Мазмұны:

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..3

  1. Мектепалды даярлық жағдайында ересек тәрбиеленушілердің зерттеу іс-әрекеттері……………………………………………………………………………………………….5

Қорытынды…………………………………………………………………………………………..16

Кіріспе

Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан теңескен емес. Баланың ақылы, ой-сезімі тәрбиешінің ерік-жігері, таусылмас мол қажырлы мен сабырлы, еңбекқорлығы арқасында жетіледі. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтарға келешекте өз өмірлерінің,  олардың жастық қабілеттерінің нені қабылдап өрістете алулары қабілеттіктеріне жаңалықтылық концепцияларды үйлестіре білуге тәрбиеленуде және де осының арасынан дұрыс бағыт тауып өз кірген ортасында негізді бейімділік тауып әрқашан өзгерістерге бейімділікпен тәрбиеленуі қажет.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде баламен жұмыс жасаудың тиімді жағы – зерттеу жұмыстары. Дегенмен зерттеу жұмыстары өз алдына бір сала болып енгізілген жоқ. Балабақшадағы баланың іздену жұмыстарының негізгі әдістерінің бірі – зерттеу. Бұл әдістің негізгі жетістіктерінің бірі – баланың затпен, материалмен тікелей қарым – қатынасы. Зерттеу кезінде бала өзінің қажетін қанағаттандырады, ойлау, есте сақтау, зейінін тұрақты қалыптастырады, бақылау, салыстыру, орнына қою сияқты дағдыларды бойына дарытады.

Бұл тақырыптың өзектілігі: Қытайдың ғалымдарының мынандай сөзі : «Айтсаң- ұмытамын, көрсетсең – есіме сақтаймын, қолдансам- түсінемін». Бала көріп өзі жасаған нәрсесін көпке дейін есіне сақтайды. Сол үшін балалардың зерттеу жұмыстары мектепке дейінгі жастан басталуы маңызды. Себебі, мектеп жасына дейінгі бала өзіне қалай? Неге? Деген сұрақты көп қояды.

Қазіргі уақытта біздің алдымызда тұрған өзекті мәселе – ертеңгі күннің білімді ұрпағын жан – жақты қалай тәрбиелейміз? Оның жолында қандай қолдау көрсетеміз? Осы сұрақтарды шешудің мақсатын ойластыру заман талабы..

Сондықтанда баланы үнемі мынау не, анау қалай деген қызығушылыққа ерте жастан үйретуіміз қажет. Бала неғұрлым тапсырма қызықты болған сайын оны орындауға белсене араласады. Бұл жағдайда зерттеу- ізденушілік жұмысың маңызы зор.

Жобаның мақсаты: Мектепалды даярлық жағдайда ересек тәрбиеленушілердің зерттеу іс-әрекеттерін анықтау.

Жобаның міндеті: Бұл мақсату жету барысында алдымызға келесі міндеттерді қойдық:

– мектепалды даярлық топтағы тәрбиеленушілердің зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

– зерттеу бағытындағы ұйымдастырылған оқу – қызметінің құрылымын құрастыру;

– мектепке дейінгі балалардың зерттеу – іздену жұмыстарының түрлері, т.с.с.

– балалардың зерттеу тақырыптарын анықтау.

  1. Мектепалды даярлық жағдайында ересек тәрбиеленушілердің зерттеу іс-әрекеттері

Балалар зерттеу жұмыстарын өте жақсы көреді. Бұл дегеніміз зерттеу жұмыстары баланы – қызықтырудың бірден бір әдісі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға зерттеу әдісі бастаушы, ал алғашқы 3 жылда қоршаған ортаны танудың тиімді бөлігі. Балалармен зерттеу жұмыстарын әртүрлі үлгіде ұйымдастыруға болады.

Саяхат, серуен, еңбек, бақылау, өзіндік жұмыс.

Зерттеу- іздену жұмыстарын төмендегідей бөлуге болады:

  • Жұмыстың түрі мен бағытын анықтау;
  • Зерттеудің шешімін табатын жол іздеу;
  • Зерттеудің жүргізілуі;
  • Алынған нәтижені талқылау;
  • Қорытынды.

