¨Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары — магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау жыныстары тез қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді, кейде ірілеу кристалдары да кездеседі. Интрузивтік тау жыныстары жер қойнауының тереңдіктерінде баяу қату салдарынан қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады. Магмалық тау жыныстарыдың өте маңызды бөлшектері силикаттар мен кварц. Олардың басты құрамдас бөлігі кремний оксиді (Sі2O). Мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары 5 топқа бөлінеді:

ультранегізді (Sі2O<40%)

негізді (40 — 50%)

орташа негізді (56 — 60%)

қышқылды (65 — 70%)

ультрақышқылды жыныстар (>75%).

¨Құрамында силикаты жоқ Магмалық тау жыныстары (мыс., карбонатиттер) өте сирек. Құрамындағы сілтілік металдар мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары қалыпты және сілтілі (граниттер, нефелинді сиениттер, фонолиттер) топтарға бөлінеді. Магмалық тау жыныстары құрылыс (артиктік туфтар,лабрадориттер, т.б.), абразивті (пемза), жылу оқшаулағыш (пемза, перлит) материалдар ретінде қолданылады.

¨Атылу сипатына (лаваның ағыл-тегіл ағуына не жарылыспен атқылануына) байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Сондай-ақ, жанартаулық тау жыныстарының аралық типі — туфолавалар және игнимбриттер ажыратылады. жанартаулық тау жыныстар қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып күмбез пішінді болып қатаюынан қалыптасады. Бұл екі топтың жыныстарының петрографиялық сипаттамасы бірдей, айтарлықтай айырмашылығы болмағандықтан, оларды бірге эффузивті жыныстар деп қарастырады. Олар құрамындағы SіO2-нің мөлшері бойынша ультранегізді, негізді, орта және қышқыл жыныстар болып бөлінеді. Құрылымы порфирлі, микролитті, жартылай шынылы; нақышы жолақты, ақпалы, тығыз, қуысты болады.

¨Эффузивті жыныстардың сыртқы кейпі қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал кейпі сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Кайнотипті жыныстардың көп тараған түрлері: базальттар, андезиттер, трахиттер; химия құрамының сәйкестігі жағынан палеотипті сыңарларына:диабаздар, базальтты және андезитті порфириттер, трахитті және липаритті порфирлер жатады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эффузивті кесекті жыныстарға лавамен цементтелген лава кесектерінен тұратын кластолавалар мен гидрохимия материалдармен цементтелген лава кесектерінен тұратын лавокластолиттер жатады. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері — пирокластардан тұрады. Шөгінді жанартау кесекті жыныстарда пирокластық материал 50 — 90%, ал шөгінді материал 10 — 50% құрайды. Олар туффиттер деп аталады. жанартаулық тау жыныстар Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған. Олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады.

Магмалық тау жыныстарының жалпы қасиеті

¨Магмалық тау жыныстары жер қабатында магманың суып қатаюынан немесе вулкандық атпалардан жер бетіне төгілгені лаваның суып қатаюынан пайда болады. Магмалық тау жыныстары әр түрлі белгілеріне — шығу тегінің жағдайларына, химиялық кұрамына, минералдық құрамына т.б. қарай жіктеледі. Шығу және қатаю жағдайларына қарай олар тереңдік немесе интрузивтік және төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді. Егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте бірте-бірте суынады да, оның жақсы кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан тереңдік магмалық жыныстарда кристалды түйірлі құрылыстар пайда болады. Егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі, олардан төгілмелі жыныстардың вулкандық түрлері пайда болады.

¨Төгілмелі магмалық тау жыныстары өз алдына кайнотип және палеотип болып екі түрге бөлінеді. Грек тілінде кайнос — жаңа, палеос — алғашқы немесе ескі деген сөз. Палеотип төгілмелі магмалық жыныстардың химиялық жолмен күшті бұзылып өзгерген, ескірген түрі, ал кайнотип төгілмелі жыныстардың өзгермеген түрі. Магмалық тау жыныстары ішіндегі кремний тотығының мөлшеріне қарай 5 топқа бөлінеді.

Ультрақышқыл жыныстар, Si02 > 75%, яғни құрамында бос кварц өте көп.

Қышқыл жыныстар, Si02 —75—65%, яғни құрамында бос кварц кеп.

Орташа жыныстар, Si02—65—52% яғни құрамында бос кварц аз. Мұнда сілтілі жыныс, яғни кварц орнында сілтілі минералдар бар.

Негізді жыныстар, Si02 —52—45%, яғни құрамында бос кварц жоқ.

