Менің әкем ең жақсы адам

Қуан сен, қуана бер әкетайым,

Мен сенің  өміріңнің жалғасымын .

Мұхтар Шаханов

Әке – ұлы есім, ұлы сөз. Еркек атаулының ең құрметісі – әке. Бір кішкентай  отбасынан бастап, үлкен бір мемлекетті  басқару, қорғап көзінің  қарашығындай сақтау әкенің міндеті әрі борышы. Әкені асқар тауға теңейтін дана халқымыз, оның ұлылығымен қадір-қасиетін ұрпақтан-ұрпаққа ұғындырып келеді. Сол сияқты, мен де бүгін өз әкем жайлы сөз қозғауға бел будым.

Менің әкем – отбасының  ар-намысын ең бірінші орынға қоятын адам. Сонымен қатар, бізді де отбасымыздың абыройына дақ түсірмеуге тәрбиелейді. Кішкентай кезінде:жақсы оқысаң, керемет маман иесі болсаң, халыққа пайдаң тисе бізге содан асқан бақыт жоқ-дейтін. Ал, бертін келе, бойжетіп, үлкен қыз болғанда:Қызым, өсіп, ұшып кеткен үйіңнің де, болашақ отбасыңның да ұйытқысы әрі абыройы сен боласың-деген сөздері өмірлік кеңестерге айналды. Сабақтан кейін, анашыма үй жұмыстарына көмектесіп жатқанымда:қызым да анасы сияқты ақылды, ибалы әрі өнерлі келін болар ма екен? – деген сұрақты қойды. Ал, анашым: қызым әкең сияқты сабырлы, төзімді бол. Сонда ғана өмірдің сынағанан  сүрінбей өтесің,- деп  арқамнан қақты. Мен, бір-бірін толықтырып тұрған, тағы бір-бірін мақтағанда көздерінен сүйіспеншілік нұры шығып тұрған ата-анамды көріп, бір ой түйдім. Мен ана сияқты болсам және әкем сияқты жігіт тапсам, өмірдегі ең бақытты жан болармын. Дегенмен, әкенің орны бөлек қой. Осы тұста:

– Шарықтап кетсемдағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған?- деген жыр жолдары  есіме түседі. Өйткені, кез-келген биік шыңды бағындырсам да, ұлы адам болсамда, әкесіз-мен ешкім емеспін.

Әкемнің мінезі жайлы қанша жазсам да аздық  етеді. Ұйқасы келсе сөздердің, бір дастан жазуға жетеді. Дастанға шамам келе қоймас, бір шумақты өлеңмен, әкеме алғыс айтқым келеді. Өзім ақын болмасам да, кейде, әкеме арнап бір шумақ өлең жазғым келеді. Бір күні, Алмас Темірбаевтің өлеңін оқи отырып, еліктеу сезімі пайда болды. Сонымен:

Рақмет саған, Әке!

Маған қалқан болғаның үшін,

Болаттай мықты шыдамы үшін.

Арамдықты жолатпай

Адал қызмет жасағаның үшін.- деген бір шумақ қағаз бетіне түсті. Бірақ, әкемнің өзіне оқып беруге ұялып жүрмін. Дегенмен, сәте түссе оқып берермін. Қуанып қалар?! Өйткені баласы өзіне арнап кішігірім сыйлық жасағанда қуанбайтын ата-ана жоқ шығар, сірә. Сондықтан да халқымыз, бала – ата-ананың қуанышы дейді.

Қорыта келе, мен қанша жазғанмен де, әкемді толықтай суреттей алмадым. Өйткені, әке де ана сияқты ұлы, оның қадір-қасетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, жастарға айтқым келетіні – әкем ананы алып бермеді, мынаны алып бермеді деп қынжылмайық, керісінше шүкір етейік. Сенде бар әке, басқада жоқ болуы мүмкін. Күнде әкеміз қасымызда, бірақ сізді жақсы көремін деп айтудың орнына әке ақша берші деген сөзді  қайталаудан жалықпаймыз. Кішкене ойланайықшы! Кейбіреулер ақша керек емес, әкемнің тірі болғанының өзі байлық мен үшін дейді. Мұны неге айтып отырмын?! Өйткені, мен де ынжық болдым, әкемнен тек ақша сұрайтынмын. Бір күні әкем қатты ауырып. Қатты қорықтым, жыладым. Әкемді ауруханаға алып кеткенде ақша, телефон, киім-кешек жайына қалды. Тек әкемнің амандығын тіледім және Аллаға шүкір! Қамқоршығымыз ортамызда аман-сау жүр. Адам баласы басына түспейінше, ештеңені түсінбейді дейді ғой. Басымызға түспей тұрғанда ойланайық, барында бағалайық!

You May Also Like

My family, эссе

М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз. эссе

Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі…

Менің әкем-ең жақсы адам, эссе

«Менің әкем-ең жақсы адам!» «Әке – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, …

30 years of independence, эссе

30 years of independence This year is the 30th anniversary of  Kazakhstan’s…