ыдысқа суық су құйып, оған 1-2 кесе ұн қосып, түйіршіктері кеткенше әбден араластырған соң қоймалжың тартып, сәл қоюланады. Мұны жоғарыда айтылған күріш (немесе сөк) қосылған қайнаған суға қосып тағы араластырады. Сонда соңғы ұн қосылған су қайнап, пісіп қоймалжың көжеге айналады.

Осыдан соң езетін құрттың өзін екі-үш рет қайта жуып, сыртындағы шаң-тозаңдары әбден тазартылады. Құрт та әзірленген су мөлшеріне қарай алынады.

Құрткөженің дәмі, татымы, әрине, оны дайындаушыға, яғни құрт езушіге байланысты болады. Дегенмен бұған құрттың сапасының да зор әсері бар. Әсіресе қой сүтінен жасалған құрттың тамақтық құнары, дәмі мен сапасы өте жоғары болады. Өкінішке қарай, бұл күндері қой сауу мүлде азайды, тіпті жоқ десе де болады. Бүгінде құрт тек сиыр сүтінен жасалады. Бұдан да дәмді әрі тұщымды көже дайындауға әбден болады.

Сонымен жоғарыда айтылғандай, мөлшерлі ыстық суға бір аяқтай құрт салып, оны езеді. Қоюланып езілген құрт қайнатылған суға қосылады да, оның сұйығы езіліп жатқан құрт үстіне қайта құйылыпғ тағы да езіледі. Осылайша бірнеше рет қайталанып, әркім қалауынша қою немесе сұйық етіп дайындайды. Қойылту қажет болса ұн, сұйылту қажет болса аздап су қосылады. Міне, енді осы езулі құртты қосқаннан кейін, көжені қайта ысытып, оған қажетінше сары май, шыжық салып сапырады. Сонда әзірленген тағам әбден бабына келеді. Осыдан кейін оны кесе, аяққа құйып ұсынады. Құрткөжені сорпаға да езеді. жанға шипа, бойға қуат беретін өте күшті, қадірлі тағам. Ерте кездерде қысты күндері алыс жолға шыққан жолаушылар немесе далада айлап боран мен аязда жүретін жылқышылар күні бұрын құрткөже ездіріп алып арнаулы ыдыстарға (әсіресе тері ыдыстарға) құйып сақтаған. Шынында да құрткөже қысты күндері тоңдырмайды. Оның қуаттылығы сондай, бір атамыз аязда тонып келіп, екі-үш аяқ ыстық құрткөжені жеделдете тастап жіберіп бойы жібіген кезде «бәйбіше, күн жылынды білем, боз аттың жабуын алып тасташы» деген екен. Бір сөзбен айтқанда, қасиеті де, қадірі де мол құрткөжеміздің әр қазақ дастарқанында болып тұрғанына не жетсін.

Сүттің қандай заттары адамға пайдалы.

 Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, айран, уыз, май, сүзбе тағы басқаларын күнделікті пайдаланамыз. Бұлардың барлығының да адам денсаулығына тигізер пайдасы мол.

Сүт – басқа ешқандай азық- түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сондай- ақ сүт амин қышқылдарының, макро және микроэлементтерінің, витаминдерінің таптырмайтын көзі. Сүт және оның өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальцийді, дәрумендерді (A, B2, B1, E, D, C), сондай-ақ көптеген басқа қоректік құндылықтарды жеткізеді.

Сүттің жоғары коректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: бір литр сүт құрамындағы белок мөлшері – 150 г., ол сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы белоққа тең. Сүттің жарты литрі адамның амин қышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің бір литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белоққа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің1/3 бөлігін қамтамасыз етеді екен.

Сүт – мал баққан қазақ жанұясының негізгі тағамы.

Сүттен қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.

Қай түліктің болса да соңғы иіндісі, соның ішінде қойдың жебе сауған сүті қою, әрі майлы, жұғымдылығы да жақсы келеді. Мұны қазақ шаруалары ғасырлар бойғы бай тәжірибелерінен жақсы біледі.

Көк сүт – қаймағы алынған нәрі аз сүт.

Қатырылған сүт- мұздатып ұзақ сақтайтын сүт.

Майлы сүт -қаймақтан сары май айырғанда іркіліп шығатын қышқыл сут. Оны кейде сол күйі сусын ретінде ішкен, кейде қайнатып ақірімшік жасаған. Шайқалған майды шынылау үшін суық суға салып сығымдаған, одан қалған сүтті май сүтінің шалабы деп, кей жерлерде май шалап деп атаған.

Қатық – көбінесе қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран.

Айран – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Қатыққа қарағанда сұйық болады. Айран- шөл басуға таптырмайтын сусын.

Айран мен қатықты қазақ халқы сүт, су қосып, сұйылтып та ішеді. Сүт қосылғанын қойыртпақ, су қосылғанын шалап деп атайды. Ұйытылған айран – әрі тамақ, әрі сусын, әрі адам денсаулығына пайдалы. Мысалы, гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады.

You May Also Like

Асық – ұлттық ойын, ғылыми жоба уорд

Силикатты материалдардың саласы, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс: Силикатты материалдардың саласы» Бағыты: Химия   Мазмұны: Аннотация Кіріспе Негізгі…

Судың құпия сырлары, ғылыми жоба

Судың құпия сырлары І Кіріспе 1 Су-өмір бесігі Жер шарында суды тіршіліктің…

Сүлік- сиқырлы емші, ғылыми жоба

Жоба тақырыбы: «Сүлік- сиқырлы емші» Мақсаты: емдік қасиеттерімен аты аңызға айналған «әулие…