Өте негізді жыныстар, Si02 —45%, яғни құрамында кваритіпті жоқ.

¨Ультрақышқыл және қышқыл магмалық жыныстарға кіретіндер: аляскит, гранит, гранодиорит, дацит және олардың төгілмелі түрлері (аналогтары).

¨Орташа магмалық жыныстарға кіретіндер: диорит және олардың төгілмелі түрлері сілтілер — сиенит, нефелинді сиенит.

¨Негізді магмалық жыныстарға кіретіндер:габбро және лабрадорит, базальт.

¨Өте негізді магмалық жыныстарға кіретіндер: перидотит, дунит, пироксенит. Сонымен қатар тау жыныстарында сілтіліметалдар тотықтары көп болса, ал кремний мен алюминий тотықтары аз болса, оны сілтілі жыныстар деп те атайды. Нефелинді сиенит осыған жатады.

Ультрақышқыл және қышқыл магмалық жыныстар

Аляскит

Гранит

Гранодиорит

Дацит

Аляскит

¨Аляскит (алғаш Аляска түбегінде табылуына байланысты аталған) — интрузиялық магмалық тау жынысы, граниттің қышқыл құрамды түрі. Құрамы негізінен сілтілі дала шпаттарынан (65 шамасында) және кварцтан (35 ) тұрады, түсті минералдар өте аз болады (5)-тен аз). Көбінесе ашық түсті болып келеді, сонымен қатар қанқызыл, алқызыл және сұрғылт түрлері жиі кездеседі. А — құрылыс материалы. Ол қаптама тас ретінде ғимараттарды безендіруде қолданылады.

Гранит

¨Гранит – Жер қыртысында ең көп тараған кристалдық магмалық тау жынысы,толық кристаллы, жаппай түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды (SiO2 > 65%) интрузиялық таужыныстардың жиынтық атауы. Гранит кварцтан,калийлі дала шпаттарынан (ортоклаз, микроклин), қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. салм. 2,5 – 2,7 г/см3.

¨Граниттің құрылымы орта, ірі түйірлі, порфирлі.

¨Граниттердің лейкогранит, аляскит, плагиогранит, сілтілік гранит, рапакиви сияқты түрлері бар. Гранит архейденбастап кайнозойға дейінгі шөгінділерде түрлі пішінді массивтер, батолит, шток, лакколит, желі, дайка, түрінде кездеседі. Граниттердің пневматолиттік-гидротермальдық, гидротермальдық өзгерістеріне мусковиттену, турмалиндену, альбиттену грейзендену, хлориттену процестері жатады.

¨Сарыарқа мен Алтайдың көптеген металл кендері Граниттердегі осы процестердің нәтижесінде түзілген. Граниттер құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады. Олардан қаптау плиталары, ірі құрылыстардың іргетасы, ескерткіштер жасалады. Сондай-ақ Граниттерде алтынның, күмістің, вольфрамның, молибденнің,радиоактивті элементтердің,тағы басқа кен орындары кездеседі. Қазақстанда Гранит өндірілетін Талғар, Күрті (Алматы облысы), Спасск, Жарық, Дария (Қарағанды облысы), Гранитогорск (Жамбыл облысы), Лосевка (Ақмола облысы), Аягөз (Шығыс Қазақстан облысы),тағы басқа кен орындары бар.

Mинералдық құрамы

¨Граниттердің минералдық құрамы негізінен алғанда кварц пен дала шпаттарынан және түсті минералдардың (биотит, мусковит, мүйіз алдамшы, сирегірек пироксен) азын-аулақ мөлшерінен тұрады. Граниттердің түрлері көп.Олар дала шпаттарының құрамы мен олардың бір-біріне мөлшерлік қатынастарына орай және түсті минералдардың қандай түрі жетекші рөл атқаратындығына орай жүйеленеді.

¨Бірінші жүйелеу қағидасына сәйкес дараланған граниттер түрлері:

¡байырғы немесе әкті-сілтілі граниттер (калийлі дала шпаты 30-40%, қышқыл плагиоклаздар 10-20%, кварц 25-30%);

¡адамелиттер (калийлі дала шпатгары мен плагиоклаздар мөлшері бір-бірімен шамалас);

¡плагиограниттер немесе плагиоклазды граниттер (тек қана плагиоклаздардан, кварцтан және түсті минералдардан тұрады, яғни бұлардың құрамында калийлі дала шпаттары мүлдем болмайды немесе өте мардымсыз мөлшерде кездеседі);

¡сілтілі граниттер (сілтілі дала шпаггарын және сілтілі пироксендер мен амфиболдарды кіріктіреді).

