Лексикалық мағына дегеніміз не?

  • Лексикалық мағына— зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны.Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады.
  • Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Семантикалық[1]тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты . Лексикалық мағына туралы ғылыми көзқарастар әртүрлі.
  • Кейбір зерттеушілер лексикалық мағына тек атауыштық сөздерге тән, ол көмекші сөздерде, одағайларда, есімдіктерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Алайда, кейінгі зерттеулер тілдегі барлық сөздердің де белгілі дәрежеде лексикалық мағынасы болатынын қолдайды. Мысалы, есімдіктер толық мағыналы атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, олардың мағынасын меңзеп білдіреді. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербес сөздерге тіркескенде байқалады.

Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар:

  • Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына,
  • ауыспалы мағына
  • Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына,
  • туынды мағына
  • Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына,
  • шартты мағына, фразеологиялықбайлаулы мағына

Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым)

  • тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретінтіл білімініңсаласы
  • бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.
  • Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар — Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеум. жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. Фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізіненпсихология, философия,тарих, этнографияментығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда.

Фразеология семантик. категориялар қатарында фразеологизмдердің

  • антонимді
  • синонимді
  • омонимді

Құбылыстарына талдау жасайды

You May Also Like

Ет қосылған картоп пісірмесі

Пісірмені дайындау үшін: – 8-9 үлкен картоп; – 500 г фарш; –…

«Патопсихология» пәнінен тест тапсырмалары

«Патопсихология» пәнінен тест тапсырмалары «Алкоголизм нәтижесінде науқастың барлық проблемасы алкоголь арқылы шешіледі»…

Қорғану кезіндегі ойын тактикасының элементтері

Қорғану кезіндегі ойын тактикасының элементтері Футбол ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір…

Медициналық мекемелерде еңбек ақысын бөлу және қалыптастыру. Нарық экономикалық жағдайда денсаулық сақтауды қаржыландыру механизмі.

Медициналық мекемелерде еңбек ақысын бөлу және қалыптастыру. Нарық экономикалық жағдайда денсаулық сақтауды…