Әлемнің назарын аударған көгілдір экран

Қазіргі техниканың дамыған   заманында жастар арасында ұялы телефон кеңінен қолданысқа еніп, заманауи смартфон ұстау сәнге айналғаны ащы болса да, таза шындық. Заман ағымының өзгеруіне байланысты, олар алтын уақытын ғаламторға бөлуді міндет көреді. Ал сол міндеттің індетке айналмасына кім кепіл?

Статистика бойынша әрбір он адамның тоғызы ұялы телефонды қолданады. Соның басым бөлігі – жастар. Елбасымыз айтқандай,  «Ұлт болашағы – жастардың қолында».  Яғни,  жастардың ғаламтордың құрсауында кетіп бара жатқаны – ұлтымыздың басына түскен ең басты мәселелердің бірі. Бар уақытын монитор алдында өткізетін жасөспірім елдің қамы түгіл, өздерінің болашақтарын айқын елестете алмайды. Компьютерде ойын ойнап, ата–анасына көңіл аудармай, көгілдір экранға құмартып кеткендер де жоқ емес.

Мен компьютерде отыра қоймаймын, алайда телефонымсыз өмірімді елестету қиын. Таңертең көзімді аша салысымен,  қолыма телефонымды аламын, уақытты қараймын. Бір кішкене секундтық уақытым бола қалса, телефонға үңілемін де тұрамын. Кейде осы қылықтарымды түзеткім келеді, бірақ мен бұл кішкене ғана экранның менің өмірімдегі үстемдігін жеңе алар емеспін. Соңғы кезде, мүмкін ересектік өмірімнің басталуынан шығар, мүмкін балалық санамның кеңдігінен болар телефонды бұрынғыдай 10-15 сағаттап күзетпеймін. Ең қызығы қай жасымда болмасын, мен үнемі алдымда тұрған электрондық құрылғының маған деген кері әсерін жақсы аңғаратынмын, бірақ сонда да одан бас тартуға дәтім бармайтын. Осы арқылы мен телефонның, компьютердің қуаттылығы жайлы үлкен түсінік алдым. Бұл әдетімнен арыла алмасам, ғаламтордың жетегінде кететіндеймін.

Аустралияның әйгілі философы Дэвид Чалмерс американдық «Ted talk»  бағдарламасында біздің өміріміздегі, нақтырақ айтқанда біздің санамыздағы телефонның алатын рөлі жайлы сөз сөйлеген болатын. Оның тұжырымы бойынша, «Ұялы телефон біздің санамыздың жалғасы. Біз таныстарымыздың телефон нөмірін, күнтізбемізді, фотосуреттерімізді, сүйікті әуендерімізді былайша айтқанда барлық сүйікті нәрселерімізді телефонға сақтап қойып, оған толығымен тәуелді болып қаламыз. Солай телефон біздің санамыздың жалғасы бола бастайды. Ол біздің санамыз жасауы керек функцияларды өз мойнына алады. Әрине өте тиімді әрі қолайлы. Бұрында барлығын қағаз беттеріне жазатын. Ал, қазір ағаштар азырық өледі. Күлкілі, бірақ бұны әлемнің ешбір жаны жоққа шығара алмайды.” Осы сөздерді естіген сәтте-ақ өзімнің ұзақ уақыт мойындамаған шындығымнан құлаққағыс болғанымды түсіндім.

Ұялы телефонды шамадан тыс қолданудың салдарынан жер бетінде әр күн сайын жүздеген адамдар айықпас дерттерге шалдығуда. Олардың көбісі жасөспірімдер екені, әрине, өкінішті.

Бұнымен қоймай, қазір адамның қолындағы телефон оның әлеуметтік деңгейін  де сипаттайды. Қай марка, бағасы қандай, нешінші жылы шықты, қымбат па екен? Адамдардың бірін-бірі дәл осылай бағалайтындықтарының кесірінен орны толмас қателіктерге бой алдыратындар да аз емес. Бұл –  сән. Ал жиырма бірінші ғасырдағы сәннің маңызы мен рөлінің қаншалықты зор екені бәрімізге мәлім.

Заман өзгерді, адам да өзгерді. Соған сай көзқарастар да ауысты, өмірлік талаптар жаңарды, адамдардың ой-санасы жаңғыра түсті. Алайда, заман өзгерді екен деп, рухани қасиеттерімізді, адами құндылықтарымызды жоғалтып алмасақ игі. Елбасымыз жаңа жылға үлкен мақсаттар қойды. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланып, жарқын болашаққа деген нық қадамдар өз жалғасын тапты, мақсаттар айқындала түсті. Яғни, жас буынның қоғамдағы белсенділігінің кепілі – жарқын болашақ. Бірақ сол белсенділікті желіде ғана емес, өмірде де таныта білсек екен.

You May Also Like

Менің тұңғыш Президентім! эссе

Эссе Менің тұңғыш Президентім! Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы Президент дегеніміз –…

Қайырымдылық-қадірлі қасиет, эссе

Қайырымдылық-қадірлі қасиет Қайырымдылық-мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек. Қайырымдылық -адамның бойындағы ең асыл қасиеттердің…

Көптілділіктің биік белес эссе

Көптілділіктің биік белесі Kóptildiliktiń bıik belesi Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс…

Мұзды мекен тұрғындары эссе

Мұзды мекен тұрғындары Солтүстік полюспен оңтүстік полюс жердің ең қиырыңда орналасқан. Ол…