¨Өз құрамындағы әр түрлі түсті минералдардың жетекші рөліне қарай биотитгі, қосслюдалы, мүйізалдамшылы, рибекитгі, эгиринді және тағы басқа граниттер түрін даралауға болады. Гранит құрамында түсті минерал мүлдем болмағанда немесе олар өте аз мөлшерде үшырасқан жағдайда (5%- дан аз) олар аляскитгер деп аталады

Гранодиорит

¨Гранодиорит — қышқыл магматиттерге жататын интрузиялық, құрамы бойынша гранит пен диоритгің аралығындағы тау жынысы.

¨Гранодиориттердің

түсі қызғылт, сұрлау қызғылт, ақшыл сұр;

бітімі шомбал, бағдарлы, жолақты; құрылымы орта, ірі түйірлі, порфирлі.

¨Ондағы фенокристар микроклин, ортоклаз болып келеді. Гранодиориттер граниттермен бірге дамып, штоктар, лакколиттер, лаполиттер, батолиттер құрайды, кейде жеке массивтер болып та кездеседі. Көбінесе олар гранит массивтерінің шет жағын құрады. Гранодиориттермен полиметалдардың, сирек металдардың, алтынның кендері кездеседі, құрылыс материалы ретінде пайдаланылады.

Дацит

Дацит – өте ұсақ жымдастырушы масса арасындағы сеппелері ізбесті-натрийлі дала пшаттарынан (көбінесе андезиннен), кейде кварцтан немесе түсті минералдардан (биотит, мүйізталшықтар, пироксен) тұратын эффузивті тау жынысы.

Дациттың интрузивті тектестері гранодиориттер мен кварцты диориттер.

Орташа магмалық жыныстар

Диорит

Сиенит

Диорит

¨Диорит (грек. dioriso — бөлемін) — интрузиялық орта магмалық тау жынысы. Ол негізінен орта плагиоклаз бен горнблендтен түрады. Қалыпты диоритте плагиоклаз 65-70%, горнбленд 30-35% құрайды. Егер плаглиоклаз бүл мөлшерден артық болса, онда диорит лейкократты немесе лейкодиорит деп, егер керісінше фемалық минерал артық болса, онда диорит меланократты немесе меланодиорит деп аталады. Диоритте фемалық минерал кейде горнбленд емес, пироксен не биотит болып келеді, онда оларды пироксенді диорит, биотитті диорит дейді. Құрамында кварцтыңмөлшері 10— 20% түрін кварцты диорит дейді. Акцессор минералдар апатит, сфен, магнетит болып келеді. Диориттің түсі плагиоклаздың ақшыл, фемалықтардың қара болуына байланысты көбінесе шүбар, кара ала болады. Бітімі — шомбал, кейде шлирлі, бағдарлы. Құрылымы біркелкі орта түйірлі, кейде үсақ не ірі түйірлі, порфирлілеу болады. Диоритштоктар, лополитгер, лакколитгер, сидцар, сығьшмалар құрайды. Олармен темірдің, мыстың, алтыннның кендері кездеседі.

Сиенит

Сиенит (грекше Syeneежелгі Мысырдағы Сүн қаласының (қазіргі Асуан) атынан)негізінен калийлі дала шпатынан (60 — 90%), аздаған мөлшерде плагиоклаздар мен биотит, пироксен, тағы басқа тәрізді түсті минералдардан құралған терең қабаттағы магмалық тау жынысы.

Сиенит — түсі қызыл, алқызыл, алқызыл-сұр болатын түйіршікті тау жынысы.

Бітімі — шомбал, бағдарлы, шлирлі, құрылымы біркелкі орта, ірі түйірлі, кейде порфирлі.

Фемалық минералдар 10-20% құрайды, олар негізінен горнбленд, кейде биотит, пироксен болып келеді.

Калишпат қалыпты түрінде 50—70% құрап, микроклин, ортоклаз не микропертит болып келеді.

Плагиоклаз қалыпты сиенитте 10-30% құрап, олигоклаз не андезин болады.

Фемалық минералдар мен дала шпаттар сілтілі болған жағдайда, сиенит те сілтілі деп аталады.

Гранитпен аралық түрін граносиенит, габбромен аралық түрін — монцонит, диоритпен аралық түрін — сиенит-диорит дейді.

Құрамындағы сілті мөлшеріне қарай 3 топқа бөлінеді: қалыпты, жоғары сілтілі және сілтілі.

Қалыптыдан басқа екеуінде тек сілтілі дала шпаты мен қошқыл түсті минералдар (сілтілі амфибиол, эгирин, эгирин-авгит) болады. *Құрамындағы кварцтың мөлшері 5%-дан асса кварцтық сиенит, ал нефелиннің мөлшері 20%-дай болса нефелиндік сиенит деп бөлінеді.

Қазақстанның Сарыарқа, Есіл аймақтарында кездеседі. Сиениттер құрылыста әшекейлік, қаптама материалы және ескерткіштер жасайтын тас ретінде қолданылады.

Негізгі магмалық жыныстар

Габбро

Лабрадорит

Габбро

Габбро (итал. gabbro) — интрузиялық толықкристалды магмалық тау жынысы; эффузиялық тектестері —базальт.

Кремний қостотығының мөлшері тұрғысынан габбролар негізді тау жыныстарға жатады (SiO2 = 45—55%).[1]

Габбро – терең қабаттарда жататын қошқыл түсті магмалық тау жынысы

Лабрадорит

¨Лабрадорит— түгелге жуық Лабрадор минералынан тұратын толық кристалды лейкократты габбро; кейбір әдемі түрлері қаптама тас ретінде қолданылады.

Өте негізді магмалық жыныстар

Перидотит

Дунит

Пироксенит

Перидотит

¨Перидотит (франц. рerіdot — оливин) — ультранегізділер тобына жататын интрузиялық тау жыныстарының жалпы атауы. Олар негізінен оливин мен пироксендерден (40%-дан аспайды) тұрады. Пироксеннің құрамына қарай Перидотит гарцбургит (оливин мен ромбылық пироксен), верлит (оливин мен моноклиндік пироксен), лерцолит(оливин мен қос пироксен) деген түрлерге бөлінеді. Құрамындағы пироксен мөлшері 10%-дан аспаса, ол дунит деп аталады. Перидотит қосымша және акцессор минералдары бойынша горнблендті, шпинельді, хромитті, гранатты, слюдалы деп те ажыратылады. Перидотиттің түсі қара, ашық жасыл; құрылымы орташа, ірі түйірлі, бітімі шомбал, кейде шлирлі, жолақты болады, үгілгенде серпентенитке айналады. Перидотит жарылым белдемдерінде басқа ультрабазиттермен бірігіп, тік құлама пласт немесе тізбектелген кішігірім денелер құрады. Перидотиттерменхром, никель, темір, титан, алмас, тальк, асбест кендері байланысқан. Қазақстанда Перидотиттер Мұғалжар,Ұлытау, Шар, т.б. ультранегізді тау жыныстары белдеулерінде кездеседі.

Дунит

Дунит – негізінен алғанда оливин минералынан тұратын, хромшпинелидтердің азын-аулақ мөлшерін кіріктіретін аса негізді интрузивті тау жынысы.

Пироксенит

¨Пироксенит — құрамының 60%-дан астамы пироксендерден тұратын ультранегізді интрузиялық тау жынысы. Пироксеннен басқа дала шпаттары, оливин, қоңыр амфибол, магнезит, ильменит, хромит қоспалары болады. Пироксеннің құрамына қарай Пироксениттер: энстатитит, бронзитит, гиперстенит, диаллагит; ромбылық пен моноклиндік пироксендерден тұратын вебстерит құрамында магнетиті көп — косьвит болып бөлінеді. Іосымша минералдар ретінде биотит, плагиоклаз, т.б. кездеседі. Пироксениттің түсі қара, қара сұр, жасыл қара, қара қоңыр, бітімі шомбал, кейде жолақты, бағдарлы, құрылымы ірі түйірлі. Пироксениттер басқа ультранегізді магматиттермен бірге құрылысы күрделі жеке массивтер және габброидтармен лополиттер, лакколиттер, шток, сығылма тәрізді денелер түзеді. Пироксенитпен темір, хром, мыс, кобальт, титан, асбест кендері байланысты болып келеді. Құрамында титаны мол Пироксенитті титанды темір кентасы ретінде пайдаланады. Қазақстанның Мұғалжар, Торғай,Ұлытау, Шар, т.б. ультранегізді тау жынысты аймақтарында таралған.

You May Also Like

Бұлтты технологияның жіктелуі

БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖІКТЕЛУІ        «Бұлтты технология» мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:…

Сәкен Сейфуллин, презентация

Менің жазғы демалысым шығарма

Шығарма “Менің жазғы демалысым” Менің жазғы демалысым қызықты, әрі өте көңілді өтті. …

Ежелгі Грекияның этикасы

Ежелгі Грекияның этикасы Жоспар: Ежелгі Грек философиясы Этика. Этиканың құрылымы Этика ғылымының…