Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дамиды десем артық айтылғандық емес шығар.Жалпы алғанда , Абай атамыздың ұлағатты сөздерімен ес білгелі сусындып өсіп келеміз сыр сандығымда сақтаулы жатқан , ұлы Абайдың сөзімен айтсам «білсем, көрсем» деген ойлар есейген сайын маза берер емес.

Жақында, ыстық ықыласыммен ,тағылымды тәрбиемі тұнып тұрған , жастарға арналған достық татулық , жар сүю мәнділігін үйретіп қана қоймай , жанның тазалығын да санамызға құятын «Жігіттер ойын- арзан күлкі қымбат өлеңімен таныс болған жайымыз бар.

Заман озып , жер тозған кезде қазірші жастардың осы бір өлеңді сандығынды сақтап , тәрбиенің бір бөлшегі етіп жүргендері бар ма? Және осы өл5юеңдегі жігіттің міннз құлқы , оған тән қасиеттері бүгінгі күннің жігіттерінің бойынан көрініс бере ала ма ?Сөздің шыны керек , қазіргі жігіттерге қарап ішім ашып , санамды улап , «бұрынғы жігіттер, сері жігіттер қайда?» деген сұрақтар көкірегімді тесе өтті. Осы бір өлеңнің барын жоққа шыгарып , я болмаса қарама қарсы іс- әрекет жасап жүргендей көрінеді . Бұл өлеңде нағыз сезімдер мен рухани қасиеттер туралы айтылса олар оны ере етіп датқандары шамалы.

Бұған дәлел , біріншіден , бос сөз сөйлеп, уәдеге деген беріктігін жоғалтып , зиян әдеттерге әуес болып байсалдылық пен сабырлық қасиеттерін жоғалтып алуы.

Екіншіден , қазақтар – еті тірі , дені салауатты , өмірге іңкәр болған . Дала құнарының қаңқасы кеуіп қалса да , табиғат шөлейтке төнген қатерге қарсы күресте дәрменсіз болса да , қазақ өмірі үшін халықтың рухани қан тамырында икүш- жігердің көл -көсір қайнар көзі бар , тек қазақ жігіттерінің осы қайнардан айналуы өкінішті ақ.

Үшіншіден ауыздарына ақ ит кіріп , көк ит шығатын, нәзік жандылармен керісіп , санасып жататындары өтірік емес .

Әрине, көпке топырақ гашудан мен аулақпын . Марғасқа , жаны жайсаң , нағыз сері жігіттеріміз де жақтың қасы емес . Тек , саны саусақпен санарлық қана . Айта берсек , түбіне жетпейтін шексіз мәселе.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні , бұл жазылған ой беруге жай сөз болып қалар , біреуге қалшы болып тиер. Уақыт өте келе жоғарыда айтылған кемшіліктер дұрысталады деген сенімдемін . Абай атамыздың жүктеген . Дәл солай қазіргі таңда да жоғарыдағы билік иегерлері бізге , яғни , болашақ ұрпаққа білімді болып , егемен еліміздің лара тұлғасы болуды міндеттейді. Осы жүктелген міндетті адал атқарсақ , Қазақстанымыз тұғыры биік ел болады деген үмітпен қарайды.

You May Also Like

А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының адамдарға үйрететін тағылымы туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. эссе

Керуеннің түйесіндей тізбектеліп шұбырған бұл жалғанға кімдер келіп, кім кетпеді десеңізші. Солардың…

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін, эссе

Туған жер…Туған ел… Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр…

Ұмыт болған дәстүр эссе

Ұмыт болған дәстүр Қазақ халқы ежелден еркін кең байтақ жерде қоныс тепкен,…

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз. эссе

Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көрнекті қаламгері, талай тарихи төл туындылардың авторы- Ә.Нұршайықов…