“Ұлы Отан соғысы батыры” тақырыбына эссе

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп айтып кеткен бабаларымыз ерліктің мұраты – ел екендігін сан мәрте дәлелдеген болатын. Батыр сардар Бауыржан Момышұлының «Ерлік елеусіз қалмасын” деген керемет сөзі бар. Ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, Отан үшін кеудесін оққа тосып, от кешкен жүздеген ұлт өкілдерінің мығзымас бірлігі мен достығы ауыр сыннан өткен ҰОСының жеңіспен аяқталғанына біршама уақыт болды. Сол шақта бір тілекке бағындырған халық күйгін жасағанның көңілі жұбанбайтынын, қазіргі күнсіз келешек жоқ екендігі түсінікті болатын.

Ел басына күн туған шақта ел аманатын арқалаған аталарымыздың көбі ұрыс даласында жанкештілік танытып, жанын пида еткені белгілі. Сол жауынгерлердің ішінде менің бір бабам: Өміралиев Құрмантай, 1905 жылы туылған; Сталинград шайқасында 1943 жылы қараша айында қаза тапты. Ол бабама кіндік қаны тамған жердің, туған елдің бір уыс топырағы бұйырмай, мәңгілік майдан даласында қалды.

Өлгенге бақыт керек емес, «өлінің бақыты-тірінің тірлігінде»-демеп пе еді Бауыржан бабамыз.

Ал, менің тағы да бір нағашы бабам – Бердалы ұлы Әбділла, 1942 жылы өз еркімен Екінші дүниежүзілік соғысына аттанды. Еуропаның жартысында – Чехословакия, Венгрия, Германия жерлерінде майданда болып, фашисттермен бетпе-бет кездесіп, бірнеше рет жараланып, өз ерлігімен барлығының көзіне түскен. 1945 жылдың көктемінде бабаммен бірге мыңдаған қазақтың жас жігіттері эшелондармен Япониядағы соғыстың майданына аттанды. 1946 жылы өз ерлігі мен айбыны үшін көптеген орден, медальдармен марапатталып, елге аман есен оралды. Соғыстан кейін, өз мамандығы бойынша мектептегі оқытушы, директор жұмысын жалғастырды. Ауданының халық ағарту бөлімінің менгерушісі болып, ұл, қыз, немере, шөбере көріп, дүниеден өтті.

«Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары» – деген екен бұрында адамдар. Сол «Мысыр шаһары» үшін жеңістің қиындықпен келгенің бүгінгі ұрпақ, біздер терең сезуіміз керек. Менің ойымша, туған жер үшін, өзгелердің өмірі үшін жанын пида еткен батырлардың асқақ рухын санамыздан мәңгілік өшірмеу – әр адамның міндеті. Батырлық, ерлік көрсету – ерекше қасиет. Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы оның өз борышының өтеуі болып, ел алдындағы қадірі мен құрметі болып саналады.

You May Also Like

Қазақстан жетістік пен өркендеудің символы, эссе

Эссе Қазақстан жетістік пен өркендеудің символы Қазіргі Қазақстан – тәуелсіз , егеменді,…

Ш.Уәлихановтың әдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дәлелдер арқылы жазыңыз. эссе

«Құйрықты жұлдыз секілді,   Туды да көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар…

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. эссе

Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы,…

Наурыз – начало года, эссе

Эссе Наурыз – начало года Наурыз – долгожданный всеми праздник весны ,…