Зерттеу бағытындағы ұйымдастырылған оқу – қызметінің құрылымы:

  1. Зерттеу мақсатының қойылуы;
  2. Баланың есте сақтауына, зейініне, ойлауына арналған тренингтер ұйымдастыру;
  3. Өмір қауіпсіздігін анықтау;
  4. Зерттеудің жоспарын анықтау;
  5. Құрал – жабдықты немесе орынды таңдап алу;
  6. Балаларды шағын топтарға бөлу;
  7. Зерттеу жүргізілген жұмыстың нәтижесі.

Осы жағдайда ғана іздену зерттеу жұмыстары балаларды өз қоршаған ортасын жан – жақты тануға көмектеседі.

Өйткені, бала – қоршаған ортаны табиғи зерттеуші. Бізді қоршаған ортаны бала зерттеп қана айырады. Қазіргі уақытта балалардың танымдық қабілеттерін зерттеу жұмыстары арқылы дамытудың, рөлі ерекше, зерттеушің бала отырып, бала өзін жеке тұлға етіп қалыптастырып алады. Себебі, әр баланың жеке танымдық қабілеті бар. Бала өзі қолдан жасаған зерттеуінде қоршаған ортаны жақсы тани алады. Зерттеу жұмыстарында балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі.

Ересек тәрбиеленушілердің барлық құмыстың құрал – жабдықтары күрделі, әрі жан – жақты болуы қажет.

Ересектер топтарында зерттеу жұмыстарының көпшілігі су, құм, жарма, фасольмен тиімді. Балалардың зерттеу жұмыстарына бейімделуі оның қаншалықты құнды материалдармен жұмыс жасауына байланысты, себебі неғұрлым балаға қызықты болса соғұрлым зерттеу жұмысы нәтижелі болады. Тәрбиеші зерттеу кезінде неден шығу керек? Оған не нәрсе керекті? Ең алдымен тәрбиеші баланың өзі ізденуіне жағдай жасау керек. Зерттеу жұмысы іздену бағытының негізгі түрі. Сондықтан ол қызықты және әртүрлі болу өажет. Жұмыстың түрі түрленген сайын бала одан жаңа жаңалықтар алып жылдам және жан жақты дамып отырады. Зерттеу – бала үшін өзін қоршаған ортасын моделдеу құралы болып табылады.

Мектепке дейінгі балалардың зерттеу – іздену жұмыстарының түрлері.

Жас ерекшелік негіздері қандай?

Бірінші кіші және екінші кіші топтар: Іздену жұмыстары негізінен бала бойында кіші жастан байқалады. Олар үшін зерттеу қарапайым заттардан басталады. Бала құммен ойнағанда, ойыншықтармен ойнағанда алғашқы зерттеу әрекеттерін көрсетеді. Мысалы: (құмның суға еруі, қардың суға айналуы, қағаздан жасалған ұшақтардың немесе ойыншық ұшақтардың ауада ұшуын бақылау, сабын көпіршіктерімен ойналатын ойындар). Осылардың барлығы кіші жастағы балалар үшін өте қызықты.

Ортаңғы топтар: Ортаңғы топқа келгенде зерттеу жұмысы бірте бірте күрделіне түседі. Балалар қиын сұрақтарға да жауап табуға дайын болады.

Тұқымдар қайда тұрады? Мысалы: Гүлдің ішінен тұқымды өздігінен іздеп табу. Олар қалай астыққа айналады? Қалай қамыр илеуге болады? Неге күз бізге көп байлығын береді? Деген сұрақтардың жауабын олар өздері табуға тырысады.

Ересектер тобы: Ал бұл жастағы балалардың қоршаған әлемді білуге құштарлығы күрделене түседі. Заттар қалай орналасқан? Деген сұрақтар оларды көп мазалайтын болады. Ересектер тобында біз күрелілеу зерттеулерді ұсынамыз. Мысалы: бірнеше өсімдіктердің дәндерін беріп, оларды ажыраттыру. Заттардағы ауаның түрлі жағдайда болуы сияқты зерттеулерді жүргізуге болады. (қажетті құралдар: су құйылған стакан, трубочка, губка, мақта, топырақ, құм).

