СӨЖ

Тақырыбы:  «Босану әрекеттерінің ауытқулары».

Орындаған: Қазақбай Б.А

Тексерген: Жанабаева С.У.

Қарағанды 2015 жыл

  • Кіріспе

Босану әрекетінің аномалиясы босану актісінде жиі кездесетін қиыншылықтардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін бұл патологияныі әр түрлеріне байланысты абсолютті нақты зиянсыз профилактика және емдеу тәсілдері жоқ. Босану әрекетінің аномалиясы асқыныстары ана мен бала үшін өте қауіпті болады. Қазіргі белгілер бойынша біріншілік босану әрекетінің аномалиясы 2-10%, ал екіншілік 2,5% әйел адамдарда кездеседі. 30 жастан асқан босанушыларда босану әрекетінің аномалиясы екі есе жиі кездеседі.

  • Босану әрекеттерінің ауытқулары

Босану әрекеттерінің ауытқулары босану биомеханизмінің бұзылуынсыз босанудың жиілігі, ұзақтығы, ритмі және күшенуі ұрықтың динамикалық жылжуы мен оның шығуын қамтамассыз ете алмайтын жағдайды айтады.

  • БОСАНУ ӘРЕКЕТІ АУЫТҚУЛАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ:
  • Көптеген нейро – психикалық әсерлер
  • Жүкті әйел организміндегі эндокринді және зат алмасу процесінің бұзылыстары
  • Миометриядағы патологиялық өзгерістер
  • Жатырдың созылуы (ірі нәресте, көп нәресте, көп сулық)
  • Миоциттердің генетикалық немесе (туа пайда болған ) туа пайда болған патологиясы, миометрия жасушаларының қозғыштығының төмендеуінен немесе болмауына байланысты болады
  • Алғаш босанатын әйелдердің жасы 30 дан жоғары және 18 ден төмен
  • Жатыр мойнының ашылуына және ұрықтың босану жолдары арқылы өтуіне механикалық кедергілердің болуы (тар жамбас, бастың дұрыс орналаспауы және т.б
  • Ятрогенді әсерлер
  • БОСАНУ ӘРЕКЕТІ АУЫТҚУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
    (Чернуха Е.А., 1990 ж.)
  1. 1. Жалған толғақтар
  2. Босану әрекетінің әлсіздігі
  • біріншілік
  • екіншілік
  • күшену әлсіздігі
  1. Шапшаң босану.
  2. Дискоординацияланған босану әрекеті.
  • жалпы дискоординация
  • төменгі сегментінің гипертонусы
  • жатыр тетанусы (тырысулы толғақтар)
  • Жатыр мойнының циркуляциялық дистоциясы
  • Патологиялық прелиминарлы период
  • Жатырдың тонусының жоғарылауы әсерінен ауырсыну мен күші өзгеретін толғақтармен көрінетін жағдай. Толғақтар күші мен жиілігі бойынша шынайы босанумен ұқсас болады, бірақ-та құрылымдық өзгерістер мен жатыр мойнының ашылуына әкелмейді. Патологиялық прелиминарлы периодтың ұзақтығы 8-12 сағаттан асады
  • Патологиялық прелиминарлы период
  • Жиілігі 17-20%
  • 6 сағаттан асатын ретсіз ауру сезімді толғақтардың болуымен, жатыр мойнының ашылуымен, жүкті әйелдің әлсіреуімен, ұйқысының бұзылуымен сипатталады.
  • Кейде, ППК жүкті әйелдерде «жетілмеген жатыр мойны» байқалады, алдында орналасқан бөлігі кіші жамбастың кіреберісінде орналасады (әйел жамбасының өлшемдерімен ұрық өлшемдерінің арасында диспропорция болмасада).
  • Бірден біртекті емес жатыр ішіндегі қысымның жоғарылауы, қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуінің себебі болып табылады.
  • Патологиялық прелиминарлы периодты емдеу
  • Патологиялық прелиминарлы период кезең әйел адамды шаршауға, әлсіздікке, сонымен қатар әлсіз босану әрекеттеріне әкеледі.
  • Емдеу жатыр мойнының тезірек жетілуіне және жатырдың координациялық емес ауырсынумен жүретін жиырылуын басуға арналған.
  • Седативті терапия
  • диазепам тәул 30 мг дейін тамыр ішілік;
  • 1 мл 2% промедол ерітіндісі
  • бета-адреномиметиктармен:
  • гинипрал 5 мл (25 мкг) 500 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде ерітіп алып, тамыр ішілік тамшылатып енгізіледі, 10-15 тамшы минутына.
  • Босануға дайындық интравагиналды простагландина Е2 енгізу

ППК – гі акушерлік тактика

  • «жетілген» жатыр мойнында және қалыпты акушерлік жағдайда ерте амниотомия жасалады және босануды табиғи жолдары арқылы босандыру.
  • «жетілмеген» жатыр мойнында, сонымен қатар басқа да акушерлік көрсеткіштер болса, (тар жамбас, мерзімінен асқан жүктілік, жамбаспен жату, ірі нәресте және т.б.) кесар тілігі арқылы босандыру.

  БОСАНУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘЛСІЗДІГІ

  Босану әрекетінің әлсіздігі жатырдың жиырылу күші мен оның ұзақтығының  жетіспеушілігі, толғақтар арасында уақыттың ұзаруы, олардың ритмінің бұзылысы, жатыр мойнының ашылуының баяулауы, ұрықтың жылжуының кешігуімен сипатталатын  патологиялық жағдайды айтады. Босану әрекетінің әлсіздігі біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілікте толғақтар босану басынан бастап әлсіз болады, ал екіншілікте босану әрекеті басталған сәтте дамиды.

  Босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі

  • 2-10% жиілікте кездеседі
  • Толғақтар босанудың алғашқы сәттерінен бастап әлсіз және нәтижесіз болады (10 минут ішінде 1-2 толғақ, 15-20 сек., сайын, күші әлсіз)
  • Жатыр мойнының ашылуы 8 сағатқа дейін баяулайды, жатыр мойнының ашылуы 3 см – ден төмен, партограммада ашылу процесін көрсететін сызық, оң жағындағы қауіп сызығымен қиылысады да әсер ету сызығына дейін жетеді.
  • Босанудың ұзақтығы созылады, ол әйелдің шаршауы мен нәрестенің жедел гипоксиясына әкеледі.

  Босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі

  • 2,4% жиілікте кездеседі
  • Жиі ұрықтың өлшемдерімен анасының жамбас өлшемдерінің сәйкес болмауынан дамиды
  • Босану әрекетініңжеткілікті күші және ретті толғақтардан кейінгі босану әрекетінің әлсіреуі
  • Жатыр мойнының ашылуы 4-6 см жетеді, одан кейін ашылу байқалмайды, партограммада ашылу процесін көрсететін сызық, оң жағындағы қауіп сызығымен қиылысады да әсер ету сызығына дейін жетеді.
  • Босану каналдары арқылы бастың жылжуы бірден баяулайды немесе тоқтайды
  • Босанушы әйел шаршайды, жиі нәрестенің жедел гипоксиясы дамиды
  • Бірінші босанушы әйелдерде босану әрекетінің әр түрлі сипатына байланысты партограмма
  • I –қалыпты босану;
  • II – Босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі;
  • III –Босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі

Емі

  • Психо – эмоционалдық көмек
  • Амниотомия
  • Босануды қоздыру (окситоцин)
  • Босанушы әйел шаршағанда – акушерлік ұйқы демалысын беру
  • Босануды қоздыру нәтижесіз болса және басқа акушерлік патология қосылса (жамбаспен жату, көп босанған әйел және т.б.), ұрықтың өлшемдерімен анасының жамбас өлшемдеріндегі арасындағы сәйкессіздік болса кесар тілігі арқылы босандыру
  • Шапшаң босану әрекеті – босану әрекетінің шапшаң немесе кенеттен басталуы, бірінен соң бірі болатын өте қатты толғақтар әсерінен жатыр аратының ашылуын айтады.
  • Шапшаң босану әрекеті
  • 0,8% жиілікте кездеседі
  • Толғақтар күшті, жиі (10 минут ішінде 5 және одан да көп) болады
  • Жатыр мойнының пісіп жетілуі мен ашылу процессі тез жылдамдықта жүреді. Босанудың ұзақтығы қысқарады (жолда, үйде босану)
  • Жатыр – плацентарлық қанағысының бұзылысы байқалады, ұрықтың жедел гипоксиясы дамиды
  • Сонымен қатар қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі пайда болады
  • Ана мен нәресте жағынан жарақаты болады

Шапшаң босану критерийлері

  • Жиі толғақтар (10 мин ішінде 5 артық)
  • Толғақтардың үлкен интенсивтілігі
  • Жатыр мойныныі тез ашылуы
  • Тез босану: алғаш босанатын әйелдерде босанудың ұзақтығы 6 сағатты құрайды, ал қайта босанушы әйелдерде – 4 сағатқа созылады.
  • Шапшаң босану: алғаш босанатын әйелдерде босанудың ұзақтығы 4 сағатты құрайды, ал қайта босанушы әйелдерде – 2сағатқа созылады.

