Жеңіс – қасиеттi мереке  (эссе)

1945 жылдың  9 мамыры…  Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс  болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы тарихымыз мәңгілік, Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар.

Қуаныш пен қайғы жасы қатар келетін Жеңіс күні мерекесі баршамыз үшін өте қастерлі, аса қымбат. Майдангерлеріміздің осы жанкешті еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі өнеге болып қала бермек. Сондықтан да, қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімі мәңгі ел есінде, ал осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз, ардагерлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы… Бұл сол кездегі кеңес  халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.

«Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр» – деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Иә, Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы азайып барады емес пе?! Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін күшпен жеттік. Ол күш – әрине, «бірлік». «Ер есімі – ел есінде», – демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

You May Also Like

Бірлігі жарасқан-сыныбым, эссе

Бірлігі жарасқан-сыныбым Сынып сөзі – грек тілінен аударғанда «ұжым» деген мағынпны білдіреді.Яғни,сынып…

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз, эссе

Қазақ әдебиетіндегі көпетеген поэмаларда кейіпкерлерден болашағымызға улгі етерлік қасиеттері мен өзіміздің бойымыздан…

Тәуелсіздікті сақтау – ата-баба мұрасын қастерлеу. эссе

Тәуелсіздік – халықтың үні,ұлттың тілі мен ділі.Тәуелсізддік халықтың тойы,елдің тойы.Қалың қазақ,алты алаш…

Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз, эссе

Сал-серілер өлеңдерінде ару қызды, көрікті келіншекті аялау, жақсыларды дәріптеу негізінде жырға қосқан.…