1. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типі мен көрсеткіштері.

Экономиканың кез келген түрінде ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі артығырақ кездеседі. Мұнда өндіріс үлкен ауқымда және сапалық жаңа түрде тұрақты  жаңара түседі.

Екі типке бөлінеді: экстенсивті және интенсивті.

Экстенсивті ұлғаймалы өндіріс бұрынғы техникалық негіздегі өндіріске қосымша еңбек пен материалдық – заттай ресурстарды қосу арқылы жүзеге асады, бірақ жұмыскерлердің біліктілік деңгейі бұрынғыша қалады.

Экстенсивті түріне қарағанда интесивті түрінде өндіріс тиімдірек, техникалық жағынан жетілген өндіріс құрал жабдығымен және кәдімгідей білікті мамандарды қолдану арқасында жүзеге асады.

Интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндірісте өте өнімде техника мен технология қолданылады, сондықтан жұмы күшіне деген тұтыныс қысқарады, бірақ оның біліктіоік деңгейі мен сапасына талап күшейеді. АҚШ та жеке кәсіпорындардың жұмыскер біліктілігін көтеру мен оқытуға жыл сайын щығыны 30 млрд.долл. асады. Нәтижесінде жұмысшылармен өскен өнімді артығырақ өндіру жүзеге асады.

Интенсивті тип көптеген түрлер мен бағыттарға жүзеге асады. Оларды қамтамасыз ету үшін қажет:

  • техниканы жаңалау мен өндірісті модернизациялау;
  • ресурстарды дұрас қолдану және үнемдеу
  • өндірістің салалық құрылымындағы прогрессивтік қозғалыстар
  • кадр біліктілігін көтеру және оны үнемдеу;
  • еңбек тәртіптілігін күшейту, еңбекке мотивация күшейту
  • табиғатты қорғау шаралары
  • басқаруды жетілдіру
  • өндірісті гуманизациялау(өндірісте адамға қалыпты жағдай жасау):
  • ауыр қол еңбегі мен біліксіз еңбекті ауыстыру үшін жағдай жасау
  • еңбектің бірыңғайлығын жойып, оны ауыстыру үшін жағдай жасау
  • тау кен, металлургия, химия өндірістерінде еңбек жағдайын жақсарту
  • адам игілігі және оның денсаулығын сақтау үшін прогрессивті техника мен технология жасау;
  • тұлғаның өзін өзі көрсетуі мен бекітуі үшін өндірісте жағдай жасау

Интенсификацияның түрлері:

  1. Ресурсты сақтаушы, бір өнәм бірлігіне шығынды үнемдеу арқылы жүзеге асады, бағыттары:

Еңбекті сақтау, материалды сақтау, энергияны сақтау, қорды сақтау, табиғатты сақтау

  1. Ресурсты сыйымдылау, бір өнім бірлігіне шығынды арттыру байқалады
  2. Бейтарап түрде, мұнда шығынның өсуі өнімнің өсу қарқынымен бірдей болады
You May Also Like

Макроэлементтер N,Cа,P

Макроэлементтер Макроэлементтер.Оларға 13 химиялық элементтер жатады:O,C,H,N,Ca,P,K,S,Na,Cl,Mn,Fe,F.  Бұл элементтердің қосындысы адам денесі массасының…

Электрондық үкімет, Баяндама

Баяндама Тақырыбы: Электрондық үкімет.                                                  Электрондық үкімет     «Электрондық үкімет»…

Медициналық мекемелерде еңбек ақысын бөлу және қалыптастыру. Нарық экономикалық жағдайда денсаулық сақтауды қаржыландыру механизмі.

Медициналық мекемелерде еңбек ақысын бөлу және қалыптастыру. Нарық экономикалық жағдайда денсаулық сақтауды…

Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған

 Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған  Тақырыбы: Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын…