Ғылыми жобаның бағыты«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар  саяхат маршруттары».

 Секция:  Әдебиет

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Абай ұрпақтарының шығармашылығы мен тағдыры »

Мазмұны 

Абстракт________________________________________________3-5

 Аннотация_______________________________________________6

Ғылыми жобаның өзектілігі, мақсаты ______________________7

Кіріспе___________________________________________________8

          I тарау. Ғылыми әдебиеттерге шолу

  • Ақын салған сара жол________________________________ 9

II тарау. Зерттеу бөлімі

2.1 Ұрпағымен мың жасайтын- ұлы ақын.___________________11

2.2  Абай ұрпақтарының тағдырлары  ______________________13

2.3   Абайдың қуғын-сүргін көрген ұрпақтары _______________16

2.4 Абай ұрпақтарының шығармалары.    ___________________23

Қорытынды _____________________________________________ 32

 «Абай ұрпақтарының шығармашылығы мен тағдыры» 

Автор: Мен Кәріпбай Аружан, «Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ-нің

10-сынып оқушысымын. ШҚО,  Абай ауданы,  Кеңгірбай би ауылы.

Жетекші: Мұқанқызы Гүлжанат,   Шәкерім орта мектебінің

қазақ тілі   мен әдебиет  пәнінің мұғалімі.

Ғылыми- жетекші: Мырзақасым Әсет «Абай елі» газетінің бас редакторы, Абайтанушы, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, көптеген жинақтардың авторы, қаламгер.

Ғылыми жобаның өзектілігі:

Хакім Абай  ұрпақтарының әлі де танылмаған шығармаларын зерттеп жинау , жас ұрпаққа ұсыну, оқып- үлгі алуға бағыттау.

  Ғылыми жобаның мақсаты:

Абай  ұрпақтарының  асыл мұраларын жалпы адамзатқа ортақ қазына деп бағалау. Бұл асыл мұраны ең алдымен, жас жеткіншектер яғни, біздер зерттеп, меңгеру. «Қазақстан- 2050» стратегиясының бағдарламасы мен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлт тұтастығын нығайту, міндеттерін жүзеге асыру.

Ғылыми жобаның міндеттері:

1.Абайдан қалған , тараған ұрпақтарды танып, білу.

2.Абай  ұрпақтарының ауыр тағдырын зерделеу.

3.Абай  мұрасын ұрпақтарының шығармашылығымен байыту, нәрлі

бастауларын молайтып, айдынын кеңейте түсу.

Зерттеу болжамы:Абай  ұрпақтарының  шығармалары мектеп бағдарламасына , оқулыққа енсе. Абайдың шығармасымен қатар оның балалары : Ақылбайдың,Мағауияның,Тұрағұлдың әлі де зерттелмей жатқан шығармаларына оқушы қызығушылығы артып, Абайдың әдебиет әлемі кеңейе түсер еді.

Зерттеу әдісі: Ғылыми дерек, кітаптармен танысу. Ұрпақтарының әр жерде жарияланған шығармаларын жинақтап реттеу, жүйелеу.

Зерттеу нысаны:Абай ауданында, Семей қаласында тұратын немесе тұрған ұрпақтары ,олардың  шығармалары туралы деректер жиналып, «Жидебай» мұражайымен  байланыс жасалып, ұсыныстар айтылды.

Зерттеу сонылығы және өзіндік дәрежесі: Абай ұрпақтарының шығармаларын насихаттау арқылы оқушылардың әдебиетке деген құштарлығы артып, Абай әлемін шарлай түсті.

Зерттеу қорытындысы мен нәтижелері:

1.Абай  ұрпақтарының шығармашылығы мен тарихын зерттеуде (тарихи орындарға бару, музеймен байланыс) деректер жинақталды. 

2.Абайдың ұрпақтарының тарихы мен шығармашылығы туралы  материалдар жинақталды, ұсынылды.

3.Болашақта Абай, Махамбет, Шәкерім оқулары сияқты Ақылбай, Тұрағұл, Мағауия оқулары жобасы ұсынылды.

4.Абай  ұрпақтарының шығармалары да ұрпақтың , ұлттың әдеби мұрасына айналатыны көзделді.

Абстракт

Зерттеу тақырыбы: «Абай ұрпақтарының шығармашылығы мен тағдыры»

Зерттеу мақсаты: Абай  ұрпақтарының тағдырын зерделеп, шығармашылығын насихаттау.

Зерттеу міндеттері: Абайдан қалған , тараған ұрпақтарды танып, білу, шығармаларын зерттеу.

Гипотеза: Болашақта Абай ұрпақтарының шығармаларының тың деректерін, жинақтап, баспаға әзірлеу

Зерттеу кезеңдері: Тақырып таңдап алу. Материалдар жинап, кітаптарды оқу, музейлер мен арнаулы орталықтармен байланыс жүргізу.

Зерттеудің жаңашылдығы: Абай  ұрпақтарының қолға алынып, жүйеленіп зерттелмеген шығармаларын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:  Абай  ұрпақтарының тағдырын мен шығармашылығы жүйеленіп зерттелді. Ақылбай, Тұрағұл мен Мағауия өлеңдері жас ұрпақ үшін әке мұрасын құрметтеп-сақтауды, қиындықты жеңуді үлгі етеді.   

Аннотация

Абай  ұрпақтарының тағдырын оқыған адамның бей-жай қалмасы анық. Абай  ұрпақтарының шығармашылығынан әкеге деген сүйіспеншілікті байқауға болады. Осы жоба арқылы жас ұрпақты Абай ұрпақтарының шығармашылығымен сусындату.

Қазақстан мәдени мұра бағытының даму саласына үлес қосу.

Аннотация

Не останется ровнодушным никто, кто бы не читал о судьбе потомков Абая. В произведениях его потомков любовь к отцу. Цель проекта познакомить с творчеством Абая.

Внести свой вклад в культурное наследие Казахстана.

The summary

Not remain care nobody who would not read about the fate of decendants of Abai. In the works of his love for their father. The aim of the project to introduce the works of Abai.

Contribute develop to the cultural heritage of Kazakhstan

Ғылыми жобаның өзектілігі:

Хакім Абай  ұрпақтарының әлі де танылмаған шығармаларын   жас ұрпаққа ұсыну, оқып- үлгі алуға бағыттау.

                                Ғылыми жобаның мақсаты:

Абай  ұрпақтарының  асыл мұраларын жалпы адамзатқа ортақ қазына деп бағалау. Бұл асыл мұраны ең алдымен, жас жеткіншектер яғни, біздер зерттеп, меңгеруіміз керек. «Қазақстан- 2050» стратегиясының бағдарламасы мен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлт тұтастығын нығайту, міндеттерін жүзеге асыру.

                                Ғылыми жобаның міндеттері:

1.Абайдан  қалған , тараған ұрпақтарды танып, білу.

2.Абай  ұрпақтарының өмірін зерделеу.

3.Абай  мұрасын ұрпақтарының шығармашылығымен байыту, нәрлі   бастауларын молайтып, айдынын кеңейте түсу.

Кіріспе 

     Мен Кәріпбай Аружан 10-сынып оқушысымын. Ш.Қ.О. Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы Шәкәрім атындағы орта мектебінде оқимын. Зерттейтін ғылыми жобамның негізгі мақсаты:  Абай ұрпақтарының шығармаларын зерттеп, насихаттау, тану, үлгі алу. Жастардың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік  қасиеттерін  дарыту.

Абай  ұрпақтарының шығармалары тұрмақ, өзі де ширек ғасырдан астам ақын есімі мен мол мұрасы қапаста ұсталып, ұлттық мәдениетіміз орасан зор олқылық көрді десем артық болмас. Абай мұралары келгелі «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей» болды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасында  және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қабылдау  барысында мәдениет пен асыл мұралар, ұлттық құндылықтар туралы толыққанды айтса,  2003 жылы қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасында былай деді: «Уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет» деген еді. Ендеше Абай мұрасымен қатар оның ұрпақтарының  да шығармалары өлмейтін рухани байлығымыз деп санайық.

Осы тақырыпты бір жыл көлемінде зерттеп келемін, нәтижені сіздердің назарларыңызға саралауға ұсынбақпын.

I тарау. Ғылыми әдебиеттерге шолу

          1.1 Ақын салған сара жол

Қазақ халқының аса көрнекті ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаев  1845 жылы 10 тамызда  бұрынғы  Семей облысының  Абай ауданында, Сырт Қасқабұлақта дүниеге келген. Оның әкесі – Құнанбай, анасы-Ұлжан, әжесі -Зере. Азан шақырып қойған аты-Ибраhим. Абай сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған әжесі Зеренің аңыз-әңгімелерін естіп, шешен, тапқыр, әзіл-қалжыңға жақын өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.

Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым-білім, өнер-өнегеге баулуды мұрат тұтады. Орта жасқа  таянған шақта ол поэзиямен бірыңғай шұғылданып, көптеген өлеңдер шығарды, поэмалар жазады, қара сөздер жазды, олардың көпшілігі әлеуметтік, гуманистік, ағартушылық арнадағы туындылар еді. Туған халқын сүйіп, оны бодандық қасіретінен құтқаруды мақсат еткен Абай ең алдымен елдің береке-бірлігін жақтады. Елі де Абайын сүйіп, құрметтеді. Оның өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Расымен де, әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай зор мағыналы, адамға берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың жүрегінен орын алды, қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыда байыта түсті. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты, әлеуметтік аясы кең.Халықты өнерге,білімге,ғылымға шақырады.

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге…»-деп жастарды бес нәрседен – өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектік пен бекер мал шашпақтықтан қашық болуға; бес адал іске-талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлап, қанағатшыл болуға, қайырымдылық пен рақымшылық жасауға шақырды. Ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым іздеп білім алуға үндеді.

Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп қырлы болып келеді.Ақынның жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры» секілді бір топқа жататын өлеңдерінің әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы жағынан әртүрлі болып шыққан.

Абай – қазақ поэзиясының тіл кестесіне, сөз саптауына жаңа сипат дарытқан ақын. Себебі,оның шығармаларындағы адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін көрсететін сипаттамаларында, эпитет, метафора және басқа да бейнелі сөздерінде жаңа, өзі шығарған соны үлгі-өрнектері мол.

Абай – өз дәуіріне қатал сыншы болған ақын. Саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде ол болыстардың,билердің жиіркенішті қылықтарын ғана суреттеп қоймай, есте қаларлық образдар жасады.

Абайдың қарасөздері 1890-1898 жылдар аралығында жазылған. Жалпы саны – 46.

Абайдың ғақлиясы – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін  прозалық шығарма. Ақын қарасөздерінің мазмұны терең,логикалық мәні зор.

