«Спорт – денсаулық кепілі» деп неге айтады? 

Спорттың пайдасы көп. Спортпен шыныққан адамдардың күші көп болатынын білеміз. «Неліктен спортты – денсаулық кепілі» дейді?

Кепіл – сенім, гарантия. Қазір көп ата-ана өз балаларын түрлі спорт секцияларына қатыстырып жатады. Өйткені әр ата-ана өз ұрпағының шынық болуын, дені сау болғанын қалайды, соған сенгісі келеді.  Денсаулық кепілі деген сөз осыдан шыққан болар.

Әкем бауырым Арыстан екеуімізді де спорт секциясына берді. Мен, міне, екі жылдан бері каратэ және бимен айналысамын.  Аптасына 6 күн 2 сағатымды шынығуға арнаймын. Басында тез шаршайтынмын, қатысқым келмейтін. Қазір өзіме ұнайды. Мүмкін сол себептен шығар, жиі ауырмаймын.

Тек секцияларда ғана емес, үйде де спортпен айналысуға болады. Мысалы күнде ерте тұрып, жүгіруге, жаттығулар жасауға, не таза ауада серуендеп қайтуға болады. Салауатты өмір салтын ұстанған адам жүгірген немесе ауыр жұмыс жасаған  кезде шаршамайды. Себебі оның бұлшық еттері, сүйектері қатайған, шыныққан болып шығады.

Тағы бір айтарым, спортпен айналысатын адам Чемпион болуы міндетті емес.  Балалар, сендер денсаулықтарың мықты, өздерің әдемі, денелерің шыныққан болғыларың келе ме? Онда спортпен бізбен бірге айналысыңдар!

 

You May Also Like

Ш.Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман сипаты. эссе

«Мына заман қай заман?» деп жырлаған Шортанбай ақын заманы Ресей патшалығы отаршылдығының…

Тазалық-денсаулық кепілі эссе

«Тазалық-денсаулық кепілі» Денсаулық-адамның басты байлығы. Дені сау адам болуға тырысуымыз керек. Себебі,…

Тарих толқынында ұлттық теңге, эссе

О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің астасып келуін дәлелдеп жазыңыз. эссе

Романтизм мен реализм бір – біріне қарама қарсы әдеби бейнелеу тәсілдеріне жатпайды.…