Емдік профилактикалық мекемелерде емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру.  

     Емдік дене шынықтыру  дегеніміз– дене шынықтыру құралдар  кешенін пайдалану  жолымен  науқастың жағдайын  жақсарту  мақсатында  емдеу әдісін ауруханаларда,емханаларда,шипажайларда  қолдану.

    ЕДШ  ежелден белгілі, ғұлама ғалымдар «Қозғалыс әртүрлі дәрмектің орнын жиі алмастыра алады,ал бірақ  бірде-бір дәрі қозғалысты алмастыра  алмайды.» осы  ұстанымды қолданды.

ЕДШ негізгі мақсаты:

– денсаулықты тез арада қалыпқа келтіру;

– асқынуды болдырмау;

– метоболизм процесін жылдамдату;

– гуморальды процестерді белсендіру;

– гемодинамиканы жақсарту;

– аурудан айығу сенімділігін арттыру;

– бұлшықет тонусын күшейту.

      ЕДШ  ұйымдастыру  ауруханаларда, шипажайларда,  емханаларда жүргізіледі. Оны арнайы науқастардың жасына, жынысына, сырқаттану түріне қарай жаттығулар бөлінеді. Мысалы: төсек тәртібінде,палата тәртібінде және еркін тәртіпте жатқан науқастар деп бөледі. Әр тәртіпке түрлі емдік жаттығулар тағайындалады. Оны дәрігер тағайындайды, арнайы ЕДШ бөлмесінде топпен, музыка ырғағымен пайдаланылып жүргізіледі. ЕДШ емнің басты құралы: физикалық жаттығулар.

Жаттығулар:  1) Жалпы

                          2) Арнайы

Құралдары

  1. Гимнастикалық
    1. Анатом.белгі б.ты, Түр-сипат. Б.ты, Белсенділік.б.ты: белсенді,енжар
  2. Ойындар
    1. Аз қозғалатын: бір орында Жылдам қозғ.:жүгіру,секіру Спорттық ойын: футбол,баскетбол
  3. Спорттық-қолданбалы
    1.  Жүру,жүгіру,жүзу,шаңғы тебу,велосипед, коньки тебу,өрмелеу,серуендеу.

Судағы жаттығулар

Гидрокинезотерапия – ауруды емдеу және оның алдын алу мақсатында физикалық жаттығулар мен температура факторларын қоса пайдалану.

Көрсеткіштер: тірек-қимыл аппаратының аурулары,омыртқа жарақаттары, остеохондроз, парез,паралич.

Қарсы көрсеткіштер: остеомиелит,ашық жаралар, тері аурулары,инфекциялық аурулар т.б.

     Қорытынды

Әрбір адам денсаулығына аса мұқияттылықпен қарағаны дұрыс. Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек.Дені сау адам өзі үшінде, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшінде керек. Қоғамдағы небір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Ал денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі күнделікті өмір тұрмысына дене шынықтыру жаттығуларын енгізу.

You May Also Like

Қаржылық есеп ІІ пәнінен лекциялық кешені

1.Бірінші лекция тақырыбының атауы:Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі  (3  ( IFRS) ХҚЕС)…

Кендірлі туризм аймағының даму жолдары

«Кендірлі туризм аймағының даму жолдары» Манғыстаудағы Кендірлі аймағын туризм орталығы ретінде дамытуға…

Даярлығым,қош енді!

Долананың емдік қасиеттері

Долана ерте кезден бері жүрек қан-тамырлары ауруларының дәрісі ретінде қолданылып келген. Бұл…