Абайдың қарасөздері жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Қарасөздердің тақырыбы әр алуан. Мәселен, Абай «Он тоғызыншы қара сөзінде» сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс деп көрсетеді. Ақынның бұл дүниетанымы: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады»,-деген жолдарынан анық байқауға болады. Абайдың қарасөздері жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс,қытай,француз,т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абайдың 27 әні және оның 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Ол қазақтың музыкалық дәстүрінде өзіне дейін болмаған жаңа ырғақты ән шығарды. Соның бірі – «Татьянаның хаты».  Абайдың музыкалық

шығармалары қазақтың қазіргі ұлттық мәдениетінің аса құнды бөлігіне айналды. Оның әндерін кәсіпқой әншілер домбыраға қосылып, фортепианоның сүйемелдеуімен айтады. Кейбіреулері бірқатар компазиторлардың күрделі шығармаларына арқау болды.

Абай өз шығармаларына қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық,адамгершілік мәселелерін арқау еткен. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Филосрфиялық трактаттар стилінде жазылған «Қарасөздері» тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығыммен құнды. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Оның есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир,Пушкин,Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,-деп жоғары бағасын берген. Ұлы Абай шығармалары бізді кең өріс, жаңа белестерге бастайды. Оның шығармаларын қайталап оқыған сайын, Туған әдебиетіңнің де бүгінгі тынысына тереңірек үңіліп, оның келешек көкжиегінің алыс қиырына қадала көз саласың.Себебі оның шығармаларында  үлгі-өнеге, тәрбие жатыр. Менің ойымша, Абай атамыздың әр сөзін бойтұмарымыз ретінде жадымызда сақтауымыз керек.

Абай атамыздың өмірінің соңғы жылдары өте ауыр болған. Абайдың сүйікті інісі  Оспан 1891 жылы дүниеден өтеді. Біраз уақыт өткен соң Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман 27 жасында ауырып дүниеден өтеді 1904 жылы 17 мамырда Абай атамыздың сүйікті ұлы Мағауия қайтыс болады. Абай осы ауыр кезеңде

«Ауызымды сөзден,

Алдымды кісіден айырға қарағым-ай…» деп жоқтауын жазады.Сол жылы Абай атамыз да 1904 жылы өмірден озады. 1904  жылы Семейде Абайдың қырқын берген күні Ақылбай небәрі 43 жасында  қайтыс болады.

II тарау. Зерттеу бөлімі 

2.1 Ұрпағымен мың жасайтын ұлы ақын. 

Абай Құнанбаевтан  7 ұл, 3 қыз тараған (Әбдірахман деген ұлы жастай өлген) жиыны 10 ұрпақ.

Бірінші әйелі Ділдәдан ұлдары: Ақылбай,Әкімбай,Әбдірахман,Мағауия және қыздары Күлбадан, Райхан.

   Абайдың екінші әйелі Әйгерім(Шүкіманнан): Ұлдары Тұрағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, қызы Кенже дүниеге келген.

Абайдың үшінші әйелі (Еркежаннан әмеңгерлікпен алған): бала жоқ.

Ақылбай Абайұлы (1861-1904) Ділдәдан туған Абайдың тұңғыш баласы. Ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа толғанда Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда төрт,бес жыл оқиды. Ол талантты домбырашы, әнші, ақын болған. Оны танымал еткен поэмалары: «Зұлыс», «Дағыстан», «Жаррах батыр». Ол 1904 жылы Семейде Абайдың қырқын берген күні қайтыс болады. Небәрі қырық үш жас өмір сүрді.

Ақылбай балалары:

  Әлімқұл Ақылбайұлы(1879-1914)- Абайдың немересі, Әлімқұлдан Шәбеп,Бағфур,Зәбила,Қауаш туады. Әлімқұлдың балалары атасының дүние-мүліктері мен фотосуреттерін Абай мұражайына тапсырған.

  Әубәкір Ақылбайұлы(1881-1934)- ақын, әнші, композитор. Абайдың немересі әрі шәкірті. Оспанның қолында тәрбиеленген.Немересінің ақындығын  байқаған Абай Әубәкірді ерекше жақсы көріп, ақыл айтып отырған. Әубәкір сатиралық өлеңдерімен бірге тарихи шығармаларға бет бұрып, «Мамай батыр», «Шыңғыстау», «Әнет баба» т.б. дастандар жазған.1929-1928 жылдары конфикация кезінде Әубәкір қудалауға ұшырап, түрмеге қамалады, Шымкентке жер аударылады.Сол жақта 1934 жылы қайтыс болады.

  Сағадат Ақылбайқызы (1884-1908)-Абайдың немересі 1908 жылы қайтыс болды.

  Бакизат Ақылбайқызы (1885-1924)- Оспан мен Еркежанның қолында тәрбиеленген.Оспан дүниеден өткен соң, Абай Еркежанға үйленеді де, Абай Бакизатты өз қолына алады. Оған «Бакизатым, шұбарсың…»-деген өлең арнаған.1902 жылы С.Молдабайұлына ұзатылған. Өзіне жасау ретінде

берілген Абай үйінің, Ұлжан, Еркежанның біраз мүлкін қызы Бәзилаға қалдырған. Бәзила оны 1948 жылы Абайды Жидебайдағы музей-үйіне табыс еткен.

Исрайыл Ақылбайұлы (1895-1959)- Абайдың немересі, педагог, күйші. Ол Жидебайдағы Абай мұражайында қызмет етіп, онда домбыра оркестрін құрып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Ол бізге Абайдың «Май түні» күйін жеткізді. Оның фотосуреттері, грамоталары мұражайда сақталған.

  Рухия Ақылбайқызы (1897-1920)- Абайдың немересі, жиырма үш жасында қайтыс болған.

Әлімқұл балалары: Шәбеп Әлімқұлұлы,Зәбила Әлімқұлқызы,Қауаш Әлімқұлқызы, Бағфур Әлімқұлұлы.

Әубәкірден туған балалар: Әлихан Әубәкірұлы, Қапсәләм Әубәкірұлы.

Исрайыл балалары: Күләш,Майра және Сарыжан деген ұлы кішкентай кезінде шетінеп кеткен, Нәзипа,Күлзира,Кәсира деген қыздары бар.

  Бағфурдың балалары: Эрнест Ақылбаев, Бауэр Ақылбаев,Айдар Бағфурұлы.

   Эрнесттің баласы: Айдос Ақылбаев, Айдар Ақылбаев. Айдардың ұлы, Абайдың бесінші ұрпағы Данияр Ақылбаев қазір Алматы қаласында тұрады. Дана,Кәмила,Меруерт деген қыздары бар.

   Әбдірахманның балалары: Рахила Ақылбайқызы.

   Мағауияның балалары: Уасила Мағауияқызы, Құтайба Мағауияұлы, Жағыпар Мағауияұлы, Кәмила Мағауияқызы.

Құтайбаның баласы: Беркехан Құтайбаұлы.

  Жағыпар балалары: Рәпила,Ищағы,Ғазел,Ләйлә деген төрт қызы мен Жошыхан Жағыпарұлы деген ұлы бар.

   Тұрағұлдың балалары: Ақылия Тұрағұлұлы,Жебрәйіл Тұрағұлұлы,Қалиман Тұрағұлқызы, Зүбайыр Тұрағұл,Мәкен Тұрағұлқызы.

Мекайылдың балалары: Құзайыр Мекайылұлы, Қалышер Мекайылұлы.

Жебрәйіл баласы: Алпаш Жебрәйіл(Тұрағұлдың немересі, Оспанның атына жазылған).

Ізкәйіл баласы: Тоқташ Ізкәйілұлы. 

                                      «Әкем туралы»

                                (Тұрағұлдың естеліктері)

… Мен әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда, бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ құрып сықылдыланғандықтан да шығар. Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді. Маған десе малай, малшы, қызметкер қатыннан да болса, бір тәуір мінезін, қылығын тауып, жақсы көріп, ойнап-қалжыңдап отырар еді. Еш уақытта іші сүймеген, сенбеген адамымен мәжілістес болып, ұзақ отыра алмаушы еді. Ондай адамдармен бас қоспақ уақыт еріксіз кез келсе, ол уақытты өзіне абақтыдан кем көрмеуші еді. Сыпайылыққа салиха, әдептіленіп, аяғының басқанын аңдап, аузынан шыққан сөзін санап отыратұғын адамға да, уақытқа да риза емес еді. Жарқын жүзбен, ашық көңілмен қытықсыз келетұғын адамды аңсап, я туған бауыры келген кісідей қуанып қалушы еді.

…Таңертеңнен кешке шейін, көбінесе орыстың кітабын оқиды да, ара-тұра жастықты бауырына басып, алдында ақ қағазы, қолында қарындашы, күңіреніп отырып өлең жазып тастайды, сол өлең жазардағы түрі:

Бір құсаға мінген  кісідей өңі қашыңқырап, азырақ ентіккен кісідей танауы  кебіңкіреп, көзі жасаураңқырайды, естір-естілместей қып күңіренгеннің ішінде күбірлеңкіреп кеп, жазып кеп кеткенде көп тоқталып, ойлана бермейді де, қайта сызып, түзетпейді де, өлеңінің тығыны суырылып кеткенге ұқсайды…

                               Уәсилә Абайқызының есте қалғандары

Мен Абайдың Мағауия деген ұлынан тудым. Мені бір жасқа толмай-ақ әкем Абай асырап алып, Ділда деген бәйбішенің бауырына салыпты. Сонан мен Абайдың баласымын деп, Абайды әке дейтін едік. Әкем өлгенде, мен 13 жаста едім. Алайда, әкемнің түр-түсі, отырыс-тұрысы бізге, балаларға айтқан нақылы әлі көз алдымда тұр.

Әкем балалардың оқып, білім алуына жиі көңіл бөліп отыратын. Біз сабақтан шыққанда не өз үйіне щақырып алып, не ортамызға келіп әңгіме айтатын, әңгімесі өте қызық болатын. Орыстың Пушкин, Лермонтов деген ақындарының атын тоғыз жасымда тұңғыш рет әкемнің аузынан естідім. Әкем әңгімені өте қысқа айтатын және: «Ұғып алыңдар, ұқпағандарыңды сұрап алыңдар»,- деп отыратын. Әкемнің әңгімесінің қызықтылығы, түсініктілігі сондай, біз бір естігенімізді ұмытпаушы едік. Егер бір бала әкемнің әңгіме айтқан күнінде болмай, ести алмай қалса, әкем ол баланы келесі бір күні шақыртып алып, біздің біреуімізге кешегі естіген әңгімені мынаған айт деп, айтқызып, өзі тыңдайтын еді. Сондықтан да біз әкемнің аузынан естіген сөзді бұлжытпай ұғуға міндетті сияқты едік.

Әкем балалардың сұрауларына қолма-қол жауап беретін, ол балаларға өте кішіпейіл еді. Кейін біздің кішкентай, болымсыз сұрауларымызға да зор мағына беріп, талдап түсіндіретін.               