Іс тәжірибе: суды трубкамен сорып, су сорғышқа жіберу, оған мақтаны салу, мақтаны құмға салу, қолға алып топырақ лақтыру. Суда көпіршіктер пайда болады. Бұл ауа барлық жерде бар деген шешімге келеміз.

Ересектер тобының балаларын сонымен бірге төмендегі заттармен таныстыруға болады:

  • Дөңгелек жер шарымен;
  • Мерзімдік және бір күндік өзгерістермен;
  • Ауаның қасиеттерімен;
  • Заттардың өлшемдерін салыстырумен;
  • Жер шарының қасиеттерімен;

Топтағы балалардың зерттеу тақырыптары.

Балалардың зерттеу тақырыптары қандай болуы керек? Оны үш топқа бөлуімізге болды:

– Фантастикалық;

– Эмпирикалық (практикалық);

– Теориялық.

Фантикалық – бұл баланың қиялдауынан туындайтын зерттеу. Мысалы: Космостық жоба құруы. Бұл баланың жасаған макеті, салған суреті, құрылыс материалынан жасаған құрылысы болуы мүмкін.

Эмпирикалық (практикалық)– бұл баланың жеке қызығушылығынан туындайтын зерттеу. Яғни, баланың өлі және тірі табиғатты, жануарларды, бақылап зерттеуі. Мысалы: Балалармен попугай алатын болсақ (түстерді қалай қабылдайды, қатты дауыстан, шапшаң қимылдан қорқа ма, музыканы сүйе ме) оның қимыл әрекеттерін жан жақты бақылайды.

Теориялық – бұл алдын- ала жинақталған тарихи заттарды зерттеуден туындайды. Қазіргі уақытта балаларға арналған зерттеу жұмыстары туралы әдебиеттер көп. Мысалы: иттің өзін зерттейтін болсақ (оның түрі, түсі, не жейді, нені қалайды).

Балалардың барлығы өздігінен қиялдағанда жақсы көреді.

Эсперимент (зерттеу) – ізденудің ең негізі әдістерінің бірі. Зерттеу әртүрлі бағытта жүзеге асырылады. Педагогтың ұйымдастыруымен, баланың өз қалауымен. Балаларға тәрбиешімен бірге ашқан жаңалығы, затты анықтауы сияқты іс әрекеттер қатты ұнайды. Олар осы жаңалықты үйге ата анасына айтқанша асығады. Барлық зерттеу белгілі бір іс әрекетті талап етеді. Ол үшін біз алдымен жағдай қарастырамыз. Топта шағын зертхана ұйымдастыру, бұрыштар тағайындау. (қажетті құрал жабдықтармен қамту).

Біздің міндетіміз зерттеу жұмысына көмектесу, оны пайдалы қылу. Тақырыпты таңдағанда бұл зерттеуге қажетті құралдармен қолымызда бар ма алдымен соны ескереміз. Зерттеудің бастапқы шешімінен ізденудің жолдарын қарастырамыз.

Зерттеу жұмыстары кезінде баланың ақыл ойы жақсы дамиды. Балаға біз айтқанымыздан гөрі, өзінің қолымен ұстап көрген нәрсесі қызықты әрі жылдам есінде қалады.

Тақырып таңдауда төмендегі ережелерді ескереміз:

– Тақырып бала үшін қызықты және оны еліктете алатындай болуы;

– Тақырып бала орындай алатындай, баланың жеке қабілеттерін ашып, ақыл ойын дамытатындай болуы;

– Тақырып ерекше, қызықты жақтары көп болуы;

– Тақырып жұмыс аз уақыт алатындай болуы;

Зерттеудің құрылысы:

  1. Тақырып таңдау.
  2. Мақсатты шешуге ұмтылу.
  3. Міндеттерді шешудің жолдарын қарастыру.
  4. Материалдар жинақтау.

Балаларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, тәрбиеші әр баланың зерттеу қабілеттерінің жеке дара екенін ұмытпауы керек. Осы тұрғыда қабілеттерін дамыта отырып, жетістіктерге жеткізуге мүмкіндік туғызады. Психология ғылымдарының докторы, профессор А. И. Савенков ұсынған оқушының зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құралдарына сүйене отырып, зерттеу қабілеті моделін талдап көрсетуге болады.

