Қоғамның экономикалық даму тарихынан белгілі сауда капиталының пайда болуы құл иеленушілік дәуірдегі үшінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты, яғни қолөнер сауданың бөлінуі. Сауданың әсерінен өнеркәсіп пен қолөнер шаруашылығында жаңа салалар пайда болды, бірақ өз негізінде құл иеленушілік өндіріс натуралды болды.  Қазіргі дамыған нарықтық тауар өндірісі жағдайында өнімінің көптеген бөлігі сату үшін шоғырланады және ұдайы өндіріс процесінің  төрт фазасының бірлігін қалыптастырады: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну. Өнеркәсіп капиталының шеңбер айналымы процесінде сауда капиталының оқшаулануы жүзеге асады. Сауда капиталы бұл өнеркәсіп капиталының оқшауланған бөлігі. Қазіргі жағдайда сауда капиталының оқшаулануында қайшылықтар бар: бір жағынан қазіргі нарықтық қызметте кәсіпорындардың маркетингтік жүйені қолдануы және әсіресе ірі өнеркәсіп  коорпорацияларында өзінің тауар өткізетін сауда нүктелерін құруға талпыныс жасауды тудырады.

Тауар айналымы процесін қолдау үшін жұмсалатын шығындар талап етіледі, оларды айналым шығындары деп атаймыз.  Айналым шығындарды таза және қосымша деп екіге бөлеміз. Қосымша шығындарды көтерме делдалдар жүзеге асырады.  Таза шығындар сауда жұмыскерлерін сатуға, сұраным мен ұсынымды білуге, жарнамаға жұмсалады.

Айналым шығын теориясын К.Маркс жасаған. Маркстің пайымдауынша, қосымша айналым шығындары-бұл өндіріс процесінің айналым саласында жалғасуымен байланысты жұмсалымдар, сондықтан олар тауардың өндірістік баға құрылымына енеді.

Ұйымдастыру түріне қарай сауда ішкі нарықта көтерме және бөлшек сауда болып 2ге бөлінеді.

Көтерме сауда-бұл бір фирманың екіншісіне тауарлардың ірі партиясын сатуы. Сауда жеке өнеркәсіп кәсіпкерлері мен сауда-коммерциялықтардың арасында. мемлекеттік ұйымдармен жүргізіледі. Көтерме қызметті ұйымдастырудың 3 категориясы:

  1. өндірушілердің көтерме қызметі
  2. өз бетінше іс әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі
  3. агент пен брокерлер арқылы көтерме қызмет

Бөлшек сауда-бұл тұтынушыларға тікелей көтерме саудагерлердің тауарды сатуы. Бөлшек сауда саласына магазиннен басқа әртүрлі қызмет көрсететін бөлшек кәсіпорындар да жатады: клуб,мейманхана,асхана,шаштараз, т.б.

You May Also Like

12 мүшеңіздің саулығына арналған жаттығу

Қымбат дәрі-дәрмектен әлдеқайда емі күшті әрі қарапайым адамның қолдана алатын йоголық жаттығу.…

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда

“Өзге емес, өзім айтам өз жайымда” Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң…

Әбдіжәміл Нұрпeйіcoв, сценарий

Әбдіжәміл Нұрпeйіcoв ДИКТOР 1: Туғaн жeрің –туғaн aнaңдaй ыcтық. Тacы мeн тoпырaғынa…

Жаңғақтың шипасы

Қан қысымыңыз өте жоғары болса, онда о,5 стақан жержаңғақты қабығымен қоса банкіге…