                       2.2 Абай ұрпақтарының тағдырлары.

    Абай Құнанбаевтың ұрпақтарының тағдыры туралы көп дүние

жазуға болады. Олардың ішкі жан-дүниесіне, өмір жолдарына үңілсек, әрқайсысының ерекше дарын иесі болғандығын көреміз.Абай  ұрпақтарының біздің қолымызға түспей жатқан шығармашылығына, тағдырларына деген қызығушылығым  әлі де ізденіп, зерттеуді қажет етеді.

Ақылбай Абайұлы (1861-1904) Ділдәдан туған Абайдың тұңғыш баласы. Ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа толғанда Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда төрт,бес жыл оқиды. Ол талантты домбырашы, әнші, ақын болған. Оны танымал еткен поэмалары: «Зұлыс», «Дағыстан», «Жаррах батыр». Ол 1904 жылы Семейде Абайдың қырқын берген күні қайтыс болады. Небәрі қырық үш жас өмір сүрді.

Күлбадан Ақылбайқызы (1863-1932)-Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Ол Дүтбай Уандықұлының інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүйсеке қайтыс болған соң, Күлбаданды әмеңгерлік жолмен Дүтбай алған.  Дүтбайдан Мүкен, Мұхтар, Муштар, Мәкен, Қадиша деген балалары болған. 1932 жылы дүниеден өткен.

Әкімбай Абайұлы(1866-1873)-Абайдың Ділдәдан туған баласы. 1873 жылы 7 жасында қайтыс болған.

Әбдірахман Абайұлы – 1868 Абайдың Ділдәдан туған баласы. Cемейдегі уездік мектепте оқып, Төмен қаласындағы Александров реалды училищесін(1889) бітірген. 1890 жылы унтер-офицер, 1892 портупей-юнкер, подпоручик деген әскери атақ алған. Сол жылы Ташкентте Артиллерия горнизонында қызмет істеді. Неміс тілін жетік білген. Ташкенттегі бекініс горнизонының Артиллериясына қызметке жіберіледі. 1892 жылы елге демалысқа келгенде, Мағрипаға үйленеді. Мағаштан Рахила деген қыз туады. Абайдың зор үміт артқан баласы 1895 жылы 15-қарашада 27 жасында, Ташкентте қайтыс болады да, сүйегі елге әкелініп, Ақщоқыға жерленеді. Абай сүйікті ұлына арнап хат, өлең, жоқтаулар шығарған. «Абай жолының» екінші кітабында Әбдірахманның және жұбайының қазасын аса зор тебіреніспен, ауыр күйінішпен суреттеген.

Мағауия Абайұлы(1873-1904)-Абайдың Ділдәдан туған кенже ұлы.Ол үнемі Абайдың өсиет, насихатын зер салып тыңдап, өз бетімен оқып өскен. Орыс ғалымдары мен көрнекті жазушыларының еңбектерімен танысып, көп білім алады. Он бес жасынан бастап жастық, махаббат жайынан лирикалы өлеңдер жазады. Әбдірахманның сырқаты мен өліміне арналған толғау жырларымен бірге «Еңлік -Кебек», «Абылай» «Медғат-Қасым» поэмаларын жазған. 1904 жылы 12 мамырда қайтыс болады, зираты Ақщоқы қыстауында.

Райхан Абайқызы(1871-1896)-Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Найман еліндегі Серікбайдың ұлы Құдайбергенге тұрмысқа шыққан. 1896 жылы қайтыс болған.

Тұрағұл Абайұлы-  Абайұлы Тұрағұл 1875 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қоғам кайраткері, Абайдың кіші баласы.Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ол жас кезінен Абайдың қолында болып, тәрбиесін көп көріп өседі. Бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Ол – Абайдың ең сүйікті баласының бірі және ұлы ұстаз ақынның әдебиеттегі дәстүрін берік ұстанған саналы шәкірті болған. Ол 1917-1920 жылдары Семейдегі Алаш қозғалысына белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды. Ол Семей облыстық комитетінің мүшесі болған. 1922 жылы ол тұтқынға түсіп, төрт айдай түрмеге отырып шықты. Содан кейін Ақшоқыға барып, аударма жұмысымен айналысады. Өмірінің соңғы жылдарында жазған ең басты еңбегі-Абай туралы естелігі еді. Жас кезінде мұсылманша, орысша сауат ашқан. Әкесі мен ағалары Оспан, Әбдірахман, Мағауия қайтыс болғаннан кейін Құнанбай әулетінің басты адамы ретінде жергілікті билікке араласқан. Ол Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. 1909 жылы немере ағасы Кәкітаймен бірге Петербургте алғаш рет әкесі Абайдың шығармалар жинағын кітап етіп шығарды. 1922 жылдан  шығармашылық жолға бет бұрған Тұрағұлдың әдеби мұраларының ішіндегі ең кұнды еңбегі – «Әкем Абай туралы» деп аталатын естелігі. Қазақ әдебиетіндегі  естелік жанрының бастауында тұрған бұл еңбегін ол М.Әуезовтің өтініші бойынша жазған.  Абайдың мінез-құлық ерекшеліктерін, өлең жазардағы көңіл-күйін қызықты суреттеген Тұрағұл ұлы ақын шығармаларына талдау жасайды, оның шығармаларының негізін көркем аудармалар құрайды. Ол Джек Лондонның «Эскимос Киш», А.М. Горькийдің «Челкаш» («Таң» журналының 1925 жылғы сандарында жарық көрген), А.С. Неверовтың «Мәрия – большевик», «Мен өмірге жерікпін» (Неверовтан аудармалары «Ортақшыл Мария» деген атпен 1927 ж. Мәскеуде жеке кітап болып шыққан) атты әңгімелері мен Б.Прустың «Антек» шығармасын, Д. Лондонның «Мартин Иден» романын (қолжазбасы сақталмаған) қазақ тіліне аударған. Тұрағұл Абайұлы «Алладан мен қапа боп, тілеген күн», «Хат», «Әбішке», «Жауап хат», т.б. өлеңдер жазған. 1927-1928 жылдары Тұрағұл  тағы да түрмеге алынады. Түрмеден шыққан соң конфискеленіп, Шымкентке жер аударылады. Сол жақта 1934 жылы 6-наурызда қайтыс болады. Шымкент қаласының орталығындағы Мұсылмандар зиратына жерленеді. Кейіннен осы зираттың  үстіне хим зауыт салынып жібереді.Тұрағұлдың қызы Мәкен Мұхаметжанованың айтуы бойынша ол кезде Тұраштың сүйегін алатын жанашыр, жақыны болмай зауыт астында қалып кетеді. Ол кезде біз Шымкентте емес басқа жақта едік.

     Мекайыл Абайұлы – 1884 жылы Абайдың Әйгерімнен туған баласы.Ұлт жолында тағдыры үзілген ұлдардың қатарында екен.Араб, орыс тілдерін меңгерген. Абай өлеңдерін түгелдей жатқа білген, әкесі жайлы білгендерін ел ішінде әңгіме етіп, ел ішіне таратқан. М.Әуезов жас кезінде Мекайылдың аузынан Абай жайлы естеліктерін көп естіген. Ағасы Тұрағұл ауылымен бірге Ақшоқы маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Сол жылы Семейде Түйемойнақ аралында атылған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза тапқан.

 Ізкәйіл Абайұлы (1884-1931)-Абайдың Әйгерімнен туған ұлы. Домбыра мен скрипка тартып, ән салатын болған. Арабша оқып, білім алған. 1917 жылы Ойқұдықта тұңғыш рет қойылған М.Әуезовтың «Еңлік Кебек» пьесасында Абыздың рөлін ойнады.

    Кенже Абайқызы – 1901 жылы Абайдың Әйгерімнен туған кенже қызы. 1914 жылы Мұсабайдың інісі Әубәкірге ұзатылады. Әубәкір қайтыс болған соң, Ғабитхан молданың шөберісі Сіләмғазыға тұрмысқа шыққан. Кейін тұрмыстары нашарлап, 1932 жылы Тұрағұлдың қолына көшіп келіп, қайтыс болады.

Енді Абай атамыздың артында қалған ұрпағы Данияр Ақылбаев жайлы айта кетейін. Ол 1971 жылы туған. Абайдың шөпшегі, бесінші ұрпағы. Ленинград гидрометерологиялық институты мұхиттану факультетін, мұхиттану мамандығын тәмәмдайды. ЖОО жақсы аяқтаған соң, ақын ұрпағына аспирантураға түсу жайлы ұсыныс түседі. 1996 жылдары Даниярдың ақылы аспирантурада оқуын жалғастыруға қаржылық мүмкіндігі болмай, өзімен бірге оқитын Наталия есімді орыс қызымен қол ұстасып, елге қайтады. Қазір Даниярдың Дана, Камила, Меруер деген қыздары бар, Алматы қаласында тұрады.

