Қазақ поэзиясында жарқын із қалдырған дарында ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев еді. Ол – өзінің жазу шеберлігімен қатар өлеңдерінде жан дүниесінде датқан сырлы атқаруымен ерекшеленетін дара тұлға. Оның поэзиясы адам табиғатын толқыған сәтте көкірегінен сыр болып сыңғырлап төгілтетін немесе қамыққанда шыңыраудан алып шығатын, күйзелгенда жаныңа қуат беріп, көкіректі нұрға бөлеп, шалқитын шынайы тебіреніс рухтың мөлдірлігін, тереңдігін танытатын ерекше құбылыс. Соның бірден бір дәлелі – «Ару ана» поэмасы.

М.Мақатаев шығармашылығында назар аударарлық, көңілге біртүрлі ой салдырып, өзіне еріксіз тартатын поэмасы – «Ару ана» еді. Бұл поэманың сюжеті де өзгеше бағытқа құрылған. Себебі, бұнда заманында қарақшы атанып, елден жырақ, таудағы үңгірді мекен еткен Құрман тағдыры жайлы оқиға өрбиді. Поэмада жұрттан жырақ өмір сүрген жанның тағдырына назар аударарлық түйткілдер берілген. Ақынның алымын да, қарымын да айқын аңғартатын осы шығармада көркемдік нысана да, дәуірдің үстем талабына бейімделуге мәжбүрлік те аңғарылады. Шығарма арқауына айналған өмір шындығына зер салсақ, бас кейіпкер Құрманның айналасындағы, қоғамдағы барлық адамға, заманға ашынуы көрініс тауып, ал бұған кінәлі отырған ортасы еді.

«Мекені жоқ, елі жоқ тұрақ қылған.

Жерді төсек, жұлдызды шырақ қылған.

Кезбе өмірі делбе етіп кер кедейді,  Кез келген қиырларға лақтырған…»

деп Құрманның өмірі осылайша суреттеледі. Алайда ақынның осы кейіпкері неге елден жырақ өмір сүруді қалайды? Құрман ұмтылған бақыт осындай бостандық па?

Менің ойымша, Мұқағалидің Құрман өмірін негізге алуының себебі – жұрттан бөлек, елден ерек тағдыр иесін көрсету, сол арқылы өз аңсарын бейнелеу деп ойлаймын. Ал Құрманның осылай айналасынан түңіліп, баз кешіп кетуінің бірден бір себебі, айналасындағы болып жатқан арам істері, озбырлығы мен зорлығы болып отыр деп ойлаймын. Сондықтан да Құрман ашулы да ашынулы. Өйткені қайда барса да алдынан шығатыны қорлық, адамдардың теңсіздігі, біріне бірі қайырымсыздығы себепкер. Жүрегінің оты бар Құрман сияқтылар қашанда бостандыққа құмар келеді. Себебі, бостандық олар үшін теңдессіз бақытқа тең. Ешкімге тәуелді боп, табанын жалағысы келмейді. Ашу мен ашынудан айбаттанған Құрман ,кектен қайраттанған ол, тіпті, қошеметшісі, қолдаушысы көп байдан да тайсалмайды. Өз бақыты үшін күресу жолында ол қаймықпастан жесір қызды алып қашып, жұрттан алыс таудағы үңгірде ғұмыр кешеді. Ал оның Жамалмен бірге өмір сүруі еркіндікке құштарлықтан туған қайрат еді. Ол үшін бақыт – бостандықта.

Қорыта келе, еркіндік үшін қанжығадан күрісуге бейіл Құрман тағдыры ақынның аңсарынан туған ниет десекте болады. елден жырақ өмір сүру ол үшін бақыт екендігін Мұқағали түміндіре отырып, қоғамда ондай адамдардың бар екендігін және бағзыдан бүгінге ұласып, үзілмей келе жатқан құштарлық, ұлы арман бұл туындыда өмірлік шындық арқылы өрнектелген.

You May Also Like

Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу, эссе

                   “Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу”   Қазақ сәбиін: Ақын болар…

Ұлы даланың перзенттері, эссе

Эссе Тақырыбы: «Ұлы даланың перзенттері» Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков-1966 жылы 13 наурызда Жамбыл…

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. эссе

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі-адамгершілік. Сол адамгершілік атауының тамырына…

Баланың тіл мәдениетін отбасымен бірге қалыптастыру эссе

Баланың тіл мәдениетін отбасымен бірге қалыптастыру Балаға білім беру үшін, ең алдымен…