Қытай медицинасына сүйенсек, адамның бойында 700-ден астам биологиялық белсенді нүктелер бар екен. Ал бұл нүктелердің 66-сы болса өте күшті әрі әсерлі нүктелер көрінеді. Ең қызығы, бұл нүктелердің 61-і мұсылман дәрет алғанда жуатын дене аймақтарында орналасқан екен. Қалған бес нүктені аяқтың тобық пен тізенің арасындағы бөлігімен орын тепкен. Демек, мұсылман баласы дәрет алғанда өте әсерлі 61 биологиялық белсенде нүктеге температуралық және физикалық әсер етумен қатар гидромассаж да жасайды екен.
Ал аяқты тізеге дейін жуып дәрет алу – сүннет. Егер олай жасайтын болса, тіпті барлық 66 өте белсенді нүктелерді басып өткен болады. Осылайша күніне бес уақыт намазға бес рет дәрет алған адам кешенді массаж процедурасынан өткен болып есептеледі. Бұл массаждар адамның ішек құрылыстарына, асқазанына, зәр шығару жолдары мен қуыққа, жүйке жүйесінің реттелуі, жүректің қалыпты соғылуына, жыныстық қызметтерге, қалқанша бездеріне оң әсерін тигізеді екен. Оның үстіне салқын су теріміздегі рецепторларғада да жақсы әсер етіп, бетке әжім түсуден сақтайды. Қарап отырсаңыз, дәрет алу арқылы сіз ғибадаттан бөлек денсаулығыңызға да ерекше күтім жасайды екенсіз. Ендеше, таңертең тұрғанда тек беті-қолымызды жуып, тісімізді ғана ысып шықпай, толықтай дәрет алып шықсақ, сауабынан бөлек кешенді массажымызды бастаған әрі гигиеналық талаптарды сақтаған боламыз.
Ал енді дәреттің рухани жағына келер болсақ, пайғамбарымыз өзінің қасиетті хадисінде:»Дәрет- намаздың кілті, Намаз-Жәннаттың кілті»- дейді. Ал жұмаққа кіру қай мұсылманның болсын басты арман-мақсаты. Сондықтан да, Жұмақ есігін ашуға арналған алғашқы кілттің қандай болуы қажет екенін әр мұсылман білуі тиіс.
Дәреттің осы дүниелік әрі ақыреттік пайдалары көп. Төрт шадиярдың бірі, пайғамбарымыздың сахабасы, әрі күйеу баласы Хазіреті Осман былай дейді: «Пайғамбарымызбен бірге едік. Дәрет алып жатқан бір кісіні көзі шалып қалып, Аллаһ елшісі сәл езу тартты. Мен мұның мәнісін білгім келіп:<Не үшін күлдіңіз құрметтім?>-дедім. Ол кісі маған қарап <Жаратушы Иемнің дәрет алатын құлына көрсетіп ілтипатын ойлап езу тарттым. Дәрет алған кезде адам мүшесінің әр мүшесін жуған сайын, сол мүшелерден сумен бірге адамның күнәлары да сыздықтап ағып кетеді>»- деп жауап берген екен. Демек, дәрет- тек кірдің ғана жуылуына емес, сонымен қатар күнәміздің жуылуына да себеп болатын бір ғибадат. Тек ақыреттік қана емес, сонымен қатар дүниелік те пайдасф баршылық.
Дәретте ең маңызды мәселе- ниет. Әуелі адам <Ниет еттім Алла разылығы үшін дәрет алуға> деп ниет етіп,<әғузу билләһиминәш шайтанир ражим, бисмилләһир рахмәнир рахим> деп Алланың есімімен бастауы тиіс. Себебі пайғамбарымыз (с.ғ.с.):<Кімде-кім дәрет алғанда «Бисмиллаһ» деп бастаса, барлық денесін тазалайды. Кімде-кім дәрет аларда Аллаһтың атын еске алмаса, тек қана дәрет мүшелерін тазалайды>,-деген.
Ниеттен кейін екі қолын жақсылап ысқылап жуады. Саусақтарын да салалап жуса сауаптырақ болады. Сосын әр мүшені жуғанда әуелі оң жақтан бастап және үш реттен жуылатынын естен шығармаған абзал. Қол жуып болғаннан кейін суды ауызына алып, <ғарғара> жасайды (тамағын ғырылдатып). Бұл да үш рет. Сосын үш рет мұрнына су жіберіп, сіңбіріп тастайды. Одан кейін үш рет бетті жуады. Онда да маңдай шаштың жиегіне, құлақтың түбіне, иектің астына, қастың арасына, сақал болса, сақалдың түбіне, бәріне су тию керек. Сосын оң қолың білек-шынтағына дейін үш рет жуады. Сосын сол қолын. Бұдан соң қол суланып бастың төрттен бір бөлігіне мәсіх тартылады(сипалады). Осын құлақтың іші-сыртын сулы саусақпен бір рет сүртіп өту керек. Сосын аяқтың тобықтан төменгі бөлігі(тобықпен қоса алғанда) жуылады. Ол да оң аяқтан, башпайлардың оң жағынан бастап жуылады. Тобықтың жуылуы өте маңызды. Себебі, пайғамбарымыз:<Отта жанған сол тобықтардың халі неткен жаман>,-деп қатты ескерткен.
Дәрет алып біткеннен кейін <әшһәду әллә иләһә иллаллаһу уахдату лә шәрикә ләһ, уә әшһәду әннә Мұхаммадан ғабдуһу уә расулуһ>(мағынасы: <Алладан басқа Тәңір жоқ және оның серігі жоқ екеніне, сондай-ақ Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін>) деу керек. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у):< Кімде-кім жақсылап тұрып жәрет алып, <әшһәду әллә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, уә әшһәду әннә Мұхаммадан ғабдуһу уә расулуһ> десе соған Жәннаттың сегіз есігі ашылады да, ол қалағанына кіре алады>,-дейді.
Ендеше дәрет алуды әдетке айналдырайық, ағайын. Дәретпен жүрген адамның бойынан шайтан ұзақ жүреді, ал періште үйір келеді. Асты да дәретпен ішкен абзал, берекеті болады. Тіпті, баланы емізгенде де, берекеті болады.

You May Also Like

Ш.Мұртаза шығармашылығындағы соғыс тақырыбы

Ш.Мұртаза шығармашылығындағы соғыс тақырыбы. Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы,…

Девиантты мінез-құлық және оның типтері

Девиантты мінез-құлық және оның типтері Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio – ауытқу) – жалпыға ортақ ережелерден…

Анар білезігі

Қажетті өнімдер: – 2 қызылша; -1 пияз; – 2 картоп; – 2…

Жастар жылының маңызы мен пайдасы

Тақырыбы: Жастар жылының маңызы мен пайдасы Жастар жылы. Бұл жыл  жастардың жұмыс…