СӨЖ
Тақырыбы: Гидросфера, Биосфераның элементтері және табиғи қоры ретінде Дүние жүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім. Гидросфера

Тұщы су қоймасының биогеоценозы

Тоған биогеоценозындағы қоректік байланыстардың тұрақтылығы

Қазақстандағы су мәселесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін.         Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп – тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.

Гидросфера

  • Су қабаты

 (грек тілінен «гидро»-су, «сфера» – шар)

  • Гидросфераның негізі формасы сұйықт.Оның негізін жер асты сулары, өзен, көлдер, мұхиттар құрайды.
  • Глобуста ол көк түспен белгіленеді.

   Су – тіршілік ортасы. Гидросфера – планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су – жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, ягни 94% – мүхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6% мәңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.

Құрылық пен мұхиттардағы организмдердің көп түрлілігі мен биомасса арақатынасын салыстырсақ төмендегідей қызықты тепе-тендікті көреміз. Мәселен, құрлықтағы жануарлардың көп түрлілігі мүхиттардағы жануарлар дүниесімен салыстырғанда көп болғанымен биомассасы керісінше аз, ал, өсімдіктер әлемінің  құрылықта саны аз болғанмен, керісінше биомассасы мұхиттардан әлденеше есе артық болып келеді. Десе де, кұрылық жағдайы мұхиттарға қарағанда өзінің алуан түрлі табиғатының ерекшелігімен, ауа райының құбылмалы өзгерістерімен организмдер дүниесіне мұхиттарға қарағанда қолайсыз орта болып саналады. Мәселен, фаунасы мен флорасынын сан алуандығы және биомассасы мөлшері жөнінен экваториалды және тропикалық облыстардағы мүхиттарды (Тынық және Атлантика) ерекше атауға болады. Негізінен мұхиттағы организмдердің көп шоғырланган жерлері жер шарының қоңыржай белдеулер аймағына сәйкес келеді.

Су көлемі жердің 3\1  бөлігін алып жатыр.Тірі ағзалар судан өзіне керекті заттарды алады, әсіресе кальций. Ол сүйек құрлысына қажет,Су ағзалары тіршілігін жойған кезде, олардың қалдықтары су түбіне түседіжәне уақыт өте келе жиналып әк извесін құрайды.

Судың тұздылығы

ÒСудың тұздылығы да организмдер үшін аз роль атқармайды. Су тамаша еріткіш болғандықтан, онда карбонатгар, сульфаттар, хлоридтер көп кездеседі. Мәселен, тұщы судың 1л көлемінде 0,5г тұз болса, ал теңіз суларында 35г/л болады.

Тұщы су организмдері үшін кальцийдің ролі үлкен. Әсіресе, моллюскалар шаян тәрізділер мен омыртқасыз жәндіктер кальцийді известі қауашақтар түзу үшін пайдаланады. Тұщы суларда өсімдік өзеннің немесе көлдің түбіне дейін өсетіндіктен еріген оттегіге бай келеді. Судағы еріген оттегінің мөлшерінің көбеюі атмосфераның енген оттегі байланысты және су өсімдіктерінің фо­тосинтез процесінің есебінен болады. Әсіресе, тау өзені суларын­да оттегі көбірек болады. Осыған байланысты бұл ортада форель, тау албырты, хариус жақсы сезінсе, оттегі аз көлдерде: сазан, ка­рась, жайын, табан балықтар еркін өмір сүреді. Ал, кейбір маса, хирономид, аз қылтанақты құрттар, т.б. көптеген омыртқасыз жәндіктерге тіптен оттегінің қажеті де болмады.

Су ортасының факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топқа бөледі. Судың қалың қабатын – пелегиаль деп, оны екі топқа бөледі: нектон және планктон.

Судың қалың қабаты

Планктон дегеніміз – судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәңдіктер. Планктондардың өзі – зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар т.б. жатады. Ал, зоопланктондар мен бактериялар балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаян тәрізділер, қарапайымдылар, моллюскалар,  медузалар, сальпалар және кейбір құрт тәрізділер жатады.

  Нектондар дегеніміз — судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленъдср, морждар, дельфиндер, т.б. түрі кездеседі. Теңіз тұңғиығынан балықтардың ұсқыны мен формалары әр түрлі жыртқыш, паразит түрлерін, өзінен тоқ шығаратын скаттарды, ара балықшы, доп тәрізді тікенекті сан алуан өкілдері кездеседі. Мәселен, электрлі скат өзінен 220-240В тоқ шығарса, судағы организмдердің 600-ден астам түрі жатық шығарады екен. Осы құбылыстардың бәрі гидробионттардың жоғары ұйымдасқан бейімделу қабілеті болып саналады.

Тұщы су қоймасының биогеоценозы.

Әрбір табиғи суқойма мысалы, көл, тоғанды алсақ, ондағы ұсақ ағзалар, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жиынтығы өз алдына біртұтас, жеке биогеоценозды құрайды.

Мұндай табиғи жүйе, басқа биогеоценоздар сияқты, өздігінен реттеледі және жаңадан пайда бола алады.