Зерттеу қабілеті жүйесінің моделін төмендегі құрамдас бөліктің кешені ретінде құрастыруға болады:

  1. 1. ізденіс белсенділігі;
  2. дивергентті ойлау деңгейі;
  3. конвергентті ойлау деңгей;

«Ізденіс белсенділігі» өлшемі – зерттеу әрекетінің басты қайнар көзі және негізгі қозғаушы күші ретінде роль атқарады. Ол зерттеу қабілетінің мотивациялық құрамдас бөлігін сипаттайды. Ізденіс белсенділігіне деген талпыныс биологиялық қасиет болғанымен, кейде сыртқы факторлардың әсерінен де дамуы мүмкін. Жоғары мақсаттылық (мотивация), қызығушылық, сезіммен берілу – «ізденіс белсенділігіне» бағытталған зерттеу әрекетінің қажетті құрамдас бөлігі.

Дивергентті нәтижелілік немесе дивергентті ойлау қабілеті мен бейімділік зерттеу мінез құлқы жағдайындағы аса маңызды қасиет. Себебі ол проблеманы көру және оны шешу варианттарын іздеу (гипотеза) этапында үлкен роль атқарады. Дивергентті ойлаудың нәтижелік, өзгешелік, ойлау икемділігі, идеяларды өңдеу қабілеттілігі деген сияқты маңызды сипаттамалары зерттеу іс-әрекетін табысты жүзеге асырудың міндетті шарттары болып табылады. Бұлар зерттеулік әрекеттің ажырамас бөлігі.

Зерттеу әрекетін қажет ететін нақты жағдайларда жоғары дамыған конвергентті ойлау қабілеті болмаса, дивергентті ойлаудың да, іздену белсенділігінің де пайдасы жеткіліксіз. Себебі, конвергентті ойлау – проблеманы талдау мен синтездей білу қабілеттері арқылы қисынды алгоритмдер негізінде мәселені шешу дағдысымен тығыз байланысты, бұл сатыларда жағдайды саралау мен бағалау, ойлар мен тұжырымдар жасай білу маңызды. Ол зерттеу объектісін табысты дайындау және жетілдірудің, берілген ақпараттың, бағалаудың және рефлексияның басты жағдайы болып табылады.

Мектепке дейінгі білім беретін бүлдіршіндердің зерттеушілік кабілеттерін арттыру – заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да мектепке дейінгі білім беретін мекемесі баласынын терең теориялық ойлауға кабілеттілігін арттырып отыр.

Қазіргі мектептерде зерттеу арқылы оқыту баладардың танымдық қабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талыпыныс бала мінезіне тән касиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, яғни мұғалімдер баланың оқу-іс әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтатуға талпыныс жасайды.

«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты – оқушыларда адам мәдениеті дамуының кез-келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу әрекеті – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі балаларда арнайы білімді қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті бағдарламаны өңдеу қағидаларын анықтаған.

Баланың танымдық іс әрекетін табысты жүргізу үшін А. И. Савенков әдістемесі бойынша зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін 5 қағидасын анықтаған. Олар:

  • Зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру қағидасы;
  • Зерттеу біліктері мен дағдыларының өзіндік құндылық қағидасы;
  • Пәнаралық байланыс қағидасы;
  • Тренингтерге сүйену қағидасы;
  • Импровизация қағидасы.

Әр мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшеліктері, құндылықтары және қалаулары болады. Әр уақытта сыртқы факторлардың әсерінен олардың қызығушылықтары бір құбылыстан екінші біреуіне ауысуы мүмкін. Бір білімді әр бала әр түрлі қабылдайды. Оларда зерттеулік ізденістің әр түрлі біліктері мен дағдылары көрініс тауып, қалыптасуы мүмкін. Сондықтан тәрбиеші балалардың осы ерекшеліктеріне икемделуі керек, бұл үшін ол өз жоспарларын әрқашан  өзгертуге және оларды қайта туындаған жағдайларға сәйкес түзету жүргізуге дайын болуы тиіс.