2.3       Абайдың қуғынсүргін көрген ұрпақтары

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық режим орнығып, ұзақ жылдар сталинизм зобалаңы дәуірледі. 20-30 жылдары Қазақстанды басқарған Н.Ежов, Ф.Голощекиндер жүргізген саясат рухани дамуға көп зиян келтірді. Ең алдымен, сергелдеңге қазақ халқының оқыған зиялылары түсті. Бас көтерер азаматтардың бәрі қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың ішінде Абай ұрпақтары, туыстары да болды. Тұрағұл Абайұлы (1876–1934)–Абайдың Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан сауат ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген. 1904 жылы Кішік-Тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917-1920 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі қызметтер атқарған. Тұрағұл бала жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қалай жазылғаны және кімге арналғанын жақсы білген. Ол Кәкітай Ысқақұлымен бірге 1909 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петерборда бастырып шығарған. Сондай-ақ 1927 жылы Қазақ АССР комиссариатына тапсырған толық қолжазба жинақтың ғылыми құндылығы аса жоғары дереккөз екені анық. Тұрағұлдың соңғы аталған еңбегі бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Орталық музейінде сақтаулы. Тұрағұлдың Абай мұрасын жинастырып бастыруда аса құнды мағлұматтар жазып, ақын шығармашылығының текстологиялық түпнұсқасын қалпына келтіруде абайтану ғылымына қосқан үлесі зор. Ол М.Әуезовке «Әкем Абай туралы» деп, естелік жазып берген. Тұрағұлдың Абай туралы естеліктерінің қысқаша нұсқасы 1933, 1940 жылдары Абай шығармалар жинағында жарияланған. Тұрағұл ақын болуымен қатар домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған. Төңкеріс орнағаннан кейін Алашорда үкіметінің белсенді мүшесі болып, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков сияқты ұлт зиялыларымен қоянқолтық араласады. 1922 жылы Семейде Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатов тұтқынға алынады. Сол саяси науқанда Тұрағұл да түрмеге жабылып, төрт айдай қамауда болады. Ақшоқыда жатып, жазумен шұғылданады. Аударма жұмысымен айналысады. Ол М.Горькийдің «Челкаш» әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, 1924 жылы «Таң» журналының №3,4 сандарында бастырған. А.Неверовтің «Мен өмірге жерікпін», «Мария – большевичка» (Москва, 1927) туындыларын және «Балалы әйел не білу керек?» (Мәскеу, 1927) деген ғылыми-медициналық кітапшаны аударып, бастырып оқырмандарға ұсынған. Тұрағұлдың келесі аудармалары «Антек» (Б.Прустан), Джек Лондонның «Баланың ерлігі» 1927 жылы «Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан» 4 мың данамен жарық көрген. Тұрағұл Шәкәрім бастаған проза үлгісіндегі аударма жанрын ары қарай дамытқан. Абай шәкірттерінің ішіндегі нағыз аудармашылық биікке көтерілген адам. Тұрағұлдың өз ағасы Әбдірахманға тағы басқа арнаған өлеңдері Абай қорық-мұражайында сақтаулы. 1927 жылы Тұрағұлды қайтадан тұтқынға алып, 1928 жылдың көктеміне дейін түрмеде жатады. Түрмеден шыққан соң кәм­пес­келеніп, Шымкентке жер аударылады. Тұрағұлдың үлкен баласы Ақыштың (Ақылия) естелігінде «Мұқаң (Мұхтар) мен Тұраш ағамның ақырғы кездесуі 1933 жылы болатын. Сол жолы Мұқаңның үйіне түскен. Алматыға келген соң Исаевқа (Ораз Исаев, Совнарком бастығы) арыз жазып: «Балаларым жоқ, өзіме жұмыс бермейді, рұқсат жоқ. Аудармаларым басылмайды. Қалай күн көрем, не істеуім керек?», – десе, Исаев: «Әзір ештеңе дей алмаймын. Кейін көрерміз», – деп жауап қайтарған» делінеді. Тұрағұлдың зираты жайында қызы Мәкен: «Тұраш ағам 1934 жылы 6 наурыз күні, 59 жасында қайтыс болды. Шымкент қаласының орталығындағы мұсылман зиратына жерленді. Кейін сол зираттың үстінен химзавод салыныпты. Завод салынар алдында Тұраш ағаның сүйегін алатын жанашыр жақыны болмай, завод астында қалды. Ол кезде біз Шымкенттен ауысып, басқа жаққа кеткен болатынбыз», – деп жазады.

Жебрайыл Тұрағұлұлы (1903 – 1930) – Абайдың немересі. Ол Семейдегі орысша мектепті бітірген, қазақша-орысша сауатты болған. Домбыра тартып, ән салған. Ел арасына Абайдың, Шәкәрімнің көптеген өлеңдерін таратқан. 1917 жылы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы бірінші рет қойылғанда Жебрайыл Жапал болып ойнаған. Мәкен Тұрағұлқызының естелігінде: «Тұрағұлдың Сақыпжамал деген әйелінен туған Жебрайыл (Жебеш) ең жақсы көретін баласы Семейде орысша орта мектепті бітіріп, Томскі институтында оқып жүрген шағында, Тобықтының шолақ белсенділерінің бірі 1928 жылы «Тұрашы кеткен соң, Жебеші де қалмасын» деген атпен газетке мақала жазып, институттан қуғызады. Содан соң Жебеш әкесінің артынан Шымкентке келіп, одан Ташкентке барып оқып жүргенде, 1930 жылы ауыр науқасқа ұшырап, ауруханаға түседі. Жебештің нашарлығын естіп, Тұрағұл Ташкентке барып, Мұхтардың (Әуезовтің) үйіне тоқтайды. Ол кезде Даниял Кәкітайұлы Ысқақов та Ташкентте тұратын. Жебештің жазылмасына көздері жеткен соң, Мұхтар мен Даниял оны ауруханадан алып шығып, бір оңаша үйге орналастырады. Дәл сол күні Мұхтар мен Даниял тұтқынға алынып, түрмеге жабылады. Бірнеше күннен кейін Жебеш қайтыс болады. Сөйтіп, Жебештен өлі айырылып, Мұхтардан тірі айырылған Тұрағұл қалың қайғыға батып, қан жылап құлазып қалады», – деп жазылған.

Бірінші қатарда: Мекайыл, Көкбай, Тұрағұл

Екінші қатарда: Үсербай Қуандықов, Ахметкали Көкбайұлы

Құзайыр Мекайылұлы (1912 – 1945) – Абайдың немересі. Шешесі – Дәмежан. Құзайыр бай тұқымы ретінде жер аударылып, елден қуылған. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласына барып, қара жұмыс істеген. Сол жерден әскерге алынып, майданда қаза болған.

Қалышер Мекайылұлы (1921 – 1942) – Абайдың немересі. Шешесі – Дәмежан. Құзайырға бай тұқымы деп айып тағылып, жер аударылған. Фрунзе (Бішкек) қаласынан әскерге алынып, Отан соғысында қайтыс болған.

Бірінші қатарда: үшінші – Т.Құнанбаев, төртінші – Ә.Бөкейхан,

екінші қатарда үшінші – К.Жанатаев Семей, 1918 жыл

Бірінші қатарда: Жебрайыл (сол жақта), оң жақта: Кәмила Мағауияқызы, Мұғамила Мұхтарқызы, Мұхтар Әуезов

Зұбайыр Тұрағұлұлы ( 1907 – 1933) – Абайдың немересі, әйелі Қанағат (Кәкен) Жуантаяқ Тобықты Азубайдың қызы. Одан Кенесары (1928-1933) туған. Зұбайыр балалық жастық шағын Абайдың көзі көрген ет жақын адамдардың арасында өткізген. 1928 жылы «бай-феодалдың тұқымы, Алашордашының баласы» деген айып тағылып, әулетімен бірге жер аударылған. Ол 4-5 жылдай қырғыз елінде, Мерке (Жамбыл облысы) маңында, Шымкентте, Ташкентте тұрған. 1933 жылы күзде Бішкекте қайтыс болған.

Абай өз отбасы ортасында. Бірінші қатардағылар: Бәкизат, Тұрағұл, Әубәкір; екінші қатардағылар: Абай, Еркежан, Кәмәлия; үшінші қатардағы – Мағауияи 1903 жыл

Әрхам Кәкітайұлы (1885–1963) – Абайдың туған інісі Ысқақтың немересі. Төрт жасынан бастап Абайдың алғашқы немересіндей болып, маңайында өсіп, жүйрік шешен, дүлдүл әнші-күйшілерді тыңдап өседі. Атасы Ысқақтың баулуымен жас шағынан шаруаға мығым болып, ауыл молдасынан сауатын ашады. Орысша жазуды да, сөйлеуді де Абай ауылында үйренеді. 20 жылдарда Семейде әртүрлі шаруашылық жұмыстар істеп жүрген Әрхамды Мұхтар мен Даниял 1924 жылы Бақанас, Байқошқар өзені бойынан жер алып, арық қазып, егін салып еңбектенетін кооператив құруға жібереді. Алпыс үй кедейді жинап қала тәртібімен үй, мектеп, емхана, монша салып, су диірмені, май зауытын салып, аз жылда ол ырысты үлкен елдімекенге айналдырады. Күншілердің жаласымен қамалып шығып, 1927 жылы Әрхам Көкпектінің Үшкөмей деген жеріне гортоправ болып барып, одан 1929-1930 жылдары Ташкентте «Қызыл партизан» колхозында жасырынып жүреді. Осы жылдары Ташкентте тұрған кезінде, туған жерін, өскен елін сағынған сезімі «Бақанас» пен «Бақанаста туған-туыстарыма» деген өлеңдерінде баяндалады. 1939 жылы М.Әуезовтің шақыруымен Семейге келіп, Кәкітайдың досы Бекбай Байысовтың үйінде ашылған Абай музейінің қызметкері болып, іргетасын қаласқан. 1953 жылы Қарауыл ауылында тұрған Әрхам Кәкітайұлы ұлы Абайдың сүйегін алып кетпек болған әрекетке қарсы қол ұйымдастырып, Жидебайдағы Қызыл отау меңгерушісі есебінде қарашаңырақтың шырақшысы болды. «Абайдың өмір жолы» естелігі мен Шыңғыстау елі жөнінде құнды деректерді жазып қалдырды. 1961 жылы ғалым Әбіш Жиреншиннің көмегімен оның «Зағипа» поэмасы жеке кітап болып жарық көрді. Әрхам адамгершілігі мол, мәдениетті, сабырлы, еліне абыройлы азамат болған.

Әубәкір Ақылбайұлы (1881 – 1934) – ақын, әнші-композитор. Абайдың немересі әрі шәкірті. Атасының шығармаларын халық арасына көп таратуға еңбек сіңірген. Әубәкірді Абайдың інісі Оспан балалары болмаған соң, бауырына басып, тәрбиелеген. Әубәкір өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған. Немересінің ақындыққа бой ұрғанын байқаған Абай Әубәкірді ерекше жақсы көріп, бағыт-бағдар, ақыл-кеңесін беріп отырған. Әубәкір жас кезінен өлең-жырға құмар болып, шығыс қиссалары мен батырлар жырын жатқа айтып, домбырада күй тартып, ән салған. Абай тапсырмасымен әзіл, мысқыл, әжуа, сықақ өлең шығарып, ХIХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі сатираға өзіндік үлесін қосқан. Ол сол кездегі келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынап: – О, ішінде қымың да бар, жымың да бар, Өмірде би болмаған сұмың да бар. Анық әділ тартылса таразыға, Балтаменен шабатұғын мінің де бар, – деп ащы мысқылға толы өлеңдер шығарып, халықтың көпшілігінің қараңғылығы мен надандығына жаны күйген. Әубәкір сатиралық өлеңдер мен бірге тарихи шығармаларға бет бұрып, «Мамай батыр», «Әнет бабаң», «Ақтабан шұбырынды», «Оралбай мен Керімбала», «Әреке мен Береке» деген әлеуметтік дастандар да жазған. Кеңес үкіметі дәуірінде жазған өлеңдерінің көбі ел қазынасын жымқырған жемқор, пысықтарды әшкерелеуге арналады. Кеңес үкіметі келгеннен кейін Әубәкірдің тұрмыс-халі нашарлап, жаз жайлауға көшуден қалады. Туған жер, өскен елінен де күдер үзе бастайды. 1928 жылы ағасы Тұрағұл кәмпескеленіп, жер аударылады. Әубәкірдің басына қайғының қара бұлты төнеді. Құнанбай тұқымы түгел қуғын-сүргінге ұшырайды. Ел аштықтан өле бастайды. 1931 жылы Шәкәрім атылады, оның баласы Ғафур түрмеде бауыздалып, өледі, Тұрағұлдың інісі Мекайыл да атылады. Бүлініп жатқан өз елінде тұра алмайтын күйге жеткен ол 1931 жылы бас сауғалап, Үржар ауданына кетеді. Онда жүріп көңілі жай таппай, тұрақ таба алмай, Тұрағұл тұрған өңірге – Шымкент қаласында қоныстанады. Әубәкір Ақылбайұлы – 1934 жылы, 53 жасында Шымкент қаласында қайтыс болады. Әйелі Кәмәлия Әубәкірден кейін ұзақ өмір сүріп, 90 жасында қайтыс болған. Ғабдысәлам, Әлихан деген екі ұлы Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан. 

