«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым»

«Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік»

У.Гудвин.

Халқымыздың ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толып отыр. Бұл дегеніміз отыз жылда біз талай белестерді бағындырдық.

Менің туған жерім-Қазақстан Республикасы.

1991 жылдан –еліміздің Қазақстан деген атпен бүкільәлемге алғаш қадам басқан жыл. Сол сәттен бері, міне, 30 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз уақыттың әшәнде көптеген жетістіктерге жетті. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуге еліміз көп қиындықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Қан мен тер арқылы келген Тәуелсіздіктің туы мәңгілік желбіресін.

Қазіргі Қазақстан-егемен, демократиялыө, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет.

Мен –өркениет өріне қадам басқан еркін елдің өренімін. Өткенге бойлап, бүгінді ақыл –таразысына  салып, баға беру, ғасырлар тоғасында өмір сүріп жатқан қазақ мемлекеті туралы өз пікірін айту- менің өз парызым сияқты.

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғатбайлағымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпағанымыз жөн. Қазақ халқы өзінің мейірімділігімен, бауырмалдығымен басқа ұлт өкілдерін бауырына басқан.

Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктеге ұмтылу біздің буынның бағыты болуы тиіс. Қазақстан жетістіктері алда. Мен оған сенемін.

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанамыз!

Әр азаматтың парызы мемлекеттік тілді білу, рәміздерді сыйлау, дәстүрлерді құрметтеу, өз Отанын қорғау.

Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын. Мен өз Отанымды мақтан етемін. Мен қазақпын. Біз бағындырар белестер алда. Тәуелсіздік туы биік болсын. Желбіре Тәуелсіздік көк туым. Мен сенімен мақтанымын.

You May Also Like

Батыр, эссе

«Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ» Бауыржан Момышұлы Батыр-парсы тілінен…

Уильям Ригли, эссе

Эссе Уильям Ригли – Америка Құрама Штаттарындағы сағыз нарығындағы көшбасшылардың бірі болған…

Шын дос эссе

Шын дос (эссе) Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше, Бір дос бар…

Табиғат жанашыры эссе

«Табиғат жанашыры» Әлемде 8,5 миллиард тонна пластик өндірілген. 1 миллион тоннаға жуық…