Кез келген суқоймада тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар түрлері біркелкі таралмаған. Олардың жеке түрлері өздеріне қолайлы жерлерде ғана тіршілік етеді. Су жағалауы әрқашан ағзалардың тіршілігі үшін қолайлы болып келеді, өйткені ондай жерлерде су жылы, әрі күн сәулесі де мол түседі және су жағалауында оттегі де, басқа жерлермен салыстырғанда, көбірек болады. Күн сәулесі мол түсетіндіктен, су жағалауында әр түрлі көптеген жоғары сатылы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туады, Мұнда ұсақ балдырлар да көп кездеседі. Сонымен қатар, су жағалауы көптеген жануарлар түрлерінің тіршілігіне де қолайлы болады. Жануарлардың кейбір түрлері су өсімдіктерінде тіршілік етсе, енді бір тобы (балықтар, суда жүзетін жыртқыш қоңыздар, су қандалалары) су ішінде еркін жүзіп жүреді. Суқоймасының түбінде айқұлақтың, бунақденелілердің дернәсілдері, кұрттардың біраз түрлері, т. б, жануарлар мекендейді. Судың бетінде де әр түрлі жануарлар тіршілік етеді. Су жағалауы балықтардьщ тіршілігі үшін, әсіресе олардың қорегін табуына және көбеюіне, уылдырықтарының дамып жетілуіне қолайлы болып келеді, сондықтан да бұл жерде балықтар көбірек кездеседі.

Суқойманың терең кабаттарында ағзалар аз таралады, өйткені ондай жерлерге күн сәулесі нашар түседі. Мұндай жерлерде фотосинтез жүретін өсімдіктер мүлде өспейді. Судың терең қабаттары нашар жылынады және онда оттегі мөлшері де аз болады, Сондықтан мұндай жерлер тіршілік үшін-қолайсыз аймақ болып саналады.

Сукойманың ашық айдындары жақсы жылынады және онда жарық мол түседі. Сондықтан мұнда да көптеген су өсімдіктері мен су жануарлары тіршілік етеді. Онда ұсақ балдырлар, бактериялар және қарапайымды жәндіктер — кірпікшелі кебісшелер, талшықтылар және шаян тәрізділер, т. б. кездеседі. Осыңдай су ағынымен бірге жүріп тіршілік ететін ұсақ ағзалар жиынтығын планктон деп атайды. Суқоймадағы тіршілік тізбегівде және ондағы зат айналымында планктонның маңызы өте зор. Планктонды ағзалардың мөлшері бірнеше микрометрден (бактериялар) бірнеше метрге (кейбір медузалардың диаметрі 2 м, ал қармалауыштарының үзындығы 30 м) дейін жетеді.

Тоған биогеоценозындағы қоректік байланыстардың тұрақтылығы.

Суқойма биогеоценозында ағзалардың қоректену тізбегі тұрақты, әрі бірнеше сатыдан тұрады. Мысалы, суда өсетін өсімдік қалдықтарын бактериялар пайдаланады, ал олар қарапайымдыларға қорек болады, өз кезегінде қарапайымдылармен үсақ шаянтәрізділер қоректенеді. Оларды балықтар қорек етеді. Балықтарды баска жыртқыш балықтар, күстар және суда тіршілік ететін басқа жануарлардың жеуі мүмкін. Биогеоценозқұрамындағы түрлердің барлығы дерлік бір ғана коректі пайдаланбайды, олар әр түрлі қорек заттарын пайдаланады. Қоректену тізбегінің құрамына түрлі ағзалар кіреді. Биогеоценоздағы қорек тізбегіне кіретін ағзаның бірі болмаса, онда қоректік тізбек бұзылмайды, ондай кезде қоректің басқа көзі пайдаланылады. Сонымен биогеоценоздағы түрлердің саны неғұрлым көп болса, ол соғұрлым тұрақты болады.

Қазақстандағы су мәселесі

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы  мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және  саяси  мәселе сипатына  көшетін сыңайы бар.

Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан  халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін  құбылмалылығымен де қиындық туғызуда

Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды.           Алайда, соңғы екі  жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің    Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы, яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап, сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-шартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысескерусіз қалдырды. Қырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып бағуда. ы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде де басқаша  қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін

Қорытынды

Гидросфера – тіршіліктің сұйықтық ортасы. Тіршілік алғаш рет суда пайда болган деп галымдар есептейді. Соңдықтан да оны өмір бесігі деп атауға да болады. Экосистемадарда су жан-жақты қызмет атқарады.

Су мен оттектің негізінде тірі ағзалардағы барлық физиологиялық және биохимиялық ұрдістер жұреді. Ол өмір арқауын құрайды, себебі клетканың протоплазмасыңдаш барлық заттар суда еріген. Сонымен бірге су органикалық және минералдық заттарды ерітіп, өсімдіктердің қоректенуін жеделдетеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Бисенова А.С. «Экология». Алматы, 2002 ж.

2.Оспанова, Баешев «Экология», Алматы, 2002ж.

3.Одуv Ю. «Экология». Москва, 1976 ж.

You May Also Like

Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі.Ферментті катализ.Ферменттердің әсер ету ерекшеліктері, СӨЖ

 СӨЖ Тақырыбы:Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі.Ферментті катализ.Ферменттердің әсер ету ерекшеліктері. Жоспар Кіріспе Негізгі…

Желілік қауіпсіздік, СӨЖ

СӨЖ №5. Желілік қауіпсіздік. Желілік қауіпсіздік ұғымына түсініктеме беріңіз. Сыртқы және ішкі…

Операциондық жүйе, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Операциондық жүйе Операциондық жүйе дегеніміз не. Жүйені жүктеу. Жұмыс столы…

Гипоталамо-гипофизарлы семіздіктің визуалды диагностикасы, СӨЖ

Гипоталамо-гипофизарлы семіздіктің визуалды диагностикасы. I.Кіріспе II.II. Негізгі бөлім:     1) Семіру жайлы…