Мекайыл Абайұлы (1884 – 1931) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Арабша, орысша сауатты болған. Абай өлеңдерін түгелдей жатқа білген. Домбыра тартып, ән салып, әкесі жайлы білгендерін ел ішінде әңгіме етіп таратқан. М.Әуезов жас шағында Мекайылдың аузынан Абай туралы естеліктерін көп естіген. Ағасы Тұрағұл ауылымен бірге Ақшоқы маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Сол жылы Семейде Түйемойнақ аралында атылған. Бағыфұр Әлімқұлұлы  (1910 – 1981) – Абайдың шөбересі, мал дәрігері. Қ.Мыңбаев атындағы Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас маманы болып, 25 жыл қызмет етті. Ол М.Әуезовтің ағасы Разақ Омарханұлының қызы Ғафураға үйленген. Одан Эрнест (1935-1982), Бауэр (1937-1979), Айдар (1949 жылы туған) үш ұл сүйген. М.Әуезовпен сырлас іні, сыйлы күйеу бала ретінде етене араласып тұрған. Құнанбайдың, Абайдың, Мұхтардың пайдаланған заттарын тиянақтап, ұлы ақынның Семейдегі мұражайына тапсырған. Соның ішінде Құнанбайдың Меккеден киіп келген тақиясы да бар. Б.Ерсәлімовтің «Құнанбайдың қуғын-сүргін көрген ұрпақтары» кітабында Бағыфұр Ақылбаевтың 1933 жылы Жарма жақта қамалғандығы туралы айтылады.

Даниял Кәкітайұлы (1897 – 1945) – Абайдың інісі Ысқақтың немересі, жазушы, аудармашы, сыншы, Қоғам қайраткері. Шыңғыстауда туған. Ауылда сауатын ашып, ауыз әдебиеті мұраларын тыңдап, Абай, Шәкәрім шығармаларын жаттап өскен. 1907-1912 жылдары Даниял Семейдегі орыс-қазақ мектебінде оқып білім алған. Мұхтар Әуезовпен достығы да сол мектепте басталады. 1920 жылы қоғамдық істерге араласа бастаған ол губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Ташкенттегі Орта Азия университеті (САГУ) Қаржы-экономика факультетінде оқып жүргенде Мұхтармен тағдыры тоғысады. 1925 жылы Даниял мен Мұхтар бірігіп, «Наш ауыл» деген әліппе құрастырады. Кейін Даниял қазақ тілінде «Өзбекстандағы қазақ балаларына арналған жаңа әлипби» деген көлемді еңбек жазған. Бұл әліппе 1926 жылы Ташкентте жарық көрген. Ташкентте Халел Досмұхмедовтың мұрындық болуымен шығып тұрған «Сана» журналының алқа мүшесі болады. «Сана» – Түркістан АССР-і Ұлт істері комиссариатының жанындағы қазақ-қырғыз білім комиссиясының журналы. Екі айда бір рет шығып тұрған. Онда әдеби, ғылыми, экономикалық мәселелер көрініс тапты. Алғашқы саны 1923 жылы жарық көрді. 1924 жылғы қарашада соңғы саны шығарылды. Даниял Ысқақов негізінен, қаржы-экономика салаларында көп еңбек еткен. Жазықсыз жаламен М.Әуезов екеуі бірге ұсталып, 1930-1932 жылдары қызыл қырғынның құрбаны болды. Б.Ерсәлімовтің «Құнанбайдың қуғын көрген ұрпақтары» деген кітабында: «Жан досы Мұхаңмен қатар түрмеге жабылып, сан босаған Даниял 1937 жылы Наркомпроста Темірбек Жүргеновтің қаржы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып жүргенде қайта жабылып, сол жылғы НКВД-ның қараша айындағы үкімімен алдында ату жазасы белгіленіп, артынан каторгаға айдалады», – деген жолдар бар. 1945 жылы айдауда жүріп, асқазан ауруының асқынуынан қайтыс болған. Ортада отырғандар: Әбіш Жиреншин, Әбілхан Қастеев, Әрхам Ысқақов Абай ауданы. 1947 жыл Мүбәрәк Ахметбекұлы – Абайдың інісі Ысқақтың немересі. Семейдегі мұғалімдер гимназиясында оқыған. Семей­дегі мұғалімдер инсти­тутында оқып жүрген кезінде 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған.

Медіғат Ахметбекұлы – Абайдың інісі Ысқақтың немересі. 1937 жылы 24 қаңтарында ұсталып, он жылға айдалған.

Ахметбек Ысқақұлы (1875 – 1937) – Кәкітайдың туған інісі. Ахметбекті көрген­дер көзі ашық, көңілі ояу, мәдениетті адам болған деседі. Ахмет­бек­тің Мүбәрәк, Меді­ғат, Талғат, Жәудат деген ұлдары, Ғалия, Қапиза, Үбісән және Кәсира атты қыздары болған. Ағасы Кәкітайдың үлгі-өнегесімен Ахметбек те балаларын жас кезінен оқытып, жақсы тәрбиелеп, өсіреді. Ауыл молдасынан сауатын ашқан соң, ұлдарының бәрін де қаладағы орыс мектебінде оқытқан. Үлкен баласы Мүбәрәк Семей гимназиясында оқыған. Ахметбек 1931 жылы тұтқындалып, түрмеге жабылып, хабар-ошарсыз кеткен. М.Ысқақованың «Ұлы Абайға адалдық» кітабының (Семей, 2002 жыл) 191-бетінде Ахметбектің қайтыс болған жылы – 1937 жыл деп көрсетіледі. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар – қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі. Абайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары мен туыстарының тағдыры сол зұлмат жылдардың жаңғырығы іспетті.

    Келесі бөлімді ақынның ұрпақтарының шығармаларына арнамақпын. 

2.4 Абай ұрпақтарының шығармалары.

Абайдың балалары да әкелерінің тегін адам еместігін жақсы түсінген. Сол себепті Абай мұрасын насихаттап, көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізуші де ақынның ұрпақтары болып табылады.

 Әубәкір Ақылбайұлы-ақын,әнші,композитор.Ақындық қабілетін байқағанАбай оны ерекше жақсы көріп, бағыт-бағдар беріп отырған.   Әубәкірдің ақындық таланты өте күшті болған. Көңілі сезген оқиғаны ауызша өлең қылып айтып отыратын болған. Әсіресе біреудің кемшілігін, мінін көріп айтуда өте шебер болған. Бірде Шыңғыс болысының билері съез қылып жатқанда бір адамдағы ақысын сұрауға Әубәкір келеді. Сол жердегі билер Әукеш өлең берші десе, Әубәкір жоқ, айтпаймын, сендердің міндеріңді айтсам ашуланасыңдар,-депті. Сонда билер айт, ашуланбайық дегенде Әубәкір мынадай өлең айтады:

Ішіңде байыңда бар, кедейіңде бар,

Кедейлігі болмаса гегейде бар.

Тайлы бие тамаққа жұқ болмайтын,

Тойымы жоқ, жалмауыз көмейде бар.

Ішіңде қырмың да бар, жырмыңда бар,

Би болуға жарамсыз сұмыңда бар,

Анық, әділ тартыпсың таразыға

Балтаменен шабатын мінің де бар,

Ішіңде тасыр да бар, ұғар да бар

Өмірінде билікке құмар да бар.

Жарға жығар…сұғар да бар.

Билер: әй, Әукеш адамды аямайсың-ау десіпті.

1928-1929 жылдары конфискация кезінде Әубәкір қудалауға ұшырап, түрмеге қамалады.  Шымкент жаққа жер аударылады. Сол жақта 1934 жылы қайтыс болады.

Ақылбай Абайұлы-Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан,  Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады. Ол «Дағыстан»( Кәрі Жүсіп), «Зұлыс», «Жарақ батыр» атты поэмалар жазды. Әуезов 1923 жылы «Сана » журналының 2-3сандарында Абайдың жарияланбаған өлеңдерінің қатарында «Зұлыс»-ты да бастырды. «Дағыстанның» үзіндісі 1918 жылы  «Абай» журналының 5-ші санында жарық көрген.  Оның «Ақылбайдың әні» деген атпен қазақ даласына кеңінен тараған әні бар. Ән кең тынысты дауысқа арналған:

«Ішік кидім бұлғыннан құндыз жаға,

Жас дәуренді өткіздім бермей баға.

«Ақылжан» деп тұрушы ед талай қыздар,

Сұмдық шықты дейтұғын «Ақыл аға».

Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,

Он минутта ойыма осы ән түсті,

Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң»,- деген екі шумақтан тұрады.

Ақылбай – Абайдың өзінің баласы. Абайдың алғашқы әйелі – Ділдәдан, әкесінің он алты жасында туған.

Алғашқы балалық шағын және жігіттікке жеткен кезін Ақылбай өз әкесінің үйінде өткізбейді. Үлкен әкесі – Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі, ең соңғы тоқалы – Нұрғанымның қолында өседі.

Осындай тәрбиелік жағдайының есебінен Ақылбай Абайға көбінше іні есебінде қарап өскен. Абайдың анық ұлғайып, үлкен білім иесі, атақты ақын болған кезінде ғана Ақылбай оның өз тәрбиесіне ауысады. Бірақ жас кезі, жігіттік шағы Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбай орысша оқи алмай қалған. Оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша, ескіше оқудың орташа дәрежесі болады.

Бертінде Абайдың ақындығын танып, оның мәжілісі, өсиеті көп әсер еткен соң, Ақылбай өз бойындағы ақындық күшін жарыққа шығара бастайды.

Әуелгі кездерде, қысқа өлеңдермен өз өнерін байқатып жүріп, кейін бірнеше үлкен поэма жазады. Ақылбай Абайдың ортасына араласқан соң, ән-күй, музыка өнеріне көп ден қояды. Ол ірі домбырашы және скрипкашы болған. Соның үстіне композиторлық талантын танытқандай, әдемі бір ән шығарғаны да бар.

Ақылбайдың жазып шығарған үш поэмасы болған. Алғашқысы «Жаррах» деген поэма, бұның тақырыбын шығыс әңгімесі – «Жеті үй» дейтін ұзақ ертегіден алған.

Екінші поэмасы – «Дағыстан».