Зерттеу әрекеті кезінде балалар анықталмаған ортаға түседі, бұл олардың танымдық және шығармашылық әрекетін белсендіреді. Зерттеу әрекетін құру практикалық әрекеттің барлық кезеңдерінде балаларды енгізуге негізделеді. Зерттеу әрекеті баланың өз бетімен жұмыс жасауға, қарым-қатынас жасай білу сияқты тұлғалық сапаларының дамуына, жоспарлау, рефлексиялауға, ақпаратты іздеу және өңдеуге, сонымен қатар психикалық және танымдық процестердің дамуына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі білім беретін бүлдіршіндердің зерттеушілік қабілеттерін арттыру – заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да мектепке дейінгі білім беретін мекемесі баласының терең теориялық ойлауға қабілеттілігін арыттырып отыр.

Қазіргі балабақшаларда зерттеу арқылы оқыту балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талыпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамның, өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзкарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Балабақшада балалар зерттеу жұмысының толық циклын жүргізеді. Алдымен зерттеу тақырыбын таңдағанда, балаларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болуы қажет. Оның мақсаты – таңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты ата-анасымен жинастырып, шағын баяндама дайындайтынын алдын-ала түсіндірілуі керек. Қалай жұмыс істейміз? – деген сұрақтар туындайды. Әрине, бұл  жұмыс түрі кішкентай балалар үшін күрделі және жаңа.

Жұмысты қарапайым сұрақтардан бастадық мысалы: «Ең алдымен не істеу керек? Зерттеуді ғалымдары неден бастайды?» Әңгіме барысында балалар ең негізгі әдістерді өздері  ұсынады: «Кітаптан оқу», «Қолмен ұстап көру», т.б. Әр жауаптан кейін бүлдіршінді мадақтап, алдына сол әдістің үлестірмесін қою қажет. Осындай жұмыс барысында балалардың алдында зерттеу жұмысының тізбегі құрылады (балалар айтпағанды, тәрбиеші өзі айтып кету керек). Біздің тәжірибеміз бойынша, балалар «Эксперимент», «Компьютерден қарау», «Мамандарға сұрақтар қою», «Байқау» деген әдістерді ұсынылады да, ал «Өзіме ойлану керек» дегенді ұмытып, айтпайды. Сонымен, алдымызда зерттеу жұмысының жоспары құрылады.

Жеке ойлану, кітаптардан қарау, компьютерден қарау, эксперимент сияқты жұмыстар ұйымдастырылады. Бұл жұмысқа кірісу үшін, фиксация тәсілдері бойынша келісім жүргізу керек. Жиналған ақпараттарды есте сақтау қиын, сондықтан оларға белгі ұсыну керек. (біз үшін пиктографиялық жазу). Белгілер әртүрлі болуы мүмкін: яғни сурет, символ, т.б. Алған ақпараттарды пиктографиялық  жазу арқылы түсіргенде, біз баланың әртүрлі сенсорлық жолдарымен жұмыс істегенін бақылаймыз (есту, көру, иіскеу, т.б.) Ендеше, пиктографиялық жазудан алған әсерлері бала үшін ұмытылмайтын, қымбат акпарат болып есептеледі. Әдемі салғанына, дұрыс салғанына біз тоқталмауымыз керекпіз, біздің мақсатымыз баланы осы белгілерді тез және өзіне түсінікті етіп салғызуға үйрету.

Белгілерді түрлендіруінде баланың ассоциативті және шығармашылық қасиеттері бірден оның дамуына әсер етеді. Зерттеу тақырыптары қыркүйек айында оқушылардың қызығушылықтарына байланысты тандалады. Балалардың зерттеушілік қызығушылыктарының бағыттарын анықтау бағытында жыл басында төмендегідей мазмұндама сауал алынып, қорытындысы негізінде тақырыптар берілді. Тақырыптарды бүлдіршіндердің өздері тұжырымдауға тиісті.

