Эссе.

Алико Данготе өте қарапайым саудагердің отбасында дүниеге келген. Оны бірі білер біреуі білмес.Қазіргі таңда ол әлемге ең танымал бай адамдардың қатарында. Әрине осыншама жетістікке ол оңайлықпен жеткен жоқ. Өзінің адал еңбегімен, еңбекқорлығымен жеткен. Алико Данготенің осындай жетістікке жетуіне ата- анасының ықпалы зор болған. Оның анасы жағынанда зор үлес тиген.

Алико Данготенің әкесі оның бала кезінде дүнинден өткен. Бұл жағдай Аликоға өте ауыр тиген болатын. Алайда алғыр Алико өзінің болашаққа деген көзқарасын қалыптастырып, алға қарай қадам басты. Бұл сәтте де Аликоға оның кәсіпкерлік атмосферадан шыққаны әсер етпей қоймады. Ол мектептен білім алып, өз қалауынша білімін Мысырда жалғастыруды жөн санады.

Мен үшін Алико Данготенің өз болашақ кәсібін өз сыныптастарына тәттілерді сатумен бастағаны таңқаларлық жағдай болды. Ол Мысырда бизнес негізін оқып шығады. Сол алған білімі бойынша өз кәсібінің көзін табады.  Ол ең алғашқы кәсібін ағасынан қарыз алудан бастайды. Әрине ол өз бизнесін бастауда көптеген қиын кезеңдерден өтіп, үлкен белестерді бағындырады. Соның бір дәлелі ретінде өзінің Dangote Group компаниясының негізін қалауы.

Мен сол кәсіпкердің орынында болсам ешбір жоспарды енгізіп, өзгертпес едім. Себебі Алико Данготенің өзі құрған бизнес жоспары өте тиімді,сөзсіз пайдалы әрі нақты. Мен де дәл осылай жасар едім. Әрине ең бастысы  «Ойластырылған іс ақша салуға лайық па және ол барлық жұмсалған шығындардың орынын толтыратын пайда әкеле ме? » деген маңызды сұрақты негізге аламын. Нарыққа қажетті өнімді өндіру үшін шығындарды бағалау керек. Сондай – ақ оларды бағамен салыстыру қажет деп ойлаймын. Оның құрған бизнес жоспары, компаниясы өндіретін өнімдері өзіндік халыққа өз пайдасын тигізеді. Бұл халық үшін өте қолайлы.

You May Also Like

Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз, эссе

Ақан сері құлагер сипаты Ақан серінің «Құлагер» өлеңі туралы Қазақ халқы әнші…

Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетінің атасы екенін дәлелдер арқылы жазыңыз. эссе

Қазақ жеріне «дала қоңырауындай» сылдырлай келіп, қазақ елінің кемел келешегін ойлап, рухани…

Ұстаз – мектептiң жүрегi, эссе

Ұстаз – мектептiң жүрегi Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі  ұрпақтарды…

Арайлы, алтын күз, эссе

«Арайлы, алтын күз» Адам  табиғатпен өте тығыз байланыста екенін біз білеміз. Адам…