Бірлігі жарасқан-сыныбым

Сынып сөзі – грек тілінен аударғанда «ұжым» деген мағынпны білдіреді.Яғни,сынып дегеніміз-бір топ адамнан құралған ұжым.

Біз «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының» шәкіртеріміз және де біз 7 «В» сыныбында оқимыз.Сыныбыз мектептегі үлгі тұтар сыныптарының бірі.Біздің сыныбымызда биші де,әнші де,ақын да,суретші де,спортпен айналысатын да ұл-қыздар көп.Сыныбымызда 16 қыз,8 ұл бар.Бәріміз тату-тәтті өмір сүрудеміз.Бос уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе білеміз.Мектепте үзіліс арасында далаға шығамыз,түрлі интелектуалды ойындар немесе шахмат,шашки ойнаймыз.Бірлік болмай-тірлік болмас»-дегендей біз бір-бірімізді сыйлап,көмек көрсете білеміз.Сыныбымыздың ұл-қыздары түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатысып,жүлделі орындар алады.Сыныптағы балалар түрлі үйірмелерге қатысады,яғни оларды «Сегіз қырлы-бір сырлы»-деп айтуға болады.Және сыныбымыздың басқа сыныптарға қарағандағы басты ерекшеліктерінің бірі білім,талап және өнер сапасы өте жоғары.Қандай тапсырма бермесін,бәрін бұлжытпай орындаймыз.Және де осындай топтық жұмыс берген кезде бәрі ұмтылады.Әсіресе Тамызғазина Ұлжан.Тек қана Ұлжан емес,басқалары да қолдарынан келгенше тәрбие сағаттары мен концерт,жарыстарға белсене қатысады.Сол себепті әр оқушының орны бөлек.Бір-бірімізге сабақ жағынан көмектесіп тұрамыз.Әрине,осының бәрі тәрбиешіміз Менкенова Мөлдір Бауыржанқызының арқасы.Мөлдір Бауыржанқызы үнемі сыныбымызды алдыға қарай тартып,жаман жақтарымызды жасырып,жақсы жақтарымызды асырады.Біз осындай тәрбиешіміз бар болғанына өте қатты қуаныштымыз және оған өз ризашылығымызды білдіреміз.Себебі,ол бізге қаншама жақсылық жасады.Сондықтан біз оған алғыс айтамыз.Міне,менің сыныбым осындай.Мен өз сыныбымды жақсы көрем және өз сыныбыммен мақтанамын.

Біз осы лицейде оқып бірге жүргенімізге бір жыл енді болады.Әрқайсысымыз әртүрлі жерден келген болатынбыз.Біреуі Үржардан болса,біреуі Тарбағатайдан,Күршімнен келген балалар.Соның өзінде біз тату-тәтті отбасындай бірге оқып,бірге тұрып жүрміз.Демалыс күндері бір-бірімізді көрмесек сағынамыз.Себебі біз ұйымшылмыз.Және де ата-анамыздың үмітін ақтаймыз.

You May Also Like

Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз. эссе

Қасым шығармашылығы-қазақ поэзиясының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын…

Менің тұңғыш Президентім! эссе

Эссе Менің тұңғыш Президентім! Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы Президент дегеніміз –…

Ұстаз – мектептiң жүрегi, эссе

Ұстаз – мектептiң жүрегi Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі  ұрпақтарды…

Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз. эссе

Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серлік үрдісті…