Үшіншісі – Африкадағы зұлыстар тірлігінен алынған үлкен поэма «Зұлыс» еді. Бірақ «Жаррах» поэмасы мүлде жоғалып кеткен. «Зұлыстың» бас жағы ғана сақталып қалып, барлық поэма және де жалғыз сақталған қолжазба өртенумен жоғалып кетті.

Біздің қолымызда енді қалған Ақылбайдың жалғыз поэмасы – белгілі «Дағыстан».

Поэмаларын Ақылбай өз өмірінің соңғы кездерінде шығарған. Ақындық талантын ірі үлгілермен кесек еңбек тудырып, таныта бастаған Ақылбай өзінің ақындық өнерінің жаңа өрлеп келе жатқан кезінде қайтыс болады. Ол 1904 жылы әкесі Абай қаза болғаннан кейін, соның қырқын Семей қаласына жұрт жиып беріп болған түні, әкесінен соң қырық күн ғана өмір сүріп, өзі де қайтыс болады.

Ақылбайдың «Дағыстан» атты поэмасы Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс әрекеттерді баян етеді. Ақылбай осы шығармада өзі қазақ ақыны бола тұрып, тақырыпты қазақ тіршілігінен ұзап барып, өзге ел тұрмысынан алып жазады. Абайдың антик дәуірінен «Ескендір» тақырыбын, араб ескілігінен «Масғұт» тақырыбын алып, ұлттық шеңберден кеңірек өріс іздеген дәстүрін танытады.

Ақылбай өз поэмасының басында Кавказ тауын баян етеді. Лермонтовтан Абай жасаған аудармада «Арыстанның жалындай бұйра толқын бар» Терек аталған еді.

Қазақтың Каф дегені Кавказ серек,

Құдайым сұлу биік еткен еркек.

Ақырын айдаһардай жүз толғанып,

Тасты ағызып, тау жарған долы терек, –

деп бастайды.

Солайша, өз поэмасының оқиғасы жүретін географиялық ортаны атап алған соң, дәл Дағыстанның елін мінездеп жырлайды. Олар қатал ерлігі бар, ашушаң, суық мінезді жұрт болып сипатталады. Ызада кекшіл, қатал, қанжар жұмсағыш мінездерімен Дағыстан елінің қазақтан басқаша екені айтылады.

Содан кейін ақын Кавказдың таң атып келе жатқан көрінісін суреттейді. Оянған табиғаттың алғашқы үнші-жаршысы құмыр бұлбұл сайрап, скрипканың квинтасындай жіңішке нәзік күй толғантқанын сипаттайды. Динамикалық суретпен өндімелі күйде баян етілген көрініс ішінде атыраптың әр алуан суретін атайды.

Ақылбайдың суретшілігінде, өзгеше бір өндімелі кеңдік пен үйлескен, анық дәлдік бар. Әуелі таңды одан тауды, содан ары қалаларды оқушы көзіне біртіндеп көрсетіп кеп, ақыры бір қаланың ішінде, бір «ханның» есік алдына көз тоқтатады. Оқиға да осы арадан туып, дамып кете барады.

Сюжет құрылысында Ақылбайдың бұл поэмасы анық орыс классик поэзиясындағы қызықты оқиға туғызу дәстүрін шебер түрде жалғастырған. Поэманың басында қайғылы Жүсіп қарт көрінеді. Оның жүзінде жас:

… Жуан, қалың білектей бурыл мұртқа,

Домалап улы жасы барып жеткен…

Қарттың жүзі жасқа, жүрегі қазалы өкінішке толған. Болашақ геройының осы халін сәл баяндап, ақын әңгімені бұл арадан үзеді де, енді осы қарт Жүсіптің дәл жаңағы қайғыға неден түскенін баяндауға ауысады. Содан ары поэманың барлық оқиға тартыстары дағдылы жолмен өрбиді де, ең ақырында барып, кезегімен дамып келген оқиға жаңағы поэманың басында қайғылы жаспен отырған Жүсіптің өзіне оралып кеп аяқтайды.

«Дағыстан» поэмасы адам образын көрсетуде, қызық оқиғалы тартыс түйіндерін туғызуда өте шебер қалыптанған. Бұнда Жүсіптің жас жігіт кезінен басталатын бір тартыс бар. Оның есебі қызғаныш болатын. Жүсіп қызғаныштың үстіне жазықсыз жақсы жігіт, ер, мерген Ыбырайымды қапыда өлтірген. Ыбырайымның шешесі де баласының қазасынан қиналумен өледі. Бірақ Жүсіпті қарғап өледі. Содан кейін ұзақ мезгіл өтеді. Жүсіп үйленіп, одан бес ұл туады. Және сол бес ұлдың ортасындағы жалғыз гүлі – Зайра сұлу өседі. Осылайша, Жүсіп тірлігі толықсып, бағына жеткен шағында баяғы өлген кемпірдің қарғысы енді келе бастайды.

Содан поэманың ішінде қызық әңгімеленген тартыстар арқылы Жүсіптің бес ұлы қаза болады. Ең соңында Жүсіптің қан кегін қуған қызғанышы арқылы қызы Зайра және өлімші боп жатады.

Сол ең соңғы қалған жалғыз нәсілінің өлім шағында, Жүсіп кешірім сұраған. Бірақ махаббаты үшін шерленіп, өлім халіне жеткен Зайра әкесіне кешпей жатыр. Поэманың басында қайғылы Жүсіптің өкінішпен жылап отырған себебі осы еді.

Бұл шығарма – анық өмірлік романтика үлгісінде жазылған. Бұрын қазақ поэзиясында үлгісі болмаған, өзгеше шығарма. Романтика тартыс оқиғаларға араласқан адамдардың мінездерінен, іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Ол стильдің ерекшелігі – адамдағы белгілі бір сезімді, мысалы, қызғаныш, кек, махаббат сияқты күйлерді алады да, соларды аса зорайтып жырлайды.

Сюжеттік құрылыс пен суреттік идеяларының өзгешеліктері «Дағыстан» поэмасында анық мәдениетті романтикалық поэмалардың қалпынан аумай, бар талабына сай шыққан.

Бірақ осымен қатар ақынның санасында шығыстық немесе жалпы дінге нанған адамдардың бәрінде болатын бұлдырға нанғыштық, суевериеге бой ұрғандық айқын көрінеді.

Осымен «Дағыстан» поэмасы ұлы ақын Абайдың өзі жазбаған үлгідегі шығарма болады. Басталу негізінде, үлгі алуда, орыс классик әдебиетіне Абайдың барғанындай Ақылбай да барады. Бірақ Абай орыстың анық классиктік қасиет пен сананы танытқан реалистік әдебиеттің ұлы дәстүрін өзіне үлгі етіп алса, бұның жолын қуған және де ізденгіш жас ақын орыстың романтикалық стиліне көбірек еліктеген болады

Ақылбай Абайұлының қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының дамуына қосқан үлесі

Абайдың ақын шәкірттері ұстаздарының өнегелі дәстүрін  меңгере отырып, «үйрену, үлгі алу, тәжірибе жинақтау кезеңдерінен өтіп алып барып», өзіндік ізденістер жасауға талпынған. Және олар бұл талаптарының нәтижесінде сәтті авторлық табыстарға қол жеткізген. Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Уәйіс ақындар өз поэмалары арқылы қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы озық үрдістердің қалыптасып дамуына  ықпал еткен. Әрине, Абайдың бұл ізбасарларының қай-қайсының да болмасын поэмаларының мазмұны мен пішінінде стильдік жақындықтың, идеялық-көркемдік нәрінде өзара байланыстың бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сөйте тұра аталған ақындардың әрқайсысының өзіндік дара шығармашылық қалпы бар. Абай шәкірттерінің арасында ұстаз салған сара жолды әрі қарай дамыта түскен Ақылбай болды. «Дағыстанның»  әуелгі бастамасынан – ақ тосын әрекетке тап боламыз. Кавказ тауын, оның табиғатын жыр жолдарына арқау қыла отырып, өзі жырламақ жердің бар шындығын алға тосады. Қарт Кавказ бен оның айналасындағы табиғат қандай тәкаппар болса, ол жердің адамдарының да көңілі биік, кеудесі өр. Ешбіреуі басынан сөз асырмайтын, қит етсе қолы қанжарына жабысатын өркөкірек.

Ақырып айдаһардай жүз толғанып,

Тауды бұзып, тас жарған долы Терек.

Поэманың басында долы табиғатты суреттегеннен-ақ оқиғаның барысын сезе бастаймыз. Ақын сол арқылы оқырманын кезектегі қанды оқиғаға дайындай түседі. Табиғаттың суық түсінен сескенесің. Ақын бұл арада параллелизм әдісін қолданған. Ақылбай поэмаларының өзіндік даралығын танытатын осы суреттер. М.Мағауин: «Қазақ әдебиетінде адам тағдырына құрылған сюжетті шығармаға пейзажды алғаш енгізуші Ақылбай болды», – дейді. Көркем суреттерге Абай мен Шәкәрім өз поэмаларында соншалық көңіл бөлмеген. Шындығында пейзаж жасауда және бұл тұрғыда жаңа тіркестерді қолдануда Ақылбай қаламы құлашты. Алғаш рет табиғаттың тылсым күшіне жан бітіре суреттеу Абай шығармашылығымен еніп қалыптасты десек, ұстаздың бұл жаңалығын, оны сюжетті шығармаға енгізген оның ақын шәкірттері еді. Кавказ бен Зұлыс тауының көрнекті көріністері арқылы өз поэмаларының сюжеттік желісін жетілдіріп отыру Ақылбай ақынның негізгі көркеми тәсілі болған. Және бұл оның қазақ әдебиетіне енгізген өзіндік жаңалығы, дара шығармашылық беті болды. Ақылбай пейзажында ұстазы Абай лирикасының сарыны жатыр. Тек мазмұндық желісі ғана емес, сөз саптауларына, қолданған тіркестеріне дейін ұқсастық тауып жататыны алдыңғы тараушада сөз болды. Поэмадан алынған төмендегі жолдардың осы ойымызды нақтылай түсетіні кәміл.  Ақылбай «Зұлыс» поэмасында да өзінің суреткерлік сипатынан жазбайды. Әдемі суреттер жасайды:

Зор Зұлыс, зодыр Зұлыс түсі суық,

Басына жан бармаған мұның жуық.

Алабас ақ бурадай бұрқыраған,

Үскірік, қарлы бұлт басын жуып.

Қ.Мұқамедханұлы ақын тіліндегі бұндай қолданыстарға «Зор Зұлыс, зодыр Зұлыс түсі суық» дегендегі эпитеттер табиғатты жанды бейнеде кейіптеу, «ала бас ақ бурадай бұрқыраған» деген көркем теңеулер, күрделі метафоралар, екпінді, әсерлі дыбыс үндестіктері, осы шумақтардың өн бойында кездесетін өлең өрнектері, ажарлы сөз айшықтары – нағыз ақындық образ»,- деп өзіндік бағамын ұсынған.

