Президент – ел тірегі

Эссе
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ тарихында орны ерекше. Биыл  2021 жылы тәуелсіздігімізге  30 жыл толып отыр. Еліміз  егемендігін  алып, өз тәуелсіздігіне  жеткеннен бастап,  осы  күнге  дейін  Елбасымыз ерен  еңбектер атқарып келеді. Қазақстан  Республикасының  Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев осы игі істерді жалғастыруда. Еліміздің экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы  Елбасымыздың саясатының негізінде дамып отыр.  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы , қол жеткен мұраты. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз Республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда  Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Еліміздің рәміздері қабылданды, ұлттық  теңгеміз жарыққа шықты, Ата  Заңымыз қабылданды. Нұрсұлтан қаламыз көркейді. Ақ Орда, Бәйтерек, Ханшатыры сияқты көптеген ғимараттар салынды. Еліміз дамыған елдер қатарына қосылды. Ірі мемлекеттермен  байланыс орнатты. Тұңғыш Президентіміз – ел тірегіне айналды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілдеде  1940 жылы Алматы  облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Үлкендердің  мал  бағуына, бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты. Жақсы білім алып, еңбек етті. Алғашқы еңбегін Теміртау  қаласында металлург болып бастаған. Білімділігімен,ақылдылығымен, көрегендігімен көзге түсіп, ел ісіне араласты.   Елбасымыз ата – бабадан қалған аманатты қорғап, әлемге танытуда күш салып, еңбек етуде. 30 жасқа толған тәуелсіз елімізді  көптеген ірі жетістіктерге жеткізді. Тұңғыш Президентіміз үшін мақтанамыз. Еліміздің тірегіне айналып, асқақтатып отыр. Елбасының жасап жатқан еңбегі баянды болсын. Қазақстанымыздың нұры тасып, абыройы аса берсін.

You May Also Like

Өмір – адамға берілген сый эссе

Өмір – адамға берілген сый (эссе) Өмір – ол үлкен жол. Өмір…

Тәуелсіздік-тұғырым, эссе

Тәуелсіздік-тұғырым Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына міне 30 жыл.Және мен бұл үшін мақтанамын.Біз…

Тәуелсіздік дәуірі, эссе

Тәуелсіздік дәуірі Тәуелсіздік – жекеменшік  еркіндік. Кім де болса еркіндікті қалары анық,…

Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз, эссе

Ақан сері құлагер сипаты Ақан серінің «Құлагер» өлеңі туралы Қазақ халқы әнші…