Шапшаң босану әрекеті ана мен бала үшін өте қауіпті болады:

  • Жатыр мойнының, қынаптың, клитор мен аралықтың терең жыртылуы
  • Дұрыс орналасқан плацентаның уақытынан ерте сылынуы
  • Гипотоникалық қан ағу
  • Кіндікбаудың жыртылуы
  • Ұрықтың бас миына қан ағу
  • Ұрықтың босану жарақатынан гипоксиясы
  • кефалогематома
  • Әйелді бір бүйіріне жатқызып босандыру
  • Толғақтарды басу үшін ßадреномиметиктер қолданылады
  • Дискоординацияланған босану әрекеті (жиілігі 1-3%)
  • Төмендеген үштік градиент бұзылған, жүргізу ритмі жатырдың төменгі сегментінде орналасуы мүмкін немесе бірнеше жүргізу ритмі болуы мүмкін.
  • Жатыр бөліктерінде синхронды жиырылу бұзылады, миометриядағы базальды тонусының жоғарылауы дамиды
  • Ретті, күшті толғақтарға қарамастан жатыр мойнының ашылуы баяу жүреді, партограммадағы ашылу процесін көрсететін сызық оң жағындағы қауіп сызығымен қиылысады
  • Толғақтары ауру сезімді, толғақтардың арасында жатыр толық босаңсымайды
  • Ұрықтың босану каналдары арқылы жылжуы бірден баяулайды немесе тоқтайды.
  • Жатыр – плацентарлық қанағысының бұзылысы байқалады, ұрықтың жедел гипоксиясы дамиды
  • Жатыр тетанусы – жатырдың мүлдем босаңсымауымен және барлық уақытта тоникалық тырысуда сақталатын патологиялық процесс. Ең жиі себебі – ол ұрықтың өлшемі мен анасының жамбас өлшемдерінің сәйкес келмеуі. Жиі нәрестенің жедел гипоксиясы дамиды. Босанушыда дене температурасы көтеріліп, анасы мен баласы үшін қауіпті хариоамнионит дамуы мүмкін.
  • Дискоординацияланған босану әрекетін емдеу
  • Седативті заттар, спазмолитиктер, ßадреномиметиктер
  • Шаршағандаакушерлік ұйқы
  • Эпидуральды анестезия
  • Босануды қоздыратын заттарды (окситоцин) қолдануға болмайды!!!
  • Емнің нәтижесіздігінде және басқа акшерлік патология қосылсакесар тілігі
  • Босану әрекетінің аномалиясын алдын алу
  • Қауіп – қатер тобындағы әйелдерге босану алдында психопрофилактикалық дайындықтан өту қажет, аутотренинг қолдану, физикалық жаттығулар жасау
  • Түнгі ұйқы 8 -10 сағаттан кем емес, күндізгі ұйқы 2 сағаттан кем емес
  • Медикаментозды препараттардан 36 аптадан бастап В6 витаминін, фолий және аскорбин қышқылын тағайындайды
  • Қолданылған әдебиеттер
  • Айламазян, Эдуард Карпович. Акушерство : Учеб. для медвузов – СПб. : СпецЛит, 2005.
  • Раисова А.Т., Нұркасымова Р.А. Акушерия және гинекология: Оқулық/.Алматы:АсемСистем,2006.
  • Акушерство : учебник / В. И. Дуда, Вл. И. Дуда, И. В. Дуда. – 2-е изд.,испр. и доп. – Минск : Адукацыя і выхаванне, 2007.
  • Норвиц Эрол Р., Шордж Джон О., Наглядное акушерство и гинекология : учеб. пособие для вузов: пер. с англ. / – 2-е изд., перераб. и доп. – М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010.
You May Also Like

Қазақстанның экологиялық мәселелері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:Қазақстанның экологиялық мәселелері Жоспары: Кіріспе  Негізгі бөлім 1.Қазақстандағы радияциялық жағдай Қазақстанның…

Ақпараттық процесске рұқсатымсыз қол сұғудан сақтау, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: “Ақпараттық процесске рұқсатымсыз қол сұғудан сақтау” Жоспар ž  Кіріспе ž …

Қалыпты өкпенің аускультациясы (аускультация нүктелері, қалыпты дем алу негізгі тыныс шулары) СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Қалыпты өкпенің аускультациясы (аускультация нүктелері, қалыпты дем алу негізгі тыныс…

Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер, СӨЖ

СӨЖ                                                                                                                                                                     Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер. Кіріспе. ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын  қамтыған жыраулар…