Эссе.

1-мамыр татулық пен бірлік күні.

1-мамыр  – Қазақстан халқының бірлігі күні, менің сүйікті мерекелерімнің бірі, себебі Қазақстан Республикасыәлемде татулығы мен бірлігі жарасқан ел болып танылған. Шынымен де біздің еліміз өте бай, әдемі, керемет, әсем, сұлу елдердің бірі, біз әрқашан кім болса да, қандай ұлттың өкілі болса да құрметтеп, сыйлауға дайынбыз.

Қазақ елі өте қонақжай, «су сұраса, сүт берген, айран берген» ештеңені аямаған. Шындығында татулық пен бірлік күні 1-мамыр болса барлығы қатты қуанған.

Менің ойымша «әр үйдің салты басқа, иттері қара ала қасқа» дейді, ол рас, әр ұлттың өзінің тілі, татулығы, ауыз біршілігі бар. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, біздің елде осы мейрам ерекше тойланады. Осы күнді бәрі асыға тосады, дәл осы күні, қазақ елі, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» тұтас мемлекет екенін дүниежүзіне дәлелдеп келеді, осы мейрам соның айғағы.

Өскелең ұрпақ осы татулықты әрі жалғастырады, себебі бейбітшілік, тыныштық пен татулық біздің Отанымыздың кейінгіге қалдырар мұрасы деп білемін

Біз барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыздеп есептеймін. Мен өз елімді сүйемін, құрметтеймін, басқалардан да осыны талап етемін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

You May Also Like

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасау, эссе

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни…

Қайырымдылық-қадірлі қасиет, эссе

Қайырымдылық-қадірлі қасиет Қайырымдылық-мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек. Қайырымдылық -адамның бойындағы ең асыл қасиеттердің…

Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін, мақала. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ, эссе

Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазу, эссе

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының…