Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері:Валеология

Тақырыбы:Біздің жасыл достарымыз. Бөлме және дала өсімдіктерін күту ережесі.

Мақсаты: Балаларға бөлме және дала өсімдіктерін күту жайында түсінік беру.

Дәрілік шөптердің емдік қасиеттеріне тоқталу.

Балаларды шөп тұнбасын дайындауға үйрету.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

Мотивация

лық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қайырымды жүрекпен,

Мейірімді тілекпен.

Ізгілікті ниетпен,

Қамқор болып өсеміз.

Балалар қайталап айтады.

 

 

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Балаларға өткен аялдаманың қалай аталғанын естеріне түсіру.

Балаларға бет орамал көрсетіп, бұлардың түшкірген және жөтелген кезде қандай пайдасы барын сұрау.

Балалар өткен сабақтағы падалы кеңестерді естеріне түсіреді.

Жаңа сабақта балаларға кептірілген шөптер жиынтығы , түбірлерін және бөлме өсімдіктерін көрсетіп, өсімдіктердің тек жер бетіне көрік беріп қана қоймай, адамға жылу, тағам, таза ауа сыйлайтынын. Сонымен бірге олардың емдік пайдасының бар екендігін айту.Мұндай өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды.Осының барлығы түрлі дәрігерлік салалардағы арнайы білімділікті қажет етеді. Біздің мұнымен кеңірек танысуымызға Дәрігер Салауат көмектеседі, өйткені дәрілік шөптермен емделу аодында дәрігерлердің кеңесін тыңдап алғанымыз тиімді болады.

Балаларға шөптік өсімдіктердің жиынтығын көрсете отырып, олардың емдік қасиеттерін әңгімелейді.(әсіресе аймақтағы дәрілік шөптер туралы әңгімелеп, мұнда әр аймаққа байланысты дәрілік шөптер әкеліп көрсетуге болады).

Алоэ-Оңтүстік Африкадан тараған, сондықтан ол бөлмелерде ғана өсіріледі. Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайларда денеге тартады және суық тиген кезде балмен араластырып, мұрынға тамызады.

Бақ-бақ (одуванчик)-оның тамырының қайнатпасын ас қорыту жолдарын түзетуге пайдаланады.

Емен (дуб)- жас ағаштарының қабығы мен бұтақтарының қайнатылған сүзбесін тыныс жолдарын тазартуға,ауыз және тамақ шаюға және асқазан бұзылған жағдайда ішіп,емдік мақсатқа қолданады.

Қалақай (крапива)- жабайы өсімдік.Жапырағының қайнатылған тұнбасы мен сығындысы қан тоқтату үшін қолданылады,әрі «С» дәруменінің  қасиеті бар.

Сарымсақ (чеснок)- ерте уақыттан бері тыныс жолдары ауруларының алдын алу,ішек және асқазан бұзылуынан сақтайтын емдік құрал ретінде пайдаланылып келеді.

Мия (солодка)- жабайы өсімдік.Тамырынан жасалған дәрілер қақырық түсіреді,қабынуға қарсы және түйнегенді басуға қолданылады.

Өгейшөп (мать и мачеха) – Қазақстанда көп кездесетін жабайы өсімдік.Тұнбасы мен қайнаған суы қақырық түсіретін және терлететін дәрі ретінде қолданылады.

Асқабақ (тыква) – қолдан өсірілетін өсімдік. Оның қабығынан тазартылған дәні ішек құртына қарсы қолданылады.

Әліппе дәптерімен жұмыс.

Балаларға өсімдіктерді көрсетіп,оның қажетті нәрселері қай бөліктерінде орналасқанын айту.(Гүлі, бүршігі, жапырағы, діңі, тамыры). Дәптерде түймедағы,қалақай,емен,жолжелкен суреттері бейнеленген.

Тапсырма: Емдік пайдасы бар өсімдіктердің бөлігін сал.

Практикалық жұмыс. Балаларға суық тиіп ауырған кезде алдын алу үшін өздеріне мияның тамырынан,өгейшөп жапырақшаларынан, лимон шырынынан дәруменді қайнатпалар даярлау тапсырылады.

Балалар өз стакандарына шөптердің керекті жиынтығын жинап, қайнаған су кұйып, бетін сүлгімен жауып қояды. Қоспа жылыған кезде лимон шырыны мен кішкене қант қосады.

Балаларға дәрілік шөптер «Жасыл дәріхана» деп аталатынын, бірақ оның жыл өткен сайын азайып, тіпті жоғалып бара жатқаны айтылады.

Бұл- адамдардың табиғатқа қамқорлығының аздығынан туындап отыр.Олар ормандағы ағаштарды кеседі, жерді ластайды, дәрілік шөптерді жинау ережесін бұзады, оларды тамырымен жұлады. Мұның бәрі «Жасыл дәріхананың» жоғалуына әкеп соқтырады.

Дидактикалық ойын: «Өсімдіктерді бөліктеріне қарай ажырат». (Балалардың дәрілік өсімдіктерді қалай естеріне сақтағандарын пысықтау мақсатында осы ойынды ұсыну).

Фланелеграфқа дәрілік өсімдіктердің суреттері ілінеді. Балаларға өсімдіктердің бөліктері салынған (гүлі, бүршігі, жапырағы) қима қағаздар таратылады.

Тапсырма: Бұл қай өсімдіктің бөлігі екенін табыңдар.

Релаксация: Балаларға өздерінің дайындаған шөп қайнатпасын ішкен кезде орындыққа отырып, бастарын бос ұстап, қол-аяқтарын босаңсытып, шөптік өсімдіктердің ағзаға пайдасын, яғни адам мен өсімдіктердің тығыз байланыстылығын сезінуі қажеттігін түсіндіреді.

Релаксация соңында балалар күнге, жерге және суға денсаулық үшін жасаған жомарт сыйлыгы үшін алғыс айтады.

Күн жерге шуағын шашады.

Емдік шөптер сыйын таратады.

Табиғаттың жомарт сыйына алғысымыз шексіз.

Біз қашанда, табиғат сені қорғап аялаймыз.

 

Аялдама атын біледі, өткен сабақты еске түсіреді.

 

Жаңа сабақпен танысады.

 

Кептірілген шөптерді, бөлме өсімдіктерін көреді.

 

 

Өсімдіктер және дәрілік шөптер жайлы әңгімелесу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шөптерді көреді, емдік қасиеттері жайында біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе дәптерімен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды.

 

 

Балалар ойынды ойнайды.

 

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Бөлме және дала өсімдіктерін күту жайында  білу.

Игеру:Дәрілік шөптердің емдік қасиеттерін туралы біледі

Меңгереді:Балаларды шөп тұнбасын дайындау  туралы  меңгереді.

You May Also Like

Дәрігер мен науқас арасында туындайтын шиеленіс.

Мазмұны: —Кіріспе —Негізгі бөлім 1.Шиеленіс. Түрлері 2.Шиеленістің классификациясы 3.Шиеленістің алдын алу —Қорытынды…

Экологический двор Научный проект

АКТУАЛЬНОСТЬ ПРОЕКТА Большинство проектов автомобильной тематики перспективны и востребованы. В основе данного…

Деректер базасының реляциялық моделімен жұмыс істеу

Деректер базасының реляциялық моделімен жұмыс істеу ЖОСПАР Реляциялық модель және оның құрамдас…

Иновациные шахтные фонари с встроенным видеорегистратором

Иновациные шахтные фонари с встроенным видеорегистратором «MINE LANTERN WITH BUILT-IN VIDEO RECORDER»…