Көптілділіктің биік белесі

Kóptildiliktiń bıik belesi

Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері, көптілді білу көптік етпейтін ақиқат. Соның өзінде әркімнің өз ана тілі немесе мемлекеттік тілі бар. Менің ана тілім – қазақ тілі, ол – мемлекеттік тіл.  Көптілді меңгерген  жастардың алар белестері биік болғандықтан да, мақсатым – көптілді дамытуды мектеп табалдырығынан бастасам ба деймін. Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыруда ұстаздардың да үлесі зор. Қазақ тілін еркін білсем, орыс тілін де солай еркін білемін, ал интернет тілі ағылшын тілінде сөздік арқылы түсініп, мәтінді аудара аламын. Ағылшын тілінеерекше мән берілуде. Демек, болашаққа қадам білім сапарында болса, оны оқып білу негізі мақсат. Өз ана тілін білмейінше басқа тілді үйрену мүмкін емес деген екен бір ғұлама. Мен де сол пікірге қосыламын. Ана тілім – қазақ тілінде, халықаралық қатынас тілінде – еркін сөйлесем, маған ағылшын тілін еркін үйрену аздық қылмайды. Ата – бабамыз жер бетінде мектеп болмағанның өзінде шет жерден келген қонақтың тілінде сайрап берген.  Ал қазіргі таңда тілдерді дамытудың жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйтуда, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап ететінін ұстаздар айтып жатады. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады. Қазіргі таңда бізге компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Мұғалімдеріміз техникалық құралдарды тиімді пайдалана отырып, методикалық тұрғыдан саралай алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдануда. Әрине ол да мұғалімнің үлкен сауаттылықты талап етуінде болып отыр. Білім өрісіміз бен танымдылық деңгейіміз нені қаласа, соған көше алатын халықпыз. Мемлекеттік тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, өз ана тілім арқылы басқа тілдерді үйрене берсем бе деймін. Біздің  ұлттық сана-сезіміміз бен халықтық қасиетіміз небір биік белестерден орын алған. Сондықтан тіл үйренудің екі түрлі бағыты бар деп, Маржан апайымыз айтты. Біріншісі – қоғамда қандай тілде сөйлейтін адам қанша пайыз, сонша пайызға сол тілде сөйлеп кетесің. Ал ана тіліңде міндетті түрде жүз пайызға сөйлеуге тиістісің. Әр Қазақстан азаматы үштілділікке мән берсе, болашақта өзге елдерден де көп полиглоттар саны болады деген үміттемін. Тіл білу – қарым-қатынасты жақсартады, ол дегенің әлемдік белеске жол ашады. Мен болашақта полиглот болғым келеді.

Көптілділіктің биік белесі

Kóptildiliktiń bıik belesi

Álemde keń taraǵan til aǵylshyn, orys tilderi, kóptildi bilý kóptik etpeıtin aqıqat. Sonyń ózinde árkimniń óz ana tili nemese memlekettik tili bar. Meniń ana tilim – qazaq tili, ol – memlekettik til. Kóptildi meńgergen jastardyń alar belesteri bıik bolǵandyqtan da, maqsatym – kóptildi damytýdy mektep tabaldyryǵynan bastasam ba deımin. Kóptildi meńgergen, ózin-ózi áleýmettik jáne kásibı bıleýge, ózdiginen damýǵa, ózdiginen jetilýge qabiletti tulǵa qalyptastyrýda ustazdardyń da úlesi zor. Qazaq tilin erkin bilsem, orys tilin de solaı erkin bilemin, al ınternet tili aǵylshyn tilinde sózdik arqyly túsinip, mátindi aýdara alamyn. Aǵylshyn tilineerekshe mán berilýde. Demek, bolashaqqa qadam bilim saparynda bolsa, ony oqyp bilý negizi maqsat. О́z ana tilin bilmeıinshe basqa tildi úırený múmkin emes degen eken bir ǵulama. Men de sol pikirge qosylamyn. Ana tilim – qazaq tilinde, halyqaralyq qatynas tilinde – erkin sóılesem, maǵan aǵylshyn tilin erkin úırený azdyq qylmaıdy. Ata – babamyz jer betinde mektep bolmaǵannyń ózinde shet jerden kelgen qonaqtyń tilinde saırap bergen. Al qazirgi tańda tilderdi damytýdyń júzege asyrylýyna Elbasy N.Á.Nazarbaevtyń «Tilderdiń úsh tuǵyrlylyǵy» mádenı jobasy septigin tıgizip otyr. Qazaqstandyqtardyń úsh tildi erkin meńgerýi týraly ıdeıany tájirıbe júzinde iske asyrý búginde otandyq mektepten mamannyń shyǵarmashylyq ózin-ózi jetildirý salasyn damytýǵa, memlekettik tildiń qoǵamdyq ómirdiń barlyq salasynda qyzmet etýin qamtamasyz etýge, onyń ultaralyq kelisim men qazaqstandyq patrıotızmdi nyǵyıtýda, orys tiliniń lıngvıstik belsendiligin saqtaýǵa jáne aǵylshyn tilin ǵylymı aqparat pen jahandaný ekonomıkasyna sátti kirigý tili retinde engizý baǵyttalǵan kóptildi bilim berýdi engizýdi talap etetinin ustazdar aıtyp jatady. Bul máseleniń búginde memlekettik deńgeıde talqylanyp, bilim reformalary aıasynda qarastyrylyp otyrǵandyǵy qýantady. Qazirgi tańda bizge komp’ıýtermen, ınternetpen, ınterbelsendi taqtamen sabaq ótkizý tolyǵymen jolǵa qoıylyp otyr. Muǵalimderimiz tehnıkalyq quraldardy tıimdi paıdalana otyryp, metodıkalyq turǵydan saralaı alýan túrli ádis-tásilder qoldanýda. Árıne ol da muǵalimniń úlken saýattylyqty talap etýinde bolyp otyr. Bilim órisimiz ben tanymdylyq deńgeıimiz neni qalasa, soǵan kóshe alatyn halyqpyz. Memlekettik til abyroıyn bıik kóterip, ádette til jóninde, til ــ adamdar ara qarym-qatynas jasaý quraly dep, óz ana tilim arqyly basqa tilderdi úırene bersem be deımin. Bizdiń ulttyq sana-sezimimiz ben halyqtyq qasıetimiz nebir bıik belesterden oryn alǵan. Sondyqtan til úırenýdiń eki túrli baǵyty bar dep, Marjan apaıymyz aıtty. Birinshisi – qoǵamda qandaı tilde sóıleıtin adam qansha paıyz, sonsha paıyzǵa sol tilde sóılep ketesiń. Al ana tilińde mindetti túrde júz paıyzǵa sóıleýge tıistisiń. Ár Qazaqstan azamaty úshtildilikke mán berse, bolashaqta ózge elderden de kóp polıglottar sany bolady degen úmittemin. Til bilý – qarym-qatynasty jaqsartady, ol degeniń álemdik beleske jol ashady. Men bolashaqta polıglot bolǵym keledi.

You May Also Like

Мои друзья, эссе

Эссе «Мои друзья» У меня во дворе три друга, они смешные и…

Президент – ел тірегі, эссе

Президент – ел тірегі Эссе Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың…

Менің кәсіби дамуым-жетістікке жетер жолым, эссе

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз. эссе

Жүсіпек Аймаутыов “Ақбілек” романы Ақбілек-қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман “Ақбілек” романындағы еліміздің…