Тәрбиешінің ғана қолынан келетін нәрсе – ол балалардың ісіне деген қызығушылығын өшіріп алмай, ары қарай астыруы. Яғни, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, балаларға берілетін тапсырмалардан ерекше тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, дидактикалық ойындар беру арқылы қызығушылығын ұстемдеу, сұрақтармен мәселелерді шешуді, өз бетімен іс істеуге үйрету, зерттеуге баулу. Тәрбиеші өз жұмысында баланың барлық мүмкіншілігін, белсенділігін көрсетуге жол ашып, алынған білімі мен біліктілігін дұрыс қолдана білуге үйрету, берген материалдың ең түйінді негізін, құндылығын, өз бетінше қорытынды жасай білуге, зерттеушілікке, арманшылыққа баулу үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдануы керек. Зерттеу іс-әрекеті арқылы күтілетін нәтиже: бала өзі оқып, өзі зерттесе өзін-өзі тексеріп, өз қатесін өзі түсінсе ғана жоғары жетістіктерге жетуге болады. Себебі, бала тапсырманы орындау барысында:

  • өзі жұмыс істейді;
  • жолдастарына көмектеседі;
  • олардан көмек алады;
  • тәрбиеші түсінігін қолданады;
  • өз ойын тұжырымдауға үйренеді;
  • қате жіберу арқылы түзетулер жасауға үйренеді;

Есте сақтауы жақсарады, яғни топтық жұмыста ол топтың мүддесін қорғау үшін талпынады, тырысады, өзін сол қоғам мүшесі ретінде толық сезінуге, сезіне отырып, топ ішіне жолдастарынан қалып калмауға тырысады.

Зерттеу әрекеті – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі балаларда арнайы білімді қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті бағдарламаны өңдеу қағидаларын анықтаған.

Зерттеу әрекетін құра отырып, балалар өздерінің білімдері мен өмірлік тәжірибесін ғана пайдаланбайды, сонымен бірге өз ойларын нақты, әдемі, дұрыс білдіруді үйренеді. Мектепке дейінгі кезеңнен зерттеу элементтерін қолдану кез-келген өзгермелі ортаға бейім тұлғаны даярлауда қолайлы деп санаймын.

Қорытынды

Балалармен жасалатын зерттеу жұмыстары нәтижесінде балалардың ойлау қабілеті артады, өзі білуге еңбектенуге жол ашады. Зерттеу топтық немесе жекеше болуы мүмкін. Балаларды ол не, мынау қалай деген сұрақтарға жауапты жиі іздеуі зерттеудің топтық ұйымдастыруы. Зерттеу кезінде баланың құрдастары мен үлкендермен қарым қатынасы оны алдына мақсат қоя білуге, еліктей отырып, іс әрекет істеуіне мүмкіндік береді. Бала өзін өзі тексереді, бағалап үйренеді.

Зерттеу (эсперимент) жұмыстарын ұйымдастыруда педагог нені ескеруі керек? Бала шығармашылығын сынауға болмайды. Баланың зерттеуін төмен бағалауға болмайды. Баланың әрбір іс әрекетіне қызығушылық тудыру. Іс әрекет кезінде кезінде бала өз қателігін көре білуге талпынады. Баланы өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу. Зерттеу кезінде тапсырманы аяғына дейін орындауға тәрбиелеу. Зерттеу жұмысын баланың қызығушылығы аяқталғанға дейін қорытындылауымыз қажет.

Білім – бәсекеге қабілеттіліктің басты өлшемі екені белгілі. Тәрбиешілер, ұстаздар қауымы ұлы істердің ұйытқысы болып, еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, қазақ елінің гүлденуіне өз үлесін қоса береді.

Балабақшалардың, ата-аналардың және тәрбиешілердің өздерінің кішкентай азаматтарынан күтетін үміттері жоғары деңгейде екені баршаға мәлім. Сондықтан, қоғамдық ортада  өз ойын еркін де толық, жеткізе білетін, бесекеге қабілетімен құзыретті, шығармашыл, кез келген іс-әрекетке жан-жақты көзқараспен қарайтын, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру тәрбиешінің мақсаты деп ойлаймын.

You May Also Like

Компьютерлік мультфильмнің жасалу жолдары, ғылыми жоба

Төрт-түліктің бірі-қой, ғылыми жоба слайд

Қазақ халқының жеті кереметі, ғылыми жоба

Қазақ халқының жеті кереметі Секция: қазақ тілі мен әдебиеті  Жобаның авторы: Артемьева…

Асқабақ пістесі мен күнбағыс пістесінің пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Негізгі бөлім.. 5 Пісте түрлері 5 1.1 Асқабақ және оның пістесі 5…