Сюжетті шығармаға табиғат көріністерін кестелей білуі Ақылбайдың бірінші ерекшелігі болса, шығарманың композициялық құрылысына өзгерістер енгізуі оның тағы бір шеберліктің тезінен өткендігін байқатады.

Бұзылған Дағыстанның қу қаласы,

Көрінді қарт Жүсіптің үй – ханасы.

Жүсіп тұр қайғы басқан үй алдында,

Дүниенің әсер бермей тамашасы!

Бұлайша, оқиғаның соңынан бастап жырлау Ақылбай заманында қазақ әдебиетінде қалыптасып, қанат жая қоймаған көркем әдіс екендігі белгілі. Ақылбай құр еліктеуші, дәстүрден өнеге алушы ақын емес. Оның өзіндік ақындық беті айқын, көркем суреттер жасап, үлкен ой түйетін дарынды ақын.

Сөзге шебер ақынның дәстүрлі эпитет, теңеу, бейнелі сөздерін былай қойғанда, «тәуекел дариясына салып қармақ», «қанды шапан үстіне қалды киіп», «бейнет ішіп, күн көрген қатер киіп», улы қанжар, улы жас, бұлбұл көңіл, ажал иісі тәрізді төл суреттері ақынның өзіндік бейнелі ойлау жүйесінің биіктінін танытады.

Ақылбай Абайұлы өзінің поэмалары арқылы ұстаздан алған тағылымын бойға сіңірген дарынды шәкірт екендігін мойындатады.

Мағауия Абайұлы.

Мағауия – Абайдың жиырма бес жасында, Ділдәдан туған кенже баласы. Жас шағында Абай баласын ауылда мұсылманша аз оқытқаннан кейін қалаға апарып, Семейдегі Городское училище дейтін орысша мектепке түсіреді. Мағауияның алдында орысша оқуға берген ағасы Әбдірахман Түмен қаласында оқып жүреді. Мағауиямен бірге Абай Күлбәдан деген қызын да орысша оқуға береді. Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығады. Содан амалсыздан оқуын тоқтатып, ауылға қайтады. Осыдан соң, үнемі Абайдың қасынан қалмай, әкенің өз тәрбиесінде болады.

Бұның жастық шақтарында Абай орысша кітап оқуға барынша еңсесін беріп, өздігінен мол ізденеді. Сонда Абаймен ілесіп Мағауия мен Кәкітай екеуі де орысша кітапты Абайша қатты зер салып оқиды. Жаз сайын келіп жүретін Әбдірахманның да оларға көмегі көп болады.

Сонымен, Мағауия оқымысты жастың бірі болады. Ол әкесіне ел жұмысында да үлкен серіктік етеді. Ел көпшілігі Абайдың билігімен қатар , бертін кездерде Мағауияның әділ көмегін де көп көреді.

Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген, ұғынған Мағауия өзі де Ақылбай, Көкбай сияқты ақындық еңбекке беріледі Ол жазған поэмалар: “Еңлік-Кебек”, “Абылай” және “Медғат-Қасым”.

“Еңлік-Кебек”, “Абылай” поэмалары қолжазба күйде сақталса да, оқушыларға тарамаған.

М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арнаған. Өмір дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм сарынындағы шығарма болғанымен, оның реалистік шындықпен өмірге жанасымды қонымды тұстары да бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.

Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаhарман Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты көрінеді. Ол сезім Қасымды үнемі күтпеген іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелп отырады. Қасымды романикалық қаhарман етіп тұрған да осы сезім.

Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы -“Медғат-Қасым”. Оның ақындық ерекшелігін анық, айқын көрсететін де осы “Медғат-Қасым” поэмасы.

“Медғат-Қасымнан” бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа түскендей болып, „Еңлік-Кебек” дастанын да жазады.

Зерттеушілер „Еңлік-Кебекті” көркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі – жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны болса, екіншісі- осы Мағауиянікі. Бұл жолы да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз ақын Абай берген болатын.

М. Әуезов „Еңлік-Кебек” поэмасының жанрлық тұрғыдан алып қарағанда махаббат драмасы болып табылатындығын айтады. Мағауияның махаббат трагедиясына, Еңлік пен Кебектің өліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын атап көрсетеді.

Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б . кейіпкерлер өмірде болған адамдар. М.Әуезовтің шәкірті Қ. Мұхамедханов ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.

“Медғат-Қасым” поэмасының тақырыбы да қазақтан жырақ, алыс елдер өмірінен алынған. Ақылбай ізденген жолменен тың тақырып пен мазмұнды Мағауия да Африка елінің болмысынан алады.

“Медғат-Қасым” поэмасы романтизм сарынындағы поэма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса да, бұл поэманы реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды берген тартыстары, мінездері дәлелді көркемдікке сүйенген.

Абай берген бағыт бойынша ізденген шәкірт ақын Мағауия осы шығармасында Абайдың өзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызады.

Ақылбай мен екеуі де, романтикалық поэманың стилін қазақ әдебиетіне әкеліп кіргізгенде, анық соны, жаңа, жақсы ағым әкеп қосты деу керек.

Мағауияның осы поэмасының орны қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырдың соңында шыққан жаңалықтардың көркенті тұрғысының бірі деп атауға жарар еді.

“Медғат-Қасым”- Мағауияның ең соңғы поэмасы. Бұдан бұрын Абайдың тақырып етіп, шәкірт достарына тапсырып беруі бойынша , Мағауия қазақ өмірінің өзінен алып, тағы бір поэма жазған. Бұл- қазақ тарихындағы салттық болмыстан туған «Еңлік-Кебек» жайындағы қоспа поэма болатын.

Мағауияның бұл поэмасын қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың соңында шыққан жаңалықтардың бірі деп атауға болады. Абай берген бағыт бойынша ізденген шәкірт ақын осы шығармасында Абайдың өзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызды. Бұл тұрғыдан алғанда, Мағауияны романтикалық поэманың стилін қазақ әдебиетіне әкеліп кіргізген және жаңа, жақсы ағым әкеліп қосқан ақын ретінде бағалауымыз керек.

     Мағауия Абайұлының ғибратты ғұмырына зер салсақ, қазақ поэзиясына соны ізденіс әкелген ерекше дарын иесі екенін көреміз. Әкесі әрі ұстазы хәкім Абайдың тағылымынан нәр алған марқасқа Мағауия ақын Шыңғыстау даласын жырлаумен шектелмей, шетел әдебиеті мен мәдениетіне ден қояды. Жанындағы ойшыл әкесінің биік парасаты, салмақты һәм салихалы сөздері жас баланың жанарына от, көңіліне шалқар шабыт сыйлағаны анық. Шәкәрім, Ақылбайлардан қалыспай, поэзиядай ақсүйек өнердің қыр-сырын толық меңгерген Мағауияның басты бағдары да қалың қазаққа тұщымды әрі толымды өлең қалдыру..

Ақынның өлеңдері бүгінгі ұрпаққа қаншалықты бағалы болса, оның поэмасын халыққа таратқан адамдардың қолжазбалары да соншалықты маңызды. Мағауия туралы құнды деректерді Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедханов сынды танымал ғалымдардың кітаптарынан кездестіреміз. «Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген, ұғынған Мағауия өзі де Ақылбай, Көкбай сияқты ақындық еңбекке беріледі… Абайдың мәслихатымен және материал беруін пайдаланып, бірнеше поэма жазады. Ол жазған поэмалары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медіғат-Қасым», – дейді М.Әуезов. Заңғар жазушының осы сөзі арқылы Мағауияның шығармашылық шеберханасына енгендей боламыз.

Сарғайған парақтарды сарқылмас қазына деп білген Қ.Мұхамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» еңбегінде «Медғат-Қасым» поэмасындағы әр образға мінездеме бере отырып, сюжеттік желі негізінде тұтас талдау жасады. Сондай-ақ поээманың қолжазбасына да аз-кем тоқталады.

«Мағауияның тұңғыш жазған поэмасы – «Еңлік-Кебек». Бұл поэманы 20 жасында, 1890 жылдары жазған. Поэма ол кезде елге кең тараған. Оның себебін «Еңлік-Кебек» поэмасын сөз еткенде айтамыз. Поэманың қолжазба көшірмесі ғана бізге жеткен. Мағауияның өз қолжазбасы сақталмаған. «Абылай» поэмасының да толық нұсқасы сақталмаған. Қолжазба көшірмелерде шығарманың үзінділері ғана сақталған», – дейді Қ.Мұхамедханов.

Шынында да, Мағауияның өз қолжазбасы әлі күнге табылмай отыр. Осылайша, өткен ғасырдың болмысынан сыр шертер асыл мұралар жарыққа шықпай, қарт тарихтың қойнауында қалды. Бүгінгі мен кешегінің арасында бір ғасырлық кеңістік жатса да, біз мұндай құндылыққа салғырт қарамауға тиіспіз. Керісінше, алыптар жүрген іздерге, қолданған заттарға, дәйекті деректерге уақыт өткен сайын жақындай түсуіміз ләзім. Ғұлама ғалым Қ.Мұхамедханов Мағауияның мұрасын көзінің қарашығындай сақтаған тұлғалардың ерен еңбегін айта келіп, төмендегі сөздерін жазады.

«Ақындық өнері қалыптасып, кемеліне келе жатқан шағында, өмірінің ақырғы кезінде Мағауияның жазған соңғы поэмасы – «Медіғат-Қасым» 1900 жыл шамасы. Бұл жөнінде Рахымжан Мамырзақов естелігінде былай дейді: «Медіғат-Қасым» 1900 жыл шамасында жазылған. Себебі біз 1902 жылдан бастап айтушылардан ести бастадық. Бұл «Медіғат-Қасымға» арнауы өзінің әні болушы еді, мұны әркім жаттап алып, айтып жүрді. Халық сүйсіне тыңдайтын еді. «Медіғат-Қасымды» Әлмағамбет, Мұхаммеди Дарқан ұлы, Бейсенбайлар айтып халыққа таралды.

«Медіғат-Қасым» поэмасы да, Абай өлеңдері сияқты, ауыздан-ауызға жатталып және қолжазбадан-қолжазбаға көшіріліп, кезінде елге молырақ тараған шығарманың бірі. Поэманың бірнеше көшірме қолжазбасы сақталған. Мысалы, Абай шығармаларын көшіруші Мүрсейіт туралы айта келіп, Мұхтар Әуезов: «Абайдың ақын шәкірттері: Көкбай, Мағауия, Ақылбайлар шығарған поэмалары да қоса көшірді», – дейді. Және Абай шығармаларын сүйіп оқып, ұзатылар кезінде Мүрсейіт, Дайырбай, Самарбай сияқты көшірушілерге көштіріп алып, өздерінің жасау сандығына салып алып кеткен бір топ қыздарды білеміз деп, Мұхтар солардың аттарын да атап-атап айтады.

