Бейбіт елдің ұрпағымын

Мен Нұр-Сұлтан қаласы №37 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысымын. Аты-жөнім- Нұрболатұлы Әли.
Мен  Ұлы Жеңіс мерекесі жайында өз білгенімді ортаға салмақ ойым бар.
Мектепте ұстазымның айтып, үйретуімен, үйде ата-анамның қөмегімен, теледидардан көрген кинолардан  Жеңіс мерекесінің біздің еліміз үшін оңай жолмен келмегенін білдім.
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар арасында болған. Бұл соғыс екінші дүниежүзілік соғыс болып саналады. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне жақын күндері 76 жыл толады,яғни Ұлы Жеңіске- 76 жыл. Бірақ Ұлы Жеңістің бізге қалай келгенін  біз ұмытпаймыз. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.

Қазақстанымның бейбіт,көңілді өмір сүруіне соғыста қайсарлықпен шайқасқан аталарымыз бен апаларымыздың еңбегі зор. Осылайша олар Отанына деген сезімін,сүйіспеншілігін  туған жерін сұрапыл соғыстан қорғап дәлелдеді.Олар:Б.Момышұлы, Т.Бигельдинов,  Р.Қошқарбаев,Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, тағы басқалары.
Біз ардагер аталарымыз бен апаларымыздың  еңбегін бағалаймыз. Отанымыздың бейбіт өмір сүруіне мен өз үлесімді қосамын. Барлық елде тек бейбітшілік таңы атсын деген тілегімді бала жүрегімнен тілеймін!

You May Also Like

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? эссе

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? С.Мұқанов-қазақ…

Ана-гүл, ана-өмір шырағы эссе

ЭССЕ Ана-гүл, ана-өмір шырағы Ана… Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш…

Менің әкем ең жақсы адам, эссе

Менің әкем ең жақсы адам Қуан сен, қуана бер әкетайым, Мен сенің …

С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазу, эссе

С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз! Сырбай Мәуленовтің шығармашылы­ғының негізгі…