Реставрация – бұл тістің формасын,түсін және қызметін қалпына келтіру.Қазіргі заманғы дамыған стоматология реставрацияны-сәулеттік деп атауға мүмкіндік береді, себебі қазіргі заманғы стоматология реставрацияны-өнер туындыларымен салыстыруға мүмкіндік береді. Бет әлпетінің әдемі күлкісі-тістік жағдайымен анықталады.

 Реставрацияның түрлері

  1. Тікелей
  2. Тікелей емес

Тікелей бұл тікелей пациент аузында жаңа тісті сәлмен қататын реставрациялық материалдан жасау.              

Ерекшеліктері:

 -Бір уақытта жасау.Яғни пациент тіссіз келіп        кету уақыты бір күнде,6-8 сағатта.

 -Пациент шыдамдылығы талап етіледі.

 -Реставрацияға қолданылытын материалдар-композиттер олар сәулемен қатады.

Пломбылау дегеніміз  тісжегіні  егеп-тазалап  емдеудің соңғы  кезеңі  тісжегі қуысын бітеп,тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіруге арналған шараға жатады.

Пломбылық материалдар жүйесі:

Уақытша пломбылық материалдар

Тұрақты пломбылық материалдар

Емдік төсемдерге арналған

Түбір өзектерін пломбылауға арналған

Адгезивтер

Герметиктер

Уақытша пломбылық материалдар

Уақытша пломбылық материалдар тісжегі қуысын  аз уақытқа (2-14 тәулікке ) емдік материалдарды ұстату үшін қолданылады.

   Кең қолданыс тапқан өкілі жасанды дентин (цинк-сульфатты цемент).Ұнтағы мырыш тотығынан(64%),мырыш сульфатынан (26%),каолиннен(10%)  тұрады.Ұнтақты суға араластыру арқылы  1,5-2  минөтте қатая бастайтын жұмсақ масса алынады.

Дентин қойыртпағы  (дентин-паста)  жасанды дентин өсімдік майларының қоспаларына  (күнбағыс,қалампыр,жүгері  майлары).Дене жылуында 2-3 сағатта қатаяды.

    Уақытша пломбы ретінде мырыш тотығы эвгенолмен араластырып қолдануға болады.

                       Емдік төсемдер

 Емдік төсемдер   қабынуға қарсы,одонтобласттар қызметін ынталандыру,дентинді қайта минералдандыру,орынбасушыны дентиннің құрылуын жеделдету үшін қолданылады. Ол үшін құрамында  кальций су тотығы  (Ca(OH)2 бар емдік төсемдер қолданылады.Емдік төсемдердің өкілдері:кальцемин (Ресей),шетелдік өкілдері :химиялық жолмен қатаятын  Dycal, Alcaliner (қос компоненттен тұрады), Calrodent, Leif, химиялық жолмен және сәуле әсерінен қатаятын   Calcinol.

Тұрақты  пломбылық материалдар

Стоматологиялық цементтер

Металқұрамдас пломбылық материалдар

Пластмассалар  мен полимерлік пломбылық материалдар

Стоматологиялық адгезивтер мен герметиктер

Композиттік пломбылық материалдар

          Стоматологиялық цементтер

Цинк-фосфатты цементтер

Бактерицидті цементтер

Силикатті цементтер

Силико-фосфатты цементтер

Цинк-эвгенольді цементтер

Поликарбоксилатты цементтер

Шыныиономерлі цементтер

Полимерлі цементтер

             Цинк-фосфатты цемент

Цинк оксиді -75-90%,жабысқақтық.

Магний оксиді-610% иілгіштік,созылғыштық,механикалық,беріктік.

Аллюминий оксиді -3-6% ,кальций оксиді өте аз мөлшері –тұтқырлық береді,қатаюы уақытына әсер етеді.

         Иономерлік  (шыныиономерлік)цемент

Алғаш 1871 жылы Wilson,Kent  ойлап тапқан.Ұнтағы  құрамында кремний,аллюминий,фтор белгілі (оңтайлы) қатынаста болатын алюмосиликатты шыны.Сұйығы дистелденген су,немесе полиакрил қышқылының  судағы ерітіндісі.Дентинмен биологиялық жақындығы бар.Қатаю  уақыты 4 мин,0,1% отырыс (усадка)береді.

Химиялық жолмен  және сәуле әсерінен қатаяды.ІІІ-V  кластық тісжегі қуыстарын,эрозия ошақтарын пломбылауға  арналған.Сүт тістердің  табиғи сайларын бекітуге арналған.Ұзақ  уақыт  фтор бөледі.

        3-топ:

Ортопедиялық  конструкцияларды бекітуге: Fugi-1, “Aqua  Meran”, “Aqua  Cem”

Аралық төсем,тұрақты пломбының ядросын құру үшін: Fugi-2, “Base  Line”

Тұрақты пломбылар  және аралық  төсемдер  үшін: “Chemfil Superior”,  “Ionofil”,  “Chelon  Fil” Cabintan,Ketac-Bond,Aqua  Cenif,Aqua  Ionobond.

You May Also Like

Асқар Егеубай «ХХ ғасырдың екі сағаты»

Кітап авторы: Асқар Егеубай. Кітап атауы: ХХ ғасырдың екі сағаты. Кітап бағасы:…

Өзін – өзі дамытудың 8 маңызды бағыты

Өзін – өзі дамытудың 8 маңызды бағыты: Қаржылық сауаттылықты игер: Өмірде ақшамен…

Социальный проект «Движение вверх»

Социальный проект «Движение вверх» Барабаш Дмитрий Владимирович родился 13.02.2004г. в Сарыкольском районе…

Сәлбен, дәрілік мелисса, киікоты

Сәлбен , дәрілік мелисса , киікоты. Ерінгүлділер тұқымдасына жататын Сәлбен тегінің дәрілік…