Менің атам

                                                                        «Аталар сөзі – ақылдың көзі»                                                                                

     Менің атам Шегебаев Қонысбай Әбдрахманұлы 1938 жылы Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Жетіқоңыр колхозында дүниеге келген. Әр түрлі қызметтер атқарған, математика пән мұғалімі болған, оқу ісінің орынбасары болған кісі.  Қазіргі кезде Борсеңгір ауылының имамы. 2016 жылы Қазақстан Діни басқармасының шақыруымен Астанада бірінші рет өткізілген Республикалық имамдар форумына делегат болып барып, «Дәстүр және дін» тақырыбында баяндама жасап қайтты. 2017 жылы атам және ауыл тұрғындарының көмегімен мешіт ашты. Мен атамды жақсы көремін, атамның еңбегін бағалаймын. Атам ылғи да бізді, яғни балалары мен немерелеріне, ауыл тұрғындарына адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға нақыл сөздерін айтып жүреді. Жақсы мен жаманды айыра білуді үйретті. Бізге «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген түсінікті қалыптастырып тәрбие беріп келеді. Осындай атам барына қуанамын, мақтанамын. Ұзақ ғұмыр тілеймін. Алла тағалам атама күш – қуат берсе екен деп тілеймін. Менің атам ең жақсы адам.

You May Also Like

С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ пен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін салыстыра талдап жазыңыз. эссе

Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, революционер ақын. Оның поэзиялық шығармалары…

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз эссе

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз! 1 мамыр бірліктің, достықтың, татулықтың мерекесі. «Бірлік…

Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанынының арасындағы үндестікті тауып, талдап жазыңыз. эссе

«Абай дана, Абай дара қазақта…» Міне, бұл сөздер бүгінгі жастардың да егде…

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін, эссе

Туған жер…Туған ел… Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр…