Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше кәсіпорында (дәріханада), ауруханалардың қабылдау бөлімінде алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс.

Бірінші міндет— жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу: күн өткен адамды көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде — таза ауаға шығару, суға батқанды құтқару; токқа түскенді одан ажырату, өртке шалдыққан адамның киіміндегі отты өшіру

Екінші міндет — қарапайым медициналық дәрідәрмектер мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету

Үшінші міндет — дереу жедел көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру.

Алғашқы жәрдем амалдарын қолданғанда, аурудың немесе жарақаттың жалпы сипаты ескеріледі. Жарақаттанған жағдайда аққан қанды тоқталу шаралары жасалады. Ол үшін қан шыққан жердің жоғарғы жағынан тамырлы, жарақаттың ауыр-жеңілдігіне қарай қысып таңады да, жарақаттың үстіне таза бинт, мақта, дәке немесе шүберек қойып бастайды.

Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенде не созылғанда адамды қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш қабығын, картон т. б. затты қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен, шүберекпел орап тастайды

Денені химиялық заттар күйдіргенде және үсікке шалдыққан жағдайда, зақымданған жерді таңар алдында, теріні сутегінің асқын тотығымен, қайнаған таза сумен жуалы, ал күйікті спиртке (араққа) малынған дәкемен таңады

Көзге шөп-шалам түскенде, әсіресе көз жарақаттанғанда кір қолмен, бет орамалмен сүртіл, инфекция жұқтырып алмау керек

Аяқ астынан іш бүріп қатты ауырғанда, аурулы жатқызып, ішіне мұз не салқын су басады; мұндайда асқазанды шаюға, іш жүргізетін дәрі-дәрмектер беруге болмайды

Жүрек мүлде тоқтал қалғанда және оның жиырылып-cозылу қызметі бұзылғанда жүрек сыртына массаж жасалады. Алайда жүрек ырғағы әдеттегідей естілмесе де, уақытты өткізбей, дереу жүрек тұсына массаж жасау қажет.

массаж жасаудың ең басты міндеті — организмде қанның жүруін қамтамасыз етіп, адамның ең маңызды тіршілік органдарына оттегін жеткізу, соның нәтижесінде дербес жүрек қызметі мен тыныс жолдарын қалпына келтіру.

You May Also Like

Интернет жүйесі арқылы қаражат табу

Интернет жүйесі арқылы қаражат табу Қазіргі таңда интернет жүйесінде жұмыс істеп ақша…

Кәсіби шеберлік білім сапасының кепілі жоба

Мен Унгарбеков Қырымбек Мұратұлы Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» 2…

Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы және топографиясы. ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы қуыстарының даму ерекшеліктерінің әсері, баяндама

Баяндама Тақырыбы: Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы және топографиясы. ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы…

Қол буынын емдеу

Суық сумен жуыну, қолғапсыз суықта жүру сияқты еленбейтін жағдайлар қолдың буынына әсер…