Кейін Абай қолжазбаларын жинаушылардың бірталайы пайдаланған сондай көшірмелер: Уәсилә, Әсия, Рахия, Ғалия, Ғабида, Қаныш деген қыздардың көшіріп сақтаған жазба жинақтары болатын.

Мағауия ақынның «Медіғат-Қасым» поэмасының ең әдемі жазылып, ұқыпты көшірілген бір нұсқасын, жаңағы Мұхаң атаған қыздардың ішіндегі, Қаныш атты қыз сары алтындай сақтап келіпті. Қаныш (шын аты Ханымбүбі) сол аса қымбатты қолжазбаны 1940 жылы бізге тапсырған еді. Дәптердің сыртында: «Үшбу қисса тиушыдүр Ханымбүбі Бекбай ұғылына. Жазылды. 1908-інші жылында 15-ші мартта», – деп жазылған. Дәптердің бірінші бетінде: «Қисса Медіғат-Қасым» шығарушы Мағауия Ибраһим ұғылы» – деп жазылған.

«Медіғат-Қасым» поэмасы 1908 жылы көшіріп жазып, Бекбай қызына тарту еткен, жоғарыда аталған Самарбай екен.

Қаныш (Ханымбүбі) Бекбай дейтін кісінің жалғыз қызы болғандықтан, ата-анасы оны «ұл» деп атайды. Сондықтан поэманы Қанышқа арнап көшіріп жазушы Самарбай да: «Бекбай ұғылына» деген. Бекбай Абай елінің адамы, Абаймен сыйлас, достар болған және ақынның өзі, інілері, балалары Семейге келген кезінде көбірек жатып жүретін үйлерінің бірі де Бекбайдікі болған. Семейдегі Абай музейі 1940 жылы осы үйде ашылған. «Медіғат-Қасым» поэмасы қолжазбасының Қанышқа ескерткіш-тарту ретінде тапсырылып, сақталуының қысқаша тарихы осы.

«Медіғат-Қасым» поэмасының 1908 жылы (Мағауия қайтыс болған соң, төрт-ақ жыл кейін) көшірілген нұсқасы қазіргі қолда бар тарихи бағалы қолжазба болып отыр. Поэманы ертеректегі қолжазбалардан көшіріп алып жаттаған: Әрхам Ысқақов, Рахымжан Мамырқазов, Шәбден Әлмағамбетовтарды ауызша айтқандарын 1908 жылғы қолжазбамен салыстырып, зеттеп қарағанымызда ешбір қайшылық, бұрыс кетушілік байқалмады. Сондықтан «Медіғат-Қасым» поэмасының 1908 жылғы қолжазбасын Мағауия жазған түпнұсқадан ешбір айырмасы жоқ деп кәміл сеніп айта аламыз. Поэманы сол 1908 жылғы жазылған қолжазба бойынша зерттейміз».

Мағауия жазған поэмадағы тың идея, жан-жақты образдар, тұспалды иірімдер туралы Қ.Мұхамедхановтың еңбегінен оқып білуге болады. Бізге құндысы – осы поэманың қолжазбасы болғандықтан, жоғарыдағы ғалымның сөзін тұтастай ұсындық. Мағауияның шығармашылығы ел арасында кеңінен тараса да, санаулы адамдар ғана қолына қалам алып, поэманың қолжазбасын қалдыруды ойлаған көрінеді. Бүгінгі таңда Мүрсейіт, Дайырбай, Самарбай сынды Абай мұрасын насихаттаушылардың өмір жолын зерттеу – аса маңызды мәселелердің біріне айналды.

Уақыт көші алға жылжыған сайын өткеннің бейнесі бұлыңғырлана беретіні ақиқат. Десе де, арда жүрек алыптардың сүбелі сөзі мен өнегелі жолын ұмытпай, жаңа ізденіспен ұлықтаудың, қайта қарастырудың кезі келгендей.

Тұрағұл Абайұлының  ең құнды  шығармасы«Әкем Абай туралы» естелігі. Қазақ әдебиетіндегі естелік жанрының бастауында тұрған бұл еңбегін ол М. Әуезовтың өтініші бойынша жазған. Абайдың мінез құлық ерекшеліктерін, өлең жазардағы көңілкүйін қызықты суреттеген Тұрағұл ұлы ақын шығармаларына талдау жасайды, оның шығармаларының негізін көркем аудармалар құрайды. Ол Джек Лондонның «Эскимос Киш», М.Горькийдің «Челкаш» т.б. әңгімелер мен шығармаларын қазақ тіліне аударған. Тұрағұл Абайұлы «Алладан қапа боп тілеген күн», «Хат»,» Әбішке», «Жауап хат», т.б. өлеңдер жазған.  

   Уәсила Мағауияқызы – аздап өлең шығарған, он саусағынан өнер тамған ісмер болған. Оның Абай туралы жоқтауы «Боздағым» атты жинаққа енгізілді. Ол Алматыдағы опера және балет театрында ұзақ уақыт тігінші болып, Абай қойылымдарының ұлттық киім үлгілерін тігіп, театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Абайдың мінез машықтары туралы Уәсиланың естеліктері Абай қоры мұражайында сақтаулы.                         

ІІІ Қорытынды.

Біздің туып-өскен жеріміз-ұлы Абай ақынның атында, ал өз туған жерімнің  тарихынан сыр шерткен ақын мұраларын насихаттамау кейінгі ұрпаққа сын деп білемін. Сондықтан да, кішкентай кезімнен бастап Абай бабаның өлең – жырларынан нәр  алып, сусындап өстім.

2017 жылы өткен  XVII   Республикалық Абай мен Шәкерім  оқуларында «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» бөлімі   бойынша 200 өлеңді жатқа оқып ІІI орын иелендім. 2020 жылы болып өткен XXI Республикалық Абай оқуларының «Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша 33  қарасөзді жатқа оқып III орынға ие болдым. Одан бөлек, Республикалық Абай олимпиадасының облыстық кезеңінде топ жарып 1 –орынға ие болу арқылы республикалық кезеңге жолдама алып, республикалық кезеңнен жүлделі 2-орын алдым. Міне,осылайша Абай әлеміне деген қызығушылық мені «Абай ұрпақтарының шығармашылығы мен тағдыры»  деген тақырыпты алып, зерттеп-зерделеуіме жетеледі.

Көптеген материалдарды зерделей отырып менің көзімнің жеткені – Абай ұрпақтарының шығармаларының және тағдырларының насихатталуы аздық етеді екен. Абай ұрпақтарының тағдыры туралы, Абай бабамыздан тараған ұрпақтар туралы белгілі бір кітаптарда ғана айтылған.

Айтқандай , мен ол кісінің кітабында аталмаған кейбір ұрпақтарының атын шамам келгенше басқа кітап пен тарихи деректерден ала отырып толықтырдым. Абай баба ұрпағының тарихы да, шығармашылығы да  тұңғиық, тек ізденіп зерттеуді ғана қажет етеді…

«Абай әлемі»

Даналығы, даралығы дарыған,

Қара өлеңнің құдіретін таныған.

Қара қылды қақ жаратын қашанда,

Мен Абайдың әлеміне табынам!

Қара сөзі өткір қанжар- қылыштан,

Ал өлеңі құйылғандай құрыштан.

Шежіресі таусылмайтын ырыс – құт,

Жан жүректі тебірентіп жылытқан.

Терін төкті адамзаттың қамы үшін,

Жырын жазды ұрпағының бәрі үшін.

Ақ-қарасын айтып кеткен Алашқа,

Ұлы Абайдың әлемін ел танысын!

Жыр-жауhарын жүрегімде тасыттың,

Ақ парағын жыр әлемнің ашыппын.

Құдіреті биік тұрар қашанда,

Мен Абайдың әлеміне ғашықпын!

 Кәріпбай Аружан

өз шығармашылығымнан

«Абай  ұрпақтарының тағдыры мен шығармашылығы» тақырыбына

Пікірі

Шәкерім орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кәріпбай Аружанның «Абай  ұрпақтарының тағдыры мен шығармашылығы» деген тақырыбындағы ғылыми жобасында  Абай  ұрпақтарының мұрасын насихаттауға қосқан үлесі дер едім.

Кәріпбай  Аружан осы тақырыпты ала отырып , өзінің ғылыми жобасы арқылы қабілеттерін өзінше зерттей отырып, тұжырымдаған.  Абай ұрпақтарының көптеген оқырмандар біле бермейтін шығармалары мен тағдырларын, тың деректер табу арқылы терең зерттеген. Ғылыми жоба тақырыбын ашқан.

Мен алдағы уақытта да Аружанға осы жобаны зерттей отырып, әлі де болса Абай  ұрпақтарының шығармаларының қыр – сырына үңілеріне , жаңа тың өлеңдері шықса қадіріне жететініне сенімдімін. Аружанға тек қана табыс пен жеңіс тілеймін!

«Абай ұрпақтарының тағдыры мен шығармашылығы» тақырыбындағы

ғылыми жобаға

Пікірі

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Кеңгірбай би  ауылы Шәкерім орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кәріпбаева Аружан «Абай ұрпақтарының тағдыры мен шығармашылығы» деген тақырыбындағы ғылыми жобасында көп ізденіс  байқадым.

Аружан Абай бабамыздың ұрпақтарының тағдыры мен шығармашылығын зерттеуде көп ізденген. Қазақстан баспаларынан шыққан кітаптар мен айтылған пікірлерді терең зерделеген және оны бір – бірімен салыстыра отырып, байланыс тапқан. Кейбір әдебиеттердегі  қайшы пікірлерді оқушы көзімен саралап шыққаны, оқушының ақын ұрпақтарына, олардың шығармаларына деген сүйіспеншілікті көрсетеді. Аружанның талапты еңбегін бағалай отырып, әлі де ақынның ұрпақтарының зерттелмей, жасырын жатқан  еңбектеріне деген қызығушылығың арта түссін, ерінбей іздене түс дегім келеді.

Кәріпбаева Аружанның бет алысы өте жақсы алдағы уақытта табыс тілеймін, Абай  атаңның ұрпақтарының шығармасын толықтырып зерттей бер дегім келеді!

You May Also Like

Бөгелектің тіршілігі, ғылыми жоба слайд

Жеті ата, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Жеті ата…..» Аннотация Зерттеудің мақсаты:Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің,…

Жылқы, ғылыми жоба

Жоспары: І Кіріспе.      ІІ Негізгі бөлім 2.1. Қан және қан айналымы…

«Жер–сенікі, менікі» ғылыми жоба

Оқушысы: Тельман Малика Данияровна Тaқырыбы: «Жер –сенікі, менікі» Aвторы: Тельман Малика Даниярқызы…