Мерейлі отбасы    

Отбасы-адамның жақсылық жасауға

үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы.

В.А.Сухомлинский

Отбасы- адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Қазақ ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»-деген. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбиелеуге қоғам алдында жауапкер. Менің ойымша кейінгі кезде қалыптасқан тәрбие мектептен басталады-деген көзқарас дұрыс емес. Бұл процесс отбасынан басталуы керек деп ойлаймын. Баланың тәрбиесі ата-анасына тікелей байланысты. Менің ойымша бақытты отбасының кілті бірлік пен татулықта. Ал, саналы ұрпақтың негізгі кепілі ұлағатты тәрбиеден басталады.

Осы сөздерді ойлай отыра менің ойыма бүкіл елді өзіне баурай алған тоғыз қырлы, бір сырлы, миллиард жанкұйері бар, ерекше талант иесі Димаштың отбасы көз алдыма елестейлі. Бұл отбасында дәстүрді берік ұстаған әке мен ана тәрбиені бәрінен биік қоя білді. Әсіресе бала тәрбиесіне келгенде олар бөгелген емес. Оның нақты дәлелі Димаш өмірге келгенде бабадан жалғасқан дара жолды жалғап, атасы мен апасы  бірінші немерені бауырға басты. Атасы мен апасы Димаштың азамат болып өсуіне барын салды. Ең алғаш бүлдіршіннің бойындағы талантты танып,оны музыкалық мектепке берді. Одан әрі қанмен берілген қасиетті ұштай түссін деп түрлі үйірмелерге тасыды. Осының бәрі оның биікке бастаған алғашқы баспалдығы еді. Мектеп қабырғасында жүргенде Димаш өнер мен қатар оқуда да озат болды. Айтбаевтар отбасы болар баланың белін буа білді,  Димашты түрлі байқауларға қатыстырып, өнерінің өрістеуіне жол ашты. Мектепті аяқтаған тұста музыкалық коледжге баруын қалап, кәсіби білігінің шыңдалуын көкседі. Талмай жаттығу жасағанның арқасында ол көздеген мұратына жете білді. Бойындағы талатын шыңдай білген Димаш түрлі сайыстарға түсіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Әсірісе оның атағын биікке көтерген «Мен-әншіміін» байқауы болды. Қаршадай ғана бала миллиардтаған халықтың алдынды қазақтың абыройын асырып, мерейін тасытты. Мен де Димаш ағамызбен дәл осы байқауды көргенде танысып, содан бері мен де миллиардтаған жанкүйерлерінің қатарына қосылдым. Біздің халықтың өнерлі екенін көрсетіп, түрлі тілде ән шырқап әлем халқын өзіне қарата алды. Шет ел азаматтары Димаш арқылы қазақтаң ғасырдан жалғасқан дәстүрін біліп, таңдай қақты. Өйткені, отбасылық құндылықты қазақтай қастерлейтінін әлем елдері білді,таныды. Тілімізді, түпкі мәдениетімізді, халық әндерімізді биік қойған Димаш шет елдерде жүргенде,өнер көрсетер алдында қазақ тілімізде амандасудан бастайды. Жалпы мен үшін Айтбаевтар отбасы Қазақстандағы нағыз мерейлі отбасы. Себебі Айтбаевтар отбасында ата дәстүрді жалғастыратын ұлттық тәлім-тәрбие бар.

Қазіргі таңда балалар үйі де, қарттар үйі де біздің елде көптеп кезесуде. Ананың махаббатына зәру сәбилер мен баланың мейіріміне зар болған қариялар. Бірі терезеге телмірсе, бірі бесікке емес есікке телмірген қос шарасыздар. Бұл – біздің қоғамның ащы шындығы.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»-дегендей басқа отбасылар да мен үшін мерейлі отбасы  «Айтбаевтардан» үлгі алса екен

You May Also Like

Жетістікке жету, эссе

Күнделікті өмірімізде жетістік, жетістікке жеткен адам кім? деген сұрақты өзімізге көп қоямыз.…

Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар, эссе

Жаяу Мұсаның Байжанұлының “Ақ сисасын” білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл –…

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? эссе

1928 жылы ақын С.Мұханов драмалы оқиғаға құрылған “Сұлушаш” поэмасын жазды. Поэмада жиырмасыншы…

Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз, эссе

Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының   әдеби мұрасының…