Шабыт тәттісі
Қажетті өнімдер: 9 жұмыртқа (7-еуі қамырға, 2-еуі кремге), 200 г ұн + 2 ас қасық (кремге), 500 мл сүт, 150-200 г сүзбе, 120-130 г ақ шоколад, өрік сиробы, 200 г құмшекер (қамырға) + 150-200 г (кремге), 75 г крахмал, 60 г қоюландырылған сүт, 100 г сарымай, бадамгүл жапалақтары, жалбыз
Дайындалуы: қамырын дайындау үшін жұмыртқаның сарысы мен ағын ажыратыңыз. Ақуызын қою көбікке айналғанша шайқаңыз. Үздіксіз қозғай отырып, ақырындап құмшекер қосыңыз. Жұмыртқаның сарысын шанышқымен шайқап, ақуызға қосыңыз. ¥н мен крахмалды араластырып, басты массаға қосыңыз. Қалыпқа қағаз төсеп, сарымай (10 г) жағыңыз. Дайындаған массаны құйыңыз. 160°С температурада қыздырылған ду-ховкада 20-25 минут пісіріңіз. Піскеніне толық көз жеткізу үшін, тісшұқығышпен тексеріп көріңіз.
Крем дайындауға кірісіңіз: сүтті қайнатыңыз, жұмыртқаны құмшекермен шайқап алып, ұн қосыңыз. Мұқият араластырыңыз. Қайнап тұрған сүтке жіңішке етіп ағызып ұн мен жұмыртқалы қоспаны құйыңыз. Үздіксіз қозғай отырып, қоюланғанша қайнатыңыз. Аздап суытыңыз. Кремге сарымай, сүзбе, қоюландырылған сүт қосып, жақсылап араластырыңыз. Суытыңыз.
Суыған бисквитті бойлай 2-3 бөлікке кесіп, әр бөлігіне крем жағып, қабаттаңыз. Ең бетіне крем жақпаңыз. Ақ шоколадты ерітіп, аздап сүт құйыңыз. Қалыпты қамырдың үстіне басып, қию арқылы өзіңізге қажетті форманы шығарып алыңыз. Бетіне шоколадты глазурь құйыңыз. Қалыпты ақырын шешіп, шеттеріне қоюландырылған сүт жағып, бадамгүл жапалақтарын себіңіз. Жалбыз-бен сәндеңіз.
— сгущенное молоко

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Менің досым шығарма

Шығарма Менің досым Жоспары: Достық деген не? Жақсы дос – асыл қазына…

Жасуша дегеніміз не?

Жасуша – тірі ағзалардың құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі;…

Қарбыз дәнегінің қандай пайдасы бар?

Қарбыз дәнегінің қандай пайдасы бар? Қарбыз ең пайдалы жеміс, сонымен қатар оның…

Ыстық сумен жабдықтау жүйесі

Ыстық сумен жабдықтау жүйесі.  Ғимраттың шаруашылық тұрмыстық қажеттілігіне орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау…